Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет.рек.ОМФ.кз.2012-13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
896 Кб
Скачать
☆

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: Жалпы медицина

Пәні: Жалпы иммунология

Кафедра: Иммунология, клинико-зертханалық және визуальды диагностика кафедрасы

Курс: 3

Тақырыптар: № 14-17

Құрастырушы:

доцент, м.ғ.к. ________ Сагиева Е.Я.

Семей – 2012 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

№ хаттама

«____» _________ 2012ж

Кафедра меңгерушісі, м.Ғ.Д. Жетписбаева х.С. _________________

1. Тақырып №14: Атопиялық аллергияның патогенезі, лабораторлы диагностикасымен клиникалық мысалдары. Анафилактикалық шоктың патогенезі.

2. Мақсат: Студенттердің атопия мен анафилактикалық шоктың патогенезін, негізгі клиникалық көріністері туралы ғылыми тұрғыда білімдерін қалыптастырып бекіту.

3. Оқыту мақсаты: Студенттерге атопия мен анафилактикалық шоктың патогенезімен негізгі клиникалық көріністерін қазіргі тұрғыда таныстыру. Атопияның лабораторлы диагностикасының әдістерін үйрету.

Студент білуі керек

  1. Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдық механизмінің жіктелуі

2. Атопиялық аллергияның патогенезімен клиникалық көріністері

3. Атопияның лабораторлық диагностика принцптері

4. Анафилактикалық шоктың принцптері

  • Жоғары сезімталдық туралы түсінік, аллергиямен иммунитеттің ара қатынасы

  • Аллергендердің түрлері, олардың жіктелуі

  • Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдық механизмінің жіктелуі

  • Атопиялық аллергияның негізінде жатқан иммундық механизмдер

  • Атопиялық аллергияның клиникалық көріністері

  • Атопияның лабораторлық диагностика принцптері

  • Анафилактикалық шоктың патогенезі

Студент істей білуі керек

  • Аллергиялық реакцияның мағынасын, олардың даму жағдайын түсінуде алған білімдерін қолдану.

  • Аллергиясы бар науқастардың лабораторлы көрсеткіштерін интерпретациялау Ғылыми және медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өздігінен

жұмыс істей алу қажет

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Атопиялық аллергияның патогенезі.

  2. Атопиялық аллергияның клиникалық мысалдары.

  3. Атопиялық аллергияның диагностикасы.

  4. IgE-нің атопияның патогенезіндегі ролі.

  5. Тұқым қуалаушылықтың атопиялық аллергиядағы манызы.

  6. Анафилактикалық шоктың патогенезі, оның профилактикасы.

  7. Аллергияның диагностикасындағы лабораторлы тәсілдер.

  8. Атопиямен анафилаксияның ұқсастығы мен айырмашылығы.