Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих шпор.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
698 Кб
Скачать
☆

73Қазақстан Республикасының Конституциясы. (1993ж). Жаңа Конституцияның қабылдануы.(1995ж)

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі кезеңдегі басты саяси міндет жаңа Конституция жобасын талқылау болды. Жоғарғы

Кеңесте талқылаудан өткеннен кейін бірінші жоба 1992 ж-ң маусымында бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, баспасөзде

жарияланды, екіншісі -бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 ж-ң қарашасында жарияланды. Парламент пен қоғамда аса белсенділікпен талқыланған негізгі мәселелер мыналар еді: экономикалық( әсіресе меншік), Қазақстанның әкімшілік-аймақтық құрылымы, мемле-ттік тіл,басқарутүрлері, азаматтық алу мәселелері. Басқару түрі: Президенттің ұсынысы б/ша Конституция жобасына бірқатар өзгертулер енгізу туралы Жоғарғы Кеңеске ұсыныс жасалды:Президенттің парламентті тартуы туралы, екі палаталы парламент құру туралы, Президенттің импичменті және Конституцияны референдум арқылы қабылдау туралы. Алайда бұл ұсыныстарЖоғарғы Кеңес тарапынан қолдау таппады.1993ж. 28 қаңтарында Жоғарғы кеңесКонституция жобасын қабылдады. Бұл егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы еді.1990ж.сайланған Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігі1995 жылға дейін еді. Алайда 1993 ж-ң аяғында елдің саяси өміріндебіраз өзгерістер болды. 1993 ж. қараша айында Алматы қаласы Әуезов аудандық халық депутаттарынының кеңесі өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады және барлық деңгейдегі кеңестерге де осындай ұсыныс жасады.9 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес ҚР-сы халық депутаттарының жергіліктікеңестерінің өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім қабылдады. 10 желтоқсанда "ҚР Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттіктерді уақытша беру туралы" Заң қабылдады. Сол күні Жоғарғы Кеңестің 360 депутатының 200-ден астамы өз өкілеттіктерін тоқтатынын жариялады.Осының нәтижесінде 1993 ж. 10 желтоқсанында Жоғарғы кеңес өзін-өзі тарату туралы шешім қабылданды. бұл Қаз-нның парламентсіз қалғандығын жәнеҚаз-да кеңес өкіметі жойылғандығының белгісі болды.10 желтоқсанда Президент Жарлығы б/ша ҚР-ының жергілікті өкілеттік және атқарушы органдары туралы заңы күшіне еніп, республикадағы билік жүйесі түбегейлі өзгертілді.1993 жылдың 17 желтоқсанында ҚР-ының "ҚР-ындағы сайлау туралы" Кодексі жарық көрді. Соған сәйкес сайлаудың жаңа жүйесі енгізіліп,парламентке бес жылдық мерзімге 177 депутат сайланатын болды.1993ж. наурызында Президент жарлығымен "Қаз-н респ-ның мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жж. арналғанҰлттық бағдарламасы" қабылданды. 1995 жылы шілденің басында Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау басталды. Оның барысында жоба б/ша көптеген сын пікірлер айтылды. Мысалы: Конституциялық соттың алты мүшесінің мәлімдемесінде жобада дам құқықтары мен бостандықтары біршама шектелген, биліктің бөліну принципі бұрмаланған деп атап көрсетілді.Жобаны талдау барысында Конституцияның балама жобалары ұсынылды. 1995 ж. 30 тамызында жаңа конституцияның жобасы б/ша бұкілхалықтық референдум болып өтті. Референдумға сайлаушылардың 90% қатысты. Олардың 89% жаңа конституцияға дауыс берді. 1995 жыл. 1 қыркүйекте оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың өкілдері мен баспасөз конференциясын өткізіп, референдумның қорытындыларын теріске шығарды. 1995 ж. 6 қыркү-те Президент резиденциясында жаңа конституция ресми түрде енгізілді.30 тамыз мемлекеттік мереке-конституция күні болып жарияланды.1995 ж. 7 желтоқсанда Қаз-нның жаңа парламентіне сайлау болып өтті.Жаңа конституцияға алдыңғысы мен салыстырғанда көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Бұрынғы ата-заң 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. жаңа констиуцияда еліміздің экономикалық күш қуаты ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына құқықтар беретін мәселелерді шешу ескертілді.Қаз-н жаңа конституцияны қабылдау арқылы дүнеижүзілік қауымдастықтан өзінің лайықты орнын алды. Ата-заң еліміздің көшпелі және одан әрі алға даму кезеңіндегі маңызды тарихи құжат.Сондықтан республиканың әрбір азаматы мазмұнын жете біліп, талаптарымен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемл-ттік нышандарды құрметтеуге міндетті

46 1917ж қазан төңкерілісі және онын Қазақстаннын қоғамдық-саяси өміріне тигізген ықпалы

1917ж-ғы 24-25қазан Петрограда большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп алып, Қосөкімет жойлды.Буржуазиялық үкімет құлатылып, Кеңес үкіметі жеңіске жетті. Жермен бітім туралы деректердің қабылдануы, ұлт саясаты бағдарламасының жариялануы революциясының бүкіл елде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рольдер атқарды. Қазақстанда солддаттар және 36,5 мың көтерілісші- сарбазддар революцияның негізгі резервіне айналды. 1917 жылғы 15-22 қараша Түркістан өлкесінде Түркіістан халық коммиссарлар кеңесі орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында

мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Колесов мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес,өйткені жергілікті халықтың бізге көзқарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ деп мәлімдеді. 1917ж 22 қараша Қоқан қаласында БүкілТүркістандық төтенше 4 съезд ашылды. Қаралған мәселе: Түркістан автономиясы құрылды президенті М.Шоқай Ислам мемлекеттік дін деп танылды 1917 ж 30қарашада мұсылмандардың манифестациясы болып революцияны қорғау туралы ант алды. Коммунистік басшылар 1918 ж. қаңтарда кеңестердің өлкелік 4 съезінде Түрістан автаномиясының жариялануы мейілінше мезгілсіз деп есептелді Түркістанда ұлт бағдарламасын нақты іске асыру нәтижесінде айқындала түсті: Империялық ойлау мен шовенистік көзқарастын ұлғаюы.Қазан революциясынан көп бұрын қазақ либералдық- демократиялық қозғалысының жетекшілері қазақ өлкесінің әлуметтік экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламаларын насихаттады 1917 ж. 21қарашада алаш партиясы бағдарламасы жарияланды. 1917 ж. қараша- 1918ж қаңтар аралығанда өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің алаш париясы бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Партияға айналған большевиктер алашлода мен тіл табысуға болады деп санады, әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

Кеңес өкіметі орнауының 2 түрлі жолы болды: Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын,жұмысшылар басым Оңт. және Солт аймақтарда-бейбіт жолмен.Сібір,Орал,Жетісу казактары мен офицерлер,кулактар біріккен,контрреволюциялық күштер басым аудандар-қарулы күрес жолмен.1917ж 30 қазан Перовскіде (Қызылорда)Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.1917ж 1 қарашада Ташкентте қарулы күреспен орнады. 1917ж қараша Әулиатада бейбіт жолмен орнады. 1917ж қараша Черняевта (Шымкентте) бейбіт жолмен орнады. 1917ж 25 желтоқсан Қостанайда қарулы күреспен орнады.1918 ж 16-17 ақпанда Семейде орнады

1917 жылғы қазан революциясы. 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу көкейтесті мәселелерді шешпеді. Қ-ндағы жергідлікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қ-нның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді.Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтан Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В.И.Ленин бастаған большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін»-деген ұранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналдырды. Бұл елдің барлық жерінде халық бұқарасының большевиктер жағына көптеп шығуына әсер етті. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталып, уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды. Уақытша үкімет құалатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.

Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депуттатары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік-бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.

Қазан революциясынан кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қ-нда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, «Оңтүстік шығыс одағы» деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Қ-ндағы бөлігін Халел,Жанша Досмұхамедовтар,Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов басқарды.

Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қ-нның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады.

Ресейдің орталық аудандарынан Қ-нға көмек көрсету үшін Ә.Жанкелдин, В.Чекмарев, П.Кобезев және төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан Әделбек Майкотев, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы күресіне басқа ұлт өкілдері К.Шугаев, П.Салов, ПА-виноградов, С.Журавлев, Л.Емелев, Я.Ушанов, А.Розыбакиев, В.Зинченко, П.Басов, И.Дубынин азаматтардың ат салысуы революцияның Қ-нда да жеңуіне жол салды.

Революцияны қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. Мұндай жағдай Қ-нның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ революция қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арасында ғана тиді.

  • 19.Қазақ хандығының құрылуы .Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы және Моғолстанның ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есенбұғының (Моғолстан ханы) билігіне мойынсұнбады. Сондықтан XV ғасырдың 40-50 жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына: Қаратау,Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады.

1446 жылы Әбілхайыр Созақ, Сығанақ, Аркөк, Үзгент, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін ұлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті.

XV ғ 50-ж ойраттар Түркістан аймағына жетті. Ал 1457 ж Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларын Керей мен Жәнібектің төңірегіне тығызырақ топтасуын тездетті. Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды.XV ғ 50-ж-нан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады. Халық Жетісудың батысына, Моғолстанға қарай көшті. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды. Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.Саяси тарихы.

  • Көшіп келген қазақ руларына Моғолстан ханы Есен- Бұғы Шу мен Талас бойынан жер берді. Есен-Бұғының мақсаты:

  • - Әбілхайыр мен Темір әулетіне қарсы қазақтардың күшін пайдалану.

  • - Ойраттар (қалмақтар) шабуылынан Моғолстан шекараларын қорғау.

  • 1465-1466 ж. – Қазақ хандығы құрылды.

  • Қазақ хандығы шығысында Моғолстанмен, оңтүстік ж/е батысында Темір ұрпағының мемлекеті ж/е Әбілхайыр хандығымен шектесіп жатты. Жас мемлекеттін қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жәнібек хан Моғолстан ханымен достық қатынаста болуға ұмтылды. Әбілхайыр ханның қазақ хандығының құрылуына бөгет жасауға ұмтылуынан еш нәтиже шықпады. 1468 ж. Моғолстанға қарсы жорыққа аттанған Әбілхайыр жолда кенеттен қайтыс болды. Бұдан кейін Жәнібек пен Керей шекараны кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті-Қыпшақты қосуға ұмтылды. Бұл аймақтардың экономикалық ж/е стратегиялық маңызы күшті болды:

Сауда байланыстарының орталығы

  • Мықты бекіністі қалалар.

  • Құнарлы жерлері – бағалы қыстау.

  • Шығыс Дешті-Қыпшақтағы шайбанилер әулетінің билігін қайта орнатуға ұмтылған Мұхаммед Шайбанидің көздегені де осы жерлер болғандықтан, екі арада жаулаушылық соғыстар басталды. Құлдырау жағдайындағы Моғолстанның билеушілері Жүніс пен оның ұлы Сұлтан Махмұд Оңтүстік Қазақстандағы қалалар үшін жанталасты. Бұл күрес 30 жылға созылып, Бұрындық пен Қасым хандар тұсында жеңіспен аяқталды.

20-билет