- •6.Тәжірибелік жұмыс Тәжірибелік жұмыс 1. Электронды оқытуда қолданылатын коммуникациялық технологиялар. «e-Learning» ортасының негізгі компоненттері.
- •Тәжірибелік жұмыс 3. Санау жүйелеріне амалдар қолдану.
- •Тәжірибелік жұмыс 4. Дербес компьютердің сыртқы және ішкі құрылғылары. Компьютер жадысының құрылғысы. Жады иерархиясы. Негізгі жадтың жəне операциялардың үйымдастырылуы. Виртуалды жады.
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
- •Пернетақтасының құрылымы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Топтан шығару
- •Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту
- •Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
- •Тәжірибелік жұмыс 6. Қалып өрістерінің түрімен үлгілерді құру. Құжаттарды біріктіру. Гипермәтіндік технология. Макростар.
- •4 Сурет. Запись макроса терезесі
- •Тәжірибелік жұмыс7. Сызықты, тармақталған, қайталау алгоритмдерін бейнелеу
- •Әдістемелік нұсқау.
- •Тармақталу командасы:
- •Тәжірибелік жұмыс 9. Электерондық кестені деректер қоры ретінде пайдалану
- •Тапсырма 4
- •Excel программасында кесте жасау, толтыру, редакциялау және пішімдеу (форматтау)
- •Фукция шеберін қолдану. Кестелерді бірітіру. Диаграммаларды тұрғызу.
- •Фирма кірістерінің абсолюттік және проценттік қатынастағы көрсеткіштері
- •Мәндер жиынынан белгілі бір мәндерді таңдау
- •Тізімді сұрыптау. Жазбаларды автосүзбе өткізу.
- •Толық кестелер. Баспаға шығару
- •Тәжірибелік жұмыс 10. Кірістірілген және импорталған кестелер. Сұраныстармен жұмыс. Сұраныс бланкісі. Формалармен жұмыс.
- •Тапсырма 10.1
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Тәжірибелік жұмыс 12. Электронды адресті құру. Электрондық поштамен жұмыс.
- •Тауарлар сатылуының бағалық көрсеткіші
- •8. Студенттердің өзіндік жұмыстарының реферат тақырыптары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қазақстан республикасында «Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдаламасы 10.11.2004ж.
- •Андронова, а. Николаев Электронное правительство в Европе и мире.
Тауарлар сатылуының бағалық көрсеткіші
-
Фирма
Тауар
Ай
Бағасы
Колос
Нан
Қаңтар
120000
Колос
Батон
Қаңтар
320000
Колос
Батон
Ақпан
135600
Атлант М
ВАЗ-21009
Қаңтар
59120000
Атлант М
ВАЗ-2111
Қаңтар
57620000
Атлант М
ВАЗ-21009
Наурыз
59120000
Горизонт
Телевизор
Ақпан
5020000
Горизонт
Телевизор
Наурыз
5020000
Горизонт
Телевизор
Сәуір
5020000
Кестені Word мәтіндік редакторында теріп, алмасу буферінің көмегімен көшірмесін Excel кестелік редакторына кірістіріңіз. Кестені қалауларыңызша форматтап, безендіріңіздер.
Тапсырма 20 Мәндер – Нәтиже (Данные – Итоги) командасын орындап, бағалардың төмендегідей аралық нәтижелерін шығарыңыздар:
фирмалар бойынша;
әр ай сайын барлық фирмалар арасында;
тауарлар бойынша барлық фирмалар арасында.
Тапсырма 21 Әр фирма үшін ай сайынғы тауарлар сатылуындағы бағалық өзгерістерді бейнелейтін диаграмма тұрғызыңыздар.
Тапсырма 22 Өзіңізге ұнайтын тақырыпта диаграмма құрыңыз.
Тапсырма 23 у=x2+1 функциясының [-10; 10] интервалындағы мәндеріне байланысты графиктік түрде диаграмма құрыңыз.
Тапсырма 24 ІІ семестрде өткен пәндер бойынша бірінші ағымдық бақылау мен бірінші аралық бақылаудың кестесіне байланысты диаграмма тұрғызыңыз
8-СӨЖ тапсырмалары
Кесте конструкторының атқаратын қызметтері
Өріс атауын өзгерту, өріс типін өзгерту, өріс өлшемі мен форматын қайта орнату, жаңа өріс қосу, өрісті кілттік ету, жаңа кесте құру, өрісті индексті ету және т.б.
Өрісті кілттік (түйінді) ету. Өрісті түйінді ету үшін - көрсеткішті өріс атауының тұсына әкеліп, тышқанның оң батырмасын шерту керек. Көрінген жанама менюден Кілттік өріс (Ключевое поле) қатарын шерту жеткілікті. Кілттік етілген өріс атауының сол жағына 11.3-суреттегідей кілт белгісі орнатылып қойылады.
Ескерту 1. терезенің Сипаттау бөлімін толтыру міндетті емес.
11.3-сурет
ACCESS құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгертуге болады, ал жаңа кесте үшін өріс қасиеттері қолдан орнатылады.
11.5. Өріс қасиеттері.
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым - өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері - оның типі мен өлшемі.
Өріс аты – автоматтандырылған операция кезінде осы өріс деректерімен қалай жұмыс жасау керектігін анықтайды.
Өріс типі – өріс деректерінің типін анықтайды.
Өріс өлшемі – деректердің шектік өлшемін анықтайды.
Өріс форматы – ұяшықтағы деректерді форматтау әдісін анықтайды.
Енгізу маскасы – өріске енгізілген деректер формасын анықтайды.
Қолтаңба – берілген өріс кестесінің баған атын анықтайды.
Үнсіз келісім мәні – өріс ұяшығына автоматты түрде енгізілетін мән.
Мәндік шарт – деректерді енгізу дұрыстығын тексеруге арналған шарт.
Қате туралы мәлімет – деректерді енгізудегі кеткен қате туралы мәлімет.
Міндетті өріс – міндетті түрде толтырылатын өріс.
Бос қатар – бос қатарды енгізу қасиеті.
Индекстелген өріс – егер өріс индекстелген болса, деректермен жүргізілетін операциялар жылдамдатылады.
Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері Конструктор режимі терезесінің төменгі бөлімінде көрінетін Жалпы қондырмасына енгізіліп қойылады.
Қондырмадан Өріс форматы мен Ондық таңбалар санын орнату қатарларын таңдап, қатарда көрінген тілсызық батырмасын шертткен кезде көрінетін тізімдер 11.4- суретте көрсетілген.
11.4-сурет. Сан форматы 11.5-сурет. Ондық таңбалар саны
Кесте элементтерін таңдау
Ұяшықты таңдау - көрсеткішті оның сол жақ шетіне орналастырып, ақ крест түріне айналған кезде тышқан батырмасын шерту керек.
Бағанды таңдау - оның тақырыбын шертсе болғаны. Тақырып оң батырмамен шертілген кезде контексті меню ашылады.
Жазуды таңдау - оның сол жағында орналасқан жазу маркерін бір рет шерту.
Қатар орналасқан бірнеше бағанды таңдау - тышқан батырмасын басып тұрып, алғашқы өріс тақырыбынан бастап көрсеткішті солдан оңға қарай жылжыту арқылы орындалады.
Қатар орналасқан бірнеше жазуды таңдау - тышқанды басып тұрып, көрсеткішті жазу маркері жолында төмен жылжыту керек.
Төртбұрыш ұяшықтар блогын таңдау жолы:
Блоктың сол жақ жоғарғы бұрышына көрсеткішті әкеліп, ол ақ крест түріне айналған соң қарсы бұрышқа жеткенше диоганаль бойынша жылжыту.
Кестені таңдау - өрістер тақырыбының сол жағында орналасқан кесте маркерін шертсе - операциялар орындауға арналған контекстік меню көрінеді.
Кесте элементтерін өшіру
Ұяшықты өшіру үшін оны таңдап, DEL клавишін басу жеткілікті.
Бағанды өшіру үшін оны таңдап, Түзету Бағанды өшіру командасы.
Таңдалған жазуды өшіру - DEL пернесі арқылы.
Кестеге жазу қосу
МҚ терезесі арқылы кестені ашып, Кірістіру Жаңа жазу командасы. Кесте соңына бос жол қосылып қойылады. Оған жазуды енгізіп, Enter пернесін басу керек. Келесі жолға да жазуды осы әдіс бойынша енгізу мүмкін. Жазуды таңдап, оны тышқанмен шерткен кезде жазумен түрлі опцияларды орындауға арналған контекстік меню көрінеді.
Кестеге жаңа өріс қосу Кірістіру Баған командасы арқылы орындалады.
Кесте өрісін басқа кестеге көшіру
Өрісті таңдап, алмастыру буферіне көшіру (Ctrl + C клавиштерін басу не Түзету Көшіру командасын беру).
Қабылдайтын кестені ашып, жаңа өріс құру. Оның типі көшірілетін өрістің типімен бірдей болуы тиіс.
Құрылған өрісті таңдау (толтырылмаған кесте үшін екінші пункті орындамай, бірден өрісті таңдау жеткілікті).
Буферден кірістіру командасын беру (Ctrl +V не Түзету Кірістіру).
Ескерту.
а) Көшіру үшін өріс тақырыбын тышқанның оң жақ батырмасымен басып, көрінген контексті менюді пайдалануға болады.
б) Өрістер блогын көшіру тәсілі де бір өрісті көшіру сияқты. Екі кестенің таңдалған блок өрістерінің типтері бірдей болса болғаны.
в) Өрісті бір кесте ішіне көшіру үшін оны таңдап, Жылжыту және Қалдыру әдісін пайдалану жеткілікті. Жылжыту алдында көрсеткішке төртбұрышты белгінің қосылуын күту керек.
Кестені немесе кесте құрылымын көшіру
МҚ терезесінен таңдалған кесте не оның құрылымы әдеттегідей алмастыру буфері арқылы көшірілуі мүмкін. Оны контекстік меню арқылы көшіруге де болады. Бұл кезде орындалуы тиіс әрекеттер:
а) МҚ терезесінің Кестелер командасын ашып, кесте атауына тышқанның оң жақ батырмасын шерту.
б) Көрінген контекстік менюден Көшіру пунктін таңдау.
в) МҚ терезесінің кесте атаулары орналасқан облысын оң батырмамен шерту.
г) Көрінген контекстік менюдің Кірістіру пунктін таңдау. Одан әрі, кестені толық көшіру үшін «Кесте атауы» өрісіне жаңа кесте атауын енгізіп, «Құрылым және берілгендер» ауыстырып қосқышын орнату. Егер тек кесте құрылымын көшіру қажет болса, атау енгізілген соң онда «Тек құрылым» ауыстырып қосқышын орнату жеткілікті. Бұл кезде экранда тек өріс тақырыптары енгізілген бос кесте көрінеді. Меню арқылы буферден кірістіру командасы берілгенде 11.6-суреттегі терезе көрінеді.
11.6-сурет. Кесте құрылымын кірістіру терезесі
Тапсырма. Жаңа мәліметтер қорының файлын құру
MS Access-ті іске қосып, алдын-ала дайындалған «1-семестр» деген файл атына сәйкес - Бірінші курс студенттерінің үлгерімі жөнінде кесте терезесін шақыру. (11.7-сурет).
11.7-сурет. Қолдан толтырылған 1-семестр кестесі
Файл құру (создать файл) командасын шертіңіз.
Пайда болған терезеден жаңа мәліметтер қорын құру батырмасын басыңыз.
«Жаңа мәліметтер қорының файлы» деген терезе ашылады. Терезеге «1-семестр қорытындысы» деген файл атын енгізіп, құру батырмасын басу
Файл атына сәйкес терезеден Кестелер қондырмасынан кесте атауын таңдап, Конструктор режимінде кесте құру командасын белгілеп, Ашу батырмасын шертіңіз.
Ашылған Кесте1 терезесіне өріс аты мен деректер типін енгізіңіз. Мысалы, өріс атына Реттік нөмір деп, оған Счетчик (Еептеуіш) типін жазыңыз. Келесі өріске аты-жөні деп, оған мәтіндік деп, ал қалған шифр, пән атауларына сандық типін енгізіңіз. Кесте1 терезесін жауып, оны «1-семестр қорытындысы» деп сақтау.
Кестені қайта ашып, оны өрістерге сай 8-суреттегі деректермен толтырыңыз.
К
естенің
көшірмесін алыңыз.Көшірменің «Реттік нөмір» өрісін өшіріп, қайта қалпына келтіріңіз.
Кестенің «Информ» өрісінен басқа өрістерді көшіріңіз.
Кестеге 16-нөмірлі жаңа жазу қосыңыз.
Кестенің толық көшірмесін алыңыз.
Көшірме соңына «Стипендия» атаулы жаңа өріс қосып, оны 4 пен 5 алған студенттер үшін «Алады», 3 алған студенттер үшін «Алмайды» сөзін енгізіңіз.
Көшірмені жаңа атау бойынша сақтаңыз.
Кесте құрылымын жаңа кестеге көшіріңіз.
12. Кестелер арасында байланыс орнату. Деректер схемасы
Бастапқы және сыртқы кілттік өістер. Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру жөне олардың кілттік етілген кейбір өістерін пайдаланып, басқа кесте құру — Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негіздік кестені басқаларымен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын (бірегей) кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс (бірегей кілттік өрісті бастапқы (первичный) кілттік өріс деп атайды). Ол ұзын сандық типті кілттік өріс болуы міндетті. Егер кестеде мұндай өріс болмаса, оны құрып алуға болады.
Мысал. 11.7-суретте кескінделген 1-семестр кестесін пайдаланып, стипендия тағайындау кестесін құру керек.
12.1-сурет. Стипендия 1 кестесі
Негіздік кестені мынадай шарттарды басшылыққа ала отырып құрайық (10 -сурет):
Барлық пәннен 5 алған студентке 125% стипендия тағайындау (кестеге оның кодын 3 деп енгізу);
Барлық пәннен 4 не 5 алған студенттерге 100% стипендия та-ғайындау (оның коды үшін 2 санын енгізу);
Басқа студенттерге стипендия тағайындамау (оның коды үшін0 санын енгізу).
Құрылған
кестенің Стип
беру өрісі —
бірегей. Сессия кестесін ашып, оған
мәндері жоғарыда таңдалған кодтар
арқылы жазылған Стип
беру өрісін
қосып және оған жаңа ат беріп (мысалы,
Стипендия)
сақтау
қажет (12.2-сурет). Кесте объектіснде
сақтаған стипендия атауын таңдап,
батырмасын шертіңіз де Реттік нөмір
мен Аты-жөні өрістерін кілттік етіңіз.
Ол үшін кілтік етілетін өрісті тышқанның
оң жақ батырмасы арқылы шыққан контекстік
менюден Кілттік өріс пунктін таңдаңыз.
Кесте объектісінде сақтаған стипендия1
атауын таңдап,
батырмасын шертіңіз де Реттік нөмір
мен стип беру өрістерін кілттік етіңіз.
Мұндай кілттік өріс сыртқы
кілттік
өріс деп
аталады.
12.2-сурет. Стипендия кестесі
12.1. Кестелерді байланыстыру жолы
Аспаптар панелінің Деректер схемасы (Схема данных) түймесін шертіп не Сервис - Деректер схемасы командасын беріп, терезені aшy.
Мәзір арқылы Байланыстыру - Кестені қосу командасын беріп не аспаптар панелінің "Кестені қосу" түймесін шертіп, кесте атауларының тізімі енгізілген "Кестені қосу" терезесін шығару. (Егер кестелер арасында байланыс болмаса, Деректер схемасы терезесі ашылған кезде "Кестені қосу" терезесі бірге ашылады.)
Соңғы терезеден байланыстырылатын кесте атауларын таңдап, "Қосу "түймесін шерту. Таңдалған кестелер Деректер схемасы терезесіне кірістіріліп қойылады. "Кестені қосу "терезесін жабу.
Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша көрсеткішті Стипендия кестесінің кілттік Стип беру өрісінен Стипендия1 кестесінің Стип беру өрісіне жылжытып әкелу. Төменінде "Қатынас типі: "Анықталмаған" жазуы орналасқан "Байланыстар" атаулы сұхбаттық терезе көрінеді (12.3-сурет).
12.3-сурет. Байланыстар терезесі 12.4-сурет. Деректер схемасы терезесі
Терезенің "Берілгендер тұтастығын қамтамасыз ету" ауыстырып қосқышын орнатып, "Біріктіру "түймесін шерту. "Біріктіру параметрлері"сұхбаттық терезесі көрінеді.
Терезеде "Стипендияның барлық жазбалары мен Стипендия1-дің байланыстырылған өрістері бірдей жазбаларын біріктіру " ауыстырып қосқышын орнатып, ОК түймесін шерту. "Байланыстар " терезесі қайта көрінеді.
Оның Құру түймесін шерту. Кестелер сызық арқылы "Стип беру" өрістері бойынша байланыстырылып қойылады (12.4-сурет).
Ескерту. Сервис — Деректер схемасы командасын беріп, кестелер арасында байланыс орнатылғанына көз жеткізуге болады.
9-СӨЖ тапсырмалары
Тапсырма 1
Мәліметтер базасы терезесіндегі Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.
Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.
Бір кесте негізінде басылым жасау жолдарын қадамдарға сәйкес орындап шығу.
Алынған басылымды қарап шығу .
Тапсырма 2
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу және Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.
Бір кесте негізінде басылым жасау жолдарын қадамдарға сәйкес орындап шығу, бірақ мәліметтерді
топтастыруға көбірек көңіл бөлу. Алынған басылымды қарап шығу.
Мәліметтерді сұрыптауға көңіл бөле отырып басылым жасау. Алынған басылымды қарап шығу.
Сандық өрістер үшін нәтижелер шығаруға көңіл бөле отырып басылым жасау. Алынған басылымды қарап шығу.
Барлық алынған басылымдарды талдап шығу.
Тапсырма 3
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу және Басылымдар шебері (Мастер отчетов) режимін таңдау.
Бірнеше кестенің негізінде басылым жасау қадамдарын 1-тапсырмадағыдай етіп орындап шығу. Алынған басылымды қарап шығу.
Басылымдар жасау кезіндегі және 2-тапсырмадағы мүмкіндіктерді зерттеп шығу, бірақ мұнда басылым бірнеше кестелер негізінде құрылатын болсын. Алынған басылымды қарап шығу.
Барлық алынған басылымдарды талдап шығу.
Көшіру амалын қолданып мәліметтерді енгізу
Отырыр кітапханасы мәліметтер базасының Оқулықтар кестесіндегі кейбір мәліметтерді жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасының Менің оқулықтарым кестесіне көшірейік.
Microsoft Acces программасын іске қосыңыз.
Жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасын құрыңыз.
Конструктор режімінде жаңадан Менің оқулықтарым кестесін құрыңыз. Бұл кесте
келесідей өрістерден тұратын болсын:
өріс атауы өріс типі
Кітаптың аты мәтіндік
Кітаптың авторы мәтіндік
Баспасы мәтіндік
Шыққан жылы мерзім/уақыты
Кітаптың нөмірі мәтіндік
Көлемі сандық
Бағасы қаржылық
4. Тағы бір Accessті іске қосыңыз және ондағы Отырар кітапханасы мәліметтер базасын ашыңыз.
5.
Тізімнен Оқулықтар кестесін тауып, оны
кесте
режімінде ашыңыз.
Кестенің жоғарыда аталған өрістеріне сәйкес жазбаларын ерекшелеп алыңыз.
6. Ерекшеленген жазбаларды алмасу буферіне орналастырыңыз.
7. Менің кітапханам мәліметтер базасына өтіп, Менің оқулықтарым кестесіндегі бірінші жолын ерекшелеп алыңыз.
8. Сонан соң алмасу буферіндегі мәліметтерді қойыңыз. Экранда хабар пайда болады: Келесі жазбалар санын кірістіруге әрекет жасалуда:
9. Жазбалар қойылсын ба? Иә деп жауап беріңіз. Алмасу буферіндегі мәліметтер жаңа кестеге енгізіледі.
Тапсырма 1
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.
Автобасылым: бағанаға (Автоотчет: в столбец) режимін таңдау.
Бір кесте негізінде басылым жасау және алынған басылымды қарап шығу.
Тапсырма 2
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, Жасау (Создать) батырмасын басу.
Автобасылым: таспалық (Автоотчет: ленточный) режиміне кіру.
Бір кесте негізінде басылым жасау және алынған басылымды қарап шығу.
Тапсырма 3
Мәліметтер базасы терезесінде Басылымдар (Отчеты) парағына кіріп, бұрын жасалған басылымдардың бірін таңдап алып, Конструктор режиміне кіру.
Басылымға керекті өзгерістер енгізу, мысалы, қаріптің көлемін, фонның және әріптердің түсін, тақырыптың түрін өзгерту, сурет енгізу және т.б..
Алынған басылымды қарап шығу. Егер басылымның түрі қанағаттанарлықтай болмаса, тағы да өзгерістер енгізу.
Осы әрекеттерді басқа басылымдарға да қолданып шығу.
Тапсырма 4
Көп кестелі басылым құрылатын кестелерді таңдап алу.
Басты кесте үшін басылым жасау немесе бұрын құрылған басылымды қолдану. Бағынышты кесте үшін басылым жасау немесе бұрын құрылған басылымды қолдану.
2-қадамда құрылған басылымда бағынышты басылым орналастырылатын аймақ құру және қандай басылым шығарылатынын көрсету.
Алынған басылымды қарап шығу.
Конструктор режиміне кіру және құрылған көп кестелі басылымға қажетті өзгерістер енгізу. Алынған басылымды қарап шығу.
Көп кестелі басылым құруды басқа кестелер үшін де орындап шығар.
10-СӨЖ тапсырмалары
Жергілікті есептеу желісі дегеніміз не?
Компьютерлердің жергілікті желіге бірігуі қандай мүмкіндіктер береді?
Жергілікті желілерде ақпаратты тарату жылдамдығы қандай?
Жергілікті желі топологиясы дегеніміз не?
Жергілікті желілердің қандай типтері мен конфигурациялары бар?
Жергілікті желіде кабельдердің қандай типтері пайдаланылады?
Иерархиялық жергілікті желінің біртекті желіден айырмашылығы қандай?
11-СӨЖ тапсырмалары
Интернеттің негізгі қызмет баптарын атап шығыңдар.
Интернеткеқалай қосылуға болады?
Интернеттен информация алу қалай орындалады?
Internet Explorer 5.0 программасы көмегімен Интернеттегі мәліметтердің бірінен біріне қалай ауысуға (навигация жасауға) болады?
World Wide Web жүйесінде қалай информация іздеуге болады?
Интернеттен мәлімет алу жәнежөнелту істерінің ерекшеліктері қандай? Outlook Express программасының жұмыс ерекшеліктері ше?
Электрондық пошта деген не?
Электронды поштаны басқарудың негізгі принциптері қандай?
Электрондық пошта адресі қалай құрылады?
Электрондық поштаның әдеттегі поштадан қандай артықшылықтары бар?
Пошталық серверде сіз қандай электрондық пошта адресін қабылдай аласыз: mail.ru, rambler.ru, yandex.ru.
Телеконференцияға қандай түсініктеме бере аласыңдар ?
Желідегі сіз кіруге мүмкін болатын барлық компьютерлерге өзіңіздің компьютердегі Менің суреттерім бумасының мазмұнын көшіріңіз.
Өзіңіздің компьютердегі С: дискісіне кіру мүмкіндігін беріңіз, мүмкіндік тек оқуға, парольмен анықталынып берілсін. (Көрсетіңіз)
Өз компьютеріңіздің ІР адресін анықтаңыз (көрсетіңіз)
Ақпаратты тарату жылдамдығын анықтаңыз.
Ақпараттың өту бағытын анықтаңыз (көресіңіз)
Өз компьютеріңізді Internet-тегі ІР адресін анықтаңыз (көрсетіңіз)
www.rambler.ru, www.nursat.kz, www.abai.uni.sci.kz сервердегі ақпарат өту жылдамдығын анықтаңыз (көрсетіңіз)
www.rambler.ru, www.nursat.kz, www.abai.uni.sci.kz ақпарат өту бағытын анықтаңыз (көрсетіңіз).
12-СӨЖ тапсырмалары
Алгоритмдер және программалау тілдері.
Алгоритмдер (типтер, қасиеттер, беру тәсілдері).
Алгоритмдік құрылым (сызықтық, тармақталған, циклдік (қайталану).
Программалау тілінің жалпы қызметі.
Алгоритмдер және оларды талдау.
Негізгі программалық-эффективтік есептеу сұлбасы.
13-СӨЖ тапсырмалары
Ақпаратты қорғау ұғымына түсініктеме.
Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрамы.
Ақпараттық қауіпсіздік және оның классификациясы.
Ақпаратты қорғаудағы инженерлік техникалық әдістер, ұйымдастыру шаралары.
Зақым келтіруші программа және оның классификациясы.
Компьютерлік вирустардан қорғау әдістері.
Антивирустық қорғау құралдары.
Антивирустық программамен жұмыс істеу.
Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі.
Криптология ұғымының негізгі түсініктері.
Симметриялық және ассиметриялық жүйелер.
14-СӨЖ тапсырмалары
Мультимедия ұғымы.
Мультимедияның құрылғылары.
Мультимедияның қолданбалы программалары.
Мультимедиялық компьютердің аппараттық бөлігі .
Мультимедияның жұмысын ұйымдастыру және оның принципі.
Мультимедияның қауіпсіздігі мен электротұтыну стандарттары.
15-СӨЖ тапсырмалары
Ақпараттық-коммуникациялық технология түсінігі.
Мемлекеттік басқару тиімділігі және АКТ.
Электрондық үкімет (ЭҮ) анықтамасы.
Электрондық үкімет дамуының пайда болу концепциясы.
2005-2007 жылғы ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.
«Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетігі және оның негізгі бағыттары.
Қазақстанда АКТ-ның мемлекет басқаруға енгізілу үшін оның функционалдық жүйесі мен нормативті құқықтық негізі. Қазіргі кездегі заңдастырылған қорлар.
«Электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы.
Әкімшілік реформа және мемлекет басқару жүйесінің реинжинирингі.
