Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328 Кб
Скачать
☆

Жеміс дақылдарының сұр шірігі немесе монилиозы.

Ауру белгілері. Көктемде гүл қауыздарының қоңырлануы және өлуі байқалады. Негізінен алманың жемістері залалданады. Алдымен жемістерде кішігірім қоңыр дақтар пайда болады, кейін олардың көлемі ұлғайып, залалданған жемістер шіріп, қурап қалады. Жемістердің көп бөлігі ағашта қалып қалады. Ауруға төзімсіз сорттардың жемістері 3-5 күнде шіриді, ал төзімді сорттарды бұл процесс баяу жүреді. Ауаның ылғалдылығы жоғары болған жағдайда жемістерінде конидиалды ашық-сарғыш, дөңгелекше келген дақтар пайда болады. Жемістерде сонымен қатар монилиоз алғашқы сақтау кезіде байқалады. Алмұрт монилиозбен тауырлық пісу кезеңінде шалдығады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы залалданған ағашта қалған немесе жерге түскен шіріген жемістерде сақталады.Вегетация кезінде ауру конидиилері жауын-шашын тамшыларымен, ауа арқылы тарайды. ,

Ауруға себеп болатын факторлар. Көктемде және жазда ауа-райының ылғалды болуы. Жемістердің сымқұрттармен, құстармен, қатты жел кезінде қабықтарының механикалық зақымдалуы.

Алма цитоспорозы.

Ауру белгілері. Ауру белгілері бұтақтарында, діңдерінде, және басқа да жеміс ағаштарында байқалады. Алдымен қабықтарында қызыл-қоңыр, қою қызғылт немесе түсін жоғалтқан дақтар пайда болады, кейін олар бірігеді. Біріккен орындары қурап, жеке бұтақтардың немесе тұтас ағаштың өлуіне әкеледі. Заладанған мүшелерінде пикнидиальды саңырауқұлақтардың қара дөңестер байқалады. Конидиилері түссіз, ұзынша келген, бір жасушалы, көлемі 4-6,5х1-2 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Конидиилер саңырауқұлақтың пикинидилерінде залалданған бұтақтарда қыстайды. Бір пикиниде 2,5-5,2 млн. спора қалыптаса алады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Белгілі бір себеппен ағаштардың әлсізденуі, Ағаш қабығының термикалық немесе механикалық зақымдалуы. Ауру көбінесе ескі және қараусыз қалған бақтарда кездеседі.

Алманың қара ісігі.

Ауру белгілері. Ауру белгілері көбінесе ескі ағаштарда кездеседі (25-30 жылдық). Бұтақтарында қызыл-қоңыр дақтар қалыптасады, қабықтар ісініп, жарылады. Кейін олар өліп, қарайған өңезге айналады. Қара ісікпен залалданған жемістерде үлкен, батыңқы дақтар пайда болады. Олардың пішіні өзгеріп, мыжылып, мумифицияланады. Қабықтарының өлуінен, бүкіл ағаш біртіндеп қурай бастайды. Алғашқы залалдануы конидиилерден болады. Конидиилері жұмыртқа тәрізді, бір жасушалы, түссіз, қара-қоңыр, 23-30х10-17 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы мицелий және пикнид түрінде зақымдалған бұтақтарда және жемістерінде сақталады. Пикноспоралары көктемде пісіп, жетіледі.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ағаштың термикалық және механикалық залалдануы. Сорттардың жасы және ауруға төзімсіздігі.

Алманың таты.

Ауру белгілері. Жапырақтарында дөңгелекше сарғыш конусты өскіні бар пустулалар дамиды. Эцидиоспоралары дөңгелекше келген, қара-қоңыр, 28-45х25-35 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Мицелийлері қоныстанатын аралық иесі арша ағашы болып табылады. Инфекция көктемде ауа арқылы таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Арша ағаштарының жақын егілуі, ылғалды ауа-райы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]