- •1. Тұжырымдаманың мақсаты мен жүзеге асыру жолдары
- •2. Медициналық көмектің сапасын талдау және бағалаудың негiзгi бағыттары
- •3. Болжамалы нәтижелер
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң мақсаттары
- •3. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң негiзгi бағыттары
- •4. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiн талдау мен баға беру талаптары
- •5. Сарапшы-дәрiгерлердiң құзыры
- •6. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн талдау мен баға берудi ұйымдастыру
- •1. Жалпы шарттары
- •2. Дәрiгер-сарапшының мақсаты
- •3. Дәрiгер-сарапшының жұмысын ұйымдастыру
- •4. Дәрiгер-сарапшының құзырлары
- •5. Дәрiгер-сарапшының құқықтары
- •6. Сарапшы-дәрiгердiң мiндеттерi
- •7. Жауапкершілік
- •1. Ұйымдастыру сұрақтары
- •2. Медициналық көмек сапасының сұрақтары
- •1. Ұйымдастыру сұрақтары
- •2. Медициналық көмек сапасының сұрақтары
1. Жалпы шарттары
1. Дәрігер-сарапшы қызметіне медициналық білімі жоғары, денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс қабілеті бірінші, немесе жоғары категориялық квалификациясы теориялық біліміне сәйкес, медициналық көмектің сапасын сараптау, талдау және баға беру жөнінде арнаулы дайындықтан және отырған қызметіне сәйкес аттестациядан өткен адам алынады. Дәрігер-сарапшы жұмыс барысында Қазақстан Республикасы қолданылатын заңдылық актілерін, медициналық көмектің сапасын сараптау, талдау және баға берудің ұйымдастыратын нормативті-құқықтық құжаттарын, тұрғындардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органы бекіткен, Қазақстан Республикасындағы кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің сапасын талдау мен баға беру Ережесін және осы Ережені қолданады. Дәрігер-сарапшының әрекеттері профессионалды этика мен медициналық деонтологияға қарсы болмауы керек. Дәрігер-сарапшының қызметке алынуы мен шығарылуы бекітілген әдеттегі тәртіп бойынша, қазіргі уақытта қолданатын заңдылықтарға сәйкес жүргізіледі.
2. Дәрiгер-сарапшының мақсаты
2. Дәрiгер-сарапшының негiзгi мақсаты өзiнiң қызмет көлемiне сәйкес, халықтың кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмектi жоғары деңгейде алу құқығын медициналық көмектiң сапасын сараптау, талдау және баға беру арқылы жеткiзу болып табылады.
3. Дәрiгер-сарапшының жұмысын ұйымдастыру
3. Дәрiгер-сарапшы медициналық көмектi талдау және баға беру Ережесiнiң ортақ тәсiлдiк принциптерi мен технологиясына сәйкес медициналық көмектiң сапасын сараптау, талдау және баға берудi жүргiзiп, белгiлi қорытынды шығарады және тек өзiнiң берiлген мүмкiншiлiгiне негiзгi медициналық мамандығына сәйкес сараптайды.
4. Дәрiгер-сарапшының құзырлары
4. Дәрiгер-сарапшының құзырына мыналар жатады: 1) кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмек көрсету жүйесiне сәйкес медициналық көмектiң сапасын сараптау, талдау және баға беру жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу; 2) алынып тасталды ; 3) жергiлiктi денсаулық сақтау органдары мен лицензиялық комиссияларына ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның сараптау барысында белгiлi болған кемшiлiктерiн хабарлау; 4) медициналық қызметкерлерге категориялық квалификация беру аттестациясына қатысу; 5) лицензиялық комиссияға әдеттегi тәртiпке сәйкес, лицензияның күшiн жою немесе тоқтату мәселесiне ұсыныс беру; 6) жергiлiктi денсаулық сақтау органдарына әдеттегi тәртiпке сәйкес медициналық көмек көрсету барысында ЖАБДЫҚТАУШЫ-дан бiрнеше рет қатаң кемшiлiктер табылғанын атап көрсетiп, келiсiм-шартты тоқтатуына ұсыныс беру. Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 367 бұйрығымен .
5. Дәрiгер-сарапшының өзi келiсiм немесе еңбек шартында тұрған медицина мекемесiн сараптауға және науқас, оның туысы және өзi емдеуге қатысқан науқас болса, сараптау жағдайларының дауына қатысуына құқығы жоқ.
6. Сараптау жүргiзiп жатқан мезетте ЖАБДЫҚТАУШЫ дәрiгер-сарапшыға қажеттi медициналық құжаттарды көрсетуге мiндеттi.
