- •73. Стрептококктан кейінгі жедел гломерулонефриттің анықтамасы. Этиологиясы және патогенезі.
- •74. Стрептококктан кейінгі жедел гломерулонефриттің клиникалық синдромы. Диагностикалау әдістері.
- •75. Стрептококктан кейінгі жедел гломерулонефриттің клиникалық көріністері. Лабораториялық-аспапты зерттеу әдістері.
- •76. Берже ауруы. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы.
- •77,78. Созылмалы гломерулонефрит. Этиологиясы, патогенезі, жіктелуі.
- •79. Жедел нефротикалық синдром. Этиологиясы, патогенезі. Клиникалық көрінісі.
- •Жедел нефротикалық синдром. Диагностикасы. Емі.
- •Жедел нефритикалық синдром. Этиологиясы, патогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы. Емі.
- •Альпорт синдромы. Этиологиясы, патогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы.Емі.
- •Жедел бүйрек жетіспеушілігі. Анықтамасы. Этиологиясы.
- •Жедел бүйрек жетіспеушілігі. Патогенезі, клиникасы.
76. Берже ауруы. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы.
IgA -ГН (Берже ауруы) - созылмалы ГН-тін ен жиі түрлерінің бірі. Балаларда бұл- гематуриялық ГН. Оның балалардағы ерекшелігі - балалық шақта басталып, бүйрек кызметі көпке дейін бұзылмайды. Кейде бірнеше жылдан кейін, 30-40 жастарға келгенде ауру СБЖ-ға апаруы мүмкін. Бірте-бірте бала жастағы гематурияға протеинурия, сосын артериалдык гипертензия қосылады.
Этиологиясы әртүрлі. Ауру рецидивтері жедел респираторлық аурулармен (ЖРА, жиі фарингит) байланысты. Ерекшелігі - инфекция мен нефрит белгісі білінетін аралық өте кысқа, тіпті кейде ЖРА мен гематурия бірге дамиды. Баска отбасы мүшелерінде де ұқсас ауру (гематурия) болуы мүмкін. HLA -мен байланысы бар.
Патогенезі, морФологиясы. Мезангийде IgA - депозиттері (ИК) табылады. Шумақта ошакты не диффузды мезангий пролиферациясы болады. ІgA-депозиттері _ осы ауруға тән белгі, бірақ ауру пагогенезі дәл анықталмаған.
Клиникасы. Макрогематурия рецидивтері - ауруға ен тән белгі. Кейде микрогсематурия мен протеинурия, сирек НС не нефриттік сиидром болуы да мүмкін. Аурулардың 50 %-да ІgA-ның канла жоғарылауы табылады. Гипертензия, бүйрек кызметінің бұзылуы ересек адамдарда болады. Балаларда ұзақ уақыт негізгі ауру белгісі тек қана - гематурия.
77,78. Созылмалы гломерулонефрит. Этиологиясы, патогенезі, жіктелуі.
Созылмалы гломерулонефрит, формаларына байланысты клиникалық көріністері. Емі.
Бұл өртүрлі клиникалық белгілермен - нефротикалық (НС), нефриттік синдроммен, не жеке зәр синдромымен (гематурия, протеинурия) білінетін - бүйректің созығмалы қабынулары. НС - көбіне стероид-резистентті. Ауруда рецидив кезеңі бәсеңсу кезеңімен ауысып отырады. Жылдар өте клиникалық белгілер күшейе түседі: артериалдық қысым, протеинурия артады және бүйрек қызметтері (концентрациялау, фильтрация) бұзыла бастайды. Бірнеше жылдан кейін түбі созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне (СБЖ) әкеледі.
Фокальды-сегментарды
гломерулосклероз (ФСГС)
Клиникасы - балаларда нефротикалык синдроммен (көбіне стероид-резистентті) білінеді. Кейде протеинурия мен микрогематурия болады. Артериалдық гипертензия кешірек дамиды.
Емі мен болжамы. Өздігінен ремиссия сирек кездеседі. Әртүрлі авторлар метилпреднизолон «пульсі- (Мендоза әдісі) не циклоспоринмен емдеуді ұсынады. Әлемдік көрсеткіш бойынша бүйрек трансплантациясынын 30-40 %-н ФСГС салдарынан болған СБЖ күрайды.
Мембранозды гломерулонефриг (МГН)
Мембранозды ГН (МГН) балаларда сирек (<5%) кездеседі. Көбіне екіншілік МГН кездеседі. Себептері гепатит В, жүйелі аурулар болуы мүмкін.
Патогенезі, морфологиясы - циркуляциядағы емес, жергілікті (іn situ) иммундық комплекс (lgG, С3 бар) күрылу арқылы дамиды. Депозиттер базальдык мембранасының эпитeлий жағынан орналасып, «тікендер» - («spices») тәріздес болады, бара-бара олар мембрана ішіне кіреді. Базальдык мембрана калындап, айқындала көрінеді, бірақ клеткалар пролиферациясы жок.
Клиникасы: НС, не жеке протеинурия. Кейде гематурия болуы мүмкін.
Емі, болжамы. Өзіндік ремиссия болуы мүмкін. Преднизолонмен жеке емдеу нәтиже бермейді. Преднизалонды циклофосфамидпен не хлорамбуцилмен қосып (кейде 1 айдан кезек-кезек) емдеу әдісі қолданылады. Көбіне симптомдық ем қолайлы. Болжамын креатининнің канла көтерілуі, қан қысымының артуы, протеинурияның, гиперлипидурияның көбеюі нашарлатады.
Мембранозды-пролиФеративті гломерулонефрит (МПГН)
Мембранозды-пролиФеративті ГН (МПГН). Синонимдері-«мезангий-капиллярлық ГН», «лобулярлық ГН». Этиологиясы табыла бермейді, бірак әртүрлі инфекция рөлі бар дсп есептеледі, соның ішінде - вирусгык гепатиттер, әсірссе _ гепатит С.
Патогенезі - ЦИК арқылы дамиды.
Клиникасы - нефротикалық синдром, нефриттік синдром не тек протеинурия мен гематурия болулары мүмкін. Гипокомплементемия тән.
Ем жақсы нәтиже бермейді. Симптомдық ем, антиагреганттар, диета, гепатитті Т.б. инфекцияны емдеу қолданылады. Цитостатиктер айқын клиникалык синдром болғанда тағайындалуы мүмкін.
Ағымы, болжамы қолайсыз, бірнеше жылдан кейін СБЖ-ға әкеледі.
