- •Билет №1
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. (монолог)
- •Билет № 2
- •Менің елім - Қазақстан
- •2.Үндестік заңы (сингормонизм заңы)
- •Билет № 3
- •1.Ежелгі қалалар. (монолог)
- •Билет №4
- •Билет №5
- •2. Фонетика. Дыбыстар Фонетика - (грек сөзі "дыбыс") - тіл дыбыстары туралы,тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
- •2.Септік жалғау.
- •Билет №6
- •2.Көмекші есімдер.
- •Шылау түрлері.
- •Морфология. Сөз құрамы. Күрделі сөздер
Шылау түрлері.
Шылау сөздер- сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Шылаулар үшке бөлінеді: септеулік, жалғаулық, демеулік. Сөйлем мүшесі болмайды, жалғау жалғанбайды.
Жалғаулықтар – өзара тең сөздерді, сөйлемдерді байланыстырады.
1. Ыңғайлас: мен, бен, пен, , және, әрі, да, де, та, те
2. Талғаулықты: я болмаса, немесе, не, я, яки
3. Себеп-салдар: себебі, өйткені, сондықтан
4. Қарсылықты: бірақ, әйтпесе, сонда да, сөйтсе де
5. Кезектес: бірде, біресе,кейде.
6. Шартты: егер, ендеше.
Септеуліктер.
Шылау сөздер- сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Шылаулар үшке бөлінеді: септеулік, жалғаулық, демеулік. Сөйлем мүшесі болмайды, жалғау жалғанбайды.
Септеулік шылау – сөздерді сабақтастыра байланыстырады.
Атау үшін, арқылы, туралы ақын туралы
Барыс дейін, шейін қалаға дейін
Шығыс кейін, басқа сабақтан кейін
Көмектес қата, бірге баламен бірге
Демеулік шылау сөздерді байланыстырмайды, тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді.
1.Сұраулық: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше
2.Күшейткіш: ақ, ау, ай, шы
3.Болымсыздық: түгіл, тұрсын
4.Болжалдық: мыс, міс.
5. Қомсыну: екеш.
6. Нақтылық: қой, ғой, ды,ді,ты,ті.
7, Шектік: қана, ғана,ай.
Билет №12.
12-билет «Қазақ бейнелеу өнер тарихы» монолог
Қазақ бейнелеу өнері көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сәндік және қолданбалы өнер салаларын қамтиды. Қазақ бейнелеу өнер бастауындаэтнограф-ғалым Шоқан Уәлиханов тұрды. Шоқан Уәлиханов графика, кескіндеме салаларында жоғары шеберлікке жеткен. 1920 жылы бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін дайындайтын студия ұйымдастырылды. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақ ұлттық көркемсурет галереясы құрылғаннан бастап, «Қазақ бейнелеу өнері» коллекциясын кешендеуге баса көңіл бөлінді. Қазір 10 мыңнан астам көркемсурет туындылары Қ-н Республикасы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қорын құрайды.
Н.Т. Хлудов-19 ғасырдағы реалистік кескіндеме мектебін қалыптастырған алғашқы суретшілердің бірі. Ол Орта Азия мен Қазақстанды көп аралап, сол жердің өмірі мен тұрмысынан жасаған суреттемелері кейін оның кескіндемелік туындылары болды.
2. Зат есім
2.Зат есім
Зат есім – заттың, құбылыстың, әрекеттің атын білдіреді.
Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Құрамына қарай: дара (қант)
күрделі (балабақша)
Тұлғасына қарай: негізгі (үй)
туынды (білім)
Мағынасына қарай: деректі (ағаш)
дерексіз (арман)
Жеке атауына қарай: жалпы, жалқы (қала, Рудный)
Сөйлемде бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болады.
.
Билет № 13.
13-билет «Әбілхан Қастеев» туралы диалог
- Әбілхан Қастеев қашан және қай жерде дүниеге келген?
-Ә.Қ. 1904 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Алматы облысының Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген.
-Суретші қайда білім алды?
-1929 жылы Алматыда екі жылдай Н.Г.Хлудов атындағы көркемсурет студиясында білім алды.
- Әбілхан Қастеев алғаш рет Мәскеуге қашан барды?
-Ә.Қастеев алғаш рет Мәскеуге 1930 жылы барды.
- Ол нелерге қатысты?
- Ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне, Мәскеудегі мемлекетттік Шығыс халықтары мұражайындағы Қаз-н суретшілерінің бірінші көрмесіне қатысты.
-Ә. Қастеев нешінші жылдары Мәскеудегі көркемсурет студиясынан сабақ алды?
- Ә. Қастеев 1934-1936 жылдары Мәскеудегі көркемсурет студиясынан сабақ алды.
- КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қашан қабылданды?
- КСРО Суретшілер одағына мүшелікке 1937 жылы қабылданды.
Етістіктің райлары.
Қазақ тілінде етістіктің төрт райы бар. Олар: ашық, бұйрық, шартты, қалау. Ашық рай үш шақтың жасалу жолдары арқылы жасалады: мен келдім, сен жазып отырсың, ол келеді. Бұйрық рай -айын -ейін -йын -йін жұрнақтары арқылы -сын –сін жұрнақтары арқылы екінші жақтың жалғаулары арқылы жасалады: мен барайын, ол келсін, сіз барыңыз.
Шартты рай - са -се жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы жасалады: мен барсам, сен келсең. Қалау рай -ғы –гі - қы -кі жұрнақтары ,тәуелдік жалғау және кел етістігі арқылы жасалады: мен жазғым келеді , ол айтқысыкеледі.
14- билет «Мемлекеттік өнер мұражайы» диалог
-Мемлекеттік өнер мұражайы қай қалада орналасқан?
- Мемлекеттік өнер мұражайы Астана қаласында орналасқан, құрылғанына 26 жыл толды.
-Мұражай қорында өнер шеберлерінің қанша шығармалары жинақталған?
- Мұражай қорында өнер шеберлерінің 3000-нан астам шығармалары жинақталған
-Мүнда қай елдердің туындылары сақталған?
-Мұнда Қазақстан, Ресей, Украина, Беларуссия, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония, Тәжікстан елдердің туындылары сақталған.
-Топтама бейнелеу өнерінің қандай жанрларында ұсынылған?
- Топтама бейнелеу өнерінің барлық жанрларында, техникаларында ұсынылған?
-Мұражайда қай кезеңнің экспонаттары бар?
-Мұражайда қазақ хандығынан Қаз-ң тәуелсіздігіне дейінгі кезеңнің экспонаттары.
-Қандай зал ерекше қызығушылық туғызады?
-Археологиялық галерея, Алтын адам сақталған залы ерекше қызығушылық туғызады.
Үстеу.
Үстеу - қимылдың түрлі белгісін, мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қайда? қалай? қашан? қанша? қайдан? не себепті?
Құрамына қарай: дара, күрделі - кеше, күні- түні . Тұлғасына қарай: негізгі, туынды – ең, осылай . Мағынасына қарай: 7 түрге бөлінеді - мезгіл, мекен, мөлшер, себеп-салдар, қимыл-сын, мақсат, күшейткіш. Мезгіл үстеу – қимылдың мезгілін білдіреді. Қашан? Қашаннан бері? сұрақтарына жауап береді: бүгін, ертең, биыл, түнде, қазір. Мекен үстеу – қимылдың орнын білдіреді. Қайда? Қалай? Қайдан? сұрақтарына жауап береді: осында, мұнда, бері, ілгері. Мөлшер үстеу – қимылдың мөлшерін білдіреді.Қанша? қаншама? Қаншалық, қаншалап? сұрақтырына жауап береді: сонша, көп, аз.
Қимыл-сын үстеу – қимылдың амалын білдіреді . Қалай? Қайтіп? Қалайша? сұрақтырына жауап береді: еркін, жақсы,әрең.
Себеп- салдар үстеу – қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді. Неге? не себепті? сұрақтарына жауап береді: босқа , бекер. Күшейткіш үстеу – қимылдың сапасын күшейтіп білдіреді . қалай? Қандай? сұрағына жауап береді: өте, ең, аса.
Билет № 15.
15-билет «Мұражай» монолог
Мұражай-тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.
Мұражай негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топқа бөлінеді: тарихи, көркемөнер, жаратылыстану, техникалық, кешенді, мемориалды. Мұражай негізгі бағыттары-мұраларды жинау, есепке алу, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация). Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, мұражайлық басылымдар шығару жатады.
Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылы басталды. Қазақстанның тәуелсіздігінен кейінгі мұражайлар: Ұлттық валюта мұр., Мемлекетттік алтын және асыл металдар мұражайы, Президенттік мәдениет орталығы құрылды. 2002 жылы мамыр айынан бастап «Қ-н мұражайлары» журналы шыға бастады.
