- •16 Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •25 Отбасы құқығының ұғымын беріңіз, отбасы құқығының қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай?
- •30 Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері
- •32 Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •33 Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау
- •34 Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі
- •35 Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы түсінігі, объектілері мен субъектілері
- •36 Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары
- •38 Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері, жер пайдалану құқығы
- •37 Қазақстан Республикасында жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері
- •38 Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процеске қатысушылар
- •40 Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде
35 Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы түсінігі, объектілері мен субъектілері
ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.
2. Шетелдік мемлекеттер — Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).
3. Заңды тұлғалар.
4. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
36 Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары
Экологиялық мәселелер. Жаһандық экологиялық мәселелер:
1. Климаттын өзгеруі; 2. Озон қабатының бұзылуы; 3. Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін); 4. Жердің шөлейттенуі және тозуы.
Ұлттық экологиялық мәселелер: 1. Семей, Арал; 2. Каспий тенізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер; 3. Су ресурстарының сарқылуы және ластануы; 4. Байырғы ластанулар;
5. Трансшекаралық сипаттағы мәселелер; 6. Әскери-ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.
Жергілікті экологиялық мәселелер: 1. Әуебассейнінің ластануы;
2. Радиоактивті ластану; 3. Бактериологиялық және химиялық ластану;
4. Химиялық ластану; 5. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар; 6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
1. Климаттың өзгеруі. «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі мәселе болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төңдіреді. Жыл сайын атмосфераға бірнеше мың тоннадан астам ұлы, иісті газ (CO2 Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.
Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың
