Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiologia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121 Кб
Скачать
☆

2. Әлеуметтік стратификация және мобильділік теориясы.

Қазіргі қоғамда меншіктің өзара тең,сан алуан түрлері п.б.Жаңа таптар мен топтар,жіктер қалыптаса бастады.Сөйтіп оның әлеуметтік құрылымы елеулі өзгерістерге ұшырауда.Осыған байланысты қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы жаңа түсінік қалыптасуда.

Әлеуметтік құрылым (Латынша структура-құрылым)-өзара байланысты, бір-біріне әсер етуші әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың және олардың өзара қатынасының жиынтығы.Адамдар өмір сүруі үшін белгілі-бір қоғамдық қатынасқа енеді.Бірінші кезекте өндірістік топтарға бірігіп қызмет атқарады,саяси,экономикалық, әлеуметтік, рухани,моральдық,құқықтық т.б. қатынаста болады.

КЕез-келген қоғамның территориясы болады,ол таптардан,әлеуметтік топтардан,жіктерден, халықтан, кәсіп иелерінен тұрады.Олардың әр түрлі белгілері болады.Қоғамның дамуы әлеуметтік құрылымының өзгеру динамикасына байланысты.Бұл құрылым кең көлемде алғанда,қоғам мен оның негізгі элементтері арасындағы байланыс.Әлеуметтік құрылым-әлеуметтік биліктердің өзара қарым-қатынасын сипаттайды.Кез келген қоғамның өмір сүріп тұрған кезінде әлеуметтік құрылым белгілі-бір тұрақты сипатта болады.Ал бір қоғамның екінші қоғамға ауысқан мерзімінде әлеуметтік құрылымда елеулі өзгерістер пайда болады.Олардың элементтері әр түрлі болып күрделілене түседі,қоғамдық ортаның жаңа жағдайына бейімделеді, сөйтіп оны тұрақтандыруға әсер етеді.

Біздің елде меншікті мемлекеттен ажырату және оны жекешелендіру жаңа әлеуметтік топтарды туғызды. Олардың мақсаты-пайда,табыс,тиімділік үшін күрес.Осы айтылғандардан шығатын қорытынды-әлеуметтік құрылымда оның атқаратын қызметіне қарай сипаттауға болады.Ол үшін түрлі статустық топтарды, әр келкі әлеуметтік страттарды зерттеу қажет.Соған сәйкес,қоғамның болашақта қандай бағытта дамып,өркендейтінін анықтауға болады.

Енді қоғамның қазіргі жағдайы мен таяу болашақтағы құрылымы туралы айтсақ,қазіргі қоғамда да жаңа таптар,топтар,жіктер, жаңа иелері пайда болған.

Әлеуметтік бөліну,жіктелу теориясына сәйкес экономикалық және әлеуметтік құрылым өзара байланысты.Ол қоғамның әлеуметтік дәрежесін және даму бағытын анықтайды.Әлеуметтік құрылым біздің өмір шыңдыңымызды түсіндірудің негізі б.т.Бұл өқрылым қоғамды, оның негізгі элементтерінің бірлігін және өзара қарым-қатынасын сипаттайды.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының әрқайсысының өз статусы,алатын орны,атқаратын қызметі болады.Олар билікке,байлыққа, табысқа т.б. байланысты.

Ал қоғамда болып жатқан әлеуметтік теңсіздік қоғамдық қызметтің бөлінуіне.іске асырылуына байл.Олар:маңызды екінші дәрежелі, орындалулары әрбір адамға ауыр немесе жеңіл, жағымды не жағымсыз болуы мүмкін. Әлеуметтік мобильділік теориясы адамды,оның билік жүйесіндегі барлық позициясын ескеріп, тұтынушы және жұмыс атқарушы ретінде қарайды.Онда барлығы да болады.Оларды басқарады және қоғамнан олардың өзіне қажеттісін алады.Сондықтан да бұл теория қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудің негізі,әлемдік теориясы болып есептеледі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы жөнінде сөз болғанда қоғамды бірнеше құрылымға бөліп қарастыруға болады.Мыс,демографиялық,кәсіби,әлеуметтік-территориялық және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]