- •2.Қамтамасыздық қисығының параметрлерін моменттер әдісі бойынша бағалау. Әдістің артықшылығы мен кемшіліктері.
- •3.Қамтамасыздық қисығының параметрлерін шындыққа ең ұқсас әдістері бойынша бағалау. Әдістің жетістіктері мен кемшіліктері.
- •4.Гидрологиялық мәліметтердің жеткілікті болғанда ең аз ағындыны есептеу.
- •5.Сабалық ағынды. Сабалық ағындының жіктемесі.
- •8.Гидрологиялық мәліметтер жоқ болғанда жылдық ағындыны есептеу.
- •9.Ағынды изосызығы карталарын тұрғызу қағидалары.
- •10.Жылдық ағынды үлестірімі.
- •14.Ең аз ағындыны зерттеу қисықтары.
- •15.Өзеннің құрғап қалуы және түбіне дейін мұз қатуы.
- •16. Тасынды ағындыларына әсер ететін факторлар.
- •17.Қатты ағынды сипаттамалары.
- •18.Жүзбе тасындылар ағындысын анықтау әдістері.
- •19.Гидрологиялық бақылаулар мәліметтері жеткіліксіз және жоқ болған жағдайда ең мол ағындыны бағалау
- •23.Жылдық ағындының модулдік коэффициентінің орташа мәннен ауытқуының жиынтық қисығын тұрғызу және талдау.
- •25.Жылдық ағынды үлестірімін нақты жылдар әдісі бойынша бағалау.
- •26.Жылдық ағындыға антропогендік факторлардың тигізетін әсерін кешенді түрде бағалау.
- •28. Жылдық ағындының ассиметрия коэффициентін бағалау.
- •29.Ормандылықтың, көлділіктің, батпақтылықтың өзендер ағындысына әсерін бағалау.
- •30.Бөгендер салу. Бөгендердің өзендер ағындысына әсері.
- •32. Ағындының ағып жетуінің қисықтары. Оларды анықтау тәсілдері.
23.Жылдық ағындының модулдік коэффициентінің орташа мәннен ауытқуының жиынтық қисығын тұрғызу және талдау.
Бақылау қатарындағы жылдар саны 50-60 жылдан аспайтын жағдайлардың барлығында есептік кезең белгіленеді. Ол суы мол және суы аз жылдар тобынан тұратын аяқталған айналымдардың ең көп санынан тұрады. Тек үлкен аймаққа таралатын және осы ауданның барлық өзендерін қамтитын негізгі ұзақ айналымдар ғана назарға алынады. Негізгі айналымдарға қабаттасқан ұзақтығы кішкентай айналымдар (2-4 жыл) есепке алынбайды. Тек қана суы аз және суы мол фазалардан тұратын толық емес айналымдар шығарып тасталынады.Біріккен хронологиялық графиктерді тұрғызу ағынды тербелісінің айналымын зерттеудің ең қарапайым тәсілі. Бірақ ағындының жылдық мәндерінің өзгеруінің бұл күнтізбелік графиктері өзендер сулылығының көпжылдық тербелісі аясында кіші айналымдардың бар болуы себепті, ағындының айналымдылық тербелістері жөнінде толық түсінік бере алмайды. Аталған кемшіліктерді болдырмау үшін қандай да бір уақыт кезеңі үшін жылдық ағындының жылжымалы орташа мәндері графигі (жылжымалы n-жыл графиктері) пайдаланылады. Мұндай графиктер жекелеген жылдардың гидрометеорологиялық және ағынды тербелісінің кездейсоқтығынан туындайтын күрт тербелістерінің, яғни “шудың” қабаттасу ықпалын (гелиофизикалық процестермен айқындалмайтын тербеліс) азайтады. Бұл үшін ағынды жөніндегі эмпирикалық деректер тегістеледі, яғни бастапқы деректер топтар бойынша орташаланған деректермен (жылжымалы арифметикалық орташа) алмастырылады. Топтық құрамы тақ саннан тұрады (әдетте 3-5 жыл).Тегістеу түрлі сулылық тербелістері айналымдарының шекараларының айқындылығын бәсеңдетеді. Оның үстіне ағындының уақыт бойынша өзгергіштігі (вариация коэффициенті) неғұрлым аз болса, соғұрлым айналымдардың ауқымы аз болады және оларды бөлуге қиынға соғады.Айырымдық интеграл қисықтары немесе барлық бақылау кезеңіндегі ағындының жылдық мәндерінің, өздерінің орташа мәнінен ауытқуының жиынтық қисығы айналымдарды барынша сенімді айқындауға мүмкіндік береді.Айырымдық интеграл қисықтары жекелеген салыстырмалы қысқа уақыт кезеңдері ағындысының тербелісін еске алады. Ол модульдік коэффициенттердің орташа мәннен ауытқуын қосу жолымен тұрғызылады, яғни оның ординатасы ретінде тұрызылады. Мұндағы модульдік коэффициент. Сонымен қисықтың әрбір ординатасы i-жылдың соңында К модульдік коэффициенттерінің қалыпты шамадан немесе көпжылдық орташа мәннен( =1) ауытқуының қосындысының өсу ретімен беріледі. Әртүрлі өзендер ағындысының көпжылдық тербелісін салыстыру үшін вариация коэффициентімен сипатталатын ағындының уақытша өзгергіштігінің ықпалын жойып жіберу іске асырылады, ал қисық ординаттар бойынша келесі тәуелділік бойынша тұрғызылады. . Айырымдық интеграл қисықтары жекелеген кезеңдердің (орташаға қатысты) сулылығын айқындауға мүмкіндік береді, сондықтан ұқсас-өзендерді таңдау кезінде пайдаланылады. Ұқсас-өзендер ретінде есептік өзендерге қатысты ағынды тербелістері синхронды немесе синфазалы өзендер ғана пайдаланылады. Біріккен графиктер бір масштабта тұрғызылады. Қатарларды ұзарту кезінде толық айналымды қамтуға ұмтылу қажет, өйткені жекелеген суы мол немесе суы аз жылдар тобын қосу қалыпты шаманың немесе көпжылдық орташа ағындының қателігін өсіруге алып келуі мүмкін. Айырымдық интеграл қисығы келесі қасиеттерге ие. Кез келген m уақыт аралығы үшін шаманың орташа мәнінің барлық көпжылдық бақылау кезеңінің орташа мәнінен бірге тең ауытқуы аралықтың бастапқы және соңғы нүктелерін қосатын сызықтың горизонталь сызыққа көлбеу бұрышының тангенсімен сипатталады және келесі формула бойынша анықталады: , мұндағы: және қарастырылып отырған үақыт бөлігі үшін интеграл қисығының бастапқы және соңғы ординатасы; – аралықтағы жылдар саны.Интеграл қисықтың учаскесі жоғары бағытталған Кор-1 шамасы теріс мәнге ие болатын уақыт кезеңі сулылығы аз фазаға жатады. Қалыпты жылдық ағындыны есептеу кезінде толық 2 немесе толық 4 айналымнан тұратын қатар репрезентативті болып есептелінеді, ал осы қатардағы орташа ағынды мәнінің қалыпты ағынды мәнінен айырмашылығы 3-5 % аспауы тиіс
24. Жылдық ағынды үлестірімін маусымдарды жинақтау әдісі бойынша бағалау. Жылдық ағынды және шектеуші кезең мен шектеуші маусым ағындысының қамтамасыздығы бірдей міндерін анағұрлым объективті белгілеуге маусымдарды жинақтау әдісі арқылы қол жеткізеді. Маусымдар бойынша жинақтау әдісін тұңғыш рет А.В. Огиевский ұсынды. Кейіннен бұл әдісті В.Г. Андреянов жетілдіріп, түрлі физикалық-географиялық аудандар өзендеріне және су режимі әртүрлі өзендерге және жобалаудың кез келген тапсырмасына қатысты қолданылу аясын кеңейтті. Андряновтың маусымдар бойынша жинақтау әдісі гидрологиялық сипаттамаларды есептеудің нормативтік құжаттарына енді [16].
Бұл әдіс бойынша есептік жылдық ағынды үлестірімін жинақтау төмендегідей жүргізіледі. Су шаруашылығы жылы және оның ішіндегі маусымдарды айқындау кезіндегі жыл басы, шектеуші кезең мен шектеуші маусым басы суы мол фазасы (су тасудың басы), сондай-ақ шектеуші кезеңі мен маусымы ең ерте басталатын жыл бойынша, ал олардың аяқталуы тиісті маусымның ең кеш аяқталған жылы бойнша анықталады. Маусымдар мен жылдың шегі барлық жылдар үшін айға дейін дөңгелектеніп бірдей болып қабылданады, яғни күнтізбеге байланыстырылады. Өзеннің күн режимінің типіне байланысты жыл келесі үш маусымға бөлінеді: суы көктемде таситын өзендер үшін – көктем, жаз-күз, қыс; суы жазда таситын өзендер үшін – жаз, күз-қыс, көктем; суы көктемде-жазда таситын өзендер үшін - көктем-жаз, күз, қыс. Маусымдардың мерзімі мен ұзақтығын бұрынғы Кеңес Үкіметінің аумағы үшін 1970 жылы В.Г. Андреянов белгілеген және [1-2]-те, сондай-ақ «Ресурсы поверхностных вод СССР» анықтамалықтарында келтірілген. Қолда 10 жылдан кем емес бақылау деректері бар болған жағдайда әрбір жыл екі негізгі кезеңге – суы таситын және суы сабасына түсетін немесе шектеуші кезеңге бөлінеді. Шектеуші кезең өз кезегінде ағынды пайдалануға қатысты өте қолайсыз немесе шектеуші екі маусымға - жазғы-күзгі және қысқы немесе күзгі және қысқы маусымдарға бөлінеді. Суы мол кезеңнің ұзақтығы, мысалы көктемгі кезеңде оның шегінде барлық жылдардың су тасу кезеңі сиятындай болып белгіленеді.
