Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metodicheskie_ukazania.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
328 Кб
Скачать
☆

Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына есеп жүргізу және болжамдау

(диагностика, морфология қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктері, монитринг және болжам)

Республика бойынша ауылшаруашылық дақылдар 70 түрлі аурулармен залалданады.Әр дақылда арнайы ауру қоздырғыштары және арнайы патогендер арқылы тоғышарланады. Төменде, негізгі аурулардың диагностикалық белгілері, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері , ауру қоздырғыштары көрсетілген.

Астық дақылдарыдың аурулары.

Астық дақылдардың кең таралған және зияндылығы жоғары аурулардың түрлері: жетілмеген саңырауқұлақ арқылы таралатын қаракүйе ауруының 3-4 түрі,жапырақ теңбілдері, ақ ұнтақ, тамыр шірік, сонымен қатар вирусты және бактериалды аурулар.

Қара күйе аурулары және қастауыш (спорынья) Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі

Қоздырғыш – Tilletia caries (DC) Tul. и T.levis Kuhn.

Ауру белгілері: Ауру осімдіктің масағынан қабыршақтары аналық түйіннің үлкейюіннің әсерінен ашылып кетеді. Түйіннің ішінде саңырауқұлақтың споралары дамып жетіліп, тұздалған балықтын иісі шығып тұрады. Аурудың әсерінен тұқымнын өңгіштігі төмендейды, өнім түсімі азаяды. Тұқым өніп өскен кезде телиоспораларда өседі. Олардың жіпшелері бидай өскінінін ішіне өтеді. Өскіннің ішінде саңыраукұлақ диффузиялық жолмен дамиды. Аурудың сыртқы белгілері бидайдың сүттену кезінде білінеді. Егін ору кезінде қаракүйе қапшықтары жарылады да, споралар шашылып дәндерді залалдайды. Қыста телиоспоралар тұқым бетінде сақталадыжәне өңгіштігін 5 жылға дейін жоғалтпайды. Ал егін орағы кезінде топыраққа түскен телиоспоралар өңгіштігін ұзақ сақтай алмайды.

Аурудың сақталу көзі және таралуы Егінді орып бастырған кезде қара күйе қапшықтары (ішінде теиоспоралар бар түйін) жарылып телиоспоралар сау дәндерге түседі. Залалдану құрал жабдықтар, ыдыс және т.б. арқылы жүзеге асады.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Өскіндердің залалдануына топырақтың ылғалдылығының 60 %- дай болуы және 5-10 0С температура, тұқымды терең сіңіру қолайлы болып табылады. Төзімді сорттар, уақтылы себу жұмыстар, тұқымды сапалы дәрілеу т.б.

Бидайдың тозаңды қаракүйесі

Қоздырғыш –Ustilago tritici (Pers.) Jens.

Ауру белгілері: Бидай өсіретін аудандарда жаппай таралған. Тозаңды қара күйенің қоздырғышы 2 вегетациялық кезеңде дамиды. Бидай 1 жылы гүлдеген кзде залалданады, ауру 2 жылы бидайдың масақтану кезінде байқалады. Бидай гүлдеген кезде ауадағы телиоспора аналықтың аузына түседі, телиоспорадан диплоидты жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді. Саңырауқұлақ жіпшумағы өскіннің ішінде масақтану кезеңіне дейін диффузиялық жолмен өсу нүктесінің артынан бойлап дамиды. Жапырақ қабатынан масақ бүлінген күйінде шығады, ек өзегы ғана (гүлшоғырының сағағы) сақталып қалады. Кейде жекелеген сағақтар немесе масақтар сақталады. Ауру масақтың жұқа түссіз қабығы оңай жыртылады да, споралар жеңіл шашылады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы Зақымданған дәннің сырттай сау дәннің айрмашылығы болмайды.Саңырау құлақ жжіпшелері тұқымда 3 жылдан аса уақыт сақала алады.

Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Өсімдіктердің зақымдануына ауаның жоғарғы ылғалдыдығы (60 % дан астам) немесе гүлдену кезінде тамшылы-сұйық ылғалдын болуы қолайлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]