- •«Жалпы медицина» факультеті 2 курс студенттерінің фармакология пәні бойынша қорытынды білімін бақылауға арналған тест тапсырмалары 2013 – 2014 оқу жылы
- •1. Парентеральды енгізу жолына жатады:
- •3. Дәрілік заттарды клиникалық сынау Халықаралық стандартқа сәйкес жүргізіледі:
- •4. Дәрілік заттардың асқазан-ішек жолынан сіңірілуінің негізгі механизмі:
- •5. Дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеу Халықаралық стандартқа сәйкес жүргізіледі:
- •1. Тиісті клиникалық зерттеу практикасы Ережесіне (Good Clinical Practice, gcp)
- •3. Көтерме сауда Ережесіне (Good Distribution Practice, gdp)
- •5. Қан сарысуындағы дәрілік заттың бастапқы дозасымен салыстырғандағы мөлшері
- •Антагонизм
- •Сенсибилизация
- •Идиосинкразия
- •Сублингвальды
- •120. Теңіз және әуе ауруында рефлекторлы түрде дамитын құсуды алдын алу үшін қолданылатын таблетка құрамына кіретін м-холиноблокатор:
- •121. Пирензепинді қолдануға негізгі көрсету:
- •159. Моноаминдердің кері нейроналды ұсталуын тежейді:
- •160. Наркотикалық емес анальгетиктердің анальгетикалық әсерінің механизмі:
- •161. Салицилаттар тобына жататын наркотикалық емес анальгетиктердің жанама әсерлері:
- •Тахифилаксия
- •Сенсибилизация
- •Күшейтілген әсер
- •227. Дұрыс тұжырым:
- •242. Викасолдың әсер ету механизмі:
- •246. Эргокальциферолды қолдануға көрсетулер:
Идиосинкразия
кумуляция
сенсибилизация
+тахифилаксия
антагонизм
19. Дәрілік заттардың шартты таралу көлемі – бұл:
Дәрілік заттың жүйелі қан айналымына түскен мөлшері
Қанның дәрілік зат еритін көлемі
+Ағзадағы заттың жалпы мөлшері мен қан сарысуындағы заттың концентрациясы арасындағы қатынас
Тағайындалған доза мен адамның дене салмағы арасындағы қатынас
Ағзаның дәрілік заттан тазалану жылдамдығын сипаттайтын фармакокинетикалық параметр
20. Дәрілік заттардың біріншілік бауыр тосқауылы арқылы өтетін енгізу жолы:
Сублингвальды
+Пероралды
Субарахноидалды
Суббукалды
Ингаляциялық
21. Биожеткіліктік:
Препараттың бағасы бойынша қол жетімділігі
+Қан сарысуындағы дәрілік заттың бастапқы дозасымен салыстырғандағы мөлшері
Қан сарысуындағы белокпен байланысқан препараттың мөлшері
Препараттың бауырға жеткен мөлшері
ГЭТ-дан өткен препараттың мөлшері
22. Фармакологиялық әсерлердің адамның биологиялық ритміне тәуелділігін зерттейтін фармакологияның бөлімі аталады:
1. Фармакокинетика
2. Фармакодинамика
3. Фармакотерапия
4. Фармакогенетика
5. +Хронофармакология
23. Дәрілік заттардың рецептормен кешен түзуіне әкелетін рецепторға туыстастығы аталады:
Антагонизм
Идиосинкразия
Тахифилаксия
+Аффинитет
Синергизм
24. Науқастардың 50% -да емдік әсерді алу үшін қажетті дәрілік заттың дозасы (ЕД50) аталады:
Минималды әсер етуші доза
Уытты доза
Тәуліктік доза
+Орташа тиімді доза
Өлім шақыратын орташа доза
25. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда пайда болатын жағдай:
Сенсибилизация
+Синергизм
Кумуляция
Бейімделу
Тахифилаксия
26. Ағзада әсерлерінің "жинақталуы" аталады:
Психикалық тәуелділік
Физикалық тәуелділік
+ Функционалды кумуляция
Материалды кумуляция
Тахифилаксия
27. Абстиненция синдромы дамиды:
Дәріге психикалық тәуелділік кезінде
Идиосинкразия кезінде
+Дәріге физикалық тәуелділік кезінде
Бейімделу кезінде
Сенсибилизация кезінде
28. Ферменттердің генетикалық жетіспеушілігіне байланысты дамитын дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін белгілейтін термин:
Сенсибилизация
+Идиосинкразия
Тахифилаксия
Сенситизация
5. Абстиненция
29. Жартылай элиминациялану кезеңі (жартылай өмір сүру кезеңі, t1/2)- бұл:
1. Науқастардың 50% -да емдік әсерді алу үшін қажетті дәрілік заттың дозасы (ЕД50)
2. +Қан сарысуындағы дәрілік заттың концентрациясы 50%-ға төмендейтін уақыт
3. Ағзаның дәрілік заттан тазару жылдамдығын сипаттайтын фармакокинетикалық параметр
4. Элиминация жылдамдығының константасы – белгілі уақыт бірлігі ішінде элиминацияланатын заттың көлемі
5. Қан сарысуындағы дәрілік заттың бастапқы дозасымен салыстырғандағы мөлшері
30. Жұптастырылған заттардың бір әсерінің күшейіп, ал басқа әсерлерінің әлсіреуі аталады:
Синергизм
Антагонизм
Сенсибилизация
Сенситизация
5. +Синергоантагонизм
31. Тератогенді әсер – бұл:
науқастың жүйке жүйесіне уытты әсері
науқастың қан жасау жүйесіне уытты әсері
+ органогенездің бұзылуымен жүретін, ұрыққа және эмбрионға теріс әсері
нәресте туылған кездегі теріс әсер
дәріні қайталап қолданғанда тәуелділіктің дамуы
32. Ауру патогенезінің даму механизмінің негізгі тармақтарын тежеу үшін дәрілік заттарды қолдану аталады:
Этиотропты ем
Профилактикалық ем
Орынбасушы ем
+Патогенетикалық ем
Симптоматикалық ем
33. Аурудың жағымсыз симптомдарын жою үшін дәрілік заттарды қолдану аталады:
Этиотропты ем
Профилактикалық ем
Орынбасушы ем
Патогенетикалық ем
+Симптоматикалық ем
34. Аурудың алдын алу үшін дәрілік заттарды қолдану аталады:
Этиотропты ем
Орынбасушы ем
+Профилактикалық ем
Патогенетикалық ем
5. Симптоматикалық ем
35. Дәрілік заттардың аллергиялық реакциялары келесі дозада байқалуы мүмкін:
1. +Дозаның кез келген диапазонында
2. Емдік дозада
3. Уытты дозада
4. Өлімге соқтыратын дозада
5. Емдік дозадан төмен болғанда
36. Дәрілік заттардың уытты әсерлері келесі дозада байқалады:
Емдік дозадан төмен болғанда
Емдік дозада
+Емдік дозадан жоғары дозада
Өлімге соқтыратын дозада
Дозаның кез келген диапазонында
37. Дәрілік заттың жалпы клиренсі – бұл дәрілік заттың қан сарысуынан шығарылуы:
Бүйрек арқылы
Бауырда метаболиздену және экскрециялану арқылы
Бауыр және бүйрек арқылы
+Элиминация үрдісіне қатысатын барлық ағзалармен
Өкпе арқылы
38. Дәрілік заттардың қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соқтыратын әсері аталады:
Фетотоксикалық
Мутагендік
Эмбриотоксикалық
Тератогендік
+Канцерогендік
39. Дәрілік заттың органогенездің бұзылуына байланыссыз, жүктіліктің 3 аптасына дейінгі әсері аталады:
Канцерогендік
Мутагендік
+Эмбриотоксикалық
Фетотоксикалық
Тератогендік
40. Дәрілік заттың органогенездің бұзылуынсыз, жүктіліктің 12 аптасынан кейінгі кезеңдегі әсері аталады:
Канцерогендік
Мутагендік
Эмбриотоксикалық
+Фетотоксикалық
Тератогендік
41. Генетикалық аппараттың тұрақты зақымдануына әкеліп соқтыратын дәрілік заттардың әсері аталады:
Канцерогендік
+Мутагендік
Эмбриотоксикалық
Фетотоксикалық
Тератогендік
42. Затты анықтау: ағзада әртүрлі тосқауылдар арқылы: ішек қабырғасы, жасуша мембранасы, жасушаішілік құрылым мембраналары арқылы жеңіл өтеді. Негізгі сіңірілу механизмі - пассивті диффузия жолымен. Бүйрек өзекшелерінде қайта реабсорбцияланады. Ағзадан метаболиттер түрінде шығарылады:
Иондалған
+Липофилді
Гидрофильді
Төртіншілік
Жоғары молекулалы
43. Затты анықтау: тіндік тосқауылдар арқылы өтпейді. Пиноцитоз, фильтрация, белсенді тасымалдану жолымен сіңіріледі. Негізінен парентералды тағайындалады. Бүйрек өзекшелерінде қайта сіңірілмейді және өзгермеген түрде сыртқа шығарылады:
1. Иондалмаған
2. Липофилді
3. +Гидрофилді
4. Жоғары молекулалы
5. Үшіншілік
44. Дәрілік заттардың фармакодинамикалық өзара әсерлесуі типіне жатады:
1. Қанмен тасымалдану үрдісі кезінде өзара әсерлесу
2. Метаболизм үрдісі кезінде өзара әсерлесу
3. +Арнайы рецепторлармен байланысу үрдісі кезінде өзара әсерлесу
4. Енгізген жерден сіңірілу кезеңінде өзара әсерлесу
5. Ағзадан шығару кезінде өзара әсерлесу
45. Дәрілік заттар жанама әсер көрсетеді:
1. Уытты дозада
2. Өлімге әкелетін дозада
3. +Емдік дозада
4. Дозаның әр диапазонында
5. Жоғарғы уытты дозада
46. Дәрілік зат ағзадан өте тез шығып кетеді, егер ол бүйрек өзекшелерінде:
Тек шумақта сүзілсе
Тек өзекшелерде секрецияланса
+Сүзілсе және секрецияланса
Сүзілсе және реабсорбцияланса
Тек реабсорбцияланса
47. Кейбір микробқа қарсы заттарды тағайындаған кезде пайда болатын дисбактериоз сипатталады:
1. Негізгі әсер ретінде
2. +Жанама әсер ретінде
3. Мутагендік әсер ретінде
4. Орын басушы ем ретінде
5. Канцерогенді әсер ретінде
48. Дәрілік заттың кумуляцияға ұшырауына ықпал етеді:
1. бүйректе реабсорбцияның әлсіреуі
2. бүйрек өзекшелерінде секрецияның күшеюі
3. +шумақтық фильтрацияның төмендеуі
4 бауырда биотрансформацияның күшеюі
5 бауырдың микросомалды ферменттерінің белсенуі
49. «Биожеткіліктік» термині түсіндіреді:
1. заттардың қан сарысу белоктарымен байланысу дәрежесін
2. дәрілік заттарды биологиялық сұйықтықтардан алу тәсілін
3. +заттың жалпы қан айналымға түскен мөлшерінің, енгізілген дозаға қатынасы
4. тосқауылдар арқылы өту қабілеті
5. тұтынушыларға қол жетімді болуы
50. Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы жеңіл өтетін қосылыстар:
1. +липофильді, иондалмаған
2. төртіншілік, иондалған
3. жоғары гидрофильді
4. гидрофильді
5. молекулалық салмағы үлкен
51. Дәрілік заттарды тіл астына енгізу жолының ерекшелігі:
1. бұлшықетке енгізумен салыстырғанда баяу сіңіріледі
2. асқазан және он екі елі ішек ферменттерімен әсерлеседі
3. + біріншілік өту кезінде дәрілік зат бауыр тосқауылы арқылы өтпейді
4. жергілікті тітіркендіргіш әсердің болмауы
5. көктамырға енгізгенмен салыстырғанда, дәрі бүйрек арқылы тезірек шығарылады
52. Бауыр патологиясы кезінде орын алуы мүмкін:
1. дәрілік заттардың өт арқылы шығарылуының жоғарылауы
2. +дәрілік заттардың әсер ету ұзақтығының артуы
3. микросомалды ферменттердің белсенділігін жоғарылауы
4. микросомалды ферменттердің синтезделу жылдамдығының белсенуі
5. дәрілік заттардың әсер ету ұзақтығының қысқаруы
53. Дәрілік заттардың сәйкессіздігі болуы мүмкін:
1. психологиялық
2. эмоционалдық
3. физиологиялқ
4. + фармацевтикалық
5. біржақты
54. Химиялық құрылысы ұқсас, бір рецепторға әсер ететін, бірақ әсерлері қарама қарсы заттар:
1. метаболиттер
2. конъюгаттар
3. синергистер
4. +бәсекелес антагонистер
5. агонистер
55. «Полипрагмазия» түсінігі анықтайды:
сенсибилизацияны
толеранттылықты
+негізсіз бірнеше дәрілік заттарды тағайындауды
абстиненция дамуын
дәрілік затқа идиосинкразияның дамуын
56. Дәрілік заттар бауыр тосқауылынан өтпей, тікелей қан айналымына түседі:
капсула түрінде енгізгенде
+тіл астына таблетка түрінде енгізгенде
ерітінді түрінде ішке қабылдағанда
ішке тұндырма түрінде қабылдағанда
драже түрінде қабылдағанда
57. Зәр арқылы дәрілік заттардың сыртқа шығарылуы жылдамдайды:
шумақтағы фильтрация азайғанда
өзекшелік реабсорбция күшейгенде
альдостерон мен вазопрессинді қолданғанда
+бүйрек өзекшесіндегі секрециялану белсенденгенде
дәрілік заттардың белоктармен байланысу дәрежесі жоғарылағанда
58. Дәрілік заттардың әсерінің ұзаруы жүзеге асады:
1. + май тіндерінде қорға жиналғанда
2. ішекте сіңірілуі бұзылғанда
3. дәрілік заттардың шығарылуы жылдамдағанда
4. бүйректегі шумақтық фильтрация жоғарылағанда
5. бауырдағы биотрансформация күшейгенде
59. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды және медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада сату Ережесін» бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолданыстағы бұйрығы:
ҚР ДСМ міндетін атқарушының 2004 жылғы 11 ақпандағы №19 бұйрығы
+ ҚР ДСМ міндетін атқарушының 2009 жылғы 16 қарашадағы №711 бұйрығы
ҚР ДСМ міндетін атқарушының 2004 жылғы 11 ақпандағы №20 бұйрығы
ҚР ДСМ міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығы
ҚР ДСМ міндетін атқарушының 2008 жылғы 21 мамырдағы №289 бұйрығы
60. «ҚР бақылауға алынған, медициналық мақсатта қолданылатын наркотикалық заттарды, психотропты заттарды және прекурсорларды қолдану ережесі» бойынша ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі бұйрығының нөмірі:
+ ҚР ДСМ 2012 жылғы 30 наурызындағы № 396 бұйрығы
ҚР ДСМ 2009 жылғы 16 қарашадағы №711 бұйрығы
ҚР ДСМ 2004 жылғы 11 ақпандағы №19 бұйрығы
ҚР ДСМ 2004 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығы
ҚР ДСМ 2008 жылғы 21 мамырдағы №289 бұйрығы
61. ҚР денсаулық сақтау ұйымдарында тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға жазылған рецепттер республиканың әкімшілік-аймақтық бірлік аумағында (аудан, қала, облыс) жарамды:
1. жазылған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде
2. жазылған күннен бастап 3 ай мерзім ішінде
3. +жазылған күннен бастап 10 күн мерзім ішінде
4 жазылған күннен бастап 1 жыл мерзім ішінде
5. жазылған күннен бастап 20 күнмерзім ішінде
62. Наркотикалық заттарға рецепт жазуға арналған арнайы рецептуралық бланкте көрсетіледі:
1. мекеменің аты және штампы, арнайы коды
2. +арнайы коды, үлгі нөмірі, қорғаныш белгісі
3. бланк нөмірі, мекеменің мөрі
4. емдеу мекемесінің штампы және шифры, үлгі нөмірі
5. емдеу мекемесінің коды және штампы
63. Арнайы рецептуралық бланкте жазылған рецепттің түбіртегі сақталады:
+Оларды сақтауға жауапты тұлғада
Емдеуші дәрігерде
Участкелік мейірбикеде
Медицина мекемесінің бас дәрігерінде
Аға мейірбикеде
64. Наркотикалық, психотропты заттарға жоғары бірреттік қолданылатын дозадан асатын мөлшерде рецепт жазылғанда:
+ дәрілік заттың дозасын жазбаша жазып, соңында леп белгісін қою керек
«ҚР бақылауға алынған, медициналық мақсатта қолданылатын наркотикалық заттарды, психотропты заттарды және прекурсорларды қолдану ережесі» бойынша ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі бұйрығының нөмірін көрсету керек
Рецептті медициналық мекеменің мөрімен қосымша бекіту керек
Рецептке медициналық мекеменің бас дәрігерінің қолы қойылуы тиіс
Рецептті жазған дәрігердің қолы қойылып, қосымша бекіту керек
65. Наркотикалық заттарға рецепт жазуға арналған арнайы рецептуралық бланкте жазуға болады:
Екі дәрілік затқа
+ Бір дәрілік затқа
Үш дәрілік затқа
ҚР тіркелмеген дәрілік заттарға
Дәрілік заттардың шектелмеген мөлшеріне
66. Наркотикалық, психотропты заттарға рецепт жазуға арналған арнайы рецептуралық бланкте емдеуші дәрігермен қатар қолы қойылады:
1. Емдеу мекемесінің бас мейірбикесінің
2. Учаскелік дәрігердің
3. Емдеу мекемесінің кезекші дәрігерінің
4. + Емдеу мекемесінің басшысының
5. Қабылдау бөлімшісінің дәрігерінің
67. Созылмалы аурулары бар науқастар үшін құрамында наркотикалық заттары бар дәрілік заттарға жазылған рецепт – жарамды:
1. 5 күн мерзімге
2. 15 күн мерзімге
3. 1 ай мерзімге
4. 2 ай мерзімге
5. + 3 ай мерзімге
68. Ауылдық жерлерде дәрігер болмаған жағдайда рецептті жазады:
+ Амбулаторияда қабылдау жүргізетін орта буындағы медицина қызметкері
Рецепт жазылмайды
кіші буындағы медицина қызметкері
тек бір салада қызмет көрсететін орта буындағы медицина қызметкері
орта буындағы медицина қызметкері
69. Егер дәрілік зат бауырда микросомальды тотығуды тежейтін болса, онда күтуге болады:
1. дәрілік заттың метаболизмге ұшырауының жылдамдауын
2. әсер ету уақытының қысқаруын
3. + кумуляцияға түсуін
4. элиминация кезеңінің қысқаруын
5. әсердің тиімділігінің жоғарылауын
70. Фосфорорганикалық холинэстеразаға қарсы дәрілік заттармен уланғанда қолданылатын заттар:
1. Налоксон, налтрексон
2. + Атропин, холинэстеразаның реактиваторлары
3. Унитиол, натрий гидроцитраты
4. Калий хлориді, ЭДТА
5. Пилокарпин, ацеклидин, прозерин
71. Деполяризацияға қарсы кураретәрізді миорелаксанттармен уланғанда қолданылатын заттар:
1. Атропин, холинэстераза реактиваторлары
2. Калий хлориді
3. + Прозерин, галантамин
4. ЭДТА (тетрасірке қышқылының динатрий тұзы)
5. Пилокарпин
72. Сульфаниламидті препараттармен тағайындауға болатын жергілікті анестетик:
1. Новокаин
2. + Тримекаин
3. Кокаин
4. Дикаин
5. Анестезин
73. Құрамында иілік заттары бар өсімдіктер көрсетеді:
1. Тітіркендіргіш әсер
2. Күйдіргіш әсер
3. +Ауыру сезімін басатын әсер
4. Сорып алушы әсер
5. Қаптаушы әсер
74. Препаратты анықтау: бета-адреноблокатор, жүректің жиырылу жиілігі мен күшін төмендетеді, миокардтың оттегіне қажеттілігін азайтады, автоматизмді, атриовентрикулярлы өткізгіштікті тежейді. Артериялық қысымды (АҚ) біртіндеп және тұрақты төмендетеді, рениннің өндірілуін тежейді. Стенокардия, артериялық гипертензия, тахикардияда қолданылады. Жанама әсерлері: бронхтың тонусын жоғарылатады, бронхоспазм шақырады:
Резерпин
Октадин
Адреналин
+Пропранолол
Метопролол
75. Шылым шегуді тоқтатқаннан кейінгі дамитын абстиненция құбылыстарын жою үшін қолданылады:
Гигроний, Бензогексоний
+ Табекс, Лобесил
Прозерин, Пилокарпин
Цититон, Атропин
Бензогексоний, Пентамин
76. Холинэстеразаға қарсы заттарды қолдануға көрсетулер:
+ Миастения, операциядан кейінгі ішек пен қуықтың атониясы
Ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықет тонусының артуы, бауырлық және бүйректік шаншу
Бронх демікпесі ұстамасын жою
Асқазан мен 12-елі ішек ойық жарасы, гиперсаливация
Асқазан бездері секрециясының артуы
77. Аммиак ерітіндісі қолданылады:
Дерматит және экземада жергілікті
+ Хирургтің қолынөңдеу үшін
Аспаптарды залалсыздандыру үшін
Іріңді жараларды жергілікті өңдеу үшін
Ағзаларды және тіндерді мумификациялау үшін
78. Платифиллин қолданылады:
+ Тегіс салалы мүшелердің спазмында
Ойық жара ауруы, гипотонияда
Ішек, жатыр, қуық атониясында
Наркоз беру кезінде жүректің рефлекторлы тоқтауының алдын алу, тыныс алу орталығын белсендіру үшін
Бронхоспазмның, ішек атониясының алдын алу үшін
79. Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін олардың ерітінділеріне қосуға болады:
Пропранололды, Окспренололды
+ Адреналинді, Мезатонды
Изадринді, Сальбутамолды
Метопрололды, Атенололды
Фенотеролды, Карведилолды
80. Празозиннің әсер ету механизмі:
Альфа-1 және альфа-2 адренорецепторларды тежейді
+Альфа-1 адренорецепторларды таңдамалы тежейді
Альфа-2 адренорецепторлардытаңдамалы тежейді
Альфа- және бета- адренорецепторларды тежейді
Бета- адренорецепторларды таңдамалы тежейді
Ішек атониясы
81. Постсинапстық альфа-адренорецепторлардың қозуына байланысты әсерлер:
+Қан тамырларының тарылуы
АІЖ сфинктерлерінің босаңсуы
Қарашықтың тарылуы
Бронх бұлшық еттерінің босаңсуы
Жүрек жиырылуының әлсіреуі
82. Заттың тобын анықтау: қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді. Адреналиннің прессорлық әсерін "бұрмалайды". Эндартерииттерде, феохромоцитомада, бұл топтың кейбір препараттары - гипертониялық ауруда, қуықасты безінің қатерсіз ісігінде қолданылады. Ортостатикалық гипотензия шақыруы мүмкін.
Симпатолитиктер
Альфа-адреномиметиктер
+Альфа-адреноблокаторлар
Бета-адреноблокаторлар
Ганглиоблокаторлар
83. Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қолданылатын заттар:
Анестезин, Пиромекаин
+Новокаин, Тримекаин
Лидокаин, Новокаин
Дикаин, Бупивакаин
Танин, Артикаин (ультракаин)
84. Холинэстеразаға қарсы фосфорорганикалық заттармен уланғанда қолданылады:
1. М-холиномиметиктер, Альфа-адреноблокаторлар
+М-холиноблокаторлар, Холинэстераза реактиваторлары
3. Ганглиоблокаторлар, Бета-адреномиметиктер
4. Деполяризацияға қарсы кураре тәрізді заттар
5. Деполяризациялаушы кураре тәрізді заттар
85. Альфа-адренорецепторларды таңдамалы ынталандыратын заттар:
Изадрин, Адреналин гидрохлориді
Мезатон, Фенотерол
+ Нафтизин, Галазолин
Добутамин, Галазолин
Салметерол, Формотерол
86. Метопрололдың әсер ету механизмі:
Альфа-1 және альфа-2 адренорецепторларды тежейді
+Бета-1 адренорецепторларды таңдамалы тежейді
Бета-1 және бета-2 адренорецепторларды тежейді
Бета-2 адренорецепторларды таңдамалы тежейді
Альфа және бета адренорецепторларды тежейді
87. Заттарды анықтау: қан тамырларын тарылтады, артериялық қысымды жоғарылатады. Бронх бұлшық етінің тонусына әсер етпейді. Альфа-адреноблокаторлармен прессорлық әсері "бұрмаланбайды". Гипотензия, коллапс кезінде қолданылады:
Адреналин, Эфедрин гидрохлориді
+Норадреналин, Мезатон
Галазолин, Нафтизин
Изадрин, Добутамин
Формотерол, Фенотерол
88. Препаратты анықтау. Н-холиномиметик, каротидті шумақтағы Н-холинорецепторларды қоздыру нәтижесінде тыныс алу орталығын рефлекторлы түрде қоздырады. Симпатикалық ганглийлерде Н-холинорецепторларды қоздырып артериялық қысымды жоғарылатады, қысқа уақыт әсер етеді, көктамырға енгізіледі. Тыныс алу орталығының рефлекторлы қозғыштығы сақталған жағдайда тыныс алу орталығын ынталандыру үшін қолданылатын зат:
Бензогексоний
Дитилин
Ацетилхолин
Циклодол
+ Цититон
89. Кураре тәрізді заттардың миорелаксациялық әсері байланысты:
Ретикулярлық формацияға тікелей тежегіш әсер көрсетуіне
Қаңқа бұлшықет жасушаларында орналасқан М-холинорецепторлардың тежелуіне
Холинергиялық талшықтар ұшында эффекторлық мүшелердегі жасушалардың тежелуіне
+ Қаңқа бұлшықет жасушаларында орналасқан Н-холинорецепторлардың тежелуіне
Парасимпатикалық және симпатикалық ганглийлердің нейрондарының тежелуіне
90.Бензогексонийдің антигипертензивті әсері байланысты:
Миотропты спазмолитикалық әсерге
Кальций каналдарының тежелуіне
+Симпатикалық ганглийлердің тежелуіне
Ангиотензинайналдырушы ферменттің тежелуіне
Тамырқозғалтқыш орталықтың тежелуіне
91. Бета-1-адренорецепторлардың қозуына байланысты әсерлер:
+Жүрек жиырылуының күшеюі, тахикардия
Бронх бұлшықеттерінің босаңсуы
Қан тамырларының кеңеюі
Жүрек автоматизмінің төмендеуі
Атриовентрикулярлық берілудің төмендеуі
92. Лабеталолдың әсер ету механизмі:
Альфа-1- және -2 адренорецепторларды тежейді
Альфа-1 адренорецепторларды таңдамалы тежейді
Бета-2 адренорецепторларды таңдамалы тежейді
+Бета- және альфа адренорецепторларды тежейді
Бета-1 адренорецепторларды таңдамалы тежейді
93. Бета-адреноблокаторларды қолдануға көрсетулер:
+ Артериялық гипертензия, стенокардия, жүрек тахиаритмиясы
Атриовентрикулярлы өткізгіштіктің тежелуі
Бронх демікпесі
Асқазанның ойық жарасы
Шок, коллапс
94. Затты анықтау: ОЖЖ-дегі холинорецепторларды тежейді. Паркинсонизмді емдеуде, әсіресе нейролептиктермен шақырылған экстрапирамидалық бұзылыстарды емдеуде қолданылады:
Леводопа
+Циклодол
Мидантан
Бромокриптин
Депренил
95. Препаратты анықтау: орын алмастырылған амидтер тобына жатады, анестезияның барлық түрінде және қарыншалық аритмия кезінде қолданылады:
Новокаин
Анестезин
+Лидокаин
Дикаин
Бупивакаин
96. Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын факторлар:
Қышқыл орта, тамыр кеңейтетін заттар
+Сілтілік орта, тамыр тарылтатын заттар
Сульфаниламидтік препараттармен жұптастыру
Анестетиктерді қолданатын аймақтағы қабыну үрдістері
Парааминобензой қышқылының қатысуы
97. Жергілікті анестетиктердің әсерлерін күшейту және ұзарту үшін қолданылатын зат:
Пропранолол
Изадрин
Эфедрин
Лабеталол
+Адреналин
98. Сульфаниламидтердің бактерияға қарсы белсенділіктері келесі заттардың ықпалынан төмендейді:
Лидокаиннің
Пиромекаиннің
+Анестезиннің
Тримекаиннің
Бупивакаиннің
99. Парааминобензой қышқылының күрделі эфирі болып табылатын анестетиктермен жұптастырғанда сульфаниламидтік препараттардың бактерияға қарсы белсенділігінің төмендеу себебі:
1. Парааминобензой қышқылының гидролизі кезінде сульфаниламидтермен белсенді емес кешен түзеді
2. +Парааминобензой қышқылы сульфаниламидтердің бәсекелес антагонисі болып табылады
3. Парааминобензой қышқылы сульфаниламидтермен ыдырайды
Парааминобензой қышқылының ықпалынан тіндерде қышқыл орта түзіледі
Парааминобензой қышқылы тетрагидрофоль қышқылының синтезін бұзады
100. Новокаинге тән:
уыттығы және белсенділігі жоғарғы
+инфильтрациялық анестезия кезінде әсер ету ұзақтығы 30-60 мин
инфильтрациялық анестезия кезінде әсер ету ұзақтығы 2 сағат
инфильтрациялық анестезия кезінде әсер ету ұзақтығы 2-3 минут
беткейлік анестезия үшін қолданылады
101. Затты анықтау. Операция кезінде көлденең салалы бұлшық еттерді босаңсыту үшін қолданылады. Импульстің жүйке-бұлшық еттік берілуін бұзады. Әсер ету ұзақтығы 5-10 мин. Холинэстеразаға қарсы заттар оның әсерін күшейтеді. Жанама әсерлері наркоздан кейін бұлшықетте ауру сезімі, жүрек аритмиясы, көзішілік қысымның жоғарылауы дамиды:
1. Пентамин
2. Тубокурарин
3. Пипекуроний
4. +Дитилин
5. Атракурий
102. Сорып алушы заттардың әсер ету механизмі:
Рецепторлық құрылымдарды тежеп, әсер потенциалының пайда болуын алдын алады
Шырышты қабаттар бетіндегі белоктың коагуляциясын шақырады
Шырышты қабатта қорғаныш қабатын түзеді
Жүйке ұштарын таңдап қоздырады
+ Химиялық қосылыстарды адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден қорғайды
103. Тітіркендіргіш заттардың әсер ету механизмі:
Шырышты қабаттың бетіндегі белоктың коагуляциясын шақырады
Шырышты қабатта қорғаныш қабатын түзеді
Рецепторлық құрылымдарды тежейді
+Сезімтал жүйке ұштарын таңдамалы қоздырады
Na және K иондары үшін жүйке мембранасының өткізгіштігін тежейді
104. Артериялық қан қысымы күрт төмендегенде (жарақат алғанда, хирургиялық операция, улану кезінде) қолданылатын дәрілік зат:
+Адреналин
Метацин
Нафтизин
Метопролол
Фентоламин
105. Өте ұзақ әсер ететін анестетик:
Лидокаин
Дикаин
+Бупивакаин
Тримекаин
Новокаин
106. М-холинорецепторлардың орналасуы:
Парасимпатикалық ганглийдің нейрондарында
Симпатикалық ганглийдің нейрондарында
Қаңқа бұлшықеттерінің шеткі пластинкаларында
Бүйрекүсті безінің хромаффиндік жасушаларында, каротидты шумақта
+Қасаң қабықтың айналмалы бұлшық еті
107. Асқазанның М-холинорецепторын таңдамалы тежейтін зат:
+Пирензепин
Скополамин
Ипратропий бромиді
Метацин
Платифиллин
108. Атропинмен және құрамында атропині бар өсімдіктермен улануға тән белгілер:
+Қарашықтың кеңеюі, көрудің нашарлауы
Температураның төмендеуі, брадикардия, АҚ төмендеуі
Миоз, сілекей бездері секрециясының жоғарылауы
Тыныстың тежелуі, бронхоспазм
Қимыл қозғалыстың жоғарылауы, АІЖ тонусының жоғарылауы
109. Дитилиннің әсер ету механизмі:
қозғалтқыш жүйке ұштарында ацетилхолин синтезінің бұзылуы
постсинапстық мембрананың гиперполяризациясы
+постсинапстық мембрананың тұрақты деполяризациясы
постсинапстық мембрананың тұрақтануы
ацетилхолиннің гидролиздену жылдамдығының жоғарылауы
110. Адренорецепторлардың орналасуы:
Симпатикалық жүйке жүйесінің преганглионарлық талшықтар ұшында (симпатикалық ганглий нейрондарында)
+Қасаң қабықтың радиалды бұлшық еті
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің преганглионарлық талшықтар ұшында (парасимпатикалық ганглий нейрондарында)
Синокаротидты шумақта
Бүйрекүсті безінің милы қабатының хромаффиндік жасушаларында
111. Препаратты анықтау: сорып алу аймағы үлкен инертті ұнтақ, токсиндермен және улы заттармен уланған кезде сорып алушы зат ретінде, сонымен қатар метеоризмде қолданылады:
1. Анестезин
2. +Белсендірілген көмір
3. Танин
4. Висмут негізінің нитраты
5. Крахмал шырышы
112. Адреналин қосқан кезде новокаиннің жансыздандырғыш әсерінің күшеюі және ұзаруы негізінен байланысты:
1. Ыдырауының баяулауына
2. Адреналинмен кешенді қосылыстар түзуіне
3. +Сіңірілудің баяулауына
4. Екі заттың анестезиялаушы әсерінің қосындысына
5. ортаның рН өзгеруіне
113. Антидеполяризациялаушы миорелаксант:
1. Атропин
2.Дитилин
3. +Тубокурарин
4. Мезатон
5. Адреналин
114. Бета-2 –адреномиметиктерді қолдануға көрсетулер:
Артериялық гипотензия
Миастения, полиомиелиттің қалдық белгілері
Жүрек тахиаритмиясы
Ашық бұрышты глаукома
+Бронх демікпесі
115. Көздің түбін тексеру үшін, ішек, бүйрек және бауыр шаншуларында, бронх демікпесінде, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасында, холинэстеразаға қарсы заттармен уланғанда қолданылатын препарат:
Сальбутамол
+ Атропин
Ипратропиум бромиді
Пирензепин
Изадрин
116. Қармаушы заттардың негізгі әсер ету механизмі:
Рецепторлық құрылымдардың тежейді
Шырышты қабатта қорғаныш қабатын түзеді
Химиялық қосылыстарды адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден қорғайды
+Шырышты қабаттың бетіндегі белоктарды коагуляциялайды
Импульстердің өтуін бұзады
117. Қаптаушы заттардың әсер ету механизмі:
+ Шырышты қабатта қорғаныш қабық түзеді
Шырышты қабықтың беткей қабатындағы белоктарды коагуляциялайды
Рецепторлық құылымдарды тежейді
Химиялық қосылыстарды адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын тіркенуден қорғайды
Импульстердің өтуін бұзады
118. Қармаушы заттардың қолданылуы:
Метеоризм кезінде
+Алкалоидтар мен ауыр металл тұздарымен уланғанда
Ішкі мүшелердің трофикасын жақсарту үшін
Алаңдатушы әсер шақыру үшін
Бульбарлы орталықтарды рефлекторлы белсендіру үшін
119. М-холиномиметиктерді тағайындауға көрсетулер:
Миастения, бүйрек шаншуы
Бүйрек шаншуы, гиперацидті гастрит, пилороспазм
+ Глаукома, ішек парезі, қуық атониясы, гипосаливация
Жедел панкреатит, бауыр шаншуы, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы
Бронх демікпесі, қаңқа бұлшық еттерінің парезі
