- •Дәрістердің тезистері
- •1 Тақырып: Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың түсінігі, маңызы мен міндеттері.
- •2 Тақырып: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру.
- •3.Тақырып: Прокурордың құқықтық актілері.
- •6Тақырып: Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру.
- •7 Тақырып: Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау
7 Тақырып: Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау
Дәріс мақсаты: Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды, оның негізгі бағыттарын, аталған қадағалау бойынша студенттерге мазмұнын түсіндіру.
Жоспар:
Қылмыстық жазаның орындалу заңдылығын қадағалаудың мәні және мазмұны. Аталған қадағалауды жүзеге асыруда прокурордың өкілеттілігі.
Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалаудың мәні және мазмұны, оның негізгі бағыттары. Прокурор өкілеттілігі.
1. Қылмыстық жазаның орындалу заңдылығын қадағалаудың мәні болып:
- Сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығы
- Аталған мекемелерде сотталғандарды ұстаудың заңда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы
- Бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазалардың атқарудың заңдылығы.
Қадағалау мақсаттары (нысандары):
1. ҚР – сы ҚАЖК-нің органдары мен мекемелері
2. Қылмыстық атқару Инспекциялары
3. Тәртіптік әскери бөлімдер
4. ҚР – сы денсаулық сақтау Министрлігінің психиатриялық стационарлары
Прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың міндеттері:
- Мекемелерде азаматтардың сотталушы жағдайында заңсыз болуын анықтау;
- Азаматтарды ұстаудың заңды тәртібін бұзуды анықтау және ескерту;
- Азаматтардың құқық бұзушылықтарын ескерту және анықтау;
- Қаулылар, бұйрықтар, өкімдерінің күшін жоюға шара қолдану.
Қылмыстық жазаның орындалуын заңдылығын қадағалау келесі бағыттарда жүзеге асады:
- Сотталғандардың және қамаудағы айыпталушы, күдіктілердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мүлтүксіз сақтау, соның ішінде әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмағандардың да;
- Қылмыспен күресуге арналған заңды қолдану;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылық талаптарын сақтағанда;
- Есірткі заттарын заңсыз айналымға шығаруға, ұйымдасқан қылмысқа қарсы, экстремизм және терроризмге қарсы күрес заңдарын қолданғанда;
- Сотталғандарды ұстауға бөлінген қаржыны мақсатты жұмсау заңдылығын сақтауда.
Прокурор қадағалауы сот тағайындалған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы бас бостандығынан айыру органдарында, басқа мекемелерде, тексеру жүргізу арқылы жүзеге асады.
Тексеріс тек қана өкілеттік шеңберінде және 1 ай мерзім ішінде жүргізіледі. Тексеру тағайындаған прокурор қажетті болған жағдайда жоғарғы тұрған прокурордың келісімі мен тексеру жүргізуді ұзарта алады. Тексеру туралы қаулымен тексеру алдында тексеру нысанының басшысы таныстырылады.
Тексеріс барысында прокурорға анықтау қажет:
- Сот тағайындалған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығы;
- Сотталғандарды ұстау тәртібінің түзеу мекемелеріне сәйкестігі;
- Жазаны өтеу заңдылығы талаптарын сақтау /материалдық тұрмыстық қамтамасыз ету, медициналық санитарлық жағдайы/;
- Бас бостандығынан айырылған сотталушыларды еңбекке тартуда, және кәсіптік біліммен қамтамасыз еткенде,еңбек қәуіпсіздігі ережесінің заң талаптарын сақтау;
- Жазаны орындау органдарында қылмысқа қарсы күресте және басқа құқықбұзушылық пен күрес жағдайы;
- Сотталғандардың арыз және шағымдарын қарау тәртібі туралы заңдылық талабын түзеу мекемелері әкімшілігі мен сақтауды;
- Түзеу мекемелері әкімшілігінің қаулы, өкім, бұйрықтарының заңдылығын;
- Жазаны өтеп болған сотталғандардың еңбекке, және тұрмыстық орналасуына түзеу мекемелері әкімшілігі тарапынан міндеттердің орындалуын.
Қылмыстық жазаның орындалуы заңдылығын қадағалай отырып прокурор құқықты:
Адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейiрбандық тұрғыдан қарау жөнiнде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бiрыңғай қолданылуын талап етуге;
Сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерiнде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;
Ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;
Осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негiз болған құжаттарды талап етуге;
Мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерiнде заңсыз отырған әрбiр адамды өзінің қаулысымен дереу босатуға;
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды бұза отырып, қолданылған тәртiптiк шаралардың күшiн жоюға, оларды өз қаулысымен айыптық изолятордан, камералық үлгiдегi орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;
Заңда белгiленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң актiлерiн санкциялауға хақылы.
2. Орындау өндірісінің заңдылығын қадағалаудың мәні болып – азаматтық істер бойынша сот шешімдерінің орындалуының заңдылығы болып табылады.
Атқарушылық іс жүргізудегі заңдылықты қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асыруының бағыттары болып:
Атқару ісі жүргізу процессінде мемлекеттің және заңды тұлғалардың, азаматтардың конституциялық құқықтары және мүдделерін сақтауды қадағалау;
Атқару ісін жүргізу органдарымен және лауазымды тұлғалармен атқару ісі туралы заңдылықтың біркелкі және тікелей қолданылуын қадағалау;
Сотта атқару ісі органдарының және лауазымды тұлғалардың сот актілерінің даулау әрекеттінің заңдылығын қадағалау.
Қадағалаудың осы түрінің негізгі міндеті болып – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталған жағдайда азаматтық істер бойынша сот актілерінің дұрыс және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің және заңды тұлғалардың, азаматтардың атқару ісі аясында құқықтарын шектелуі заңдылығының кез келген түрін прокурор, прокурорлық қадағалау шараларымен қайта қалпына келтіруге міндеттті.
Прокурор сот орындаушылары өндірісіндегі, заң бойынша атқару әрекеттерін жасау мерзімі өтпеген атқару істерін прокуратураға келіп түскеннен кейін 5 күн ішінде оқып зерттейді. Атқару істерін тексеру барысында, прокурор атқару әрекеттерінің сот орындаушылармен уақытында және толық орындалуын тексереді, бюджетке мемлекеттік бажды өндіріп алу шараларын тексеріп, сот орындаушысының, өз өкілеттігі шегінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қарызгерлерге іс қозғауын тесереді.
Әдебиет:
1.ҚР – ның Қылмыстық Атқару Кодексі 13.12.1997 ж.
2.ҚР – сы Бас прокурорымен 2005 жыл 04 қарашада № 42 бұйрығымен бекітілген «Азаматтарды қалпына келтіру және жазаны орындау заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы» нұсқамасы.
3. ҚР – сы Бас прокурорымен 2002 жыл 27 желтоқсанда № 79 бұйрығымен бекітілген «Атқару ісі заңдылығын прокурорлық қадағалау туралы» нұсқамасы.
4. Жүрсімбаев С.К. Қазақстанда ғы прокурорлық қадағалау: Оқулық – Алматы 2004 жыл.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Қылмыстық жазаның өтелу заңдылығын қадағалаудың мәні болып не табылады?
2.Атқару ісі заңдылығын қадағалаудың мәні болып не табылады?
3. Атқару ісі заңдылығын қадағалаудың негізгі бағыттары қандай?
4.Түзеу мекемелерінде тексеру жүргізудің тәртібі қандай?
5. Атқару ісі заңдылығын қадағалаудағы прокурордың өкілеттігін атаңыз?
Тақырып 8 Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалау.
Дәріс мақсаты: Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалаудың мазмұнын, оның негізгі бағыттарын, прокурордың әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігін, әкімшілік іс жүргізуші органдардың тексеріс жүргізу тәртібін студенттерге түсіндіру.
Жоспар:
1.Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалаудың мазмұны мен мәні.
2.Прокурордың әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі.
3.Әкімшілік құқық бұзушылық ісіне прокурордың қатысуы.
1. Бұл қадағалау тармағының басты бағыттары болып мемлекеттің және азаматтардың конституциялық және басқа да құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Қадағалудын мақсаты:
1) Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде, сондай-ақ iстердi қарау мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазалау шараларын белгiлеген кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;
2) Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру;
3) Азаматтардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде жүргiзiлген iстерге байланысты кез келген актiге шағымдану құқығын қамтамасыз ету; 4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кiнәлi адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады.
Қадағалаудың мәні болып - әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде, сондай-ақ iстердi қарау мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазалау шараларын белгiлеген кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуы болып табылады.
ҚР Конституциясының 83 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық істерде заңдардың біркелкі қолданылуын мемлекет атынан жоғарғы қадағалау тікелей ҚР Бас прокурорымен, және оған бағынышты прокурорлармен жүзеге асырылады. Қадағалау тексеруі барысында прокурорлар әкімшілік шараларды қолдануда, ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына көңіл бөледі. Әкімшілік жаупкершілікке заңсыз тартылған деректері анықталған жағдайда прокурор жауапты тұлғалардың жазалануын қамтамасыз ету шараларын қарастырып, заңсыз актінің күшін жоюға әрекет жасайды.
2. ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 41 бабына сәйкес әкімшілік істер заңдылығын қадағалай отырып прокурор құқылы:
1) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар мен iстердi талап етуге;
2) құзыретiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мен жаза қолдану кiретiн лауазымды адамдар мен органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарауға;
3) азаматтарды әкiмшiлiк ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа ықпал етудiң өзге де шараларының негiздiлiгiн тексеруге; 4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге; 5) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге; 6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi қозғауға; 8) заңда көзделген басқа да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.
Әкімшілік іс жүргізу ісіндегі заңдылықты прокурормен қадағалау органдарда тексеру жүргізу арқылы жүзеге асады.
Тексеру барысында прокурор құқылы:
- Жүргізіліп жатқан тексеру мәселелері бойынша азаматтарды және лауазымды тұлғаларды, және олардан түсінік алуға.
- Мемлекеттік орган және барлық меншік иелері үй жайына, ғимаратына қызметтік куәлігін көрсету арқылы кедергісіз кіруге.
- Басшылардан және басқа да лауазымды тұлғалардан заңдылықты сақтаудағы және оны қамтамасыз етудегі қажетті құжаттар, және басқа ақпар алуға
Мамандарды тексеру жүргізіп қорытынды беруге тартуға.
Тексерiс нәтижелерi бойынша прокурор:
1) сотқа, өзге өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулына наразылық енгiзуге;
2) уәкiлдi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) iске қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;
3) уәкiлдi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе қарауындағы ұйымдарға тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) заңмен белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға; 6) әкiмшiлiк жолмен заңсыз ұсталған адамды босату туралы қаулы шығаруға; 7) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiк құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда өз мiндеттерiн орындауға байланысты өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шараларды алып тастау туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға хақылы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісінде заңдылықты қадағалауды жүргізу прокурордың негізгі қызметтері болып табылады.
3. Қадағалауды жүзеге асыруда прокурордың негізгі міндетті - әкімшілік құкық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде прокурордың қатысуы болып табылады. Прокурор істер бойынша сот талқылауына міндетті түрде қатысуы керек:
-бұл заңмен қарастырылған жағдайда;
-сотпен және жоғары тұрған прокурормен қажетті жағдайда мойындалғанда;
-өздерімен қозғалған істер жөнінде;
-мемлекет мүддесі мен оның қауіпсіздігі жөнінде қозғалған істер жөнінде;
-сыбайлас жемқорлық құқык бұзушылықтар жөніндегі істер жөнінде;
-сайлау құқығына, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, қоғамдық қауіпсідік пен адамдардың денсаулығына қол сұғатын құкық бұзушылықтар туралы істер жөнінде, сол сияқты қоршаған ортаны қорғау, салық салу, кеден ісі салаларындағы құқық бұзушылықтуіралы істер жөнінде;
-кәмелет жасқа толмаған жастарға қатысты істер жөнінде;
-тұтқындауға тиісті құқық бұзушылықтар жөнінде.
Бұдан басқа, қорғаушы қатысатын істер бойынша (ӘҚБК 589 бабының тәртібімен) прокурор міндетті түрде қатысуы керек. Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде прокурор іс жүргізуге катыса отырып:
-дәлелдемелерді ұсынады және оларды зерделеуге қатысады;
-қандай да бір адамға қатысты жүргізілген істің кінәлі тұлғасы туралы өзінің пікіріп сотка, органға, лауазымды адамға, істі қараушыға баяндайды, сол сияқты істі карау кезіндегі процесте туындаған басқа да мәселелер бойынша баяндайды;
-заңның ережелерін қолдану және әкімшілік жаза қолдану немесе одан босату туралы ұсыныстар жөнінде пікір айтады.
Камелетке толмағандар тарапынан жасалған және әкімшілік тұтқындауға құштарлы құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастыру орны мен уақыты жөнінде прокурорға хабарлау қажет.
Мұндай ісіер прокурор қатысатын жағдайда, тек қана егер ісіті карау орны ме уақыты туралы прокурорға дер уақытында хабарлау туралы деректер болмаса және прокурордан істі қарауды кейінге қалдыра тұру туралы өтінішхат түспеген жағдайда қарастырылады.
Істі қарауды прокурордың катысуынан тәуелсіз сот актісі заң күшіне енгенге дейінгі мерзімде прокурор І-ші сот инстанциясымен шығарылған барлық сот шешімдерінің, актілерінің заңдылығын тексеру міндетті. Заңсыз сот актілері анықталган кезде шаралар қолданады және наразылық келтіреді. Әкімшілік істер бойынша дәлелсіз тоқтатылған істер жөнінде және жауаптылығынан сотпен дәлелсіз босатылыған тұлғалар жөнінде прокурор дер уақытында шаралар қолдану қажет.
Наразылық үшін жауаптылық прокуратураның басшылығына жүктеледі.
Сот актісінен тұратын зандылықты тексеру корытындылары бойынша прокуратура басшылыгымен бекітілген дәлелді корытындылар құрастырылады. Егер тексеріс барысында дөрекі заң бұзушылықтар анықталса кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешіледі.
Заң күшіне енбеген сот актілерін сотпен қайта қарау кезінде, сол сияқты наразылықтар бойынша қайта қарау кезінде барлық әкімшілік істер бойыша прокурордың қатысуы міндетті.
Заң күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларға прокурор навразылық келтіруге құқығы бар.
Шешім шығарған органға, сотка наразылық тікелей келтіріледі, ал сот (орган) 3 күннің ішінде істін барлық материалдарымен бірге наразылықты оларды қарауға уәкілетті жоғары тұрған сотқа жолдауға міндетті.
Наразылық сотқа немесе жоғары тұрған органға тікелей келтірілуі мүмкін.
Қаулы көшірмесін алған күннен бастап наразылық 10 күн ішінде келгірілуі керек.
Әкімшілік тұтқындау түрінде жаза қолдану туралы соттың қаулысына наразылық қаулының көшірмесін атан күиі сотқа жолданылады. Наразылық келтірілген жағдайда наразылықты қарап шықканға дейін каулының орындалуы тоқтатыла тұрады. Наразылык түскен күнінен бастап 10 күн мерзімде карастырылуы қажет.
Егер, тартылған тұлға жазаны өтсе, әкімішілік тұтқындау туралы қаулыға наразьлықты берген уақыттан бастап 1 тәулікте қарастырылуы қажет.
Егер, сотпен шығарылган әкімшілік тұтқындау қаулысына наразылық келтірілсе оның әрекеті тоқтатылмайды. Кейбір жағдайларда қаулының әрекеті наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтатылады.
Заң күшіне еңген каулылары облыс прокурорлары, оларга теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары наразьлық беруге құкығы бар.
Істі қайта қарау, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаның жағдайы төмендетуге жіберілмейді.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалаудың мазмұны мен мәні түсіндіріңіз.
2.Прокурордың әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі атап көрсетіңіз.
3.Әкімшілік құқық бұзушылық ісіне прокурор қандай сұрақтар бойынша қатысады.
