- •30.Заң үстемдігі-құқықтық мемлекеттік негізгі белгісі.
- •44.Бұқара-жария құқығы және жеке құқық. Заң тәжірибесі үшін құқықтың бұқара – жария және жеке құқық болып бөлінуінің мәні.
- •Құқық пен моральдың айырмашылығы:
- •50) Құқық жүйесі мен заңдар (заңнама) жүйесінің артықшылықтары.
- •Қүқықтық қатынастар объектіснің түрлері
- •5. Заң алдындағы жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.
- •76. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары жүйесінде Конституцияның алатын орны. Қазақстан Республикасы Конституциясының тікелей қолданылуы.
Құқық пен моральдың айырмашылығы:
ҚҰҚЫҚ:
мемлектпен бірге, қатар пайда болады
нормалардан (жүріс-тұрыс ережелерінен) тұрады
нақтылығы (деректілігі), айқындалған арқылы сипатталады
мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі
нақты шаралар мен мәжбүрлеудің түрлері күні бұрын көрсетілген болады
тек қана құқық бұзушының жүріс-тұрысын жан-жақты бағалайды
МОРАЛЬ
мемлектпен бірге, қатар жойылады
мемлекеттен бұрын пайда болады
күрделірек құрылымы болады
мазмұнының тым күрделі болуымен сипатталады
дағды арқылы немесе қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі
6) мәжбүрлеудің шаралары мен түрлері күні бұрын көрсетілмеген болады
адамның жүріс-тұрысы жан-жақты бағаланады
7) кез-келген қоғамда орын алады
Өзара әрекеттесуі: Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде мораль мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие, өйткені екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады: қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттеудің қажетті құралы болып табылады, нормативтік мінез танытады, және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды; ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды. Бұған қарамастан, құқық нормалары, ерекшелік ретінде, жазбаша түрде болады, яғни мемлекетпен ресми бекітіледі, ал мораль нормалары көбінесе қоғам санасында өмір сүреді, - мораль да, құқық та әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның еркін, іс жүзінде қоғамдық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын әрекеттер ережесінің жинақталған жүйесін, сонымен қатар айқындалған өлшемде жалпы қоғамдық санадағы ақиқатық пен міндеттілік туралы кейбір көзқарастарды көрсетеді. Бұл нормалар жалпылық мінез танытады, қоғамның барлық мүшелерін қамтиды. Бұдан басқа, моральдық және құқықтық талаптар бағалау-басымдық мінездеріменен біріктірілген. Құқық та, мораль да қоғамның әлеуметтік-тарихи қажеттілігін сипаттайтын қоғамдық сананың әрекеттер ережесінде қатаң айқындалған, қатаң түде тіркелген нормалардың жиынтығын құрайды.
Қайшылықтары:
1) мораль нормалары жазбаша емес түрде болады, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде рәсімделеді, ал құқық формальды анықталған және ресми құжаттарда бекітіледі; 2) Мораль нормалары халықтармен бекітіліп отырды, ал құқық нормалары мемлекетпен бекітіледі. 3) Мораль қоғамдық көзқарастарды қамтамасыз ету тетігі, ал құқық мемлекеттің биліктік санкциясын қамтамасыз ету тетігі; 4) Мораль ерікті таңдаудың кең ауқымдылығын қамтиды, ал құқық та нормативтік құжаттармен ерікті таңдау қатаң шектелген.
50) Құқық жүйесі мен заңдар (заңнама) жүйесінің артықшылықтары.
Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы. Заң жүйесі дегеніміз — Парламент арқылы құқықты қалыптастыратын нормативтік актілердің жиынтығы. Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық және заң жүйесінің негізгі артықшылықтары төмендегідей болып табылады:
Құқық жүйесі:
а) құқықтық нормалардан;
б) құқық салаларынан;
в) құқық салашаларынан;
г) құқықтық институттардан тұрады. Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.
Құқық институты — белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тәртіпке салынған жиынтығы. Құқық саласы – құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.
Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастарды реттейді.
Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт, мұны заң шығарушы ең жоғары орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды.
Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.
Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстын негіздерін баянды етеді, ағымдык заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.
Бұларға конституция мен оған өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтық актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардын заңдық тұғыры болып табылады.
Конституциялық зандардың тізімі жеткілікті толық түрде Конституцияда анықталған.
Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялық зандардың негізінде және соларды орындау мақсатында қабылданды. Ағымдык зандар елдің экономикалық, саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді. Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер - мемлекеттің атқарушы - орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар зандарды орындау мақсатында қабылданады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
- Президенттің жарлықтары;
Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері;
жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері; локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері. Казақстан Парламенті заңдар кабылдайды. Олар – конституциялық және жай заңдар. Президент жарлықтар қабылдайды. Жарлықтар – заң күші бар және жай жарлықтар түрінде болады. Қазакстан Үкіметі қаулылар, шешімдер, ережелер, қабылдайды. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер бұйрықтар, нұсқаулар, т.б. нормативтік актілер қабылдайды. Жергілікті мемлекет органдары да шешімдерін, қаулыларын кабылдайды.
51) Құқықтық қатынастардың объектілері: түсінігі мен түрлері. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың түрлері: 1.Реттейтін құқықтық қатынастар — субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. 2. Қорғайтын құқықтық қатынастар — субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. 3) Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Құқық қатынастардың объектісі – құқықтық қатынасты туғызатын, құқық нормаларымен реттелетін нақтылы қоғамдық қарым-қатынас. Адам тек құқықтық қатынастың субьектісі болады, ал адам құқықтары мен бостандығы және міндеттері Құқық объектісіне жатады. Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды фактілер аталған объектілерге бағытталған болып келеді. Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Құқықтық қатынас объектісі—табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер.
Заңды фактілер – бұл белгілі бір құқықтық салдардың туындауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. 1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша:
- құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);
- құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);
- құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).
2. Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына қарай:
- оқиғалар – бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б
- әрекеттер – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысты жағдайлар. Әрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай және құқыққа қайшы болып бөлінеді. Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы – заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мәселесі); ә) ол жалпы белгілермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).
