- •Жағдайлықесептер Тақырыбы:²Жалпыфармакология²
- •Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар тақырыбы бойынша жағдайлық есептер
- •Жағдайлық есептердің жауаптары:
- •Жағдайлық есептің жауаптары
- •Микробтарға қарсы заттар бөлімі бойынша жағдайлық есептер
- •«Антибиотиктер» тақырыбы бойынша жағдайлық есептердің жауаптары.
- •«Сап, микробтарға қарсы химиялық құрлысы әр түрлі заттар» тақырыбы бойынша жағдайлықесептердіңжауаптары:
- •Тақырыбы бойынша жағдайлық есептердің жауаптары:
Микробтарға қарсы заттар бөлімі бойынша жағдайлық есептер
«Антибиотиктер» тақырыбы бойынша жағдайлық есептер
№1 есеп. Кең спектрлі антибиотиктерді қолданғанда, дисбактериоз, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш зақымдалы дамиды. Жиі кандидамикоз байқалады, іш өту болады, нәжісте саңырауқұлақтар болу мүмкін. Бұл асқынулардың алдын алу үшін не тағайындау керек?
№2 есеп. Науқас Б., 40 жаста, туберкулезге қарсы ем қабылдады, Біраз уақыт өткен соң нашар еститіндігі байқалды. Ұзақ емнен кейін де естуі қалпына келмеді. Қандай топ препараттарының әсерінен болған?
№3 есеп. Жұқпалы ауырулар ауруханасына іш сүзегі ауруымен науқас қабылданды. Кең спектрлі антибиотик тағайындалды. Науқастың жағдайы жақсарды, бірақ шеткі қан көрінісінде-лейкопения, агранулоцитоз байқалды. Препарат тоқтатылды. Науқасқа қандай антибиотик берілген және оны немен алмастыруға болады?
№4 есеп. Баланы қарағанда дәрігер бой өсуінің кідірістерін және тісінің сары түске боялғанын байқады. Анасымен сөйлескен соң баланың ішек инфекциясымен ауырып антибиотиктермен емделгені белгілі болды. Байқалған асқынулардың себебі болған қандай антибиотик?
№5 есеп. Жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқасқа менингит диагнозы қойылды науқастың анализінде – анемиясы бар. Аптекада левомицетин, тетрациклин, ампициллин, бензилпенициллин бар. Қажетті антибиотикті таңдаңыз және неліктен таңдадыңыз?
«Антибиотиктер» тақырыбы бойынша жағдайлық есептердің жауаптары.
1.Саңырауқұлақтарға қарсы заттар (нистатин).
Аминогликозидтер тобы.
Қандағы өзгерістерді тудырған левомицетин. Науқасқа ампициллин тағайындау керек.
Тетрациклин сүйек тіндерінде жинақталып, бойдың өсуін тежейді
Бензилпенициллин. Себебі ол қан түзілуді тежемейді.
«САП, микробтарға қарсы әр түрлі химиялық құрлысты заттар» тақырыбы бойынша жағдайлық есептер.
1.Науқас Б. Емханаға мынандай шағымдармен келді: іштің төменгі бөлігінде күйдіріп ауыру сезімі,зәр шығаруының жйілеуі. Мынандай диагноз қойылды: Жедел цистит. Ем тағайындалды: сульфадимезин, 0,25 ішке қабылдауға 6 рет, уротропин көк тамырға. Осы 2 препаратты жұптастырып тағайындауға болады ма?
2. Дәрігер науқастың іріңді жарасына этазол және анестезин қосылған ұнтақ септі. Дәрігердің тактикасы дұрыс па?
3.Жедел дизентериямен ауырған науқас бір апта бойы келесі препараттарды алды: левомицетин, сульфадимезин, амидопирин, диета, витаминдер. Аптаның соңында науқас бас айналуына, әлсіздікке, жүрегінің қағуына шағымданды. Қанындағы гемоглобин, эритроциттер, лейкоциттер саны күрт төмендеген. Бұл анемия құблысы неге байланысты дамыған? Препараттардың топтық сәйкестіктерін анықтаңыз. Олардың жанама әсерлері қандай?. Осы препараттарды қатар тағайындауға болады ма?
4. Науқастың анамнезінде этазолды қабылдағаннан кейін бетінің ісінуі, терісінде бөртпелер пайда болатыны анықталды. Осы құблыс қалай аталады? Осы топтың препараттарын тағайындауға болады ма? Жағымсыз әсерлердің алдын алуға болады ма?
«Сап, микробтарға қарсы химиялық құрлысы әр түрлі заттар» тақырыбы бойынша жағдайлықесептердіңжауаптары:
1. Сульфаниламидтер мен уротропинді бірге қолдануға болмайды:
уротропин зәрді қышқылдандырып, кристаллурия бамуына әкеледі.
Сонымен қатар бұл препараттар химиялық құрамы жағынан сәйкес емес.
2. Сульфаниламидтерді құрамында парааминобензойной қышқылының эфирі бар препараттармен (новокаин, анестезин, дикаин) қоса қолданғанда сульфаниламидтердің антибактериалдық белсенділігі бәсекелестік типі бойынша инактивтеледі.
З.Сульфаниламидтердің левомицетинмен және амидопиринмен қосарлануы агранулоцитоз, апластикалық анемия даму жиілігін арттырады. Препараттардың улылығы артады.
4. Аллергия. Жоқ.
“Туберкулезге, мерезге, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы заттар"
№1 есеп.Науқастаөкпетуберкулезіменемделгенненкейінестудіңкүрттөмендеуіжәнеанықкөрінгенвестибулярлықбұзылыстарбайқалды.
а) Арнайы емқұрамына кіретін қандай препарат асқынушақырды?
б) Осы асқынулардың алдын алатын шараларды атаңыз.
№2 есепЖедел өкпе мерезімен ауыратын науқаста пенициллинге алергия байқалды.
а) Дәрігердің тактикасы қандай?
б) Ең бірінші қандай арнайы ем тағайындау керек?
№3 есепМерездің арнайы емін қабылдап жүрген науқас стоматолог- дәрігерге ауыз шырышты қабатының зақымдалуына және қызылиегін де қара түсті ЖЕК пайда болғанына шағымданды.
а) Осы шағымдарының арнайы еммен байланысы бар ма?
б) Науқас қандай препарат қолданған?
в) Ол препараттың мерезге қарсы әсер механизмі қандай?
№4 есепМерездің жедел түрімен науқасқ аарнайы ем тағайындалды, бірақ 15 минуттан соң науқаста алергія белгілері пайда болып, шок дамыды.
а) Қандай мерезге қарсы зат жиі шок шақырады?
б) Осы жағдайдағы дәрігердің тактикасы қандай?
в) Тағайындалған препараттың мерезге қарсы әсер механизмі қандай?
№5 есепПаркинсон ауыруымен сырқаттанған, ұзақ ем қабылдап жүрген науқас адам гриппен ауыратын адаммен қатынаста болды, бірақ жұқтырған жоқ.
а) Паркинсон ауыруымен грипп профилактикасының арасында қандай байланыс болу мүмкін?
б) Науқасты қандай препаратпен емдеді?
в) Оның вирусқа қарсы әсер ету механизмі қандай?
“Туберкулезге, мерезге, вирустарға, саңырауқұлақтарға қарсы заттар"
