Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих шпор.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
698 Кб
Скачать
☆

1960 Жылдарда –ақ халық шаруашылығына бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі айқын сезіле бастады.

КОКП ОК-нің 1965 ж наурызда,қыркүйекте,қазанда өткен пленумында өнеркәсіпте басшылықты жақсарту ,жоспарлануды,ынталандыруды жетілдіру шараларын бекітті. Осыған байланысты кәсіпорындар мен салаларда есеп беру,шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді,пайда,баға,сыйлық,несие сияқты аса маңызды экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды. Шаруашылық реформасы республиканың экономикаллық дамуын белгілі дәрежеде қозғау салды.Бірақ реформаны жүзеге асырудың алғашқы қадамынан бастап-ақ жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа принціптерінің артықшылықтары,мүмкіндіктері толық пайдаланылмады. Реформа бір жағынан нақты жұмысшы орнына жетпей, екінші жағынан басқарудың сатылы буындарына соқпай кәсіпорындардың дәрежесінде тоқтап қалған сияқты болды. Саяси қолайлы жағдайлар болмағандықтан басқару жүйесінде түбірлі жаңа өзгерістер жасалмапды. Ел басшылары саяси жүйені өзгеріссіз қалдырып, үйлеспейтін нәрсені:басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін үйлестіруге тырысты. Экономикада инфлициялық көріністер жалпы өнімнің ,пайда мен жалақының өсуі,бағаның өсуі күшейді.Экономикаы өсудің экстенсивті факторларына бағыттай отырып,реформа көп жағдайда шығын көздерінің дамуына көмектесті.

12-билет

12 Наймандар VIIIғ-дағы жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген. Монғолияда “найман”сөзін “сегіз тайпа” дегенді білдіреді. XIIғ-дың екінші жартысында Найман мемлекеті құрылды (1162ж) Орталығы Балықты қаласы. Тайпалардың басқару жүйесі-хандық билік.Орда-хан билігінің ең басты басқару орталығы. Басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Ұлыстың белгілі бір аймақта өз аумағы болды. Ұлыстардың ішкі істер лауазымы –Шерби. Наймандар мен Керейлерде жақсы дамыған –іс қағаз жүргізу.

Найман,Керей,Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері Орталық Азияның шығыс аймақтарында пайда болды. Наймандардың тайпалық одақтары VIIIғасырдың ортасында Ертістің жоғары ағысы мен Орхон өзенінің аралығында құрылып, сегіз оғыз-сегіз тайпа одағы деп аталды. Кейін моңғол тілді қидандар найман деген атауды орнықтырған болатын. Ол да түрік тіліндегі сегіз оғыз мағынасын берген.

Керейлер туралы алғашқы мәліметтер олардың христиандық қабылдауымен байланысты Xiғасырдың басына жатады. 1007 жылы наймандар мен керейлер несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдағаны мәлім. Керейлер орхон өзенінің орта ағысы мен Онгин өзені алқабындағы жерлерді мекендеді. Жазба деректерінде олар керейіт деп беріледі.Керей мемлекетінің орталығы Қатынбалық деген қала болғаны туралы мәліметтер кездеседі.1190-1206ж-дары моңғолдармен күрес барысында найман,керей тайпаларының көптеген бөліктері Жетісу мен Ертістің баты аймақтарына ығысып, қоныстана бастады.Олардың қалған бөлігі моңғолдарға бағынуға мәжбүр болды. 1211ж наймандардың басшысы Күшлік хан қарақытайларды жеңді де, қысқы мерзімге болса да Жетісуға өз билігін орнатты. Бұл тайпалар қазақ халқының қалыптасу үдерісіне де елеулі ықпал етті. Наймандар мен керейлер Орта жүздің ру-тайпаларының құрамына кірген.

Керейттер ұлысы.

Керейт мемлекеті 9 ғасырдың аяғында Алтайда, Монғолия далаларының батысында қалыптасады. Этникалық құрамы түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралды. Керейттердің батысында – наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бұрылысының теріскейінде. Орхондағы Бас орда өте қолайлы географиялық жерде орналасқандықтан, сауда дамуына қолайлы болды. Сондай-ақ миссионерлер жиналатын орынға да айналды. 1007 ж. Керейттердің ақсүйектері наймандардың билеушілерімен бірге христиан дінінің нестроиандық тармағын қабылдады. Ал көпшілік қара халық баяғы көшпенділердің Тәңіршілдік дінінде қала берді. Іс жүргізу кең тарады. Құжаттар мөр басу арқылы бекітілген. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген.

Керей хандығына енген негізгі тайпалар – керейіт, сахайыт, тумауыт, албат, тункайт-кирун, торғауыт рулары болса олардың халық санын Рашид-ад-Дин «200 мыңдай халқы бар еді» деп көрсетеді. Керей хандығы 12 ғасырдағы Маркуз Бұйрық ханның тұсында өрлеген мемлекетке айналады. «Алтын кеседен ас ішіп, алтын ер-тұрман сайлаған бұл халық еді» деп көрсетеді орта ғасырлық жазбалар Керейлер ұлысын. Тайпалар мыңдықтар мен Жүздіктерге бөлінген. Олардың бас қаласы Қарақорым болды. Маркуз Бұйрық ханның немересі Куржакуз Бұйрық хан қаза болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында тақ таласына қырқыс басталады. Осы кезде Тоғрул хан (Уаң хан) бастаған жікшіл топқа Монғолдардың Есугей ханы (Шыңғысханның әкесі) бастаған көршілес далалықтар қолдау көрсетеді. Содан соң Керейлер мен Моғолдар өзара ант су ішкен Тату көршілер ретінде («Анда» дейді) ант беріседі.

Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х ғасырдың бас кезіне жатады. Керейлер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Олар түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейлердің батысында – наймандар, солтүстігінде -меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде -таңғұттар тұрады.

Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.

ХІІ ғасырдың 50 – ші жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз – хан тұтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Одан кейін елді Худжар Бұйрық – хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Тоғырыл хан тұсында Керейлер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанхеге дейінгі; Батыста – Хангай тауынан, Шығыста Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған. Керейлер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық – мәдени байланыс жасап тұрған.

Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері – Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха – тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болған. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан. 1180 жылдары Тоғырыл Тимучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса отырып, татар әскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл хан Қытайдың Ван титулын иеленді. Бұл егеменді құқығы ресми мойындалған патша дегенді білдіреді. Сондықтан Тоғырылды тарихта Ван – хан деп те атайды. 1203 жылы керейлер мен бұрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бұрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның ұлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік–Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің құрамына енді.

Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен әсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп–қонды. Моңғолдардан жеңілген наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті. Наймандардың қазақтар құрамындағы үлесі едәуір еді. Моңғол дәуірінде олардың басым бөлігі Сырдарияға, яғни қазақтың кең даласына көшті, сөйтіп қазақ этносының қалыптасуында белсенді роль атқарды. Ал керейлердің бір бөлігі батысқа, Еділ бойына ұмтылды, онда олар өздерінің керей этнонимін сақтап қалды, кейін осы атаумен олар өзбектер мен қырғыздар құрамына енсе, аз бөлігі қазақтар құрамына кірді. Олардың (керейлердің) көпшілігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына Керей (Қара – Керей, Абақ - Керей) атауымен енді, сөйтіп бұрынғы “Кереит” деген этноним атауындағы “т” жалғауы алынып қалды.

Керейлер мен наймандар әлеуметтік – саяси дамудың бір деңгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым – ұлыстар болып ұйымдасып, ал ұлыстар болса, хандар әулеті бастаған бүкіл этносты біріктіріп, рулық – тайпалық институт атаулының бәрінен де жоғары тұрған. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының басқару орындары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Сонымен туысқан тайпалардың әлеуметтік жіктелуі мен бірігуі ерте феодалдық мемлекеттердің, яғни Керейлер мен Наймандар ұлысының құрылуымен аяқталады.

13-билет

13. 6-13 ғасыр басындағы Қаз-н мәдениеті. Ежелгі түрік жазуы.

13(VI-XII ғғ.) мәдениет

Отырар туралы жиналған көп мәліметтер бар. ол ертеректе тарбан деген атпен белгілі болған. Арабтар осы өңірге келіп орныққаннан кейін оны Фараб деп атаған. Зәулім үйлері, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған ғимараттары бар бұл қалада ең бай кітапхана болған. Осы қала туралы Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінде – руналық жазбаларда да деректер кездеседі. Тараз, Суяб, Отырар, Сығанақ, Испиджаб, Қаялық сияқты қалалар Византия, Иран, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістандағы елдермен сауда жасауда, мәдени байланысты өрістетуде үлкен роль атқарды. Керуен жолындағы қалаларда сауда – саттықпен бірге қолөнершілік, сәулет өнері кеңінен дамыды.. осы аймақтардың тұрғындары ұстаған, қолданған аспаптар, құралдар, әбзелдер олардың иелерінің мәдени дәрежесінің, өмір тәжірибесінің осал болмағанын байқатады..

Соны айғақтайтын Оңтістік – Сібір, орталық және Орта Азия жерлерінде бал – балтас, сағана тас, мүсін тас, құлпы – тас ескерткіштері жиі кездеседі , адам бейнеленген тасты «мүсін тастар» деп атайды. Олардың арасында әйелді бейнеленетіндері көп кездеседі. Қ-н, Алтай, Моңғолия даласында «қызтас», «келіншектас», «кемпіртас» деп аталатын.

ҮІ-Х ғасырдағы Қ-н және Орта Азия жеріндегі Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған туралы, сол дәуірдің тамаша туындылары Оғыз – наме, Қорқыт ата кітабы .

ҮІІІ ғасырлардағы арабтардың Солтүстік Африканы, Испанияны жаулап алуы, Таяу Шығыс пен Орта Азияға, Қ-нға баса көктеп енуі бұл жерлердегі халықтардың саяси, рухани мәдени өмірін үлкен өзгеріске ұшыратты. Мемлекеттік ресми тіл араб тілі болып жарияланып, осы тілде оқытатын мектептер ашылды. Араб тілінде кітап шығару жолға қойылды. Сөйтіп, Таяу Шығыс, Орта Азия, Қ-н жерінде жастар араб тілінде білім алды. Бағдатта, Мысырда, Мекке, Мәдинада оқуын жалғастырып, олардың бірқатары ғұлама ғалым болып қалыптасты.

Орта Азия мен қазақ жерінің араб Халифатына қарауы бір жағынан арабтардың м-ті мен ғылымын дамытуға әсерін тигізсе, екінші жағынан жергілікті халықтардың м-тінің дамуына да игі ықпал жасады. Араб тілінде оқыту, араб тіліндегі әдебиеттің тарауы, ислам дінінің дендеп енуі Орта Азия мен Қ-н жеріндегі халықтардың мәдени өрісін кеңітті. Қ-нның оңтүстігінде өзінің дербес елдігін сақтап қалған Қарахан қағанаты болды. Қазақ халқының м-тін қалыптастыруға елеулі еңбек сіңіріп із қалдырған. Бұл елден Х ғасырдың басында ислам дінін бірінші болып қабылдаған қараханидтер әулетінің ру басы Сатук болды. мешіт, ғибадат орындарымен бірге қала жұртшылығының, көпшіліктің жуынуына арналған моншалар салына бастайды.Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабаджа қатын мен Айша бибі күмбездерінен күні бүгінге дейін оларды көріп тамашалап жүрген адамдар арылмайды. ХІ-ХІІІ ғасырға жатады.Сырдарияның төменгі ағысындағы бұдан 800 жыл бұрын салынған Сырылтам күмбезі күйдіріліп оймышталған, Сарысаз тақталарымен безендірілген қасбеті сақталған.

Х-ХІІ ғасырлардағы Ордакент, Тараз, Үзген,Баласағұн, Мерке, Құлан сияқты қалаларда зергерлік және саз балшықтан ыдыс – аяқ, сәндік бұйымдар құю сияқты қолөнерінің қатты дамығанын көреміз.

Орта ғасырдағы Қ-нда ірі мәдени ошақтардың бірі Испиджаб қаласы болғаны айтылады. Ол бірсыпыра деректерде Сайрам деген атпен белгілі. Ол Х ғ мен ХІІІ ғасырдың бас кезінде Қ-нның оңтүстігінде жатқан Сыр бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран, Янгикент, Жетісудың Тараз, Құлан, Мерке, Суяб шаһарларын қапсыра қамтыған, қарауында ұстаған Испиджаб округі ретінде де танымал болған.

Оңтүстік Қ-ндағы ірі қалалар Сайрам, Түркістан, өңіріндегі Яссы, Сырдария бойындағы Сауран, Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген оғыздардың Жент, Янгикент, Қора, қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің астанасы болған Сығанақ шаһарлары қазақ м-тінің қалыптасуына, өсіп - өрбуіне, дамуына күш – қуат берген, арқау болған қалалар.. Бірақ олар кейінгі ұрпаққа мәңгілік мәдени мұра, өшпес өнер туындыларын, салт – дәстүр, жол – жоралғысын қалдырды.

Әл – Фараби дүниежүзілік білім мен м-ттің Аристотельден кейінгі тарихындаы екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, жан – жақты білімдар ғалым, өнер зерттеуші, ақын болған кісі. Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерінде, Иракта, Мысырда, Шамда оқып білім алған. Философия, әлеуметтану, математика, физика, астрономия, ботаника, этика, эстетика, лингвистика, логика, денсаулық сақтау, музыка зерттеу салаларында терең білім алған ол ғылымның осы арналарының бірде – бірін назарынан тыс қалдырмай оларды дамытуға, елеулі үлес қосты. Ол ғылымның осы салаларынан 160 – қа тарта трактаттар жазып, онды құнды пікірлер айтты. Қазақ жерінің мақтанышы, ғылым мен м-т әлеміндегі шоқ жұлдыздардың бірі Жүсіп Баласағұни Қараханидтердің мемлекетінің екі рет астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Ол ұлы ойшыл, данышпан ақын, білікті қоғам қайраткері болған. Бірнеше тілді игеріп, ғылымның көптеген салаларынан терең хабардар болып кемел шағына келгенде түрік тілінде, өзін өмір бойы толғандырған, тіршіліктің мәнін, қоғам құрлысының күрделі мәселелерін сөз ететін, кейін оның атағын шығарып абыройын тасытқан, еңбір тұлғалы туындысы «Құтадғу білікте» (құт әкелетін білім) деген еңбегін жазады. Қазақ жерінде дүниеге келіп, халқымыздың м-тін дамытуда, дәстүрі мен салт – санасын қалыптастыруға үлкен үлесі бар ұлдардың бірі Махмуд Қашқари. Оның атақ даңқын шығарған «Түрік тілдерінің лұғаты» (Диуани луғатит – турк) деп аталатын еңбегі. Ол араб тілінде жазылған. Оған кіріспестен бұрын махмұд Қашқари түріктің елі мен ен даласын тегіс аралап, түркі тілдеріне қатысты мол материал жинаған.

ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың басында өмір сүрген, өз заманының өрелі ақыны, өнегелі білімпаз, оқымысты Ахмет Иугінеки . Жасынан зағип болып мүгедектіктің мехнатын тартқан ол Түркістан қаласына жақын жердегі Жүгенек деген жерде дүниеге келген. «Ақиқат сыйы» деп аталатын шығармасы жұртқа кеңінен тараған.