Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 сабақ кодекс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

5. Дәрiгер-сарапшының құқықтары

      7. Дәрiгер-сарапшының мынандай құқығы бар:         1) өзiнiң мүмкiншiлiктерiне қарай шешiм шығару;         2) тұрғындардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органының бiртұтас саясатының орындалуын бақылау және iске асыру;         3) жергiлiктi жерлерде медициналық көмектi сараптау, талдау мен бағалау ЖАБДЫҚТАУШЫ мен жергiлiктi денсаулық сақтау органдарымен келiсiм шарттарына қарай және әдеттегi тәртiпке сәйкес жүргiзiледi;         4) ЖАБДЫҚТАУШЫМЕН даулы мәселелер туған жағдайда, оларды тәуелсiз сараптауда қарау үшiн талапты материалдарды даярлауға қатысуға;         5) сараптау мәселесiн бағалау үшiн, керектi құжаттарды пайдалану;         6) сараптау басталмай тұрғанда, не сараптау барысында сараптаудан бас тартқан себебiн, ЖАБДЫҚТАУШЫ мен сараптауға жiберген орнына түсiндiруi қажет;         7) медициналық сараптау қорытындысы бойынша басқа дәрiгер сарапшылар арасында ерекше ойын бiлдiрiп және егер керек болса жоспардан тыс сараптау өткiзуiн талап етуге;         8) тұрғындардың денсаулығын сақтау барысындағы заңдылық актiлерi мен нормативтi құжаттарын, медициналық көмектiң сапасын бағалау мен талдау мәселелерiн жетiлдiру бойынша өзгерiс енгiзу;         9) өзi енгiзген ұсыныс бойынша хабарлама алуы, егер ол орындалмаған жағдайда аурудың денсаулығы мен өмiрiне қатер төнгiзетiн жағдай болса, белгiлi инстанцияларға хабарлау; 

6. Сарапшы-дәрiгердiң мiндеттерi

      8. Сарапшы-дәрiгердiң мiндетi:         1) жергiлiктi денсаулық сақтау мен ЖАБДЫҚТАУШЫ арасындағы көрсетiлген келiсiм шарт пен лицензиямен белгiленген медициналық көмек түрлерi бойынша өкiлеттi тұлғасының қатысуымен медициналық көмектiң сапасын сараптау, талдау және бағалауды жүргiзу;         2) көрсетiлген медициналық көмектiң тұрғындардың денсаулық сақтау саласына басшылықты асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен медициналық стандарттарға сәйкестiлiк анықтау;         3) тұрғындардың сапалы тегiн медициналық көмектi алу құқығының орындалуын анықтау;         4) аурулардың медициналық көмек пен қызмет сапасына қанағаттанғандығын зерттеу;         5) медициналық құжатты талдау барысында көрсетiлген тегiн медициналық көмектiң сапасы жайлы құзырлы және объективтi баға беру, керектi кезде - аурудың өзiн қарау;         6) қажеттi жағдайда сараптау барысына басқа сарапшы-дәрiгердiң қатысуын талап ету;         7) ЖАБДЫҚТАУШЫ және емдеушi дәрiгермен сараптау қорытындысы жайлы талдау жүргiзу;         8) сараптау қорытындысы бойынша тегiн медициналық көмек сапасының жағдайын талдау және бағалау;         9) ЖАБДЫҚТАУШЫ-ға енгiзiлген ұсыныстардың есебiн жүргiзу және қорытынды шығару;         10) медициналық көмектiң сапасы жөнiндегi проблемаларды анықтап, оның сапасын жоғарылату, ұйымдастыру, жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсыныс дайындау;         11) белгiленген қорытынды актiлер үлгiлерiне сараптау қорытындыларын келтiрiп, ЖАБДЫҚТАУШЫ-ға қолын қоюға тексерiлу соңында беруi қажет, тек ерекше жағдай болған кезде ғана 3 күндiк уақытта берiледi. Жасалған актiлердiң бiр данасы тексерiлген ЖАБДЫҚТАУШЫДА қалдырылады;        12) РМҚК басшылығы мен жергiлiктi денсаулық сақтау органына жасалған жұмыс қорытындысы жайлы белгiленген уақытта есеп беру;        13) медициналық көмектiң сапасын белгiленген мақсаттарда (жеке оқиға) талдау мен бағалауды күнделiктi ауруханада 7 ауру тарихын, 25 амбулаторлық карталарын, қайтыс болған аурулар бойынша - 4 ауру тарихын қарау арқылы жүргiзiледi.