Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AJDANA_TGP_1-90_TEORIYa_-_kopia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275 Кб
Скачать
☆

Қүқықтық қатынастар объектіснің түрлері

Плюралистік теория

заттар

жеке бастың мүліктік емес игіліктері

құқықтық қатынастар субъектілерінің әрекеттері

Монистік теория

құқықтық қатынас-тар субъектілерінің әрекеттері барысында туын. қат-р.

52) Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.Объективтік құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын  және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған  құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық  - бұл белгілі бір  кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет – ғұрыптар, заң преценденттері және  нор­мативті шарттар.Обьективтік құқық- қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; Субъективтік құқық – бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез – құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі  субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана – сезіміне, ерік –жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі. Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай – да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз  өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды. Құқық обьективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Субьективті құқық үш түрде көрінеді:Біріншіден, өзінің мүдделерін қанағаттандыру мақсатындағы субьективтік құқықпен иесінің жөнді тәртібінің мүмкіндігі. Мысалы, меншік иесі өзіне қарайтын заттарды пайдалануға, басқаруға құқығы бар фермер болса өзінің жерінде кез келген ауылшаруашылық өнімдерін өсіруге болады.Субьективті құқыққа, логикалық жолмен обьективті құқықтың белгіленген міндеттері сай келеді.Қай жерде субьективті құқық болса, сол жерде қайткен күнде заңды міндеттер болады. Субьективті құқықтан субьектінің міндеттері, өзіне қойылған талаптарға байланысты,.

53) Нормативтік-құқықтық актілер және құқық қолдану актілері. Нормативтік-құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді.

Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт, мұны заң шығарушы ең жоғары орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды.

Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.

Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстын негіздерін баянды етеді, ағымдык заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.

Бұларға конституция мен оған өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.

Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтық актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардын заңдық тұғыры болып табылады.

Конституциялық зандардың тізімі жеткілікті толық түрде Конституцияда анықталған.

Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялық зандардың негізінде және соларды орындау мақсатында қабылданды. Ағымдык зандар елдің экономикалық, саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.

Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер - мемлекеттің атқарушы - орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар зандарды орындау мақсатында қабылданады.

Заңға негізделген актілерге жататындар:

- Президенттің жарлықтары;

  • Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;

  • Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері;

  • жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;

  • локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.

Құқық қолдану актілері: Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің сатысы (ҚР "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңның 4-бабы).

1) Конституция – жоғары заң күші бар;

2) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар;

3)ҚР Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлыктары;

4) ҚР Кодекстері;

5) ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары;

6) ҚР Парламентінің нормативтік Жарлықтары;

7) ҚР Президентінің нормативтік қаулылары;

8)ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

9) министрлерді мен орталык мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық бұйрықтары, қаулылары;

10) мәслихаттар, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

54) Құқықтағы олқылықтар (ақтаңдақтар), оларды болдырмаудың тәсілдері.Құқық аналогиясы (ұқсастығы) мен заң ұқсастығы. Құқықтағы ақтаңдақ (олқылық) дегеніміз күші бар заң жүйесінде құқықтық реттеуді талап ететін мәселені шешу үшін қажет құқық нормасының болмауы.Құқықтану практикасында (іс-тәжірибелерінде) заңдық сипаты бар белгілі бір жағдайлардың құқық нормаларымен реттелінбеген кездері ұшырасады. Мұндай жағдайлар құқықтағы олқылықтар деп аталады. Құқықтағы ақтаңдақ (олқылық) дегеніміз күші бар заң жүйесінде құқықтық реттеуді талап ететін мәселені шешу үшін қажет құқық нормасының болмауы. Құқықтағы ақтаңдақты (олқылықты) болдырмаудың мынадай әдістері бар:

1.Заң ұқсастығы — ұқсас құқықтық норманы қолданудың барысында пайдалану (қолдану).

2.Құқық аналогиясы (ұқсастығы) - нақты істің шешімін құқықтың жалпы қағидаттарының негізінде табу (адамгершілік (гуманизм), әділдік, заң алдындағы теңқұқықтылық және т.б.). Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығы төтенше жағдайларда қолданылуы мүмкін. Қылмыстық құқықта құқық ұқсастығы мен заң ұқсастығына тыйым салынады, өйткені "заңда көрсетілмеген қылмыс жоқ" деген мызғымайтын қағидат бар, ол тұлғаны (адамды) қорғаудың кепілі болып қызмет етеді. Құқықтың басқа салаларында ұқсастыққа жол беріледі. Ал азаматтық және азаматтық істерді жүргізу құқығында ұқсастықты қолдану тікелей баянды етілген (бекітілген). Заң шығарушы өмірдің барлық жағдайлары үшін құқықтық нормаларды қарастыра алмайды. Азаматтық заң шығарылған кезде болмаған не осындай заң қабылданып, заң шығарушымен ескерілмеген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастар жиі кездеседі. Бұл жағдайда азаматтық заңдылықтағы ақауларды жою әдісінің бірі болып осы құқытағы аналогия қарастырылады. Азаматтық заң аналогиясын қолдану үшін келесі шарттар қажет: сипаты жағынан азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынас болғанда, яғни кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастар; бұл қоғамдық қатынас азаматтық құқық нормасымен, екі жақтың келісімімен немесе іскер айналым дәстүрімен реттелмеген. Бұл жағдайда қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу қандай да бір азаматтық заңның түр мәтінімен ғана емес, оның нақты мәніне де қарастырылмаған, яғни бұл қоғамдық қатынасты азаматтық құқықтың қандай да бір нормасын кеңейген талқылау жолымен реттеу мүмкін емес; Құқық заңының аналогиясын қолдану мүмкін емес болған жағдайда, екі жақтың құқықтары мен міндеттері жалпы бастаулар мен азаматтық заңдылықтың (құқық аналогиясы) мәнімен анықталады. Құқық аналогиясын қолдану үшін заң аналогиясы туралы айтылған шарттардың алғашқы екеуінен басқа сонымен қатар келесі үшінші шарт қажет: ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормасы жоқ.

55) Құқық нормаларын түсіндіру: түсінігі және субъектілері, тәсілдері мен көлемдері бойынша түрлері. Құқықтық норма — мемлекет таныған, және оны өзі қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма. Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза (жорамалы) және санкция (жаза, шара).Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) — құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады. Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Диспозиция — құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Жорамал санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) қарапайым диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; б) сипаттамалы диспозиция — мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса; в) сілтемелі диспозиция — егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса. Құқықтық норманың санкциясы — құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті-анық, б) баламалы, в) салыстырмалы. құқықтық нормалар  өздерінің іс жүзіне   асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:

1)   Міндеттейтін норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы  әрекеттерді  жасау  міндетін  жүктейтін норма.

2)   Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір  әрекеттерді  жасаудан бас тартуды  міндеттейтін норма.

3)   Құқық беруші норма – бұл  субъектіге   белгілі бір әрекеттерді жұзеге асыруға  байланысты  құқықтарды реттейтін норма.

4)  Дефинитивті норма – нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде  бір ұғымның  анықтамасының берілуі. Бұл нормада  субъектілердің  құқықтары мен міндеттері нақтылы  дәрежеде  не мағынада  көрсетілмейді. Бір дефинитивтік   нормалар  пәнінің  негізгі категорияларын  анықтайды , үлкен  маңыздық рөл атқарады және  Қазақстан Республикасының  құқықтық жүйесінде  , құқық салаларында  жиі кездеседі.

5) Декларативтік норма – негізігі  құқықтық идеялар  жариялану  мағынасында  көрсетіледі. Мысалы ,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық  іс жүргізуге  кодексінің 8-нормасында қылмыстық   процестің  барлық міндеттері  былай деп жарияланған : « Қылмыстық процестің міндеттері   қылмыстарды тез және толық  ашу , оларды жасаған адамдарды әшкерелеу  және қылмыстық  жауапқа тарту , әділсот талқылауы  және қылмыстық заңды  қолдану болып табылады .

6)  Құқықтық  реттеу тәсілі бойынша   құқықтық нормалар диспозитивтік ,  императивтік ,  мадақтайтын және  ұсыныс беретін  түрлерге жіктеледі:

а)  Диспозитивтік норма –  субъектілерге  өз тараптарынан  құқықтары мен міндеттерін  өз қалаулары бойынша  іс жүзіне асыруға  мүмкіндік және құқықтық қатынастарға  түскен жағдайда еркіндік  таңдау мінез – құлқы  қамтамасыз етіледі. Мысалы , азаматтық құқықтың нормалары    осы санатқа жатады.

ә) Импиративтік норма –  қатаң сақталуды,и орындалуы талап етіледі  және  екі жақтың келісімі бойынша  өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқықтың нормаларыимперативтік болып саналады.

б) Мадақтайтын норма – құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез – құлықтары  қызметінің тәртіптері  мен түрлері  бекітіледі. Сол арқылы  субъекттер арнайы белгіленген мадақтауға ие  болады. Мысалы ,  бекітілген норма бойынша  жазасын түзеу колониясында  өтеп жүргендер  үлгілі тәртібі үшін  мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

в) Ұсыныстық нормалар – мемлекет және құқық теориясында  жиі пайдаланылады.  Мысалы , Қазақстан Республикасы  Президенті қабылдаған  жарлықтарында Үкіметке арнайы  бір саланы  реттеуге қаулы қабылдау керек екеніне ұсыныс жасауы мүмкін .

7) Құқықтық нормалар функциялары бойынша реттейтін және  құқық қорғайтын нормалар болып бөлінеді:

а) Реттейтін нормалар – бұл субъектілердің субъектілік құқықтары мен міндеттерін  олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын  анықтайтын норма. Сатып алу , айырбас жасау , шартқа отыру , некеге тұру , мұрагерлікке ие болу , ипотека және т.б.

б) Құқық қорғайтын норма – құқық бұзушылыққа барған  субектілерге  мемлекет атынан  шара, күш қолдану арқылы  қол сұғылған , бұзылған  құқықтарды  орнына келтіреді, реттейтін  нормаларды  қорғау функцияларын  атқарады. Құқық қорғайтын нормалар негізінде  әкімшілік , қылмыстық кодекстің  ерекше бөлімдерінің баптарында нақтылы  мағына бекітілген. Субъектілері бойынша: а) ресми – түсіндіруді өкілеттік берілген (алған) субъектілер: мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар береді. Ресми түсіндірудің заңдық маңызы болады және ол құқықтық салдарға апарады.

Ресми түсіндіру нормативтік, қазуалды, аутентикалық және легалды түрлерінде болады.

Нормативтік түсіндіру құқықтық нормаларды жаңадан жасауға алып бармайды. Ол тек бар құқықтық нормаларға түсінік береді, мағынасын аша түседі. Бұл түсіндіру жалпы сипатта және құқық нормаларын түсіну (ұғыну) мен әдеттегі қолдануларының біркелкі түрде болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Казуалды түсіндіру жалпы сипатта болмайды, жалпыға бірдей міндетті де емес (маңызы бойынша), оның маңызы құқық нормасын нақты жағдайды ескере отырып түсіндіруге саяды.

Казуалды түсіндіруді құзырлы орган тек атап көрсетілген нақты істің қарастырылуы, барысына байланысты береді. Ол бойынша әдейі шешім қабылдау мәселесіне арнайды.

Аутентикалық түсіндіру - қолдануға алынған норма мағынасына түсінік беру сол норманы қабылдаған органнан шыққандығын білдіреді.

Легалды түсіндіру ісін осы түсіндіруді атқаруға (орындауға) тапсырма алған субъектілер жүзеге асырады. Легалды түсіндіру заңға сәйкес сипатта болады.

б) Бейресми түсіндіру - құқықтық нормаға түсінік беруді өкілеттік алмаған субъектінің жүзеге асыруы. Мұндай түсіндірулер жалпыға бірдей міндетті болмайды және заңдық салдарды туындатпайды.

Бейресми түсіндіру әдеттегі, кәсіби, доктриналды (ғылыми) түрде болады.

2. Жасалу тәсілдері бойынша түсіндірудің түрлері:

а) грамматикалық-нормативтік акт мәтінін талдау, заң аталымдарының (терминдердің) мағынасын анықтау ретінде;

б) логикалық (қисындық) - заңның жекелеген қағидаларының логикалық (қисындық) байланыстары пайымдалып зерттелінеді.

в) жүйелі — құқық нормалары мазмұнын осы нормативтік актілі институт, құқық саласымен өзара байланыстыра отырып олардың алған орны мен маңызын тұтастай анықтауға арнайды;

г) арнайы заңдық – заң ғылымы мен заң қабылдау техникасының кәсіби білімдеріне негізделеді;

д) тарихи-саяси актінің жасалуы кезіндегі тарихи жағдайларға байланысты болған заңдық ерік-ықтияр, саяси күштердің ара салмағы мен олардың орналасулары және т.б. жайлар анықталады.

3. Көлемі бойынша:

а) адекваттық (дәлме-дәл, барабар) түсіндіру - мұнда заң "рухы мен оның әрбір әрпі" бір-біріне дәл келеді, яғни құқық нормасының сөз түріндегі білдірулері мен оның шын мағынасы және мәні құқық нормасына пара-пар, тең болып келеді;

б) кеңейтілген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз арқылы білдіруінен едәуір кен болады;

в) шектелген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз түріндегі білдіруінен едәуір шағын болады;

56) Құқықты түсіндіру актілері: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері. Құқықты түсіндіру дегеніміз - күрделі ерік-ықтиярлық процесс, оның мақсаты құқық нормасының дәл мағынасын анықтау болып табылады. Түсіндірудің объектісі (заты) заңдар мен заңдарға сәйкес шығарылған актілер. Түсіндіру екі бөліктен - анықтау (айқындау) жөне түсінік берулерден тұрады.

Түсіндіру-анықтау дегеніміз іштей ойлау процесі, ол субъектінің санасында жүріп жатады. өйткені мұның құқықты қолданушы ойланып барып жасайды. Мұндай анықтауды құқық қолданушы тұлға өзі үшін және іштей жасайды, сондықтан да оның сырттай көрінісі болмайды. Анықтау - құқықты барлық нысандарында (бұлжытпай атқару, пайдалануларда) жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады. Анықтау әрқашанда түсінік беруден бұрын жүргізіледі.

Түсіндіру - түсінік беру - түсіндірушінің өзіне емес, қатынасқа түсуші басқа тұлғаларға бағытталады. Түсінік беру нәтижесі жазбаша: ресми акт, құжат, құқықтық акті немесе ауызекі: кеңес, ұсыныс түрлерінде беріледі.

Сонымен, құқық нормасына түсінік беру — нормативтік құқықтық актілерде білдірілген мемлекеттік ерік-ықтиярдын мағынасын түсіндіру және оны жазбаша мазмұндау болып табылады.

Құқық нормаларын талқылаудың қажеттілігі олардың белгілерінің, сырт көріністерінің ерекшеліктеріне байланысты. Құқық нормаларының маңызды ерекшеліктерінің бірі — олардың жалпылама, қиялдық (абстрактылы) сипаты, олардың күшінің көптеген субъектілерге және өмірлік жағдайларда қолданылуы. Сондықтан құқықтық нормаларды қолдану барысында олар қиялдағы (абстрактылы) болғандықтан нормалардың мазмұнын нақтыландыру қажеттігі туады. Сөйтіп, құқықтық норманың мазмұнын нақтылы өмірлік жағдайға жақындату керек болады. Түсіндіру түрлері: 1. Субъектілері бойынша: а) ресми – түсіндіруді өкілеттік берілген (алған) субъектілер: мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар береді. Ресми түсіндірудің заңдық маңызы болады және ол құқықтық салдарға апарады.

Ресми түсіндіру нормативтік, қазуалды, аутентикалық және легалды түрлерінде болады.

Нормативтік түсіндіру құқықтық нормаларды жаңадан жасауға алып бармайды. Ол тек бар құқықтық нормаларға түсінік береді, мағынасын аша түседі. Бұл түсіндіру жалпы сипатта және құқық нормаларын түсіну (ұғыну) мен әдеттегі қолдануларының біркелкі түрде болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Казуалды түсіндіру жалпы сипатта болмайды, жалпыға бірдей міндетті де емес (маңызы бойынша), оның маңызы құқық нормасын нақты жағдайды ескере отырып түсіндіруге саяды.

Казуалды түсіндіруді құзырлы орган тек атап көрсетілген нақты істің қарастырылуы, барысына байланысты береді. Ол бойынша әдейі шешім қабылдау мәселесіне арнайды.

Аутентикалық түсіндіру - қолдануға алынған норма мағынасына түсінік беру сол норманы қабылдаған органнан шыққандығын білдіреді.

Легалды түсіндіру ісін осы түсіндіруді атқаруға (орындауға) тапсырма алған субъектілер жүзеге асырады. Легалды түсіндіру заңға сәйкес сипатта болады.

б) Бейресми түсіндіру - құқықтық нормаға түсінік беруді өкілеттік алмаған субъектінің жүзеге асыруы. Мұндай түсіндірулер жалпыға бірдей міндетті болмайды және заңдық салдарды туындатпайды.

Бейресми түсіндіру әдеттегі, кәсіби, доктриналды (ғылыми) түрде болады.

2. Жасалу тәсілдері бойынша түсіндірудің түрлері:

а) грамматикалық-нормативтік акт мәтінін талдау, заң аталымдарының (терминдердің) мағынасын анықтау ретінде;

б) логикалық (қисындық) - заңның жекелеген қағидаларының логикалық (қисындық) байланыстары пайымдалып зерттелінеді.

в) жүйелі — құқық нормалары мазмұнын осы нормативтік актілі институт, құқық саласымен өзара байланыстыра отырып олардың алған орны мен маңызын тұтастай анықтауға арнайды;

г) арнайы заңдық – заң ғылымы мен заң қабылдау техникасының кәсіби білімдеріне негізделеді;

д) тарихи-саяси актінің жасалуы кезіндегі тарихи жағдайларға байланысты болған заңдық ерік-ықтияр, саяси күштердің ара салмағы мен олардың орналасулары және т.б. жайлар анықталады.

3. Көлемі бойынша:

а) адекваттық (дәлме-дәл, барабар) түсіндіру - мұнда заң "рухы мен оның әрбір әрпі" бір-біріне дәл келеді, яғни құқық нормасының сөз түріндегі білдірулері мен оның шын мағынасы және мәні құқық нормасына пара-пар, тең болып келеді;

б) кеңейтілген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз арқылы білдіруінен едәуір кен болады;

в) шектелген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз түріндегі білдіруінен едәуір шағын болады; Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-6абына сәйкес Конституция нормаларына ресми түсіндірулерді Конституциялық Кеңес береді.

57) Құқықтық сана: түсінігі, құрылымы, түрлері. Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі. Құқықтық сананың функциялары:

а) танымдық;

б) бағалау;

в) реттеу.

Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады;

Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады.

Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады:

- құқыққа және заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына);

-маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);

- құқық қорғау органдарына қатысты;

- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).

Құқықтық сананың реттеу функциясы дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар. Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.

Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн.

Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады. Құқықтық сананың түрлері:

1. Субъектілері бойынша:

- дербес (жеке);

- топтамалық;

- қоғамдық.

2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:

- әдеттегі (үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;

- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер;

  • ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін

  • білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;

58) Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық немқұрайлық (нигилизм). ҚР құқықтық тәрбиені тиімді жүзеге асырудың мәселелері. Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі. Құқықтық сананың функциялары:

а) танымдық;

б) бағалау;

в) реттеу.

Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады;

Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады.

Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады:

- құқыққа және заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына);

-маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);

- құқық қорғау органдарына қатысты;

- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).

Құқықтық сананың реттеу функциясы дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар. Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.

Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн.

Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады. Құқықтық сананың түрлері:

1. Субъектілері бойынша:

- дербес (жеке);

- топтамалық;

- қоғамдық.

2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:

- әдеттегі (үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;

- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер;

  • ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін

  • білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;

Құқықтық мәдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс-қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы және құқық жөнінде, оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары. Субьективтік құрамы бойынша: дербестік (жекелік) топтамалық қоғамдық. Деңгейіне байланысты: үйреншікті (әдеттегі), кәдімгі, кәсіби, теориялық. Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.

Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.

Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері:

1. Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей бұзу.

2. Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.

3. Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.

4. Заңдылықты саяси, идеологиялық және прагматикалық пайдалылыққа әдейі ауыстырып жіберу.

5. Адам құқықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын және тағы басқа да құқықтарды бұзу.

6. Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.

Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары - азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін көтеру, олардың имандылық өнегелік және құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру; құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тәртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтарды құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу; халыққа жаппай құқықтық білім беру және тәрбиелеу ісін біліктілігі жоғары әрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кәсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны әрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу.

59) Құқықтық тәрбие: түсінігі, нысандары, әдістері. Құқықтық жалпыға бірдей оқу. ҚР-да құқықтық жалпыға бірдей оқу туралы заңнамаға жалпылама сипаттама. Құқықтық тәрбие – қоғам мү­шелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалып­тастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым­дардың іс-әрекетінің көрінісі бо­лып табылады. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуына,оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету.Бұл міндеттер оң шешімін табу үшін жеке адамның дамуы қалай өтетінін және қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білу қажет.Тәрбиенің астары терең заңдылықтарын білместен,оны жетілдіруге ұмтылудың өзі бос әрекет. Құқықтық тәрбие заңдылықтары дегеніміз не? Бұл түсініктің мәні:орындалуы жеке адамның дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік бір үрдістегі орнықты,қайталанып отыратын қажетті байланыстар; Құқықтық тәрбиенің өзі 4 ке бөлінеді:Құқықтық тәртіп, Әдептік тәртіп (әдептік норма-лармен), Дәстүрлік тәртіп (әдет-ғұрып, дәстүр қағидаларымен қамтамасыз еті-леді), Қоғамдық ұйымдардағы тәртіп (қоғам бірлестіктерінің нормаларымен) қамтамасыз етіледі. Құқықтық тәрбиенің негізгі элементтері: тәрбиенің субьектілері, тәрбиенің обьектілері, тәрбиелеуді қамтамасыз ету мекемелері, тәрбиелеу нысаны және әдістері.Тәрбиелеу нысаны: құқықтық білім беру, құқықтық насихаттау, құқық бұзушыларды құқықтық тәрбиелеу, заңи практика болып табылады. Құқықтық тәрбиенің әдістері- бұл тәрбиеленуші азаматтарға педогогикалық және психологиялық тұрғыдан әсер ету арқылы жүзеге асырылатын шаралар кешені болып табылады. Олар: көндіру, мәжбүрлеу, ынталандыру, қызықтыру және т.б. Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқу туралы заңнамасы 1995 жылғы 21 маусымда қабылданды. Жалпыға бiрдей құқықтық оқу - бұл бұқаралық құқықтық насихат пен азаматтарға құқықтық тәрбие беру жүйесi. Осы Ереже Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды жүргiзудiң мақсатын, принциптерi мен тәртiбiн айқындайды. Жалпыға бiрдей құқықтық оқудың мақсаты - азаматтардың құқықтық мәдениетiн көтеру және заңды құрметтеу дәстүрiн қалыптастыру. Атаулы заңға сәйкес, Жалпыға бiрдей құқықтық оқудың принциптерi:       1) халықты жаппай қамту;       2) жүйелiлiк;       3) үздiксiздiк; 4) құқықтық бiлiм алуға мүдделiлiк және оны алу мүмкiндiгiн жүзеге асыруды қамтамасыз етудегi мемлекеттiң мiндетi; дербестiк (түрлi санаттағы азаматтардың жасын, кәсiбiн және басқа да ерекшелiктерiн ескеру) болып табылады. Жалпыға бiрдей құқықтық оқудың негiзгi мақсаты жоғары құқықтық санаға тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының заңдарын, әскери жарғыларды, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi басшылығының бұйрықтары мен директиваларын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi әрбiр әскери қызметшiнiң, азаматтық қызметкерлердiң қатаң және мүлтiксiз орындауы жөнiндегi құқықтық бiлiмдi сенiмге және практикалық iс-қимылға айналдыруды қамтамасыз ету болып табылады.

60) Құқық пен құқықтық сананың өзара байланыстары. Құқық шығармашылық ісін қолдануда, түсіндіруде құқықтық сананың атқаратын рөлі. Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын  және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған  құқық нормаларының жүйесі. Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.

Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн.

Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады. Құқықтық сананың түрлері:

1. Субъектілері бойынша:

- дербес (жеке);

- топтамалық;

- қоғамдық.

2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:

- әдеттегі (үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;

- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер;

  • ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін

  • білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;

Құқық пен құқықтық сананың негізгі байланысы – олардың қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталуы болып табылады. Қоғамдық сананың және қоғамдық қатынастардың нысаны ретінде құқықтық сана мен құқық өз араларында өзара ұқсастықтарға ие, өйткені екеуі де ортақ әлеуметтік функцияларды атқарады: қоғамдағы адамдар арасындағы әрекеттерді реттеудің қажетті құралы болып табылады, нормативтік мінез танытады, және азаматтар ереже бойынша, ерікті және есті түрде осы нормалар мен принциптерді орындайды; ізгілік жіне құқық оларға ортақ жалпы адами құндылықтар негізінде дамиды. Бұған қарамастан, құқық нормалары, ерекшелік ретінде, жазбаша түрде болады, яғни мемлекетпен ресми бекітіледі, ал мораль нормалары көбінесе қоғам санасында өмір сүреді, - мораль да, құқық та әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның еркін, іс жүзінде қоғамдық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын әрекеттер ережесінің жинақталған жүйесін, сонымен қатар айқындалған өлшемде жалпы қоғамдық санадағы ақиқатық пен міндеттілік туралы кейбір көзқарастарды көрсетеді. Бұл нормалар жалпылық мінез танытады, қоғамның барлық мүшелерін қамтиды. Бұдан басқа, моральдық және құқықтық талаптар бағалау-басымдық мінездеріменен біріктірілген. Құқық та, мораль да қоғамның әлеуметтік-тарихи қажеттілігін сипаттайтын қоғамдық сананың әрекеттер ережесінде қатаң айқындалған, қатаң түде тіркелген нормалардың жиынтығын құрайды.

61) Құқықтық қатынастар: түсінігі мен белгілері. Құқықтық қатынас дегеніміз — бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың белгілері:

Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.

Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.

Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Құқықтық қатынастардың түрлері:

1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе — саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар.

2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады. Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.

62) Құқықтық қатынастар және қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынас дегеніміз — бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән. Құқықтық қатынас — бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады. 2) Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады. 3) Құқықтық қатынас — субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы. 4) Құқықтық қатынас — ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады). 5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады. Құқықтық қатынастардың түрлері: 1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе — саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар. 2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер. 4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады. Қоғамдық қатынастар - белгілі қоғам немесе қоғам қалыптасу қатынастарының барлық түрлерінін жиынтығы. Қоғамдық қатынастар саяси, экономикалық қатынастармен бірреттік болмай, олармен тек пен түр ретінде қатынасады. Осындай қатынастардың жалпы жүйесінде өзіне белгіленген ролін ойнайды. Қатынастар жүйесінде қоғамдық экономикалық қатынастар, басқа қоғамдық қатынастардың сипаты мен мазмұнына қарай басым роль атқарады. Экономикалық қатынастармен қатар әлеуметтік, идеологиялық, саяси қатынастар да бар.

63) Құқықтық қатынастардың субъектілері. Құқықтық субъектлік. Құқықтық қабілеттілік. Әрекет қабілеттіліқ. Құқық субъектісі — заңды және жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады. Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі. Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Әрекет қабілеттілік - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Заңнамалық актілерде көзделген реттер мен тәртіптерде болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінде, шектелуіне жол берілмейді. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді.1) Толық - жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады. 2) Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие. 3) Шектеулі - әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

64) Құқықтық қатынастардың мазмұны. Субъективтік құқық пен заң алдындағы жауаптылық. Құқықтық қатынас дегеніміз — бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың түрлері: 1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе — саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар. 2. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.3. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақты. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер. 4. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына карай екіге бөлінеді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Бұл жағдай нормативтік актіде анық көрсетіледі. Мысалы, жеке меншіктің иесі құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқығы мен міндеттері бірдей болады. Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі. Заң алдындағы жауаптылық белгілері:

а) құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді;

ә) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді;

б) мемлекеттің мәжбүрлеуіне негізделеді;

в) құқық бұзушылықтың жасалуын нәтижесінде ғана туындайды;

г) құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде қолданылады;

д) міндет жүктеумен байланысты болады;

е) іс жүргізу нысанында (түрінде) жүзеге асырылады;

ж) мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]