Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx 3 блок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
217 Кб
Скачать
☆

3.Қамтамасыздық қисығының параметрлерін шындыққа ең ұқсас әдістері бойынша бағалау. Әдістің жетістіктері мен кемшіліктері.

Вариация коэффициентін шындыққа ең жақын әдіс бойынша анықтау λ2 ж/е λ3 статтистикасының қолданылуымен жүз ас. Св ж/е Сс/Св қатынасына ба,ытталса : ж/е есептеледі. λ1 қатардың орташа статистикасы . кезінде қалыпты қателіктерді бағалау үшін Блохиновтың формуласы қолданылады:σCv= Вариация коэффициентінің мәні 0,25-ке дейін және σQ 5% болған жағдайда бақылау қатарының ұзындығы 10 жылдан 25 жылға дейін болса жеткілікті (репрезентативтілік талабы сақталатын болса). Бірақ, дәлділік дәл осылай қалып, вариация коэффициенті 0,5-0,6 тең болған жағдайда қатардың ұзақтығының 100-150 жыл болуы талап етіледі. Қатардың ұзақтығы бұдан кіші болған жағдайда есептеудің дәлділігін төмендетуге тура келеді. Асимметрия коэффициенті қарастырылып отырған кездейсоқ шама қатарының өзінің орташа мәніне немесе үлестірім центіріне қатысты симметриялы еместігінің дәрежесін сипаттайды. Асимметрия коэффициенті де салыстырмалы бірлікпен өрнектеледі, бұл жекелеген өзендер қатарының немесе түрлі сипаттамалар қатарының симметриялы еместігінің дәрежесін салыстыруға, сондай-ақ тиісінше Сs коэффициентін жинақтап қорытуға мүмкіндік береді. Гидрологиялық шамалардың үлестірімі көбінесе оң ассиметриямен сипатталады. Бұл дегеніміз, бір модалы үлестірім кезінде қатардың орташа арифметикалық мәні моданың оң жағына орналасады деген сөз, демек, центрдің оң жағында үлестірім графигінің “ұзын” бөлігі орналасады. Теріс ассиметрия кезінде қатардың орташа арифметикалық мәні моданың сол жағына орналасады және үлестірімго графигінің “ұзын” бөлігі центрдің сол жағына орналасады.

Қатардың асимметриялылығын сипаттау үшін қатар мүшелерінің өздерінің орташа мәнінен ауытқуының кубының орташа мәні алынады және өлщем бірліксіз сипаттама алу үшін оны үшінші дәрежелі орташа квадраттық ауытқуға бөледі. σ=Сv болғандықтан және модульдік коэффициентін пайдаланып, (28) формуласын өрнектейміз:Cs = . Теріс ығысуды азайту үшін δ түзетуі енгізіледі. δ = n2 /(n-1)(n-2) болғанда (29) формула келесі түрге ие болады:

Сs=n . Асимметрия коэффициентінің мәні оң немесе теріс болуы мүмкін. Оң 0ассиметрия суы аз жылдарға қарағанда суы мол жылдар сирек қайталанған жағдайда байқалады, яғни қатардың орташа мәніне кіші мәндері жиі кездеседі. Керісінше болғанда қатар теріс ассиметрияға ие болады. Асимметрия коэффициентінің орташа квадраттық қателігін Крицкий-Менкел формуласымен анықтауға болады.

σCs = 100.

емек, асимметрия коэффициентінің қателігі қатардың ұзақтығы қысқарған сайын және вариация коэффициентінің мәні кіші болғанда ұлғаяды.

Есептеулер Сv-ның кез келген мәнінде және n<50 болғанда асимметрия коэффициентінің қателігі ондаған тіпті жүздеген процентті құрайтынын көрсетеді. Сондықтан іс жүзінде Cs коэффициентін Сv коэффициентіне қатынасы арқылы (Cs/Cv) эмпирикалық нүктелерге сәйкес келетін теориялық қамтамасыздық қисығын таңдау әдісін пайдаланып анықтайды. Есептік қатынас ретінде қисықтың түзуленуі жүзеге асатын немесе эмпирикалық нүктелердің орналасуына аналитикалық қисық барынша сәйкес келетін қатынас қабылданады