Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AZhARR апай(1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64 Кб
Скачать
☆

3. Салық міндеттесмесін орындау кезінде салық және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде резидент емес тұлғалардың салық міндеттемелерінің орындалу ерекшеліктерін анықтайтын баптар бар. Мысалы, кодекстің 183 бабында алғаш рет, резидент емес салық төлеушілермен бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарды алу кезінде салық міндеттемесінің орындалуының ерекшелігі көрсетілген. Берілген ерекшеліктер мыналардан тұрады:

• корпорациялық табыс салығының есептелуі мен төленуі, табыс алушы резидент емес тұлғамен өз бетімен (бұл табыстар тұрақты мекеме немесе оны құрмай алынғанына қарамай) жасалуы керек;

• корпорациялық табыс салығын төлемеу немесе толық көлемде төлемеу үшін жауапкершілік резидент емес тұлғаның өзіне жүктеледі;

• салық міндеттемелері корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі;

• табыс салығының ставкасы 20% тең.

Салық берешегін төлеу төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

1. есептеп қосылған өсімпұлдар;

2. есептелген айыппұлдар сомасы;

3. бересі сомасы төленеді.

Салық берешегін осындай кезекпен төлеу салық төлеуші үшін өте ыңғайсыз, ал мемлекет үшін керісінше. Салық төлеушіде қаржылардың жетіспеуі және де ірі салық берешегі бар болуы кезінде (салық салу үшін бұл жағдай үйреншікті) , онда осы берешекті төлеуге бағытталған қаржылар, тек қана есептелген өсімпұлдар бойынша берешекті төлеуге ғана жетіп отырады. Негізгі қарыздың төленбей қалған сомасы –бересі сомасы, қайтадан өсім бойынша берешектің пайда болуына алып келеді, бұл болса, олардың алғаш болған төленуін талап етеді. Бұл арада, осы жағдай шексіз жалғаса беріп, салық төлеушінің мойнына қаржылық тозақ сала отырып, өсімпұлды мемлекеттің бюджеттік табысының өз алдына бөлек бір түріне айналдыруы мүмкін.

Ақыр соңында бұл жағдай салық төлеушіден салық берешегін өтеу мақсатымен, біріншіден, ақшалай қаражаттарын (қолма-қол және де қолма-қол ақшасыз есебінен), ал кейіннен мүлкін мәжбүрлеу арқылы өндіріп алу қаупін тудырады. Нәтижесінде, бұл оқиға салық төлеушінің толық банкроттануымен аяқталады, яғни кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде «өліміне» алып келеді. Қорытындылай келе, салық берешегін өтеудің берілген тәртібі – салық салудың экономикаға әсерінің ең тұншықтырарлық әдісі екендігін көреміз.Сондықтан да, мысалы Ресей Федерациясында бұл жағдай үшін дұрысырақ шешім қабылданған деп айта аламыз, ол бойынша: салық берешегін өтеуге бағытталған ақша, бірінші кезекте бересі сомасын өтеуге жұмсалады, бұл болса автоматты түрде есептеліп қосылатын өсімпұлдардың көлемін азайтады. Нәтижесінде, салық төлушіге өзінің салықтық берешегін өтеу және өндірістік-шарттық қызметін қайта жалғастыру ыңғайырақ болады.

Туякова Асем

Корпоративтік салықтық менеджмент

1. Корпоративтік салықтық менеджмент еркешелігі.

Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:

- салық салынатын табыс;

- төлем көзінен салық салынатын табыс;

- Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы. .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]