- •1. Салық міндеттемесін орындау, тоқтату ерекшеліктерін басқару.
- •2. Салық міндеттемесінің мәні мен салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері.
- •3. Салық міндеттесмесін орындау кезінде салық және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу ерекшеліктері.
- •1. Корпоративтік салықтық менеджмент еркешелігі.
- •2. Cалық тексерісін жүргізуді басқару.
- •3. Күмәнді талаптар мен басқа да шегерімдерді есептеу.
- •2.Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
- •1. Салықтар анықтамасы және оларды топтастыру
- •2. Тікелей салықтар
- •3. Жанама салықтар
- •Салық есебін ұйымдастыру туралы ұғым
- •Салықтардың классификациясы
- •Үйлесімді салық жүйесінің принциптері
- •3.Үйлесімді салық жүйесінің принциптері
- •1.Салық мәні және оның қызметтері:
- •2.Салықтық реттеу және оның мәні:
- •3.Салықтық реттеу әдістері мен принциптері:
- •2 Сұрақтың жауабы:
- •3 Сұрақтың жауабы:
- •2. Хронометраждық зерттеу және оның ерекшеліктері
- •2 Сурак
2.Салықтық реттеу және оның мәні:
Қаржылық реттеуде маңызды ролді салықтық реттеу алады. Салықтық реттеу халық пен көптеген кәсіпорындардың экономикалық белсендігін қамтамасыз етуге негізделеді.
Салықтық реттеу - салық механизімі элементтерінің бірі және мемелекеттік салықтық менеджмет аясы. Салықтық реттеудің негізі – салықтық міндеттемелерді орындау барысына жедел араласудың экономикалық шаралар жүйесі. Салықтық реттеудің әдістері елдің парламенті орындалуы міндетті заңдық нормаларды бекіткенде қабылданатын ғылыми негізделген салықты канцепциялардың құраушы элементі болып табылады.
Көптеген елдерде салықтық құқықтық қатынастарды реттеуге принципиалды көзқарас негізгі салық заңы – Салық кодексі, қаржылық реттеудің жалпы ережесі, сонымен қатар, сауда, сыртқы эканомикалық шаруащылықты, меншіктік қатынастарды құқықтық реттейті заңнамалар арқылы анықталады. Салықтық реттеу- салықтық құқық қатынастарының ең қиың құрлымы, өйткені мұнда болжануы қиын қиылысу нүктесінде экономикалық мүдделердің қақтығысы болады.
Салықтық реттеудің мазмұны мен мақсаты салық салу жүйесінің реттеушілік қызметімен алдынала анықталған. Бұдан шығатыны бұл процесс обьективті қажет және оның нәтижесі айқын экономикалық жағдайда қолданылатын әдістертердің адекваттылығына байланысты. Салықтық реттеудің әдістерін зерттеу салық салудың фискалдық дәстүрінен шығатын қарама-қайшылықтармен қатар жүреді. Сондықтан да, салықтардың эканомикалық – құқықтық және техникалық жағынан ең тиімді орындалуын реттеу мүмкіндігі өте қиын міндет. Эканомикалық тоқырау жағдайын салықтық реттеу оданда қиын болады. Салықтық реттеудің әртүрлі әдістері нақты салықтың қасиеттері мен бюджетті өңдеушілердің алдындағы мақсатпен алдын ала анықталады.
Салықтық реттеудің орындалуы тәсіліне байланысты олар бір-бірімен байланысты екі аяға бөлінеді: салықтық жеңілдіктер мен салықтық санкциялар.
Шаруашылықты салықтық ынталандыру елдің барлық құрлымдық шаруашылық жиынтығына оң әсер ете алады.
Осы жүйелердің тиімді қатынасы салық салудың икемділігін және салық саясатының нәтижелігін қамтамасыз етеді.
Салықтық реттеуді тиімді етудің маңызды жағдайы жеке жеңілдіктер санын қысқарту болып табылады. Салықтық реттеу облысына текқана бюджеттік – салықтық қатынастардың нормалау бойынша тәжірибелік әрекеттер ғана емес, сонымен қатар аналитикалық ғылыми зерттеулер кіреді. Зерттеулер нәтижесі қаржылық – шаруашылық тенденциясы шеңберінде жеке кәсіпорындар, салалар, аймақтар және түгел елдегі салық салу жағдайына байланысты ондағы фискалды және реттеуші арасындағы паритетті анықталады. Бұл зерттеу әрбір салықта инфляциялық құраушыны реттеуге бағытталады.
3.Салықтық реттеу әдістері мен принциптері:
Салықтық реттеудің ең тиімді әдісі болып инвестициялық, салықтық, несие болып саналады. Бұл жалғыз заңмен бекітілген әдіс. Мұндай несиені ұсыну салық салудың принциптік негізін өзгертпейді және сонымен бірге инвестициялық үрдістерді жедел түзетуге мүмкіндік береді.
Салықтық реттеудің әдістерін мақсаттары мен қолдану аясына байланысты олар өзара байланысты үш аяға бөлуге болады: салықтық жеңілдіктер жүйесі (переференциялар), санкциялық әрекетте шаралары және бюджеттік-салықтық теңестірулер әдістері. Соңғысы салықтық реттеу жүйесінде ерекше орынға ие, өйткені олар ерекше преференциялық аймақтық есебінен де, қатаң бюджеттік - салықтық тәртіп есебінен де (мысалы, бюджеттік несиелердің тоқтатылуы, үкіметтің кепілі бойынша аймақ меншігін коммерциялық несиелендіруді шектеу және т.б.) жүзеге аса алады. Салықтық реттеу жүйесінде бюджеттік салықтық теңестірулер әдісінің ерекше орны оның әдістемелік қасиеттерімен түсіндіріледі.
Трансферттер, субсидиялар, субвенциялар, дотациялар, үкіметтің бюджеттік несиелері және басқа да тәсілдер арқылы аймақтық бюджеттің кірістері мен шығыстары арасындағы тепе-теңдікке жетуге болады. Бұл әдістер бюджеттік қаржыландыру аясына, яғни мемлекеттік шығындарға жатады.
Салықтық реттеуді ұйымдастыруда бірнеше принциптер құралған:
- Салықтық жеңілдіктерді қолдану меншік нысанына, оның шаруашылығына, параметрлерде топтастырылу маңыздылығын субъективтік бағалауға байланысты таңдамалы болмауы керек;
- Салықтық жеңілдіктерге экономикалық емес мәжбүр етулер мен қолданылуының міндеттілігі тән емес;
- Инвестициялық салықтық несиелер жалпы мемлекеттік мағынадағы инвестициялық бағдарламаларды орындауды қамтамасыз ететін төлеушілер топтарына ғана беріледі;
- Салық жеңілдіктерін қолдану не бюджеттің кірісіне, не корпоративтік, не жеке экономикалық мүдделерге шығын әкелмеуі керек;
- Салықтық жеңілдіктер портфелін қалыптастыру тәртібі жалпы мемлекеттік деңгейде анықталады және орталық биліктің заңдық тәртібімен бекітіледі;
- Жергілікті деңгейде жеңілдіктердің қолданылуы жоғары заң шығарушылар анықтайтын шеңберде жүргізіледі.
Утисинова Светлана
Салық тексерулерін жүргізу тәртібі:
1.Салық тексеруін жүргізу үшін мынадай деректемелерді:
1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушінің толық атауын;
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
5) тексеру түрін;
6) тексеретін адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын;
7) тексеру жүргізілетін мерзімін;
8) құжаттық тексерулер кезіндегі тексерілетін салық кезеңін қамтитын нұсқама негіздеме болып табылады.
Салық тексерулерін жүргізу нәтижелері:
1. Салық тексеруі актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде салық тексеруін аяқтау бойынша салық қызметі органы осы Кодекстің 31-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге жіберілетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары, өсімпұлдар мен айыппұлдар туралы хабарлама шығарады.
2. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеуді, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы бір нөмірмен жүзеге асырады.
3. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер:
1) хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеу күні мен нөмірі;
2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4) салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы;
5) төлеу туралы талап және төлеу мерзімі;
6) тиісті салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің , өсімпұлдар мен айыппұлдардың деректемелері;
7) шағым жасау мерзімі мен орны болуға тиіс;
4. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салық төлеуші тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
5. Егер салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруі нәтижелері бойынша хабарлама шығарылмайды.
