- •Тауар қозғалысын ұйымдастыруға ықпал етуші факторларды сипаттаңыз
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы өндірістік факторлардың мәнін түсіндіріңіз
- •Сауда факторлары.
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы сауда факторларының мәнін түсіндіріңіз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Сауда факторлары.
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудың нысандарын сипаттаңыз
- •3. Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы әлеуметтік факторлардың мәнін түсіндіріңіз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Сауда факторлары.
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудағы тасымалдау факторларының мәнін түсіндіріңіз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудың транзиттік нысанының мәнін түсіндіріңіз
- •Тауар қозғалысын ұйымдастырудың қоймалық нысанының мәнін түсіндіріңіз
- •Тауар қозғалысының арналары мен олардың түрлеріне сипаттама беріңіз
- •Тауар қозғалысы үрдісіндегі тара және оның ролі қаншалықты екендігін айқындаңыз(36 сұрақ)
- •Тараның жіктемесі мен олардың түрлерінің негізгі сипаттамаларын ашып түсіндіріңіз
- •Тауарды тасымалдауды ұйымдастырудағы көлік түрлерін сипаттаңыз
- •Автомобиль транспорты
- •Тік, көлденең және көп арналы маркетингтік жүйелердің мәнін түсіндіріңіз
- •Логистикадағы тауар қозғалысының өзектілігін анықтайтын факторларды сипаттаңыз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Сауда факторлары.
- •Тауар қозғалысы логистикасының элементтерін талдаңыз
- •Қойма объектілерінің мақсаты бойынша топтастырылуын түсіндіріңіз
- •Тауар қозғалысы жүйесінің құрылымын анықтаңыз
- •Тауар қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың ұстанымдарын түсіндіріңіз
- •Тасымалдау;
- •Әлеуметтік;
- •Сауда факторлары.
- •Сауда делдалдарының түрлеріне тоқталыңыз
- •Тауар қозғалысындағы көтерме сауданың мәні мен орнын анықтаңыз
- •Тауар қозғалысындағы көліктің ролін анықтаңыз
- •Автомобиль транспорты
- •Контейерлік тасымалдаудың артықшылықтарын сипаттаңыз
- •Қойма ғимараттары және олардың түрлерін сипаттаңыз
- •Қойма қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін сипаттаңыз
- •Қоймадағы технологиялық үрдістерді кешенді механикаландырудың мәні мен қажеттілігін түсіндіріңіз
- •Шетелдерде қойма шаруашылығын ұйымдастыру тәжірибесін баяндаңыз
- •Тауар қозғалысында орау мен тараның қажеттілігін негіздеңіз
- •Тауар қозғалысындағы шығындарды оңтайландырудың мәнін түсіндіріңіз
- •Қорлардың көлемінің үнемділік пен тұрақтылыққа ықпалы
- •Тауар қозғалысынағы шығындарды оңтайландыру жолдарын ұсыныңыз
- •Қорлардың көлемінің үнемділік пен тұрақтылыққа ықпалы
- •Жеке сауда желілеріндегі мамандандырудың мәнін ашыңыз
- •Тауар қозғалысындағы сауданы мемлекеттік бақылаудың мазмұны неде екендігін түсіндіріңіз
Тауар қозғалысындағы көтерме сауданың мәні мен орнын анықтаңыз
Көтерме сауда дегеніміз- тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды деолдалдарға, қайта өндірушілерге, бөлшектік саудагерлерге, корпоративтік клиенттерге қайта сату. Көтерме сауданың атқаратын мынадай қызметтері анықталады:
өндірушілерге тауарларын қысқа және тиімді байланыс жолымен өткізуге көмектеседі.
Білікті сауда кәсібі мамандары арқылы жұмыс жүргізеді.
өндірушіге және бөлшек сауда саласына маркетингтік және техникалық қолдау көрсетеді.
Тауарды дұрыс сақтау үшін материалдық негізін жасайды.
өндірушіге және бөлшек саудаға қаржы көмегін береді.
Ақаулы өнімдерді төмен бағамен өткізеді.
Көтерме сауданы ұйымдастырудың үш нұсқасы болады: өндірушілік көтерме саудасы, коммерциялық көтерме саудасы және сауда агенттері мен брокерлер арқылы көтерме сауда.
Өндірушілер көтерме саудасы. Егерде өндірушілер өз көтерме саудамен айналысса, барлық сауда қызметтерін өздері атқарады. Мұнда сауда олардың өткізу кеңселері, немесе дербес бөлімшелері арқылы жүргізіледі. Өндірушінің өткізу кеңсесі өндірістің өзінде, не рынокқа жақын жерде орналасады және тауар қорын жасамайды. Ал оның дербес бөлімшесінде өнімді сатумен қатар, тауарды сақтау үшін қоймалар жасалады.
Коммерциялық көтерме сауда. Коммерциялық көтерме саудамен шұғылданатын ұйымдар тауарды қайта сату үшін сатып алады. Демек ол ұйымдарға тауарға деген меншік құқығы ауысады.
Бұл ұйымдар көрсететін қызметіне байланысты толық немесе шектелген жұмыстарды атқарады. Толық қызмет көрсететін коммерциялық көтерме сауда ұйымдары тауар ассортиметін белгілі жерде жинайды, сауда несиесін қамтамасыз етеді, тауарды қоймаларда сақтау мен және жеткізумен шұғылданады, зерттеу және жоспарлау жұмыстарын жеткізуге көмектеседі. Ал шектеулі қызмет көрсететін коммерциялық көтерме сауда ұйымдарының атқаратын жұмыстары шамалы болады. Олар зерттеу және жоспарлау жұмыстарына араласпайды және несие бере алмайды.
Агенттер мен брокерлер арқылы көтерме сауда.Агенттер мен брокерлер әртүрлі көтерме сауда жұмыстарын орындайды. Алайда оларда тауарға деген меншік құқығы болмайды. Тағы бір ескертетін ерекшелігі-олар сыйақысын сату көлеміне байланысты пайызбенен алады. Агенттер мен брокерлерді пайдаланудың өзі үш артықшылық береді: шектелген ресурстарымен өндірушілер өтімді ұлғайтуға мүмкіндік алады, өтімге кететін шығындар алдын ала пайызбенен белгіленіп, шығындар үнемделеді, сауданы жоғары шеберлікпен жүргізетін мамандар арқылы дұрыс дамытуға болады.
Тауар қозғалысындағы көліктің ролін анықтаңыз
Тауар қозғалысындағы көліктің алатын орны ерекше. Себебі көліктің қандай түрі болмасын тауар қозғалысын жүргізетін, оны жылжытатын ең маңызды элемент, қозғаушы күш болып табылады. Тауарларды тасымалдау теміржол, автомобиль, су, әуе көлігі арқылы жүзеге асырылады. Жүк айналымындағы ең көп үлесті теміржол көлігі алады.
Теміржол көлігі – ұзақ арақашықтыққа жүк тасымалдауда қолданылады. Сол себепті теміржолмен тасымалдаудың орташа өзіндік құны автомобиль көлігіне қарағанда төмен болып келеді. Теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау үшін жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар, цистерналар және арнайы тоңазытқыш көлігі қолданылады.
Жабық вагондарда оралған, бірақ арнайы ылғалдық температуралық режимді қажет етпейтін тауарлар тасымалданады. Контейнерлерге салынған тауарлар платформалар мен жартылай вагондарда тасымалданады.
Автомобиль көлігі қысқа арақашықтыққа жүктерді тасымалдауда қолданылады. Автомобиль арқылы жүк тасымалдауда жылжымалы құрамға прицеп жалғанады.
Жүк айналымындағы ең аз үлесті әуе көлігі алады. Жедел жеткізілуі тиіс және жеткізілуі күрделілік тудыратын аймақтарға жүк тасымалдауда қолданылады.
Әртүрлі транспорттардың артықшылықтары мен кемшіліктері төмендегідей:
