Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тәжірибелік жұмыстар және сөж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тәжірибелік жұмыс 3. Санау жүйелеріне амалдар қолдану.

ҚОСУ

Екілік сандарды қосу сәйкес разрядтардың цифрларын тасымалды есепке алып қосуға саяды. Екілік санды қосқанда, келесі төрт ереже қолданылады.

0+0=1 1+0=1

0+1=1 1+1=10

Мысал: Екі екілік 101+11 сандарын қосуды (ондық жүйеде бұл: 5+3=8) орындайық.

Жетпеген нөлдерді қосып, қосу амалын бағанда орындаған жөн

101

+011

Қосу процесін кезеңмен қарастырайық.

  1. Алдымен қосу кіші разрядта орындалады: 1+1=10. Қосындының кіші разрядына 0 жазылады да бірлік алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады.

  2. Келесі сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады: 0+1+1=10. Қосындыныің бұл разрядына 0 жазылады да, бірлік тағы да келесі разрядқа тасымалданады.

  3. Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады: 0+1+1=10 Бұл разрядта 1 жазылады, ал бірлік келесі үлкен разрядқа тасымалданады.

Нәтижеде

101

+ 011

1000

10002=810

АЗАЙТУ

Екілік сандарды азайту кезінде мыналарды есте сақтау керек:

0-0=0 0-1=1

1-0=1 1-1=0

Мысалы: 1010-101 екілік санның айырмасын табу. Кіші разрядтан бастап азайтуды бағанада орындаймыз:

1010

  • 101 - азайту процесін кезеңімен қарастырайық:

  1. Кіші разряд үшін 0-1 бар. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті аламыз және 10-1=1 –ді табамыз.

  2. Келесі разрядта 0-0 =0 болады.

  3. Сол жақтағы разрядта тағы да 0-1 болады. Үлкен разряжтан 1-ді аламыз және 10-1=1 – ді табамыз.

  4. Келесі разрядта 0 қалады.

1010

  1. -101

101 алынады.

КӨБЕЙТУ

Екілік санды көбейту ережесі:

0*0=0

1*0=0

0*1=1

1*1=1

Мысалы: 101*110 екілік санының көбейтіндісін табу.

101 Тексеру: 1012=1*22+0*21+1*20=5

110 1102=1*22+1*21+0*20=6

000

+101

101

11110

111102=1*24+1*23+1*221*21+0*20=16+8+4+2+0=3010

яғни 5*6=30

Көбейту кестесін кезеңмен қарастырайық:

1.Кіші разрядқа көбейте отырып, кесте бойынша 000 аламыз.

2.Келесі разрядқа көбейткенде, бір разряд солға жылжыған 101-ді аламыз.

3.Үлкен разрядқа көбейткенде де, тағы бір разряд солға жылжыған 101-ді аламыз.

4.Енді екілік сандарды қосу кестесін есепке ала отырып, қосамыз да, 111102 нәтижені аламыз.

Екілік жүйедегі көбейту кестесі тым қарапайым болғандықтан көбейту тек көбейгішті жылжыту мен қосудан тұрады.

1. Тапсырма: Санның негіз дәрежелерінің қосындысы түрінде жазыңыз:

1. 110101012= 6. 1101,011=

2. 111110102= 7. 0,1001012=

3. 101010112= 8. 11,101012=

4. 111001012= 9. 111,101002=

5. 111010012= 10. 101,100012=

2. Тапсырма: Сандарды екілік санау жүйесінен сегіздік санау жүйесіне аударыңыз:

  1. 111101100112 = 6. 1101010,11002=

  2. 1101101012 = 7. 1010110,01012=

3. 1101001102= 8. 11010,011012=

4. 101001102= 9. 1000,11012=

5. 10000112= 10. 11101,0012=

3. Тапсырма: Сандарды екілік санау жүйесінен оналтылық санау жүйесіне аударыңыз:

  1. 1111101010102 = 6. 101010101,110012=

  2. 11010101001112 = 7. 101010101,10101012=

  3. 100011101012 = 8. 1010111,010102=

  4. 10100110112 = 9. 11111,110002=

  5. 10010100112 10. 101,10110112

4. Тапсырма: Екілік сандарды қосыңыз:

1. 0110+0110= 6. 1101+0110=

2. 11001+10111= 7. 1010+011=

3. 10001+11101= 8. 10111+1011=

4. 11001+11100= 9. 111010+1110=

5. 11000+11101= 10. 110011+100011=

5. Тапсырма: Екілік сандарды азайтыңыз:

  1. 11010-01101= 6. 10111-1001=

  2. 1101-0110= 7. 111011-11001=

  3. 1101-111= 8. 10111-11100=

  4. 10001-1011= 9. 11110-1001=

  5. 11011-1001= 10. 101011-10111=

6. Тапсырма: Екілік сандарды көбейтіңіз:

1. 1011110= 6. 1101101=

2. 11001111= 7. 1010101=

3. 010110= 8. 10001111=

4. 1000101= 9. 11101001=

5. 101111100= 10. 11011100=

Сұрақтары:

1. Екілік сан дегеніміз не?

2. Екілік санның әрбір разрядын не деп атаймыз?

3. Санды екілік жүйеден ондық санау жүйесіне қалай ауыстырамыз?

4. Ондық он бөлшек екілік санау жүйесіне қалай ауыстырылады?