- •16 Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •25 Отбасы құқығының ұғымын беріңіз, отбасы құқығының қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай?
- •30 Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері
- •32 Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •33 Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау
- •34 Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі
- •35 Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы түсінігі, объектілері мен субъектілері
- •36 Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары
- •38 Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері, жер пайдалану құқығы
- •37 Қазақстан Республикасында жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері
- •38 Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процеске қатысушылар
- •40 Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде
38 Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процеске қатысушылар
Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:
тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;
жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.
Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар — заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар:
— Қылмыстық процестегі жариялылық — мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі имес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді.
— Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады.
Істің мән-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы, дөлелденуі тиіс барлық мән-жайлар Зіррттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді.
Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.
