Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-15_bilet.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46 Кб
Скачать
☆

Билет №6

6-билет. «Бала тәрбиесі». Монолог.

Бала тәрбиесінде ата-ана мен баланың қарым-қатынастары: бірін-бірі сыйлау, қадір-қасиетін бағалау, ар-намысын бағалау. Тәрбиедегі жаман әдістер: әдепсіз сөз, дөрекі айқай, орынсыз айқайлау болмау керек. Балаға назар аударып, оның өкінішін тыңдау, ақылдасу, кеңес беру керек. Ата-ана балағ үлгі болады: үлкенді сыйлау, құрметтеу, кішіге қамқор болу.

Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана-ошағының ұйытқысцы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, бақытқа бөлейді. «бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын, баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. «бала-өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жанған отын сөндірмейтін атына ұрпақ қалдыруды көздеген.

2.Сын есім

Сын есім –заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Неше? Қай?

Құрамына қарай: дара (ақ)

күрделі (тап-таза)

Тұлғасына қарай: негізгі (жақсы)

туынды (ақылдыі)

Мағынасына қарай: сапалық (ақ)

қатыстық (өнерлі)

Сын есімнің 4 шырайы бар:

1. Жай шырай (үлкен)

2.Салыстырмалы шырай (үлкеніреп)

3.Күшейтпелі (үп-үлкен)

4.Асырмалы (өте үлкен)

Билет №7

Үлкенді сыйлау-біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз таластырмауға, тіпті үлкендердің алдында қатты дауыс көтеріп сөйлемеуге тиіс. Осындай ата дәстүрімізді бүгінгі жастар жадында сақтап, жалғастыра білуі қажет.

Отбасы мектебінің ұстаздары-әке мен шеше. Қазақ отбасы балаларына: «Әдепті бол, тәрбиесіздік жасама, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді айтып отырады. Отбасынан тәрбие алған бала тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шығады. Ең басты міндет етіп ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды үйреткен. Отбасының берекесін сақтайтын-әйел. Ата-ананың баласына қоятын ең басты талап-тілегі-«әдепті бала» болып өсуі.

2.Көмекші есімдер.

-----------

Билет №8.

«Киелі сандар». Монолог.

Қазақ халқында 7-жеті, 9-тоғыз, 12-он екі, 40-қырық сандары қасиетті, киелі сандар болып есептеледі. Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді.

Жеті, тоғыз сандарымен қатар қазақ халқында өте жиі қоданылатын сан-3. Осыған байланысты 1-ші байлық-денсаулық, 2-ші байлық-ақ жаулық, 3-ші-байлық-он саулық. Әр адамның үш жұрты болады: өз, нағашы, қайын. Қазақ халқында тамақ, күлкі, ұйқы-3 арсыз деп есептелген. Қонақтың 3 түрі болады: арнайы, құдайы, қыдырма.

Қазақ халқында 7 саны киелі сан болып есептеледі. Қазақтардың 7 саны туралы түсінігі кең: жеті қазына, жеті күн, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ата. Жеті ата жөнінде қазақ халқы «жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» деп жастарға халықтық, отансүйгіштік тәрбие беруге тырысқан. 7 атаға: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат жатады.

3. Қазақ халқы жеті санымен көп нәрсені байланыстырады, себебі ол-киелі сан. (синтаксистік талдау)

2. Сан есім.

Сан есім - заттын санын, ретін білдіреді .

Сұрактары: Неше? Қанша? Нешеу?

Құрамына қарай: дара,күрделі (бір,он бір)

Тұлғасына қарай: негізгі, туынды (үш,үшеу)

Мағынасына қарай: алты топқа бөлінеді:

Есептік - неше? Үш, он бес

Реттік - нешінші? тоғызыншы

Жинақтық - нешеу? -ау,-еу арқылы бірден жетіге дейін жасалады.

Бөлшектік - (½ екіден бір, 2,5, екі бүтін оннаи бес)

Топтау- бес-бестен, оннан.

Болжалды – жүз шақты, жүздей.

Билет №9.

  1. 9-билет «Қазақ халқы-қонақжай халық» диалог

- Қазақтар қонақтарын қалай күтеді?

- Иә, қазақ халқы бұрыннан бері қонақты дұрыс күтіп, қонаққа үй ішімен қызмет көрсетеді.

-Қонақтарды кім қарсы алады?

Қонақтарды үй иесі қарсы алады.

-Үй иелері қандай болу керек?

- Қонақжай, көңілді, ашық жарқын.

-Қонақкәде дегеніміз не?

-Қонақкәде-қонақтың өлең, жыр, ертегі, терме айтып немесе күй шертіп, өз өнерімен үй иелеріне құрмет көрсететін дәстүрі.

-Қонақты жақсы қарсы алған үйді қандай үй дейді.

-Қонақты жақсы қарсы алған үйді «мырза» үй дейді.

-Қонақты жақсы қарсы алмаған үйді қандай үй дейді.

-Қонақты жақсы қарсы алмаған үйді «сараң» үй дейді.

-Осы дәстүр қазір де бар ма?

-Иә, бар, сондықтан да шетелден келген қонақтар «Қазақ халқы-қонақжай халық» деп бекер айтпайды.

  1. Есімдік.

Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы.

Құрамынақарай:дара,күрделі(мен,әркім)

Тұлғасына қарай:негізгі,туынды(сол, сондай)

Мағынасына қарай: 7 топқа бөлінеді:

  1. Жіктеу есімдік (мен, сен, ол, сіз, біз)

  2. Сілтеу есімдік (сол, мынау, міне, бұл)

  3. Сұрау есімдік (кім? не? неше? Қайда?)

  4. Өздік есімдік (өз + тәуелдік жалғау)

  5. Жалпылау есімдік (барлық, бәрі)

  6. Белгісіздік (кейбіреу, әлдеқайда)

  7. Болымзыдық (ешкім, еш + сурау есімдік)

Билет № 10.

- Киіз үйдің түрлерін ата.

-Киіз үй – қазақ халқаның ертеден келе жатқан баспанасы. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады.

-Киіз үй неше бөліктен тұрады?

-Киіз үй төрт бөліктен тұрады. Олар: кереге, шаңырақ, уық және есік.

-Бұл бөліктер неден жасалады.

-Бұл бөліктер талдан немесе қайыңнан жасалады.

-Киіз үйдің негізін не құрайды?

-Киіз ұйдің негізін кереге құрайды.

-Шаңырақ деген сөз қандай ұғымды бейнелейді?

-Шаңырақ деген сөз «үй,отбасы» ұғымды бейнелейді?

-Ол көшіп-қонғанда ыңғайлы ма?

-Ол көшіп-қонғанда тез жиып, қоюға ыңғайлы.

  1. Етістік

Етістік –заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Құрамына қарай: дара, күрделі - жаз, жазып отыр

Тұлғасына қарай: негізгі, туынды – жаз, ойла

Мағынасына қарай: салт, сабақты –үйге кел, хатты жаз

Етістік болымды, болымсыз болады: кел, келме. Болымсыз етістік болымдыға ма, ме, ба, бе, па, пе жұрнақтары жалғану арқалы жасалады. Етістіктің шақтары, райлары,есімше, көсемше, етіс формалары, тұйықетістік болады. Мысалы: жазу - жазды, жазба, жазып отыр, жазғым келеді, жазған.

Билет №11.

  1. 11-билет «Дастарқан-отбасының дарқандығы»

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрә қастерлей білген. Ел-жұрт жадында «ас-адамның арқауы» деген қағида қалыптасқан. Халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын, оны дәмді етіп әзірлеудің ретін білген. Қазақ ел мен елді татуластыруды, үлкендерді құрметтеу, өздерінің мырзалық қасиеттерін кең дастарқан арқылы, қонақасы арқылы көрсеткен.

Үйге келген кісіге дәм татырмай жібермеу-қазақ халқының өте жақсы ғұрпы. Осыған байланыстың астың әр түрі болған. Соғым-әр жылда қыста қайталанып отыратын азық-түліктің қоры. Оған түйе, жылқы, сиыр сияқты ірі мал сойылады. Сыбаға-сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті. Қонақасы-қонаққа арнап дайындалған тағам, ас. Бас тарту-сыйлы қонақтарға сойылған малдың басы үлкен кісінің алдына қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]