- •Халықаралық қатынастардағы династиялық қағиданы түсіндіріңіз.
- •2. Ортағасырлардағы династиялық соғыстар және олардың нәтижелерін талдаңыз.
- •Ортағасырлық Еуропадағы «неке дипломатиясы» және оның сипатын талдаңыз.
- •Орта ғ.Еуропадағы хал.Қат.Конфессионалдық ұстанымын талдаңыз.
- •5. Еуропадағы орталықтандырылған біртұтас мемлекеттердің пайда болуы және ұлттық мүдде түсінігіне сараптама жасаңыз.
- •6. Әлемдік сауданың халықаралық қатынастардағы орны, сауда мүддесі түсінігінің пайда болуын талдаңыз.
- •8. Тордесильяс келісімі, барысы мен нәтижелерін талдаңыз.
- •9. Сарагосс келісімі, қатысушылары мен нәтижесін талдаңыз.
- •10. XVII ғғ. Еуропа мемлекеттерінің арасында сауда және отарлық бәсекелестіктің пайда болу жолдарын түсіндіріп беріңіз.
- •11. Еуропа тарихындағы діни соғыстар, олардың себептері мен салдарларын талдаңыз.
- •12. 1618-1648 Жж. Отыз жылдық соғыс, себептері мен бірінші кезеңінің нәтижелерін сараптаңыз.
- •13. 1555 Ж. Аугусбург діни бітімінің шешкен мәселелерін талдаңыз.
- •14. Вестфаль бейбіт келісімі мен нәт. Шешімнің Еуропа мемлекеттері үшін маңызын көрсетіңіз.
- •15. 1756-1763 Жж. Жеті жылдық соғыс және «Дипломатиялық революция» түсінігін талдаңыз.
- •1. Рейхстаг – Германиядагы өкілетті билік органы ретінде талдаңыз.
- •2. XVIII-XIX ғғ.Европадағы халықаралық қақтығыстардың жиынтығы және «Шығыс мәселесін» қалай түсінесіз.
- •4. XVIII ғ.Польшаны жікке бөлу. Оның салдарларын талдаңыз.
- •5. Солтүстік Америкадағы британ отарларының өз тәуелсіздігі үшін күресі және европа державаларының саясатын талдаңыз.
- •6. Джордж Вашингтон Американың мемлекеттік қайраткері жәні і Президенті ретінде көрсетіңіз.
- •7. Ұлттық сурверенитет қағидалары мен олардың іске асыру жолдары және мүмкіндіктерін қалай түсінесіз.
- •10. 11. Еуропадағы Франция үстемдігі және Наполеон мәселесін талдаңыз.
- •14. Вена конгресі. Маңызы мен нәтижелері.
- •1 Европалық концерт хал,қат.Тарихындағы жаңа көрініс ретінде.
- •4. Ұлыбританияның отарлық экспансиясының сипатын көрсетіңіз.
- •7. 1848-1849 Жж. Революциялар және «Вена жүйесінің» дағдарысын қалай түсінесіз.
- •12. Хviii ғ. 70-80 жж. Халықаралық қатынастардағы Поляк мәселесін түсіндіріңіз.
- •14. 1789-1815 Жж. Ресейдің сыртқы саясатын талдаңыз.
- •18. Вена когресінің шешімдері бойынша территориялық бөлісуді сипаттап беріңіз.
- •21. 1689Ж. Нерчин келісімі: сипаты мен нәтижелерін талдаңыз.
- •23. 1714 Ж. Раштад келісімінің сипаты мен шешкен мәселелерін талдаңыз.
- •24. 1756 Ништат келісімі: сипаты мен нәтижелерін талдаңыз.
- •25. 1763Ж. Париж келімінің шешкен мәселелері.
- •28. Протекторат – Наполеон қалыптастырған жүйенің ерекшелігі ретінде сипаттаңыз.
- •29. 1833 Ж. Ресей мен Осман империясы арасындағы одақтық келісімнің сипаты мен нәтижелерін сипаттаңыз.
12. 1618-1648 Жж. Отыз жылдық соғыс, себептері мен бірінші кезеңінің нәтижелерін сараптаңыз.
отыз жылдық соғыс (1618 — 1648); бүкіл «христиан әлеміне» үстемдік жасауға тырысқан екі үлкен мемлекеттер тобы: Габсбургтер блогы (папа қауымы қолдаған Испания жэне Австрия Габсбургтері, Германияның католик князьдары; Поляк—Литва мемлекеттері (Речь Погполитая) мен Габсбургтерге қарсы коалиция құрған ұлттык мемлекеттер (Франция, Швеция, Голландия, Дания, Россия, Англия), сондай-ак, Италия арасындағы алғашкы жалпы Европалык, соғыс әрекеттері. Соғыстың төрт дәуірі болды. Соғыс Германия жерінде жүргізілді. Оның шаруашылығына орасан зор нұқсан келтірілді. 1648 жылғы Вестфаль бітімімен аяқталды).
Отыз жылдық соғыстың алғашқы (чехфальцкілік) кезеңі (1618-1624)
«Дефенестрация» актысынан кейін іле-шала Чехияда өріс алған оқиғалар, шын мәнінде Чехияның Австриядан саяси бөлінуін көрсетті. Құлатылған «лейтенанттардың» орнына чехтың сеймі тағайындап, 30 директордан құрылған үкімет, Чехия мен Моравияның мемлекеттік тұтастығын қайта қалпына келтіріп, Құрама провинциялар республикасының үлгісі бойынша Силезиямен, Жоғарғы және Төменгі Лужицтермен біріктіріп федерация ұйымдастыру жөнінде Моравия ландтағымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Моравиядағылар бұл идеяны қолдады, осыдан соң чех әскері Моравияның аса ірі қалаларына келіп кірді. Чехиядан иезуиттер қуылды, ал Фердинанд Чехия Тағынан түсірілді, яғни чех тәжінен айрылды деп жарияланды.
Чехтың жаңа үкіметінің бұл жасаған әрекеттерінің тек Австриямен ғана емес, сонымен қатар католиктік лигамен де және габсбургтік-католиктік лагердің барлық күштерімен де қарулы қақтығыстарға әкеліп соқтыратындығында ешбір күдік қалмады. Сондықтан бұлар тезірек біріге бастады, император ІІ Фердинанд (1619-1637) пен Католиктік лиганың бастығы - Максимилиан Баварскийдің арасында, австриялық және испандық Габсбургтердің арасында келісімдер жасалынды. Польшаның королі ІІІ Сигизмунд та Фердинандқа көмектесем деп уәде берді. Католиктік одақтың мұндай ірі күштеріне Чехияда тек жалпы халықтық көтеріліс қана қарсы тұра алатын болды. Алайда 1618 жылы Габсбургтерге қарсы жасалған қозғалысты басқарған Чех дворяндары немістің Протестанттық униясымен одақтасуды артық көрді. Чехтың сеймі унияның бастығы Фридрих Пфальцкийді Чехияның королі өтіп сайлады. Жалдамалы әскер жинау ісі унияның қолбасшысы - граф Мансфельдке тапсырылды.
Дәл осы кезде Католиктік лиганың басшылары Протестанттық унияның бастығымен шабуыл операцияларын тек, Чехияның өз территориясында ғана жүргізу туралы келісіп алды. Осы сөз байласу бойынша Германияның өзінде статус-кво сақталынды. Сөйтіп, католиктер күштері әлдеқайда басым, жақсы ұйымдасқан қарулы әскерлерін өздерінің Германиядағы позицияларына нұқсан келтірместен бұл елде ешбір беделсіз, жат жерлік король Фридрих Пфальцскийге басқартып қойған Чехияға қарсы аттандыруға мүмкіншілік алды.
Мұның ақыры чех халқы үшін трагедиямен аяқталды. 1620 жылғы 8 ноябрьде Прагаға таяу Белая Гораның түбінде болған шайқаста габсбургтік-католиктік армия чехтардың әскери қүштерін талқандады. Чехия толығымен Габсбургтерге бағындырылды. Чехияның бүкіл территориясын, сондай-ақ Моравия, Силезия, Жоғарғы және Төменгі Лужицтерді ІІ Фердинандтың әскерлері басып алды. Чехияда жұртты қырып-жойып, жазалау және жаппай конфискелеу басталды. Мұның нәтижесінде атылып асылғандар мен елден қашып кеткен протестант чехтардың мал-мүліктерінің көп бөлігі чехтық және австриялық католиктердің қолдарына көшті. Чехиядан барлық бағыттағы протестанттар түгел қуылды және құдайға құлшылық етудің католиктіктен басқасының қайсысына болса да тыйым салынды.
Белая Гораның түбінде болған шайқас Орталық Европадағы күштердің ара қатынасын өзгертті. Чехияны бағындырудан және онымен байланысты жерлерді жаулап алғаннан соң және чех протестантизмі тұншықтырылғаннан кейін Германия мен Австрияда католиктік реакция күшейе түсті. Чехияда қожалық етіп, Австрия арқылы өткен Максимилиан Баварскийдің әскерлері онсызда құтырынған
феодалдық реакцияның жасаған зорлық-зомбылықтарынан жапа шеккен шаруаларды тонауға салды. Бұған жауап ретінде Чехия мен Жоғарғы Австрияның (1621) шаруалары көтерілістер жасады. Бұл көтерілістер бұқара халықтың бас көтеріп қарсыласуға шамасы бар екенін көpceтті. Алайда бұл бытыраңқы жергілікті көтерілістерді габсбургтік қолбасшы Валленштейннің әскерлері шектен шыққан қаталдықпен басып тұншықтырды.
Католиктік лагерь табысқа жете тұрса да, оның өз ішінен жаңа қайшылықтар байқала бастады. Оның үстіне, Франция, Англия және олардың одақтастары Габрбургтердің Европада гегемония орнатуына жол бергісі келмеді. Сол себепті күрестің қайталанып кеңейіп, тереңдей түсетіні сөзсіз еді.
Соғыстың екінші (даниялық) кезеңі (1625-1629)
Соғыстың үшінші (шведтік) кезеңі (1630-1653)
Соғыстың төртінші (франция-швециялық) кезеңі (1635-1648)
