- •Тақырып №1. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері
- •Тақырып №2. Эксперименталды психологияның даму тарихы
- •Тақырып №3. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы
- •Тақырып №4. Эксперименталды психологияның дамуының негізгі бағыттары
- •Тақырып №5. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері
- •Тақырып №6. Психологиялық теория және оның құрылымы
- •Тақырып №7. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістерін жіктеу
- •Тақырып №8. Бақылау әдісі
- •1733 Ж Англияда Де - Муавр 1806 ж Германияда Ганнс 1802 ж Францияда Лоплос
- •Тақырып №9. Эмпирикалық зерттеу әдістері
- •Тақырып №10. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері
- •Тақырып №11. Зерттеушінің мотивациясы
- •Тақырып № 12. Психологиялық экспериментті жоспарлау
- •Тақырып № 13. Эксперименттің валидтілігі
- •Тақырып № 14. Психологиялық шкалалар
- •Тақырып № 15. Негізгі жиынтық және таңдау
- •Тақырып №16. Экспериментті жүргізу кезеңдері
- •Тақырып №17. Алғашқы мәліметтерді оңдеу
- •Тақырып № 18. Нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері
- •Тақырып №19. Алғашқы мәліметтерді және өлшеудің деңгейін өңдеу әдістері
- •Тақырып №20. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері
- •Тақырып №21. Корреляциялық байланысты құру
- •Тақырып №22. Факторлық талдау
- •Тақырып №23. Алғашқы мәліметтерді оңдеудің компьютерлік бағдарламасы
- •Тақырып №24. Ғылыми нәтижелерді ұсыну
- •Тақырып №25. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері
- •Тақырып №26. Зерттеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну
- •Тақырып №27. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы
- •Тақырып №28. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы
- •Тақырып №29. Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері
- •Тақырып №30. Ғылыми мақаланың жазылу ережесі
- •Пайдалынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Тақырып №24. Ғылыми нәтижелерді ұсыну
Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылым болып табылады. Ғылым, ғылыми теория өзінің зерттейтін затын ұғым мен ой формаларын бейнелейді. Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой-өрісінің барысын, ережелерін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар деуге болады. Олай болса ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі әбден заңды. Ғылым логикасы жалпы ғылымға, ғылыми білімге тән заңдылықтарды зерттейді. Философиялық зерттеудің арнайы бір объектісі ретінде ғылым логикасы жөнінде мәселе алғаш позитивизм философиясында көрсетілген. Позитивизм философияны формальды логика деп түсінеді де, философияның міндетін ғылымның тіліне талдау жасау деп анықтайды. Көрнекті позитивист Рейхнебахтың айтуынша философтың қолынан бар келері – ғылым нәтижелерін талдау, оларға мағына беру және дұрыстығын анықтау. Таным теориясы ғылымды анализдеу болады. Философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығаратын бұл концепция, әрине қате. Бірақ бұған ғылым логиикалық талдаудың объектісі бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формальды логика дайын, қалыптасқан білімді қарасатырады; білімнің жалпы ғылымға тән құрылымын, элементтерінің байланысын іздейді.
Ғылыми білімді талдап зерттеуге формальды логиканың дайын аппаратын қолданудың рактикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде онгы пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Мұндай зерттеу адамның кейбір іс-әрекет функциясын машинаға жүктеуді жүзеге асыру үшін де қажет. Бірақ та формальды логиканың ғылыми білімді зерттеудегі ролін асыра бағалап, оны ғылымның бірден-бір логикалық негізі деуге болмайды. Ол ғылымды белгілі бір бағытта ғана қарайды. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формальды логика тұрғысынан шешілмейтін басқа да философиялық мәселелер туындайды. Олар білімнің объективтік шындыққа қатысы, оның генезисі, ақиқаттығы т.б. Мұндай мәселелер танымның логикасы мен теориясы болып табылатын диалектика тұрғысынан қарағанда ғана толық шешімін табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары – адам танымы мен практикасының қорытындысы жиынтығы. Ол адам ойының ақиқатқа, жаңа ғылыми жетістіктерге қарай дамуын бағыттап, реттейтін логикалық форма- ғылыми ойдың қағидалары. Диалектикалық логика тұрғысынан ғана ғылым таным процесін дұрыс түсініп, ғылымның даму заңдылықтарын айқындау, ғылыми-зерттеу әдістерінің ролі мен міндетін анықтау мүмкін. Диалектика білімді жалпы таным дамуының бір кезеңі ретінде қарастырады. Диалектика үшін өзгермейтін дайын білім жоқ. Ол білімнің қалай туатынын «... толық емес, айқын емес білімнің қалайынша толығырақ, айқынырақ білімге айналатынын тексеру керек».
Формальды логика дайын қалыптасқан білімді оның түп нұсқасының негізінен айырып алып қарайтын болса, диалектикалық логика керісінше білімнің қайнар көзін, даму бағытын, оның түп нұсқасы мен негізін, табиғатын айқындайды. Диалектика білімді, ақыл-ойды зерттеп отырған объектінің қозғалу, даму заңдарына сәйкес қарайды. Ғылымды осы тұрғыдан зерттеу жүзеге асырылған Онда ғылыми ұғымдар белгілі жүйеде дамып, күрделене түседі де тұтас объектінің жаңа жақтары мен қырларын, аспектерін ашып айқындайды. Ғылыми мазмұнның дамуы ұғымдар жүйесінің қалыптасуы жаңа заманның экономикалық қатынастар жүйесінің тарихтағы табиғи даму процесін бейнелейді. Зерттеліп отырған жүйені жан-жақты, теория жүзінде нақтылы бейнелеу үшін бүтін жүйенің бастапқы негізін зерттеп білу керек. Бұл бастапқы негіз жүйенің басқа да қатынастарын, анықтамаларын мүмкіндік түрінде де дамымаған түрінде де бойына сіңіреді. Сайып келгенде ғылым логикасы - өз алдына ғылым саласы ғана немесе ерекше логикалық жүйе емес, ол ғылым сияқты күрделі объект жайындағы білімдердің жиынтығы.
13 - апта
