- •Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттары мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
- •2. Экономикалық теорияның мәні мен қызметін түсіндіріп беріңіз
- •3. Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды түсіндірудің негізгі әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •Өндірістің негізгі факторларын атап беріңіз. Экономикалық ресурстардың шектеулілігі мен сиректілігін қалай түсінесіз.
- •Экономикадағы таңдау проблемасын қалай түсінесіз. Өндірістің қисық сызығының мүмкіндіктерін көрсетіңіз.
- •6.Экономикалық заңдар мәні мен жіктелуін ашып көрсетіңіз. Мысалдарын беріңіз.
- •7. Экономикалық категория ретінде тауарды ашып көрсетіңіз және ол қандай қызметтерге ие.
- •8.Игіліктің, тауардың және қызметтің салыстырмалы сипатын беріңіз.
- •1.Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік-әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •3.Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •9.Экономикалық жүйелер. Қандай экономикалық жүйелерді білесіз. Әр қайсысына сипаттама беріңіз.
- •10. Нарықтық экономика инфрақұрылымын мәнін көрсетіңіз. Заманауи экономикадағы нарықтық инфрақұрылымның құрылымы мен ролін көрсетіңіз.
- •11. Натуралды және тауарлы өндірістің формаларының мәнін ашып көрсетіңіз. Пайда болу ерекшеліктері мен шарттарын түсіндіріңіз.
- •Ақшаның мәні мен қызметін түсіндіріңіз.
- •13. Нарықтың мәнін ашыңыз. Оның қызметін және жіктелуін көрсетіңіз.
- •Нарықтың субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •Меншік мазмұнын экономикалық категория ретінде түсіндіріңіз.
- •Меншік түрлері мен формаларын көрсетіңіз.
- •17. Ұлттандыру, мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру үрдістерінің экономикалық мазмұнын ашып беріңіз. Қр тәжірибесі
- •18. Нарықтық бағаның мәнін ашыңыз. Графикте нарықтық бағаның құрылу принципін суреттеп беріңіз.
- •19.Баға және оның атқаратын қызметін көрсетіңіз. Бағаның түрлері қандай болады.
- •20. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •21.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың қисығы. Ұсыныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •22. Бәсекенің мәнін ашыңыз. Бәсекенің түрлерін және формаларын көрсетіңіз.
- •23. Кәсіпкерліктің мәнің түсіндіріңіз және сатыларын көрсетіңіз.
- •24. Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесіз және түсіндіріңіз.
- •25. Кәсіпкерліктің және бизнестің экономикалық мазмұны неде
- •Кәсіпорынның қандай ұйымдастырушылық-экономикалық формаларын білесіз.
- •Кәсіпкерліктің және бизнестің даму жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •Қр орта және кіші бизнестің даму мәселелері мен жолдарын көрсетіңіз.
- •Капиталдың ауыспалы айналымын және үш сатысын көрсетіңіз.
- •Негізгі және айналым капиталының мәнін ашыңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Амортизацияның тағайындалуын және түрлерін көрсетіңіз.
- •Шығынның мәнін ашыңыз және оның түрлерін атап көрсетіңіз.
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •33. Шығынның жіктелуін көрсетіңіз.
- •34. Табыстың мәнін ашыңыз. Экономикалық және бухгалтерлік тәсілдерді көрсетіңіз.
- •35.Жер нарығы мен жер бағасының ерекшеліктері қандай. Жер нарығы мен оның тепе-теңдік шарттарын графикте көрсетіңіз.
- •36.Рентаға және ренталық қатынастардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Еңбек нарығының мәнін ашыңыз. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік шарттарды графикте көрсетіңіз
- •38. Графикті қолдана отырып, капитал нарығының мәнін ашыңыз. Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не?
- •39. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаттамасын беріңіз
- •40.Ұлттық есеп жүйесін, оның бағыты және өлшеу методологиясын түсіндіріңіз.
- •41. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдарын көрсетіңіз.
- •42. Экономикалық өсудің мәнін ашыңыз, түрлері мен факторларын атаңыз.
- •43. Экономикалық циклдардың мағынасын ашыңыз. Графикте оның циклдары мен фазаларын көрсетіңіз.
- •44. Экономикалық циклдардың типологиясын көрсетіңіз.
- •45. Инфляция мәнін, оның себептері мен салдарын өз түсінігіңіз бойынша түсіндіріңіз.
- •46. Қаржының мәнiн және қызметін түсіндіріңіз.
- •47. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Мемлекеттік бюджет тапшылығының себептері мен кұрылымын көpceтіңіз
- •48. Салықтың мәнін және экономикалық тағайындауын ашыңыз. Салық салудың негізгі субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •49. Мемлекеттің салық салу жүйесініңқұрылу қағидасын және негізгі салықтың түрлерін көpceтіңіз
- •50. Салық мөлшерлемесі мен табыстың арақатынасының белгісі бойынша салықжіктелімін көpceтіңіз
- •Жалақының формалары мен мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Сіздің ойынызша жалақыны дифференциялау критерийлері қандай.
- •Жұмыссыздық дегеніміз не? Нарықтық экономиканың мәні, мағынасы және салдары. Оукен заңы.
- •Жұмыссыздық түрлері және себептері. Жұмыссыздыққа қарсы пайдаланатын әдістер
- •«Несие» экономикалық категориясына талдау жасаңыз. Несиенің қағидалары мен қызметі қандай.
- •Заманауи нарықтық экономикада Орталық банк қызметін, міндеттерін және реттеу құралдарын сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманғы банк жүйесінің мәні мен құрылымын ашып көрсетіңіз. Нарықтық экономикадағы банк қызметтерінің түрлері мен рөлін атаңыз.
- •Қр Президенті Жолдауының аясында «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жетілген мемлекеттің жаңа курсы ретінде дәйектеп беріңіз.
- •Экономикалық теория мен экономикалық саясаттың өзара қарым-қатынасы қандай. Экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін көрсетіңіз және негіздеңіз.
6.Экономикалық заңдар мәні мен жіктелуін ашып көрсетіңіз. Мысалдарын беріңіз.
Экономикалық теория шаруашылықты тиімді жүгізу заңдары мен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр түрлі деңгейлері мен әр қилы тарихи кезеңдердегі әрекеттерін ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы зерттейді.
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады.
Экономикалық заңдар дегеніміз – қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары және қоғамдық өмірдегі болатын құбылыстар мен процестердің пайда болу сипаты,себебі. Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады. Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге қайшы келетін кез-келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық қиындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырады. Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеру қажет.
Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей жіктеледі:
1. Арнайы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.
2. Ерекше экономикалық заңдар – олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар. Бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары,яғни жекелей алынған дәуірлерге, формацияларға тән.Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалды игіліктерді бөлу заңдары. Солардың ішінен баға заңын алатын болсақ...Баға заңы,социализм кезеңінде өнім өндірістен шыққаннан бастап белгілі бір бағасы бекітіледі және оны ешкім өзгерте алмайды, яғни тұрақты болады.
3. Жалпы экономикалық заңдар – адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар. Бұл барлық тарихи дәуірлерге тән заңдар, яғни барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді.Жалпы экономикалық заңдар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлестіріп, процесс етіп байланыстырады. Мысалы, құн заңы,еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы, қоғамдық еңбек бөлу заңы және басқа да тарихи әлеуметтік қажеттіліктер. Құн заңын алатын болсақ, яғни кез келген қоғамның даму кезеңінде өндіріс бар,ал өндірістен құн жасалынады. Қоғамның даму кезеңдерінде құн сипаты өзгеріп тұрғанымен,құн заңы өзгеріссіз әр кезеңге өтіп тұрады.
Экономикалық заңдардың объективтік сипаты – олар жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, санасынан және қалауынан тыс орын алады және әрекет етеді. Мұндай заңдарды экономикалық ғылымның көмегімен танып білуге болады, бірақ оларды сол экономикалық ғылыммен жасауға болмайды.
Экономикалық заңдар мәңгі емес,олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туындап,өзгеріп немесе жойылып кетеді.Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекететеді де,кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді.
Әрдайым ескертетін жайт- ескі экономикалық заңдар адамдардың еркімен жойылмайды,тек қана жаңа экономикалық құбылыстардың туындауымен өз әрекетін тоқтатады.Экономикалық заңдар күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз,қоғамдағы объективті экономикалық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.
