Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТП для экзаменов.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288 Кб
Скачать
☆

32.Блок-схемада қолданылатын геометриялық фигуралардың атқаратын қызметі

33.Массивті сұрыптау (іріктеу, реттеу).

Жиым немесе массив – бір типтегі элементтердің реттелген жиыны. Сұрыптау – берілген объектілер жиынын (сандарды) ұсынылған реттілікпен қайта теріп орналастыру процесі. Жиымдарды сұрыптау жылдамдығы әр түрлі болады. Қарапайым сұрыптау тәсілдері n*n рет салыстыруды керек етеді, мұндағы n – жиым элементтері саны;  ал жылдам сұрыптау тәсілі n*ln(n) рет салыстыруды қажет етеді. Қарапайым тәсілдер түсінуге жеңіл, өйткені алгоритмі түсінікті. Күрделі тәсілдер аз әрекеттер санын керек еткенмен, операциялары күрделірек болады, сондықтан элементтер саны аз жиымдарға қарапайым тәсілдерді қолданған дұрыс.

Қарапайым тәсілдер 3 топқа бөлінеді:

-          жай таңдау жолымен сұрыптау; Жиымның ең кіші элементі анықталады да, ол бірінші элементпен орын ауыстырады. Қалған элементтермен де осы тәсіл қайталанады.

-          жай енгізу тәсілімен сұрыптау; Жиым элементтері екіге – бастапқы тізбекке және дайын тізбекке бө­лі­неді.  Әрбір адымда I=2 нөмірінен бастап, бастапқы берілген тіз­бек­тен I-ші элемент алынады да, ол дайын тізбектің керекті жеріне орна­ластырылады. Мұнан кейін  I-ге 1 қосылады да, сол әрекеттер қайталанады. Керекті орынды іздеу кезінде оң жақтағы келесі элементпен орын ауыстыру қарасты­ры­лады, яғни таңдалып алынған элемент сұрыптал­ған­дардың  J=I-1 нөмірінен басталатын кезекті элементімен салысты­рылады. Егер таңдалып алынған элемент a[I]-ден артық болса, онда ол сұрыпталғандар ішіне қосылады, әйтпесе  a[J] бір орынға ығысады да, таңдалған элемент сұрыпталғандар ішіндегі келесі элементпен салыс­тырылады. Керекті орынды іздеу әрекеті екі жағдайда:

-          егер a[J]>a[I] болатын элемент табылса;

-          дайын тізбектің сол жақ шетіне жеткен кезде аяқталады.

-          жай алмастыру тәсілімен сұрыптау; Мұнда ең соңғыдан бастап, екі элемент салыстырылады да, қажет болса, орындары алмастырылады. Осындай әрекет нәтижесінде ең кіші элемент жиымның ең сол жақ шетіне ығысады. Қалған жиым элемент­тері үшін де осы процесс қайталанады.

34. Си тілінің графиктік операторлары.

Cи тілінде растрлық графика жұмыс істейді, оның тақырыптық файлы graph.h. График нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Пиксель – экранның адрестелетін ең кіші элементі. Алдымен графика шығара алатын бейнережимді іске қосу керек. Мұнда экранның пик­сель­­мен берілген мөлшері және түстер саны беріледі.

   

Графикада үш координаталық жүйе: абсолюттік, салыс­тырмалы және масштабталған жүйе қолданылады. Тіке және көлденең өстер бойынша пиксельдер саны экран типіне байланысты болады.

Абсолюттік координатада координаталар басы – (0;0) нүктесі сол жақ жоғарғы бұрышта болып саналады, х координатасы солдан оңға қарай,  у координатасы жоғарыдан төмен қарай өседі.

   Салыстырмалы режимде координаталар басы экранның кез кел­ген нүктесіне ауыстырыла алады.   

Масштабталатын режимде экран бетінде масштабталған коор­ди­на­талар беруге болады, ондах пен у өстері бойынша минимум және максимум мәндер енгізіп, жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

initgraph(&Driver,&Mode,Path) - графикалық режим драйверін іске қосу функциясы. Driver параметрі бейнелік жүйе драйверін анықтайды, Mode параметрі – бейнелік жүйе жұмыс режимін береді, ал Path параметрі – драйвер файлының орнын көрсетеді.

closegraph() – графикалық  режимнен шығу және оған бөлініп берілген жады бөлігін босату үшін, яғни бейнеадаптер буферін тазартып, бұған дейін­гі мәтіндік режимді қалпына келтіру мақсатында мына функция қолда­нылады

restorecrtmode() - графикалық режимнен уақытша мәтіндік режимге ауысу 

setgraphmode(gm) - графикалық режимге қайтып оралу   

 getx();  gety() - курсор орнын анықтау функциялары

setcolor(col) - сызықтар түсін тағайындау функциясы. Мұндағы  сol – түс атауы немесе түс коды. Сызық және мәтіндер түсі осы функциямен беріледі.

setlinestyle() – сызық типін анықтау

setbkcolor (түсі) - экранның фоны түсін өзгерту функциясы     

settextstyle(Қаріп,Бағыты,Көлемі) - мәтін шығару функциялары

outtext (“Мәтін”) – экранға мәтін шығару функциясы

outtextxy(x,y,“мәтін”) - экрандағы көрсетілген орынға мәтін шығару функциясы