Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Lektsia_tezisteri.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215 Кб
Скачать
☆

2 Тақырып: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру.

Жоспар:

1. Прокуратура органдарының жүйесі, ҚР Бас прокуратура.

2. Облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралары.

3. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралары.

4. Мамандандырылғаң прокуратуралар.

5. Прокурор лауазымына тағайындалатын тұлғаларға қойылатын талаптар.

1. ҚР-сы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардын прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралары, аудан аралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

ҚР-ның прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғарғы бөлегі болып табылады және барлық прокуратура органдарына және оның мекемелеріне басшылық жасайды. Бас прокуратураны «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 12-бабына сәйкес ҚР-ның Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Бас прокурорының ұсынымы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілері болып табылатын бастықтар басшылық ететін департаменттер, басқармалар және бөлімдер құрайды. Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады.

«Прокуратура туралы» ҚР Заңының 12 бабына сәйкес Бас прокуратура:

1) Республика прокуратура органдарының іс-қималдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді;

2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;

3) прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) Республика прокуратура органдарының жұмысын бақылайды;

5) заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады;

6) кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүргізеді;

7) норма шығарушылық қызметіне қатысады;

8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.

ҚР Бас Прокуроры ҚР прокуратура органдарының барлық жүйесін және мекемелеріне және ҚР Бас прокуратурасына тікелей басшылық жасайды. ҚР Бас Прокуроры Парламент Сенатының келісімімен Республика Призиденті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен Республика Призиденті босатады. Жыл сайын ҚР Президентіне заңдылықтың жай-күйі елдегі құқықтық тәртіп туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндайды.

Республика Бас Прокурорының өкілеттігі:

  1. Республика аумағында заңдар мен Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады, төменгі прокуратуралардың қызыметіне басшылық етеді;

  2. Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге қабылданған органдар мен лауазымды адамдарға наразылық жасайды;

  3. Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып табылады;

  4. Прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерін құрады, қайта құрады және таратады;

  5. Облыстардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды, әскери прокурорларды, олардың орынбасарларын, аудандардың, қалалардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  6. Прокуратура органдарының кызметкерлерінің қару мен оқ-дәрі алу, сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртібін айқындайды;

ҚР Бас прокуроры болмаған кезде немесе өз міндеттерін орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда оның міндеттерін бірінші орынбасары орындайды. Егер ол да болмаған жағдайда немесе қандай да себептермен ҚР Бас прокурорының міндеттерін орындау мүмкін болмағанда, оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.

2. Облыстардың прокуратураларына және оларға теңестірілген прокуратураларға Республика Президентінің келесімімен Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзімге тағайындайтын тиісті прокурорлар басшылық етеді. Облыс прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады. Облыстардың прокурорларының орынбасарлары облыстық прокуратуралардың тиiстi басқармаларының бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн. Облыстардың прокуратураларында басқармалар мен бөлімдер болады. Басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар прокурорларының аға көмекшiлерi және көмекшiлерi болып табылады.

Облыстардың прокурорлары облыстық, қалалық, аудандық прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық жасайды және қарамағындағы барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар шығарады.

3. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры бес жыл мерзімге тағайындайтын тиісті прокурорлар басшылық етеді. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшілері болады. Қалалық, аудандық прокуратураларда бөлімдер құрылуы мүмкін.

Облыстық прокурор, облыстық, қалалық, аудандық прокуратуралардың прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық жасайды. Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлге прокуратураларға Республиканың Бас прокуроры бес жыл мерзiмге тағайындайтың тиiстi прокурорлар басшылық жасайды.

4. Мамандандырылғаң прокуратураларға әскери, көлiк (темiр жол, су, әуе көлiктерiнде), табиғатты қорғау прокуратуралары жатады.

Әскери прокуратура құрамын Бас әскери прокуратура, әскери округтiк прокуратуралар, гарнизондар прокуратуралары, қала және аудан прокуратураларына теңестiрiлген бiрiккен және қосылған әскери прокуратуралар жатады.

Әскери прокуратура органдарын ҚР Бас прокурорының орынбасары – Бас әскери прокурор басқарады. Оны ҚР бас прокурорының ұсынуы бойынша ҚР Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқа қалған әскери прокурорларды Бас әскери прокурордың ұсынуы бойынша ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.

Көлiк прокуратуралары темiржол басқармасының құрылымына және көлiктер жүйесiне сәйкес, сондай-ақ көлiктегi iшкi iстер құрылымы есебiнен ұйымдастырылады.

ҚР прокуратура органдарының жүйесiнде облыстық прокуратуралар құқысында: Оңтүстiк-Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтық көлiк прокуратуралары жұмыс iстейдi.

5. «Қазақстан Республикасы Прокуратурасы туралы» Заңда, ҚР – сы Бас прокуроры бұйрықтарында және басқа нормативті – құқықтық актілерде прокуратура органдары қызметкерлеріне прокурор лауазымына тағайындалатын тұлғаларға кәсіби және адамгершілік - әдептілік талаптары қойылған.

Прокурор лауазымына тағайындалатын тұлғаларға қойылатын талаптар:

  • ҚР – сының азамттығы;

  • Жоғары заңды білімі;

  • Іскерлік және моральді сапалары;

  • Денсаулығына байланысты прокуратура органдарында қызметке жарамдылығы.

Прокуратура органдары қызметкері лауазымына тағайындағанда сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.

Прокуратура органдарына қызметке бұрын сотталған, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған, сонымен қатар мемлекеттік қызметтен, прокуратура органдарынан теріс қылықтарымен жұмыстан босатылған, басқа да құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жұмыстан босатылған тұлғалар қабылданбайды.

Прокуратура органдарына қызметке кіру үшін азаматтар міндетті арнайы тексеруден өтуі тиіс.

Әдебиет:

1.ҚР – ның «Прокуратура туралы» Заңы 21.12.1995 ж.

2.ҚР – сының прокуратурасы туралы нормативтік – құқықтық актілер жинағы 1997 ж.

3.1997 жыл 17 ақпанда ҚР – сы Бас Прокурорының № 2 бұйрығымен бекітілген әскери прокуратура туралы ереже.

4.Прокуратура органдарында қызмет атқару ережесі, ҚР – сы прокуратура қызметкерлерінің сыныптық шендері және әскери атақтары туралы 1992 ж.

5.ҚР – сы Бас прокурорының 1997 жыл 10 шілдедегі «Көлік прокурорлары жұмысын ұйымдастыру туралы»№ 18 бұйрығы.

6. ҚР – сы Бас прокурорының 2001 жыл 11 қазандағы «Қызметтік этика кодексін бекіту туралы» бұйрығы.

7.Акпарова Р.Н. ҚР–сы прокуратура органдары. Алматы «Данекер» 2000 ж.

8.Жүрсімбаев С.К. Қазақстандағы прокурорлық қадағалау: Оқулық – Алматы 2004 жыл.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бас, облыстық, аудандық прокурорлардың негізгі өкілеттігі қандай?

2.Әр түрлі деңгейдегі прокурорларды тағайындау тәртібі қандай?

3.Қандай мамандандырылған соттарды білесіздер?

4.Бас, облыстық және аудандық прокурорлар лауазымына үміткер тұлғалар қандай талаптарға сәйкес келуі керек?