Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпоративтік қаржы УМК (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.2 Дәріс сабақтарының конспектісі

1- тақырып. Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржылық ортасының мазмұны.

  1. Корпорация қаржының мәні.

  2. Корпорация қаржыларын ұйымдастыру қағидалары.

  3. Корпорация қаржылық механизмдері.

  4. Корпорацияның ішкі және сыртқы фирманың орталарын қалыптастыру

Корпорация қаржысы- қаржы жүйесінің бірден бір құрамдас бөлігі болып табылады. Ол елдегі ақша қатынастарының ең маңызды саласын қамтып отырғандықтан қаржының негізгі және бастапқы бөлігін көрсетеді. Жалпы, корпорация қаржысы материалды-өндірістік қатынастарды қамтиды. Онда ЖІӨ, Ұлттық табыс және ұлттық байлық құрылады.

Корпорация қаржыларының бар болуы, мемлекет қаржысы сияқты Т-А қатынастарының болуымен және экономикалық заңдардың жүргізілуімен байланысты. Т-А қатынастары қоғамдық еңбек бөлінісімен және меншіктің әр түрлі фомаларымен алдын ала анықталған.

Корпорация қаржылары ұлғайтылған қайта өндіріс процессінің негізгі жақтарын ақша түрінде көрсетеді. Олар ақшалай кірістерді үйлестіру мен қолдану үшін және экономикалық салалардың келешек өркендеуі үшін ақшалай кірістерді жинақтауда қолданалынады. Экономика өндірістік және шаруашылық ұйымдарды тұрақты да мықты қаржысыз ұлғайта алмайды.

Корпорацияның қаржысы басқару жүйесіндегі экономиканың басты құралы болып табылады.

Корпорацияның қаржылық қатынастары экономикалық мазмұнына қарай келесі бағыттар бойынша топтастырылады;

  • кәсіпорының жарғылық капиталын құру кезіндегі ұйымдастырушылар арасында пайда болады.

  • өнім өндіру және өткізумен байланысты ұйымдар мен кәсіпорындар арасында ;

  • акциялар мен облигацияларды шығарғанда, облигациялар бойынша пайыздар төмендегенде, және акциялар бойынша дивиденттер алынғанда, табыстарды бөлу мен пайдалану кезінде кәсіпорын мен кәсіпорын жұмысшылары арасында

  • салықтар мен басқада бюджеттік төлемдер кезінде пайда болатын кәсіпорын мен мемлекеттік қаржы жүйесі арасында;

  • коммерциялық банктерде ақша сақтау кезінде, ссудаларды алу мен өтеуде, несие үшін пайыздарын өтеуде, валюталарды сату мен сатып алғанда және басқа да банктік қызмет көрсетулерде пайда болатын кәсіпорын мен банктік жүйе арасында.

Экономистердің көпшілігі кәсіпорынның қаржысы 2 негізгі қызметтерді атқаратынын мойындады. Олар бақылау және бөлу функциялары. Екі функциялар бір – бірімен тығыз байланысты болып келеді.

Бөлу функциясының көмегімен ұйымдастырушылардың салымдары арқылы алғашқы капитал құрылады.

Ал бақылау функциясына өнім өндіру мен өткізуге кететін шығындарды есептеу, жұмысты орындау, табыстың және кәсіпорынның ақша қорларының құрылуы мен пайдалануы жатады.

Шаруашылық дербестілік қағидасы - кәсіпорыннің өз бетінше өзінің экономикалық іскерлігін анықтайды. Нарық экономикада кәсіпорындар құқығы, коммерциялық іскерлік, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялар құқықтары да кеңейген. Өзін өзі қаржыландыру қағидасы өнім өндіру мен өткізу шығындарының толықтай өтімділігін білдіреді. Бұл қағиданы өткізу - кәсіпкерлік қызметтің негізгі шарттарының бірі болып саналады. Ол кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз етеді.

Дамыған нарықтық елдерде өзін-өзі қаржыландырудың меншікті қаражаттарының салыстырмалы салмағы 70/ -ға дейін жетеді.

Материалды жауапкершілік қағидасы шаруашылық қызметтің жүргізілуі мен нәтижесіне белгілі бір жауапкершілік жүйесінің болуын білдіреді. Бұл қағиданың іске асуын қаржыландыратын әдіс әр кәсіорынның бөлімдері үшін, олардың басқарушылары мен жұмысшылары үшін әр түрлі болады. Нәтижесіз қызмет кезінде кәсіорын банкроттылыққа ұшырауы мүмкін.

Қызмет нәтижесінде қызығушылық қағидасының объективті қажеттіліг кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты –табыс табумен анықталады. Шаруашылық қызметтің нәтижелілігіне қызығушылық тудыратындар кәсіорын жұмысшылары, кәсіорынның өзі, және бүтіндей мемлекеттің өзі болып табылады.

Қаржылық резервтерді қаржыландыру қағидасы кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ету үшін қаржылық резервтердің құрылу қажеттілігімен байланысты.

Қаржы жүйесінде екі қосалқы жүйені бөліп көрсетуге болады, яғни орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылар.

Орталықтандырылған қаржы деп- бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік бюджеттік жүйеде шоғырланған мемлекеттің ақшалай қаражат қорын пайдалану және қалыптастырумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Орталықтандырылмаған қаржы деп шаруашылық жүргізуші субъекттердің ақша қорларының ауыспалы айналымын жанамалайтын ақшалай қатынастарды айтады. Орталықтандырылмаған қаржыларға үй шаруашылығының қаржылары (азаматтардың үй шаруашылығы) жатады.

Еліміздің қаржы жүйесі үш қосалқы жүйені құрайды:

- мемлекеттік қаржы;

- кәсіпорындардың қаржысы;

- үй шаруашылықтарының қаржысы.

Мемлекеттік қаржы негізін бюджеттен тыс және басқа да арнайы қорларының, жалпымемлекеттік және облыстық бюджеттің жүйелері құрайды.

Кәсіпорын қаржысының мақсаты- ағымдық өндіріс қызметі және дамуды қамтамасыз ету процесінде пайдалану мақсатындағы қаржы ресурстарының қажетті көлемін қалыптастыру.

Кәсіпорынның ақшалай қатынастар жүйесі келесі қатынастарды қамтиды:

  • Кәсіпорын ресурстарын (материалдар, жабдықтар, отын, жұмыстар, қызметтер) жеткізу жайындағы, сатып алушыларға дайын өнімді жеткізу және оның төлемін жақсарту жайындағы контрагенттермен қатынас;

  • Еңбек келісім-шартында қарастырылған еңбекақысы және басқа да төлемдер жайындағы өзінің жұмысшыларымен қатынас;

  • Жарғы капиталын қалыптастырудағы, сонымен қатар оларға кіріс төлеу жайындағы кәсіпорын иелерімен қатынас;

  • Заңда қарастырылған салықтық және басқа да төлемдер жайындағы мемлекетпен қатынас;

  • Кәсіпорынның депозиттік жұмсалым және қаржы құралдары, кредиттері жайындағы банктермен және басқа да қаржы-кредиттік ұйымдармен қатынас.

Өндіру және өткізу процестеріне жақсы ықпал етуі үшін және берілген капитал ауқымында мүмкін болатын жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін өзінің күнделікті қызметінде кәсіпорын өз котрагенттерімен жүргізілетін қатынастарын құруы керек және пайдалануы керек.

Кәсіпорын қаржысы - қаражат кірісі мен жинақтарын үлестірумен және қалыптастырумен байланысты болатын ақшалай қатынастар жиынтығы. Ақша Негізінде кәсіпорынның жеке құралдарын, сонымен қатар шығындарын қалыптастыру, қарызға берілетін шаруашылық қызметтерін қаржыландыру көздерін тарту, қызмет нәтижесінде пайда болған кірісті үлестіру және оны әртүрлі мақсаттарға пайдалану секілді жұмыстар жүргізілгенде ғана кәсіпорынның қаржылық қатынастары туындайды.

Кәсіпорынның мемлекеттік органдармен, яғни салық жүйесімен, бюджетпен, банктер және кредит мекемелерімен, сақтандыру компанияларымен, жеткізушілер және сатып алушылармен жүргізілетін қатынасы қаржы ресурстарын пайдалану жолымен қалыптасады.

Шаруашылықтың ұйымдастырушы- құқықтық формаларына байланысты оның негізгі көздері мыналар болып табылады:

- акционерлік капитал;

- үлестік жарналар;

- ұзақ мерзімді кредит;

- бюджет құралдары.

Қызмет етуші кәсіпорындардағы қаржы ресурстары меншікті (ішкі) көздер, яғни, табыс, амортизациялық аударым, үнемі кәсіпорынның басқаруындағы кредиторлық берешек және қарыз (ішкі) құралдары, яғни бюджеттік демеуқаржы, банктік және коммерциялық кредиттер, қарыздар есебінен құралады. Қаржы ресурстарының көздеріне қайыр- садақа беру, қайырымдылық жарналары, сақтандыру жарналары, демеуші жарналардың есебінен түскен қаражат құралдары жатады.

Үй шаруашылығы қаржысының негізін жеке жанұялардың қаржысы құрайды. Олардың мақсаты- отбасы бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру және ағымдағы тұтыну және қор жинау мақсатында осы кірістерді қолдану.

Сонымен қатар, қор жинауға бағытталған қаржы құралдары кіріс аспаптарының әр түріне жұмсалуы мүмкін.

Кәсіпорын қаржысы елдің экономикалық және социалды дамуының тиімділігін қамтамасыз етуде маңыздылығы зор. Бұл маңыздылығын келесіден көруге болады:

- мемлекетке шоғырландырылған және әртүрлі қоғамдық қажеттіліктерді қаражаттандыру үшін қолданылатын қаржы ресурстары Негізінен кәсіпорын қаржысының есебінен қалыптасады;

- фирмалар қаржысы тауар мен қызмет көрсету сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған өндіріс процесінің үзіліссіз болуын қамтамасыз ететін қаржылық базисті қалыптастырады;

- фирманың қаржы ресурстарының бір бөлігі тұтыну мақсатына бағытталады, осылайша, фирма қаржысының көмегімен қоғамдық қоғамдық дамудың социалды тапсырмалары іске асырылады.

1) Қаржылық қызмет саласындағы дербестік өндірістік жоспарларға сәйкес шығындарды дербес қаржыландыру, табыс табу мақсатында қаржы ресурстарын үлестіру. Қаражат құралдарын негізгі кәсіпорынның дамуына жұмсау. Капиталды жұмсалымдарды, бағалы қағаздарды инвестициялау, бос қаражат құралдарын банктегі депозитке салу; 2) Өзін-өзі қаржыландыру қарызға алынған қаражат құралдарының қайтарымы негізіндегі меншікті көздер есебінен өнімді өндіруге, кәсіпорынды дамытуға жұмсалған шығынның толық өтемділігі 3) Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіндегі қызығушылық кәсіпорынға өнімді өндіру, шығынды азайту, өндірісті дамыту, табысты көбірек табуға тиімді болатын экономикалық ортаның бар болуы; 4) Қаржылық- шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауап беру, туындайтын шығындарды дербес өтеу. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыра алмаған жағдайда кәсіпорынның банкротқа ұшырауы; 5) Кәсіпорынның қаржылық- шаруашылық қызметін бақылау, қаржы көрсеткіштерін талдау. Шаруашылық қызметінің тиімділігін көтеру үшін ықпал ету шараларын әзірлеу.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 1 [3-51], 3 [15-45, 62-71], 4[5- 9].

Қосымша әдебиеттер: 3 [4-10].

Бақылау сұрақтары:

  1. Корпорация қаржысы мәні қандай?

  2. Шаруашылықтың ұйымдастырушы-құқықтық формаларына байланысты оның негізгі көздері қандай?

  3. Кәсіпорынның ақшалай қатынастар жүйесі?

2-тақырып. Қаржылық-несиелік шешімдер қабылдауда қаржылық-экономикалық есептеулердің математикалық негіздері.

  1. Ақшаның уақытша бағалылығын анықтау.

  2. Компания капиталының қазіргі және болашақтағы бағасын анықтау

  3. Ссудалық несиелердің жай (қарапайым) және күрделі қойылымдар.

  4. Жай (қарапайым) және күрделі есептік қойылымдар.

Қаржылық математикалық жалпы түсінігін білу келесі материалды түсінуге өте қажет. Мұндай түсініктердің неггізгісі –проценттік (пайыздар) ақша болып табылады. Оларды анықтағанда қаржылық есептеулердің көбінің мәні құрылады.

Пайыздар - әр түрлі формада қарызға берілген капиталдан түскен табыс (несиелер, ссудалар) немесе өндірістік және қаржылық бағыттағы инвестициялардан түскен табыс.

Пайыздық қойылым–пайыздардың интенсивтік сипатындағы есеп айырысу, яғни аударымдардың белгіленген мөлшері. Мұнда алынатын табыстың мөлшері, салынған капиталдың көлемі, мерзімі, сондай-ақ қойылым мен қарызға беру түрі және оның көлеміне тікелей байланысты.

Алғашқы қарыз сомасының өсімі – ол пайыздың немесе қосылып есептелуіне байланысты қарыз сомасының қанша рет көбеюі немесе өсуін көрсетеді.

Өсімнің көбейткіші – ол алғашқы капитал көлемінің қанша рет өскендігін көрсетеді.

Есеп айырысу кезеңі - пайыздың есептеу уақыт аралығы немесе табыстың пайда болу кезеңі. Негізінен ақшаның берілетін уақыты аудару уақытына сәйкес келуі тиіс. Есеп айырысу кезеңі есептеу аралығына бөлінеді.

Есептеу аралығы- пайыздың есеп айырысу кезінде болатын минималды ең аз уақыт мерзімі.

Ссудалық пайыздардың жай қойылымдары. Ссудалық пайыздардың жай қойылымдары әдетте қысқа мерзімді қаржылық операциялар кезінде қолданылады. Онда есептеу аралығы есеп айырысу кезеңімен сәйкес келеді немесе әр есептеу аралығынан кейін кредиторға пайыздар төленеді: Әрине ссудалық пайыздардың жай қойылымдары қатысушылардың екіжақты келісімдері бойынша басқада жағдайларда қолданылуы мүмкін.

Ссудалық пайыздардың күрделі қойылымдары.(декурсивті әдіс). Егер есептеу аралығынан кейін кіріс (табыс) есептелмей (берілмей), ақша сомасына қосылса, алынған соманы анықтау үшін күрделі пайыз формуласымен анықтайды. Күрделі ссудалық пайыздар әр түрлі қаржылық операцияларды қолданғанда болатын кен таралған түрі.

Қарапайым есептік қойылымдар –антисипатиптік әдіс бойынша пайыздарды есептеуде алынатын табыстар сомасы есеп айырысу кезеңінде түскен сомадан есептелінеді: Бұл сома алынатын кредиттің көлемі болып саналады. Осылайша пайыздар әр аралықтың басында есептелінеді. Мұндай операцияны есеп қойылымы бойынша дисконттық, сондай-ақ коммерциялық және банктік есептік болып табылады. Дисконттау коэффициенті. Ақша ағымдарын дисконттау осы кәсіпорындардың ақша ағымдарын болжамдауына Негізделеді. Болашақ ақша ағымдары нақты құнымен дисконт ставка бойынша есептеледі. Дисконттың ставка табыстылық нормасына болуы қажет:

НСдп = БСдп / (1+Г)t

мұндағы, НСдп – ақша ағымдарының нақты құны;

БСдп - ақша ағымдарының болашақ құны;

Г – дисконттық ставка, бірліктер үлесі;

t – есептеу периоды, жылдар.

Нарық капиталының тәсілі белгілі бір компанияның акцияларының нарық құнына Негізделеді.

Мәмілелер тәсілі компаниялардың акцияларын бақылау пакетін сатып алу бағасын талдаумен байланысты.

Салааралық коэффициенттер тәсілі салааралық статистикаға Негзіделе отырып шығарылған формула арқылы фирманың шамаға жақындау құнын анықтауға болады.

3. Ақша ағымдарын есептеу үшін күрделі пайыздар стандартты функциялары. Ақшалай түсімдер мен шығындар уақыт бойынша үлестіріледі. Осыдан бүгінгі ақша ертеңгі ақшамен сәйкес емес. Түсімдер мен шығындардың көлемі сияқты уақыттың кезеңдері мен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін құралдарға қажеттілігі туындайды. Ақша ағымдарын есептеу үшін күрделі пайыздар стандартты функциялары. Ақшалай түсімдер мен шығындар уақыт бойынша үлестіріледі. Осыдан бүгінгі ақша ертеңгі ақшамен сәйкес емес. Түсімдер мен шығындардың көлемі сияқты уақыттың кезеңдері мен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін құрылдарға қажеттілігі туындайды.

Несие алумен және берумен байланысты екі қарастырылған, көп таралған ақша ағымының үлгісі тек бір ғана өзгеріс белгісі бар оларды стандартты ағымдар деп атайды. Стандартты ақшалай ағым – бірден көп емес өзгерістердің белгісі бар ақша ағымы. Стандартты ақшалай ағымның мүлкінде олардың таралуымен және бірнеше өзгеріс белігісін иемделетін ақшалай ағымдармен салыстырғанда өте жай қасиетпен қорытындыланады. Ақшалай ағымдар бірнеше өзгеріс белгісімен алынады, мысалы, рейинвестицияланған кіріс кезеңінің алдындағы салынған инвестициядан.

Стандартты емес ақшалай ағым – біреуден көп өзгерістердің белгісі бар ақшалай ағым деп аталады.

Стандартты емес ақшалай ағымдар, негізінен атомдық электростанция құрылғанда пайда болады:

  • алдыменен, ақша құрылысқа салынады;

  • электроэнергияны сатқаннан кейін кіріс алынады;

  • өз мерзімінде атомдық электростанция эксплуатациясын және оның радиактивті қалдықтарын өндіру консервациясына қайтадан ақша салынады.

Не үшін ақшалай ағымның түсінігін енгізу қажет? Неге қолма – қол жұмыспен шектелмеуге деген сұрақтар туады. Оның мәні мынада – яғни, әр түрлі кезең уақытындағы жүзеге асатын ақшалармен жұмыс жасау мүмкін емес. «Ақша ағымы» түсінігінің көмегімен әр түрлі кезең уақытындағы ақшалармен операциялардың жүзеге асырылуға мүмкіндік бар.

Ақшалар, әр түрлі кезең уақытындағы жүзеге асыратын, сонымен қатар, әр түрлі, яғни бір айда немесе бір жылдан кейінгі бүгінгі кезең уақытындағы ақшалар ертеңгі ақшалармен тең емес. Банкке жыл сайын ақша орналастыруда және фактылы түрде ақша айырбастауда, қазіргі кезеңегі уақыттың болуы, бір жылдан кейін болатын ақшаға, салымшы депозиттің сомасына көбейтілген жылдық проценттік ставка көлемінде компенсация алады. Сондықтан, проценттік ставка өзіменен бірге номиналды ақша мағынасын әр түрлі кезең уақытымен байланыстыруға рұқсат етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 2 [9-46 ]; 3 [21-62], 4.

Қосымша әдебиеттер: 4.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дисконттау коэффициенті

  2. Стандартты емес ақшалай ағымдар

3-тақырып. Корпорациялардың негізгі капиталы.

  1. Негізгі капитал мен корпорацияның айналымнан тыс активтерінің экономикалық табиғаты, құрамы мен құрылымы.

  2. Негізгі капиталды бағалау әдістері. Негізгі құралдардың амортизациясын қайта есептеу.

  3. Амортизация және оның негізгі капиталды жаңартудағы рөлі.

  4. Қорландыру мен инвестицияның мәні. Инвестициялық қызметтің объектісі мен субъектісі.

Негізгі капитал –дегеніміз негізгі қорлардың ақшалай бағалануы.

Корпорацияның негізгі қоры дегеніміз қоғамдық еңбекпен құралған материалды – заттай құндылықтардың жиынтығы.

Өндірістің түріне қарай олар 2 түрге бөлінеді: өндірістік негізгі қорлар, өндірістік емес негізгі қорлар.

Негізгі қорлар - барлық қорлардың маңызды және басым бөлігі болып табылады. Олар кәсіпорынның өндірістік қуаттылғын анықтап, олардың техникамен жабдықталуын қамтамасыз етеді.

Негізгі қорлар өзінің құрамы мен атқаратын қызметі бойынша келесідей түрлерге бөлінеді: ғимараттар, құрылыстар, машиналармен құрал –жабдықтар, транспорттық құралдар, инструменттер, өндірістік инвентарь, басқада негізгі қорлар, өлшейтін және реттейтін құралдар және т.б

Әр топ көптеген алуан түрлі еңбек құралдарынан құпрылады. «Ғимараттар» тобында 3 топшаны бөліп көрсетеміз: өндірістік ғимараттар, өндірістік емес ғимараттар, баспаналар.

“Құрылыстар” жер асты, мұнайлық және газдық скважиналар мен таулы қазбаларға бөлінеді.

«Күшті машиналар» деп турбиналар мен электроқозғалтқыштарды айтамыз. Жұмысшы машиналар мен құрал жабдықтар өндірісте қолданылуына байланысты бөлінеді.

Саймандар мен инвентарь негізгі қорлардың құрамына бір жылдық қолданудан асқан кезде ғана қосылады.

Негізгі қорлардың өндірістік белгілеуін ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен құрал –жабдықтар, транспорттық құралдар құрайды.

Өндірістік процестерге тікелей қатысумен байланысты өндірістің негізгі қорлары: активті және пассивті болып бөлінеді.

Өнеркәсіптегі өндірістің негізгі қорларының басты массасы активті бөлігінде орналасқан.

Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы маманданудың ерекшеліктеріне тәуелді. Негізгі қорлардың құрылымы өнеркәсіптің бөлімдерінде әр түрлі болуы мүмкін.

Негізгі қорлардың ақшалай түрде есептелуі негізгі қордың тозуын анықтау үшін жүргізіледі. Негізгі қорларды бағалаудың бірнеше әдістері бар:

  1. негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны бойынша;

  2. қалпына келтіру құны бойынша;

  3. қалдық құны бойынша;

  4. ликвидациялық жою және орташа жылдық құны бойынша.

    1. Негізгі қордың бастапқы құны-негізгі қорды сатып алу кезіндегі бағасы (құны); жеткізуге жұмсалған транспорттық шығындар; монтаж құны, жөндеу және т.б

    2. Өндірістік функцияналдаудың ұзақтығы мен еңбек өнімділігінің өсіуінің әсерімен байланысты, әр түрлі уақытта жасалған негізгі қордың құны төмендеуі мүмкін.

Бағадағы факторлардың бұрмаланған әсерін жою үшін негізгі қорларды қалпына келтіру құны қолданылады. Мұндай бағалау тек қана мезгіл сайын (периодический) жүзеге асады.

    1. Қалдық құн алғашқы құн мен есептелген тозықтықтың арасындағы өзгешілікті көрсетеді. Ол еңбек құралдарының тозу дәрежесін анықтайды және негізгі қорлардың жаңартылуы мен жөнделуін жоспарлайды.

Қалдық құнның екі түрі бар: 1) ол алғашқы құн бойынша анықталады, 2) қалпына келтіру құны бойынша анықталады.

    1. Жою (ликвидациялық) құны – тозған және өндірістен алынып тасталған негізгі қорлардың өткізу құны.

  1. Негізгі қордың орташа жылдық құны олардың енгізу мен жойылу есебінің алғашқы құнына негізделіп анықталады.

Келесі формуламен анықталады:

Фс = Фп(б)+Фвв * ЧМ/12-Фл (12-М) Н2, мұндағы

Фс - негізгі қорлардың орташа жылдық құны ;

Фп(б) - негізгі қорлардың алғашқы (баланстық) құны;

Фвв - енгізілген қорлардың құны

ЧМ - енгізілген негізгі қорлардың функцияланған мерзімі (айлары);

Фл - жою құны ;

М - бұрынғы негізгі қорлардың функцияланатын айлардың мөлшері.

Негізгі қорлардың ақшалай бағалануы бухгалтерлік есепте алғашқы баланстық, қалпына келтіру , толық және қалдық құндарымен көрсетіледі, ал құнының деңгейі

1) негізгі қорлардың алғашқы құнымен;

2) негізгі қорлардың түрімен;

  1. өндірістің спецификалық саласымен тікелей байланысты.

Амортизацияның негізгі функциялары - бұл ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорларды қалпына келтіру мен есептеу. Негізгі қорлардың есептік карточкаларда амортизациялық мәліметтер көрсетіледі және негізгі қорлардың тозу көлемі анықталады. Сонымен қатар амортизация белгілі бір дәрежесінде ынталандыру функциясын атқарады.

Амортизациялық аударымдар - өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді, оның көлемі негізгі қорлардың алғашқы құнының амортизациялық нормалары бойынша анықталады.

Осыған сәйкес амортизациялық норма мына формуламен анықталады:

На= (Фп(б) – Фл)/ (Фп(б)*1ал)*100%,

мұндағы, На - жылдық негізгі қорлардың амортизация нормасы (%);

  • Фп(б) – негізгі қорлардың алғашқы (баланстық) құны;

  • Фл - жою құны;

  • 1ал- негізгі қорлардың қызметінің нормативтік мерзімі

Амортизациялық норма негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық пайызын көрсетеді. Көптеген факторларға байланысты амортизациялық нормалар жоғарлауы немесе төмендеуі мүмкін.

Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымдардың жоғарлауы кәсіпорын экономикасына елеулі әсер етеді.

Бір жағынан аударымдардың бөлшегі тым көп болса, өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігі төмендейді, алынатын табыстың көлемі қысқарады.

Екінші жағынан аударымдардың бөлігі тым төмендетілген кезде, негізгі қорларды алу үшін салынған қаражаттардың айналымдылығының мерзімін ұзартады, ал бұл олардың нарықта өзінің ұстанымдылығын жоғалтып, бәсекелестікке қабілеттілігін төмендетеді.

Амортизациялық аударымдар амортизацияның белгіленген нормалары мен негізгі қорлардың бөлек түрлерінің орташа жылдық құнынына негізделген тікелей әдіспен есептелінеді. Олар негізгі қор түрі бойынша жөндеу мен негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін есептелінеді.

Амортизациялық аударымдар негізгі қордың активті бөлігін толық қалпына келтіру үшін негізгі қорды пайдаланудың нормативті мерзімі кезінде жүзеге асады.

Барлық басқа негізгі қорлар бойынша толық қалпына келтіретін амортизациялық аударымдар олардың іс жүзіндегі қызметінің мерзімі кезінде жүргізіледі.

Амортизациялық есептеулердің келесідей әдістері қарастырылады.

Біріншіден, бірқалыпты – тұра бағытты әдісін бөліп көрсетуге болады.

Бұл әдіс кезінде негізгі қордың қолдануының белгіленген мерзімі кезіндегі құнының қалыпты жазылуы(көшірмесі) жүргізіледі.

Әлемдік тәжірбиеде бірқалыпты әдістен басқа жылдамдатылған (регрессивті) амортизация әдісі қолданылады.

Жылдам амортизация әдісінде негізгі қордың жұмысының нормативті мерзімінің бірінші жартысында олардың құнының 60-75% өтеуі мүмкін, ал бірқалыпты әдісте негізгі қордың 50% құны ғана өтелер еді.

Негізгі қорды қолдану мерзімінің 2 жартысында амортизация көлемі төмендейді.

Жылдамдатылған амортизация әдістерінің арасында келесілерді бөліп көрсетеміз:

  1. екі еселік норма бойынша әдіс;

  2. кумулятивті.

Біздің елімізде екі еселік норма бойынша әдіс қолданыланады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиет: 2 [47-144]; 3 [62-83].

Қосымша әдебиет: 5 [47-144]; 8 [62-83].

Бақылау сұрақтары:

  1. Корпорацияның негізгі қоры

  2. Амортизацияның негізгі функциялары

  3. Амортизациялық аударымдар

4-тақырып. Корпорациялардың айналым капиталы

1. Корпорацияның айналым капиталының экономикалық мазмұны мен ұйымдастыру принциптері (қағидалары)

2. Айналым капиталының жіктелуі

3. Корпорацияның айналым капиталына қажеттілігін анықтау.

4. Айналым капиталының жіктелуінің қаржыландыру көздері.

5. Капиталды қолданудың тиімді көрсеткіштері мен айналым капиталының айналымдылығын тездету жолдары.

Айналым құралдарының түсінігі мен құрамы. Шаруашылық тәжірбиеде айналым құралдары өндірістік айналым қорлары және айналыс қорлары ретінде болады.

Өндірістік айналым қорларына шикізат, материалдар, болашақ кезеңдегі шығындар, құрал-жабдықтар, аяқталмаған өндіріс жатады.

Айналым қорларының айналымдылығы –дайын өнім, ақшалай қаражаттар, дебиторлық қарыздар, т.б жатады.

Айналым құралдары негізгі капиталға (Д) салынған ақшадан басталып, өткізілген өнімнен (Д1) түскен ақшамен аяқталады.

Айналым құралдарының екі құрамдас бөлігі өндірістік процестерде әр түрлі қызмет етеді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесін қамтамасыз етеді және де жалпы құрылымында 70-80% -ға дейін құрайды. Айналыс қорлары өтім ортасымен, ақша қаражаттарын құрумен, есеп айырусылармен (30% дан 50% дейін ) байланысты.

Өндірістік айналым қорлары келесідей бөлінеді:

  1. 60% - өндірістік қорлар.

  2. 20% - болашақ кезең шығындары мен басқа да элементтер

Айналым қорлары келесідей бөлінеді:

    1. дайын өнім –11-15%;

    2. ақшалай қаражаттар –9-5 %.

Айналым құралдарының құрылуы. Айналым құралдары ақша қаражаттарының белгілі сомасы болып табылады. Корпорацияға қанша айналым құралдарының қажет екендігін анықтау үшін оның көлемін мөлшерледі және мөлшерленетін айналым құралдарының сомасын анықтайды.

Мөлшерленетін айналым құралдарына жататындар: шикізат пен материалдар, жинақталған және жартылай бұйымдар, отын-технологиялық шикізаттар мен аяқталмаған өндіріс, сондай-ақ қоймадағы дайын өнімдер.

Мөлшерленетіндерге: ақшалай қаражаттар, дебиторлық қарыздар, есеп айырысудағы қаражаттар, тиелген тауарлар.

Айналым құралдарын нормалау (мөлшерлеу)-көп енбекті күрделі процесс және көптеген факторлардың (баға, тарифтер, технологиялық циклдардың ұзақтығы, есеп айырысу формалары т.б) әсер етуін ескереді.

Нормалау (мөлшерлеу) процесі бірнеше кезеңдерден тұрады:

1) Тауарлы материалдық құндылықтардың топтары бойынша күндік қор (запас)-мөлшерін анықтау. Күндік қор-мөлшерлері: транспорттық запастар (қорлар), ағымдағы қорлар, технологиялық қорлар, сақтандыру қорларынан тұрады.

2) Бұйымға қажетті белгілі бір қордың шығындану мөлшерін күндік нормативтерге көбейту жолымен тауарлы-материалды құндылықтардың нақты топтары бойынша жеке нормативтерін анықтау;

  1. Жеке нормативтерді ақша құралдарына есептелінеді.

  2. Жеке нормативтердің айналым құралдарының жалпы нормативтеріне қосындылау.

Айналым құралдарының мөлшерлену есептері тоқсан бойынша жүргізіледі. (өткен жылдың 4 кварталы негізгісі болып саналады)

Айналым құралдарын қолдану көрсеткіштері мен жабу көздері. Батыс фирмаларының тәжірбиелері бойынша қаржылық қызметтің ең басты бағыты айналым құралдарын басқару болып саналады.

Кәсіпорында нормаланатын айналым құралдарынан басқа, қосымша айналым құралдарында мерзімдік және ағымдық қажеттіліктің пайда болуы белгілі.

Бұл бағыттарды қаржыландыру принциптері келесідей:

  1. Айналым құралдарнының минималды немесе оптималды көлемі өздерінің қаражаттары арқылы қаржыландырылады.

  2. Мерзімдік немесе ағымдағы қажеттіліктер қарыз қаржылар арқылы жабылады.

Айналым құралдарын жабу көздері: Жарғылық капиталдың бөлігі, пай төлемдері, бюджеттік субсидиялар. Сондай-ақ келесідей құралу көздері қолданылады:

  1. Ұзақ мерзімді банктік несиелер;

  2. Нормаланатын (мөлшерленетін) айналым құралдарының өсімі үшін өнеркәсіптің табысы қолданылады;

  3. Алдағы төлемдердің уақытша бос қаражаттары: бюджет пен жабдықтаушыларға (бұл қаражаттарды айналым құралдарын жартылай жабуға болады);

  4. Қысқа мерзімді қарыз капитал;

  5. Ағымдағы несиелік заемдар;

Айналым құралдарын құру жағынан ерекше назарға ие компоненттер келесідей:

    1. өндірістік запастар;

    2. дебиторлық борыштар;

    3. ақшалай активтер.

Өндірістік қорлардың құрылу принциптері:

  • өндірістік қорлар бойынша нақты мөлшерлерін анықтау;

  • ағымдағы қорларға қызмет ету кезіндегі минимум шығындарды қолдану;

  • жылдық айналымға қорларды жүйелі қатыстыру;

  • инфляция жағдайында өнімнің өзіндік құны бойынша запастардың нақты көрінуі.

Инфляция жағдайында запастарды есептеу тәжірбиесі іске асырылады.

  1. ФИФО әдісі кезінде запастардың құны өнімді алғашқы сатып алынған бағасымен есептелінеді. Сондықтан өнімнің өзіндік құны біршама азяады, ал табыс көбейеді.

  2. ЛИФО әдісі кезінде соңғы сатылымның бағасы бойынша запастарды алып тастайды. Бұл әдіс нақты бағаны анықтауға мүмкіндік береді де өзіндік құны өсіп, пайда төмендейді.

Дебиторлық борыштар. Дебиторлық борыштарды басқаруға мыналар жатады:

  • дебиторлық қарыздың көлемі мен айналым активтерінің жалпы сомасындағы салыстырмалы салмағын бағалау қажет;

  • дебиторлық қарыздардың орташа өтелу кезеңін есептеу қажет;

  • дебиторлық қарыздар қарапайым, мерзімі өткен және сенімсіз (үмітсіз) болып бөлінеді.

Ақшалай активтерді басқару. Қаржылық менеджменттің көзқарасы бойынша ақшалай активтерді басқару дегеніміз - төлем қабілеттілігін басқару7

Өнеркәсіптің төлем қабілеттілігі келесілермен қамтамасыз етіледі:

  • ақша қаражаттардың Ұлттық валютада болуы, касса мен есеп шоттарда қаражаттардың болуы;

  • валюталық шот;

  • қаржы қаражаттарды жоғары өтімді бағалы қағаздарға салу;

  • банктегі депозиттер

Ақшалай қаражаттарды басқару өзіне келесі есептеулерді жатқызады:

  • ақша қаражаттарының минимумальдылығы;

  • айналым активтерінің аударымдылығы;

  • төлем қабілеттіліктің коэфиценттерінің есептілігі;

  • төлем қабілеттілігің қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының орташа қалдығын есептеу;

Айналым құралдарын қолдану көрсеткіштері:

1) корпорация активтеріндегі айналым құралдарының болуы;

ағымдағы активтер (баланстың 1 және 2 бөлімдері), барлық шаруашылық құралдар +барлық активтер (баланстың 1,2 және 3 бөлімдері)

2)Айналым құралдарының коэфиценттері:

Өткізуден түскен табыс___________________________________

Айналым құралдарының нормативі / (жылдық айналымның көлемі)

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиет: 2 [47-55, 76-85, 104-113], 3 [307-347].

Қосымша әдебиет: 10.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның айналым капиталы баланстың қай бөлігінде бейнеленеді?

  2. Айналым капиталының айналымын жылдамдатудың факторлары қандай?

  3. Кәсіпорынның өздік айналым құралдарын қалай көбейтуге болады?

  4. Кәсіпорынның ағымды қаржылық қажеттілігін қалай төмендетуге болады?

5-тақырып. Корпорация өнімін өндіруге және өткізуге шығындар және оларды қаржыландыру.

1. Корпорация шығындарының жалпы мазмұны. Өндірістің ақшалай шығындарын жіктеу.

2. Өнім өндіру мен өткізуге, қызмет көрсетуге кететін шығындар

3. Материалды өндірістің әр түрлді салалары бойынша корпорациядағы өнімнің өзіндік құнының құрамы мен құрылымының ерекшеліктері

4. Өнім өндіру мен өткізуге, қызмет көрсетуге кететін шығындарды жоспарлау

5. Өнім өткізу мен қызмет көрсетуге кеткен шығындар бойынша смета құру.

Корпорация шығындарының экономикалық жіктеуі. Корпорациялардың әрекет ету барысында экономикалық мазмұны мен мақсаты белгілеулеріне байланысты әр түрлі шығындары болады. Олар: өнім өткізу мен өндіруге, өндірістің ұлғаюы, мен жетілуіне кететін шығындар, коллективтің әр түрлі мәдени -әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын шығындар өзіндік құн формасына ие болады.

Өнімнің өзіндік құны дегеніміз - өнім өндіру барысында оған жұмсалған табиғи ресурстар, материалдар, шикізаттар, отын, энергия, негізгі қорлар, еңбек ресурстары және оны өндіру мен өткізуге кеткен басқа да шығындарды айтамыз. Олар әрбір өндіріс циклін өнімді өткізуден түскен табыспен өтейді. Олар көлеміне қарай шығындарды ауыспалы және тұрақты етіп, ал өнімнің өзіндік құнына қосу тәсілі бойынша тікелей және жанама шығындар етіп бөледі. Ауыспалы (өзгермелі) шығындар - деп өндіріс көлеміне тікелей пропоционалды тәуелділікте болатын шығындырды айтамыз. Оларға материалдар мен енбек ақыға жұмсалатын шығындар жатады.

Тұрақты шығындарға өндіріс көлемі өзгерген кезде мүлдем өзгермейтін немесе аз ғана өзгеретін шығындар жатады.

Тікелей шығындар өнім өндірудің технологиялық процесіне шарттасқан, яғни нақты өнімді өндіруге кететін өндіріс шығындарына (шығындарының құрамына) тікелей қосылады.

Жанама шығындар – кәсіпорынның өндірістік процесін басқаруды ұйымдастырушымен байланысты болады. Оларға жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар жатады

Өнім өндіру мен өткізуге кеткен шығындардың құрамы мен құрылымы.

Өнімнің өзіндік құнының шығындарының құрамы келесілерді қамтиды:

- өнім өндірумен байланысты шығындар;

- табиғи шикізатты қолданумен байланысты шығындар;

  • өндірісті дайындау мен игеруге кеткен шығындар;

  • жанашылдық пен жасапаздыққа кеткен шығындар;

  • қауіпсіздік техникасы мен қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз ету шығындары;

  • ағымдағы шығындар;

  • өндірісті басқарумен байланысты шығындар;

  • кадрларды дайындаумен байланысты шығындар;

  • еңбек күшін жинаумен байланысты, заңмен қарастырылған шығындар;

  • жұмысшыларды жұмыс орнына алып келу мен алып кетуге кететін шығындар;

  • күзет әдісімен істейтін жұмысшыларды жұмыс орнынан күзет поселкесіне дейін жеткізу шығындары, және де поселкті қаржыландыруға кететін шығындар;

  • бюджеттік ссудалар бойынша пайызды төлеу шығындары;

  • өнімді өткізу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, жүк тиеуге кететін шығындар;

  • жарғылық қызметтерді жүзеге асыру кезінде пайдаланатын материалды емес активтердің амортизациясы

  • негізгі қорлардың жеке объектілерінің ареедасы үшін төлемдер, лизингтік төлемдер;

  • сақтандырудың міндетті түрлері бойынша төлемдер;

  • салықтар, алымдар және т.б міндетті төлемдер.

Өнімнің орындалуы мен іске асыру шығыны төмендегідей классификацияланады: санау ретімен, өнімнің орындалу бірлігінің жасалу реті, біртекті шығынның жасалу реті. Сандық белгіні ұжымдық шығындалу реті – заңдылықпен және заңдылық базаның Негізгі анықтамасы болып табылады. Мемлекет арнайы ережелер құрды. Бұл ережелерде былай делінген: салық төлеуші арнайы өз өнімінің орындалуына және іске асырылуына есеп жүргізіп отыру қажет. Шығындарды қарапайым іс-әрекет түріндегі формалау қамтамасыздандырылу керек және келесі элементтер бойынша топталуы қажет: материалдық шығын, еңбекке төлену қажетті жағдайларға бөліну, амортизация және басқа да шығындар. Қажетті өнімдерді, материалдарды және басқа да материалдық шығындардың кәсіпорынның төлеген ақшалай шығыны, өнімді орындау Негізінде кеткен шығын көлемімен өтеледі. Қалған бөлігі орындалмаған дайын өнімдерге және қордық өнімге қалдырылады. Қоғамдық қажеттіліктерге қаржы бөлу – заңды түрде шаруашылық субъектіге мәжбүрленген шығынның бір түрі. Бұл төлемдер қоғамдық сипаттағы қоғамдық салықты төлеу түрі болып табылады. Үстемелеген төлем алынатын төлемақының белгілі бір пайызын құрайды. Негізгі қордың амортизацияның құрамына қалыпқа орнатылған өнімдер кіреді. Дүние жүзілік практика амортизациаланған нормалық топқа қалыптасады. Осы мақсатпен Негізгі қорлар (фонд) эксплуатация уақытына қарай топталады, ал амортизацияланған қалып әр топтың бағасына қарай қолданылады. Басқа шығын тобы өзіне келесі басқа мезгіл өнімінің дайындық шығынымен байланысты. Оларға мыналар жатады: аяқталмаған өнім қалдығы; алдағы шығындар мен төлемдердің жоспары; болашақ деңгейлердің шығыны, басқа да шығындар экономикалық жағынан көптеген шығынға ұшырау мүмкін. Оның ішінде іс-сапар, жарнамаға бөлінген қор, өкілеттік шығын, банкілік несиелердің пайыздары кіреді. Операциялық шығындардың құрамына: шығын, өкілдердің активті ұйым бойынша уақыттық төлемдері; заң қорғау өкілдерімен байланысты шығын және басқа да интеллектуалды меншіктердің түрлері жатады, сонымен қатар, басқа да ұйымдардың шартты қаржысымен байланысты шығын; сатумен байланысты шығын, төлемдер қызметімен байланысты шығын, несиелік ұйымдарға төленетін шығын және басқа да операциялық шығындар кіреді. Іске асырылмаған шығындарға жатады: штраф, келісімшарттың шарттарын орындамау немесе бұзу, кесірін тигізген ұйымдарға төленетін шығын, алдыңғы жылдың шығыны, есеп беру жылындағы танылған шығын, дебиторлық қарыздардың қосындысы, курстық айырмашылығы, активті құнсызданудың қосындысы және басқа да іске асырылмаған шығындар. Өнімдердің бір шығарылымдарының шығындарына тұрақты және айнымалы шығындар жатады. Тұрақты шығындар – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруіне әсер етпейді – уақытылы жалақы, басқармалы шығын, амортизация, шаруашылық шығындар, жалдық төлеу, басқармалық шығындар және т.б. – бұлар администраторлық болып табылады. Үзілістік шығындарда өнім көлемі динамикадан кейін келеді. Бұл шикізаттар мен материалдарға шығыны, жанармай мен жылу технологиясы, келісілген жалақы және т.б. Өнімнің үйлесімділігін жобалау үшін, іске асырудың бағасын анықтау шығынды тұрақты және айнымалы ретінде екіге бөлген. Ұйым өзінің қызметін орындау кезінде мынадай материалдық және қаржылық шығындарға ұшырайды: Негізгі қорды кеңейтеді және айналыстағы құралдарды толықтырады; өнімді өндіреді және оны іске асырады; өз ұжымдарын қоғамды түрде дамытады. Негізгі қордың жүзеге асырудың шығыны – капиталдық салым жолымен орындалады. Бастапқы капиталдың көзі болып амортизация, табыс, арнайы қордың қаржысы, ұзартылған несиелер, бюджеттік қаржы бөлу (ассигнование), эмиссиялы құнды қағаздардан түсетін табыс жатады. Ұжымдардың қоғамдық дамуына кететін шығындарға мыналар жатады: жұмысшылар дәрежесін көтеруге кететін шығын; еңбекке жарамдылықты сақтау; қоғамды-мәдениетті, тұрғын үй жағдайын жақсарту. Тұрғвн үй жағдайы аралас көздерінің арқасында қаржыландырады. Өнімді өндірудің шығынының құрамына орындалған жұмыстың бағасы және қызмет көрсету сапасын жақсарту. Өнімді өндіру шығынының классификациясы төмендегі түрде көрсетіледі: өндірілген орны бойынша цех, бөлімше және ол екіге бөлінеді: Негізгі және қосымша; өнім түріне; өнім үйлесімділік шығыны екіге бөлінеді: тікелей және жанама. Тікелей шығын – бұл жекелеген өнім түрімен байланысты шығын. Мысалы: шикізат, Негізгі материалдар, жартылай фабрикат. Жанама шығын – бұл бірнеше өнім түрімен байланысты, құралдың мазмұны, цехтың шығыны. Негізгі бап Негізінде: материалдар - мұнда иемденген материалдың құнын сипаттайды, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, еңбекақының негізгі қызметшілердің еңбекақысы, арнайы төлемдер, құрастырылмалы шығын. Екінші бөлімнің қорды жұмсалуы тауар-материалды өзіндік құнын қоспағанда мойындайтын шығынға жатады: ортақ және администраторлық шығын. Тауар-материалдық іске асыру қордың шығыны, пайыздық шығын. Ортақ басқарумен байланысты шығынға, сонымен қатар, ортақ шаруашылық және администраторлық белгіленуге мыналарды жатқызуға болады: администраторлық қызметшілер тобына жататын қызметкерлер жалақысы; шаруашылықпен және қызмет етуші өндіріс қызметшілерінің жалақысы; Қызмет ету шаруашылығымен айналысатын администраторлық қызметкерлер және қызметшілердің жалақысын бөлу; администраторлық басқарудың аппараттық мазмұны, құрылымдық субъектінің бөлімшесі қызмет етуші жұмысшылар, материалды-техникалық және транспортты қызмет көрсету. Сонымен қатар, қызметтік автокөлікті пайдалану шығыны және қызмет іс-сапарында қолданылатын жеңіл автокөліктерді пайдалану өтеуі; техникалық құралдың басқарылу қызметі және мазмұнының шығыны, байланыс түйіні, сигнализация құралы, есептеу орталығы және басқа техникалық басқару құрылымы; банк қызметінің төлемі; топографтық, пошта-телеграфтық, кеңселік және телефондық шығын; ортақ шаруашылықты құрылымды тағайындаудың негізгі жалдық шығыны; салықтар, жиындар және мүлікті бөліп тастау, қозғалмайтын мүлік; консультациялық қызметтің төлемі, ақпараттық қызмет және т.б. жатады. Іске асыру шығынына тауар-материал қордың сатылу өндірісі: өтім бөлімінің жұмысшыларының жалақысы, өтім бөлімінің жалақысының шектеу, жекеменшікті сақтандыру шығыны, іс-сапар шығыны, амортизация шығыны және негізгі құрылғының қорды іске асыру Негізіндегі қолданылған шығыны және т.б. транспорттық жүктеменің жіберілген пункті, жүктеу және түсіру жұмысы; өту нарығын зерттеу шығыны және нарықтағы тауардың алға жылжуы, жарнамалық өнімге кететін шығын, көрмелерге қатысу, жәрмеңкеге қатысу; тауарлар үлгілерінің бағасы, келісімшартпен сәйкесінше берілу, басқа да құжаттармен келісуі, тікелей сатып алушымен және делдал ұйымдармен байланыс, тегін және қайтаруға жатпайтын және басқа аналогты шығындар. Пайыздар бойынша шығындар – бұл несиесіз банктердің пайызсыз несие жабдықтаушының пайыздық төлемі, мүлікті жалға алу және басқалай шығындар. Өндірістің шығын құрылымы және іске асырылуы өнімге байланысты, мысалы, материал сыйымдылығы – сүт, кондитерлік; еңбек сыйымдылығы – транспорт, жабдық; электр сыйымдылығы – алюминий, өнеркәсіп және т.б. шет елдерде объективті бөлімдік тұрақты және айнымалы шығынды жоғарлату үшін, тиімді практикалық әдіс ұсынылған: төменгі және жоғарғы нүктелі көлемді құрылымның периодтағы әдісі, аралас статикалық теңдіктің құру әдісі, графикалық әдіс және т.б.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиет: 2 [69-76], 3 [356-367].

Қосымша әдебиет:

Бақылау сұрақтары:

1. Корпорация шығындарының экономикалық жіктеуі.

2. Өнімнің өзіндік құны

3. Тұрақты және жанама шығындар

6-тақырып. Корпорация табысының құралуы, бөлінуі және қолдану тиімділігі.

      1. Корпорация табыстары мен кірістерінің функциялары ме,н экономикалық мәні;

      2. Өнім өткізуден, қызмет көрсетуден түсетін табыс-корпорацияны қаржыландырудың негізгі көзі;

      3. Мүлік өткізуден түсетін табыс оның пайда болу себептері мен қолданылуы.

      4. Кірістерді жоспарлау, олардың даму факторлары.

      5. Салық салудың жаңа әдістері бойынша кірістері.

Корпорацияның ақшалай табыстары (кірістері) өнім өткізуден (еңбек ету, қызмет көрсету), басқа да мүліктік өткізулерден (негізгі қор, инвентарь, материалдық емес активтер және т.б), арендалық төлемдерден тұрады.

Ақшалай табыстардың негізгі көзі - өткізілген өнімнен түсетін табыс болып табылады. Оның көлемі өткізілетін өнімнің көлемі және бағасы арқылы анықталады. Өз кезегінде өткізілетін өнімнің көлемі нарықтағы қажеттілікке және ондағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты.

Табыстар түріне, алыну әдісіне және корпорацияның қызметін бағыттауға байланысты 2-ге бөлінеді.

  1. қызметтің жай түрінінен түсетін табыс;

  2. басқа да түсімдер.

Қызметтің жай түрінінен түсетін табысты корпорация табысы (пайдасы) деп түсінеміз. Табыстың түсуі корпорацияның өндірістік –коммерциялық, қаржылық және инвестициялық қызметтерімен байланысты.

Қызметтің жай түрінінен түсетін табысттарға келесілер жатады:

- өнім мен тауарларды сатқаннан түсетін табыстар; қызмет көрсету жұмыс атқарумен байланысты түсімдер;

  • арендалық активтерді келісім шарт арқылы уақытша пайдалануға беруден түсетін түсімдер;

  • басқа өнеркәсіптердің жарғылық капиталында қатысқаны үшін алынатын дивиденттер;

Басқа да табыстарға операциялар табыстар, рационалдылықтан тыс табыстар, және төтенше табыстар жатады.

Операциялық табыстарға жататындар:

  • корпорация активтерін уақытша пайдаланғаны үшін алынатын төлемдермен байланысты түсімдер;

  • басқа да ұйымдардың жарғылық капиталында қатысқандарымен байланысты түсімдер;

  • ұйымдардың бірлескен қызмет нәтижесінде алған табыстары (жай серіктестік келісім шарттары бойынша);

  • негізгі құралдарды және өзге де активтерді, ақшалай қаражаттарды (шетел валютасынан басқа), өнім мен тауарларды сатудан түсетін табыстар;

  • ұйымның ақша қаражаттарын пайдалануға бергені үшін және банкпен ұйымның банктегі шотындағы ақша қаражаттарын пайдаланғаны үшін төленетін пайыздар;

Өнім өткізуден тыс табыстарға мыналар жатады:

  • келісім шарттарын бұзғаны үшін айыптар мен өсімдер ;

  • тегін келген активтер;

  • несиелік және депоненттік қарыздардың сомасы;

  • есеп беру жылда пайда болған өткен жылғы түсімдер;

  • курстық өзгешіліктер;

  • активтердің бағаланбай тұрғандағы сомасы (айналымнан тыс активтерден басқа)

  • басқа да тиімсіз табыстар.

Төтенше табыстар шаруашылық қызметтің төтенше жағдайға ұшырауы (стихиялық жағдайлар, өрт, авриялар, т.б ), сақтандыру төлемдері, сондай-ақ қолданысқа келмейтін активтердің материалдық құндылықтарының бағасы болып табылады.

Корпорацияның қаржылық және өндірістік шаруашылық қызметі нәтижесінде алынатын табысы мемлекет пен корпорация арасында шаруашылық субъект ретінде бөлінеді.

Мемлекеттік табыстар сәйкес бюджетттерге салықтар мен алымдар түрінде түседі және де олардың қойылымдары өз бетінше өзгертілмейді.

Салықтардың құрамы мен қойылымдары, олардың бюджетке келіп түсуі мен есептелуі заңмен бекітіледі.

Салықтар төлегеннен кейін корпорация қарамағынан қалған табыстардың көлемі өндіріс көлемінің өсуі мен өндірістік –шаруашылық іскерліктің нәтижесін жақсартуға қызуғышылығын төмендетпеуі керек.

Корпорацияның қармағында қалған табыстар бірінші кезекте жинақтау үшін, яғни оның ары қарай дамуына бағыттталған, ол қалған бөлігі тұтынуға жұмсалады.

Корпорацияның табысы таза табыс түрінде бөлінеді, яғни ол корпорация қарамағында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған табыс. Одан бюджетке және бюджеттік емес қорларға төленетін санкцияларда алынады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиет: 3 [574-584].

Қосымша әдебиет:

Бақылау сұрақтары:

1. Корпорацияның ақшалай табыстары?

2. Өнім өткізуден тыс табыстарға не жатады?

3. Операциялық табыстарға не жатады?

7-тақырып. Корпорацияның меншікті капиталы.

1. Жарғылық капитал - корпорацияның меншікті құралдарының бастапқы қайнар көзі.

2. Қосымша капитал: негізгі қорларды қайта бағалау, компанияның эмиссиялық іскерлігі және тағы басқалардың нәтижесі ретінде.

Корпорацияның қаржылық қоры (жинақтаушы қор, тұтыну қоры, және компанияның резервтік қоры), олардың қайнар көздерінің қалыптасуы және пайдалану бағыттары. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымына мінездеме беру, жарғылық, қосымша, резервтік капиталдардың қалыптасу тәртіптері. . Меншікті капиталдың қалыптасу көздерін анықтау және оларды пайдалану бағыттары. Корпорацияның қаржы қорының қалыптасу тәртібі (бюджеттен тыс). Бөлінбеген пайда түсінігі және орны.

Корпорацияның қаржылық потенциалының негізін осы потенциал негізінде пайда болған меншікті капитал құрайды.

Оған келесілерді жатқызуға болады:

  • жарғылық капитал;

  • АҚ-ның кейін жою немесе қайта сату үшін иелерінен сатып алған меншікті акциялары (пайлар)

  • резервтік (қор) капитал;

  • қосымша капитал;

  • бөлінбеген пайда; (жабылмаған шығын);

  • мақсатты қаржыландыру.

Жарғылық капитал кредиторлардың мүддесін кепілдендіретін корпорация мүлігінің минималды көлемін анықтайды. Ол өз алдында негізгі құралдар, мүліктер, материалдық емес активтер, сонымен қатар корпорацияға қатысушылар мен ұйымдастырушылар (жеке және заңды тұлғалар) арқылы салынған ақшалай бағамы бар мүліктік құқық жиынтықтарын құрайды.

Жарғылық капиталдың қалыптасуы ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес әртүрлі ұйымдық-құқығы кәсіпорындарға тән ерекшеліктерімен байланысты жүргізілуі тиіс.

Мысалы, АҚ-ның жарғылық капиталы акционерлер арқылы алынған жай және ерекше артықшылығы бар акциялардың номиналдық құнынан тұрады. Ерекше артықшылығы бар акциялардың номиналдық құны жарғылық капиталдың 25% -дық көлемінен аспауы қажет. Қоғамды ұйымдастыру кезінде оның барлық акциялары қатысушылар арасында орналасуы қажет.

ЖАҚ сатқан акцияларын иеленуге ерекше құқығын тарату кезінде, қосымша акциялар иеленуге ерекше құқық берілген жағдайда, сонымен қатар акционерлер біріккен кезде акционерлердің толық акциялар санын иеленуге мүмкіндігі болмайды. Соның нәтижесінде акция бөліктері, яғни бөлшек акция құралады. Бөлшек акция акционерге (иесіне) толық акцияның эквивалентті бөлігі көлеміне сәйкес келетін категория акциясымен анықталған құқықты береді. Қоғам жарғысына орналастырылған акциялар мен бөлшек акциялардың жалпы көлемі қосындыланады. Егер осындай операциялар нәтижесінде бөлшек сан құралса, онда қоғам жарғысында көрсетіледі Бөлшек акциялар қор нарығында толық акциялармен тең дәрежеде болады. Егер біл тұлға бір категерияға жататын бір немесе одан да көп акциялар иеленсе, онда бұл акциялардан бөлшек акциялардың сомасына тен келетін бір толық немесе бөлшек акция құралады. Қоғамның барлық акциялары атаулы акциялар болып табылады.

АҚ-ның қор капиталы оның жарғысында көрсетілген, бірақ жарғылық капиталының 5% -нан аспайтын мөлшерде құрылады. Қор капиталын таза пайдадан міндетті жыл сайынғы аударым жолымен жарғыда көрсетілген көлемге жеткенше қалыптастырады. Жыл сайынғы аударым көлемі жарғыда белгіленіп отырады, бірақ ол қоғам жарғысымен анықталған таза пайданың 5% -тен төмен болмауы қажет. Қор капиталы шығындарды өтеуге, сонымен қатар қоғам облигацияларының орнын толтыруға және басқа да қаржы құралдары жетіспеген жағдайда олардың акцияларын төлеуге арналған. Белгілі бір мақсатқа жұмсау нәтижесінде қор капиталын азайып қалса, кезекті есепті кезеңде ол қосымша талап етіледі. Шетел инвестициялары бар кәсіпорын қор капиталына пайдасының үлкен көлемін аударады. Қоғам жарғысымен таза пайдадан жұмысшыларды акциялауға бағытталған арнайы қор қалыптастыру ісі қаралуы мүмкін. Оның құралдары қоғамдағы акцияларды алып, оларды жұмысшылар арасында таратуға жұмсалады.Шаруашылық серіктестіктері мен шектеулі және қосымша жауапкершілікті қоғамдастықтар үшін қор капиталының міндетті минималды көлемі бекітелмеген. Ол ұйымдастырушылардың құжатарымен анықталған көлем шектеуінде қалыптасады.

Қосымша капиталы мүлік құнының, оның ішінде эмиссиялық табыстың, ақыссыз алынған құндылықтардың және т.б түсімдердің өсімін көрсетеді.

Бөлінбеген пайда АҚ-ның меншікті капиталының аса маңызды қайнар көзі болып табылады. Әрекет етуші заңдылық шаруашылық субъектілеріне олардың билігіндегі таза пайданы оперативті түрде орағытуға құқық береді.

Бөлінбеген пайданың құрамына: өткен жылдың бөлінбеген пайдасы (шығыны) мен есепті жылдың бөлінбеген пайдасы кіреді.

Өткен жылдың “Бөлінбеген пайдасы” статьясы өткен жылғы жұмыс нәтижесі бойынша АҚ-ның билеуінде қалған табыс қалдығын көрсетеді. Бухгалтерлік есеп және есептіліктің нормативті құжаттарына сәйкес қатысушылар құжаттарынаы мен есеп саясатына сәйкес қалыптасқан арнайы қорлар (жинақтаушы және тұтыну қоры) 1 жылдың жұмыс нәтижесі бойынша жекелей көрсетілмейді. Таза пайданы қолданудың мағынасын ашатын көрсеткіштер кіріс және шығыстар жайлы бухгалтерлік баланстың, сонымен қатар капиталдың өзгерістері жайлы есептеулердің айқындалуына әкеледі.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 3 нег [607-629]

Қосымша әдебиеттер: 10 қос. [67-81, 94-113]

Бақылау сұрақтары:

1. Жарғылық капитал

2. Қосымша капитал

8-тақырып. Корпорацияны қаржыландырудың қарыздық көздері.

  1. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді қарыз көздерінің түрлері.

(Ұзақ мерзімді банктік ссудалар, лизинг, ипотекалық несие, мемлекеттік және жеке инвестиция, үлестік және шетел инвестициялары, акционерлік капитал).

  1. Компанияның айналым активтерін қаржыландырудың қысқа мерзімді қарыз көздері.

  2. Банктік несие-компанияның айналым активтерін қаржыландырудың негізгі қайнар көзі ретінде.

Кәсіпорынның қарыз капиталы-оның қаржылық міндетемелерінің көлемінің жиынтығын білдіреді. (жалпы қарыз сомасын). Қазіргі уақыттағы шаруашылық тәжірбиесінде бұл қаржылық міндеттемелер келесідей жолмен дифференциаланады:

  1. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер. Бұларға кәсіпорында функцияланатын, қолдану мерзімі 1 жылдан жоғары қарыз капиталының барлық формалары кіреді. Бұл міндеттемелрдің негізгі формаларына қайтару мерзімі әлі жетпеген және белгіленген уақытта төленбеген банктердің ұзақ мерзімі несиелері мен ұзақ мерзімді қарыз құралдары (салық несиесі бойынша қарыз, орналасқан облигациялар бойынша қарыз, қайтару негізінде ұсынылған қаржылық көмек бойынша қарыз және т.б)

  2. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер. Бұған қолдану мерзімі 1 жылға дейінгі қарыз капиталының барлық формалары жатады. Бұл міндеттемелрдің негізгі формаларына: банктің қысқа мерзімді несиелері және қысқа мерзімді қарыз құралдары (алдағы кезеңде өтелетін немесе белгіленген мерзімде өтелмеген), кәсіпорынның алынған аванстары мен бюджетпен есеп айырусылары бойынша қарыздарының әртүрлі формалары және т.б қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер.

Кәсіпорын өзінің қаржылық міндеттемелерін өтеу өлшеміне сәйкес жаңа қарыз құралдарын тартуға қажеттілік туады. Кәсіорын мен қарыз құралдарын тартудың қайнар көздері мен формалары әр түрлі болады.

    1. Тартылған қарыз құралдарының жіктелуі:

Тарту мақсаты бойынша:

  • Айналымнан тыс активтердің қайта өндірісін қамтамасыз ету үшін тартылған қарыз құралдары

  • Айналым активтерін толықтыру үшін тартылған қарыз құралдары

  • Әлеуметтік және басқа шаруашылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тартылған қарыз құралдары

Тарту көздері бойынша:

- Сыртқы қайнар көздерден тартылған қарыз құралдары

  • Ішкі қайнар көздерден тартылған қарыз құралдары (ішкі кредиторлық қарыз)

Тарту кезеңі бойынша:

  • Ұзақ мерзімге тартылған қарыз құралдары (1 жылдан жоғары мерзімге)

  • Қысқа мерзімге тартылған қарыз құралдары (1 жылдан жоғары мерзімге)

Тарту формаларына байланысты:

  • Ақшалай формада тартылған қарыз құралдары (қаржылық несие);

  • Құрал-жабдық түріне тартылған қарыз құралдары. (қаржы лизингі)

  • Басқа да матриалды және материалды емес формада тартылған қарыз құралдары

Қамтамасыз ету формасы бойынша:

  • Қамтамасыз етілмеген қарыз құралдары

  • Кепілге алушы арқылы немесе кепілдікпен қамтамасыз етілмеген қарыз құралдары

  • Кепіл немесе закладпен қамтамасыз етілген қарыз құралдары

Қарыз құралдарының тарту саясатының қалыптасуы.

Қарыз құралдарын тарту саясаты өз алдына кәсіпорынның даму қажеттіліктерімен сәйкес әртүрлі қайнар көздерден қарыз капиталын тартудың ен тиімді формалары мен шарттарын қамтамасыз етумен қорытындыланатын жалпы қаржылық стратегияның бір бөлігін көрсетеді.

Кәсіпорынмен қарыз құралдарын тарту саясатының қалыптасу процесі төмендегідей негізгі кезеңдерден тұрады.

  1. Алдыңғы кезеңде тартылатын және қолданылатын қарыз құралдарына талдау. Бұл талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынмен тартылған қарыз құралдардың құрамы мен формаларын әшкерлеу, сонымен қатар оларды қолданудың тиімділігін бағалау.

Талдаудың бірінші кезеңінде қарастырылған кезеңдегі қарыз құралдарын тартудың жалпы көлемінің динамикасы анықталады. Бұл динамиканың қарқыны кәсіпорынның меншікті қаржылық ресурстар сомасы өсімінің оперативті және инвестициялық іскерлік көлемінің және активтердің жалпы сомасының қарқынымен салыстырыла отырып қарастырылады.

Талдаудың екінші кезеңінде қарыз құралдарын тартудың негізгі формалары анықталады, сонымен қатар динамикада кәсіпорында қолданылатын қаржылық несие, тауарлық несие және кредиторлық қарызы, қарыз құралдарының жалпы сомасы ретінде болжанады

Талдаудың үшінші кезеңінде тарту кезеңіне байланысты кәсіпорында қолданылатын қарыз құралдары көлемінің арақатынасы анықталады. Бұл мақсатта қолданыстағы қарыз капиталының төмендегідей белгілері бойынша топтама жүргізіледі: кәсіпорынның қысқа және ұзақ мерзімді қарыз құралдарының арақатынасы және олардың айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің көлеміне сәйкестілігі бойынша.

Талдаудың төртінші сатысында кәсіпорынның нақты кредиторларының құрамы және олардың қаржылық және тауарлық (комерциялық) несиелерінің әр түрліформаларын ұсыну шарттары қорытындылады.

Талдаудың бесінші сатысында кәсіпорында белгілі бір көлемде және формада қолданылуының мақсаттылығына негізгі бағалы қызметін атқарады.

  1. Алдыңғы кезеңде қарыз құралдарын тартудың мақсатын анықтау. Бұл құралдар кәсіпорынға белгілі бір мақсат негізінде тартылады. Бұл құралдарды тиімді қолданудың бір шарты болып табылады.

Кәсіпорынға қарыз құралдарын тартудың негізгі мақсаттарына келесілер жатады: - айналым активтерінің тұрақты бөлігінің қажетті көлемін толықтыру;

  • айналым активтерінің ауыспалы бөлігінің қалыптасуын қамтамасыз ету.

  • инвестициялық ресурстардың жетіспейтін көлемінің қалыптасуы;

  • жұмысшыларлдың тұрмыстық, әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру;

  • басқа да уақытша мұқтаждықтар.

  1. Қарыз құралдарын тартудың шекті көлемін анықтау. Бұл тартудың максималды көлемі 2 негізгі шартпен анықталады:

А) Қаржылық ливериждің шекті әсерімен;

Б) Кәсіпорынның жеткілікті қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етумен.

Осы талаптар негізінде кәсіпорын өзінің шаруашылық іскерлігінде қарыз құралдарын қолдануға шектеу орнатады.

  1. Қарыз құралдарын әр түрлі қайнар көздерден тарту құнын бағалау. Мұндай бағалау кәсіпорынның ішкі және сыртқы көздерден тартылған қарыз капиталының әр түрлі формаларына жүргізіледі. Мұндай бағалаудың нәтижесі кәсіпорында қарыз капиталына деген қажеттілікті қанағатандыруды қамтамасыз ететін, қарыз құралдарын тартуда альтернативті көздерді тандауға қатысты басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады.

  2. Қысқа және ұзақ мерзімге тартылатын қарыз құралдары көлемінің арақатынасын анықтау. Қысқа және ұзақ мерзімді қарыз құралдары көлеміне деген мұқтаждықты анықтау, оларды алдағы кезеңде қолдану мақсатына негізделеді.

  3. Қарыз құралдарын қолданудың толық мерзімі –қарыз келіп түскен мерзімнен қарыздың толық өтелген мерзіміне дейінгі уақыт кезеңін көрсетеді. Бұған 3 уақыт кезеңін жатқызуға болады; 1) пайдалы қолдану мерзімі; 2) жеңілдік (грационды) мерзімі; 3)өтеу мерзімі.

  4. Қарыз құралдарын тарту формаларын анықтау. Бұл формалар қаржылық несие, тауарлық (коммерциялық) несие т. б формалар арқылы дифференциалданады. Қарыз құралдарын тарту формаларын таңдауды кәсіпорын өзінің шаруашылық іскерлігінің мақсаты мен ерекшелігі тұрғысында жүзеге асырады.

  5. Несиелерді тартудың тиімді шарттарын қалыптастыру. Бұл шарттардың ең негізгілері қатарына келесілер жатады: а) несие ұсыну мерзімі; б)несиге пайыз қойылымы; в) пайыз сомасын өтеу шарттары; г) негізгі қарыз сомасын өтеу шарттары; д) т.б несие алумен байланысты шарттар.

  6. Несиені тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Бұндай тиімділік критерииіне қарыз капиталының айналымдылық және рентабельдік көрсеткіші жатады.

  7. Алынған несимен өз уақытысында есептеуді қамтамасыз ету

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 3 нег [311-324], 4 нег. [182-212]

Қосымша әдебиеттер:

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржыландырудың жаңа құралдары: факторинг, форфейтинг, форвардық және фьючерстік келісім шарттар және т. б

2. Кәсіпорынмен қарыз құралдарын тарту саясатының кезеңдері

9-тақырып. Корпорация капиталының құны мен құрамы

  1. Капитал құрылымы мен бағасы жайлы түсінік. Капитал құнының тұжырымдамасы –компанияны қаржыландыру теориясының негізгі болып табылады. Капитал құрылымын анықтайтын факторлар.

  2. Капитал құнының түрлері: ішкі, нарықтық, баланстық шекті, инвестициялық, таратушылық (ликвидная).

Капитал құны және оның түрлері мен құрылымы.

Капитал құны дегеніміз - бұл компанияның өз капиталын қалыптастыру мақсатында қолданған ақша қаражаттарынан төлеген орта өлшемді бағасы. Осы орта өлшемді көрсеткіш балнстың пассивті бөлігінде қарыз және меншікті акционерлік капиталының арақатынасын, яғни капитал құрылымын анықтайды.

Капитал құны (Ққ) келесідей формуламен анықталады:

Ққ =қарыздың пайыздық үлесі *қарыз құны +акционерлік капиталдың пайыздық үлесі *акционерлік капитал құны.

Бұл формула арқылы есеп жүргізу кезінде қаржы менеджері немесе қаржыгер керекті берешек үлесі мен акционерлік капитал үлесі көрсетілген балансқа жүгінеді. Бұл үлес салмақтары тиісті капитал түрін жұмылдыру құнына көбейтіліп, нәтижесінде капиталдың ағымдағы құны шығады. Ал бұдан да нақтырақ ақпараттар алу үшін капиталдың мақсатты құнының есеп-қисабы қажет. Мақсатты және ағымдағы капитал құнын есептеудегі айырмашылық оның пайыздық үлесін анықтау әдісіне байланысты болады. Мақсатты құнды есептегенде баланстың пассивті бөлігінде шамаланған қаржыландыру көздері есебінде капиталдың өсімі көрсетілуі тиіс.

Егер мақсатты құрылым тұрақсыз болса, қаржыландыру көздерінің ара қатынасы жоспарлануы мүмкін, сәйкесінше біз капиталдың жоспарланған бағасын аламыз. Капиталдың шекті құны да капиталдың мақсатты пропорцияларына негізделеді, бірақ ағымдағы қор нарығының бағасы бойынша есептелінеді.

Капиталды арттырудың қаржылық әдістері:

Капиталды арттырудың негізгі әдісіне –пайданың жоғарлауы жатады. Ол бір жағынан, жалпы пайда массасы мен оның кәсіпкерлік табысының базалық компонентін қалыптастырумен байланысты интенсивті және экстентивті фактордың толық комплексіне тәуелді болса, екінші жағынан корпорацияның қаржылық шешіміне, яғни:

- жалпы табыс көлемін орналастыру және оның инвестицияланатын бөлігін ұлғайту туралы;

- инвестициялық жобалы тандау мен оның қалыптасу көздерін жұмылдыру туралы шешімдерге тәуелді.

Бұл шешеімдер негізінен 3 критерий бойынша қабылданады:

  • Тиімділік (үдемелі тиімділік, түсімділік), тәуекелдің болмауы, табысты жоғалту тәуекелінің айтарлықтай төмен болуы, өтімділік және тез айналым немесе айналымнан ақша қаражаттарын босату.

Корпоративтік зерттеулерді басқарудың теориясы мен тәжірбиелері: өзіндік (спецификалық), қаржы-несиелік, капиталды ұлғайту және жеке айналымға қаржы ресурстарын тарту әдісі. Бұл әдістер қатарына эмиссия мен акциялар, облигациялар, векселдер, фьючерстер және т.б бағалы қағаздарды сату-сатып алу жатады. Сонымен бірге шетел валюталарымен жүргізілетін операциялар, лизинг, ипотека және басқа да ақша ресурстарын тартуға арналған несие формалары жатады. Табысты бөлу кезінде үлестік қатысу құралдарын, франчайзинг және тағы басқаларды тартуға бағытталған несиелік емес немесе қор нарығындағы ақша құралдарын жиятын таза қаржы әдісі.

Корпорацияның меншікті капиталының қалыптасуы:

    1. Меншікті капиталдың құрамы мен құрылымы. Корпорацияның меншікті капиталы-корпорация меншігіне жататын құралдардың жалпы құнын көрсетеді. Меншікті капитал келесідей капитал түрлеріне бөлінеді: жарғылық, резервті (қор), қосымша және басқа да резервтер, бөлінбеген пайда.

Меншікті капитал құрамында елеулі орынды жарғылық капитал алады, себебі жарғылық капитал өте маңызды функциялар атқарады.

Жарғылық капитал корпорацияны қалыптастыруға қажетті және жарғыда бекітілген жеке кәсіпкерлік іскерлігін жүргізу құқығын көрсетеді, яғни қажетті құралдардың алғашқы жалпы сомасын. Болашақта бұл сома іскерлік нәтижесіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

    1. Жарғылық капиталдың қалыптасуы. Корпорацияның іскерлігін қандай ұйымдық құқықтық формада жүзеге асырылатына байланысты оның жарғылық капиталы әр түрлі қайнар көздер арқылы қалыптасуы мүмкін. Мұндай құралу көздер қатарына: корпорация меншігіне бекітілген мүлік, шығарым (шығару) және акцияны сату салдары, салымдар жатады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 3 нег. [655-674], 4 нег. [235-240]

Қосымша әдебиеттер: 9 қос. [253-267]

Бақылау сұрақтары:

  1. Капитал құнының бағалау әдістері.

  2. Компания капиталының құны мен құрылымы арасындағы өзара байланыс.

  3. Леверидж және капиталдың оптималды құрылымын анықтау

10-тақырып. Корпорацияны қаржылық жоспарлау

  1. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен принциптері

  2. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері. Қаржылық жоспарлаудың өндірістік жоспар көрсеткішімен сабақтастығы.

  3. Стратегиялық, ағымдық және оперативтік қаржылық жоспар. Қаржылық жоспарлаудың құрылымы мен жүйесі. Қаржылық жоспарлар құрудың реті, талқылау мен бекіту.

Әрбір кәсіпорын міндеті тәртіпке бизнес-жоспар құрады,яғни фирма өзі тандаған нарық секторында кәсіпорын орнын сипаттайды. Бұл, тіпті, кейбір жағдайларда маркетингтік зерттеулер де болады.

Жоспарлау сатылары:

  • өнім өткізуге кеткен шығындар анықталады;

  • өнім өткізуден түскен түсім көлемі есептеледі;

  • ақша жинағы есептеледі;

  • тар бағытты қаржылық жоспарлаудың қаржы көздеріне есеп жүргізіледі (мысалы, амортизация);

  • 1 жыл ішінде бөлінген пайда көлемін анықтауды жорамалдау;

  • бюджетке, әр түрлі бюджеттен тыс қорларға аударымдар шамаланады;

Қаржылық жоспарлаумен шешілетін негізгі мәселелер.

-кәсіпорынның негізгі шаруашылық іскерлігін қаржылық ресурстар мен және қаржылық құралдармен қамтамасыз ету;

  • пайда және оны өсіруге мүмкін болатын факторларды анықтау;

  • бюджет пен банктің өзара қаржылық байланысын анықтау;

  • кәсіпорынның шығысы мен кірісінің тенгерімділігін қамтамасыз ету;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігін бақылау.

Кез-келген қарджылық жоспардың негізі-кәсіпорынның шығыс, кіріс балансын құру болып табылады. Оның зерттемесі арқылы жұмыс істеу өз алдына бірнеше сатыларды көрсетеді:

  • алдыңғы жоспарлы кезеңдегі шығыс және кіріс баланстарының орындалуына баға беру;

  • маркетингктік зерттеуді жүзеге асыру негізінде жобалы өндірістік көрсеткіштер талқыланып, жоспарлы кезеңдегі мүмкін болатын өндіріс көлемі жайлы қорытынды жасалады.

  • Алдағы кезеңдегі қаржылық жоспарлауға тікелей зерттеме жасау;

Жоспар тоқсан, айлық бөлу бойынша жасалады. Қаржылық жоспардың 3 түрі ажыратылады: жоспарлы кіріс және шығыс балансы; алдын-ала (күтілетін кезеңге); атқарушы (қорытындылаушы)

Бұдан басқа шахматты баланс көрсететін шығыс және кірісті тексеру балансы бар.

Қаржылық жоспардың бөлімдері:

  1. Табыс және түсім;

  2. Шығыс және аударым;

  3. Бюджетпен, бюджеттік емес қорлармен және банктермен өзара байланыс.

Қаржылық жоспардың зерттемесі табыс пен түсімнен басталады, себебі бұл жоспардың шығыс бөлігінің негізін құрайды. Бір ескертетін жағдай , жоспарды іске асыру барысында қаржылық жоспардың табыс және кіріс бөлімдерінің қалай өзгеретіндігіне аса үлкен мән берілуі тиіс.

Қаржы құралдарын қолдану бағыты оның қаржыландыру көздерімен сәйкес келуі керек. Яғни шығыстар (мүмкін болатын несиелер арқылы емес) нақты қаржыландыру көздері арқылы толық өтелуі тиіс. Оны тексеру үшін баяндаушы-қайнар көздер, бастауышы- қолдану бағыты болып табылатын шахматты кесте құрылады. Жоспарлаудың құрылымы кәсіпорынның қызметтері мен оның ішкі әкімшілік – шаруашылық құрылымына байланысты анықталады. Оның барысында жоспар - бұл шаруашылық басқарудың орталық буыны , басшылықты реттеу мақсатымен әрбір цех, бөлім, зертхана өзінің жоспарларын құрады. Жоспарлау жүйесі келесідей ережелерді орындаған кезде кәсінорынға неғұрлым көп табыс пен қайтарымды қамтамасыз етеді:

  • Жоспардың әрбір элементінің, жекелеген кезең уақытындағы негізділігі;

  • Барлық қатысушылардың жоспарлық тапсырмаларды нақты орындауы;

  • Үзіліссіз есептің, жоспардың атқарылуына бақылау мен өзгерістер енгізу мүмкіндіктерінің болуы.

Атқарылу сипаты мен мерзімдері бойынша әр түрлі болып келетін құрылымдар мен персоналды қызметі ұйымның жоспарды орындаудың әр түрлі көрсеткіштері мен әдістерінің көмегімен өлшеуге, есептеуге және бақылауға болады.

Жоспарлар келесідей топтарға бөлінеді:

Жүзеге асырылу мерзімі бойынша:

  • Оперативті – күнтізбелік;

  • Ағымдық;

  • Орта мерзімді;

  • Ұзақ мерзімді;

  • Стратегиялық.

Тағайындалу қызметтеріне байланысты:

  • өндірістік (өнімді жасап шығару);

  • коммерциялық(дайын өнімді өткізу және кәсіпорынның материалды – техникалық жабдықталуы);

  • инвестициялық және өндірістің техникалық дамуына жағдай жасайтын;

  • персоналдың еңбегі, жалақысы және әлеуметтік қамсыздандырылуы бойынша жоспарлар.

Кәсіпорынды басқару деңгейлері бойынша:

  • жалпы фирмалық;

  • цехтық;

  • қызмет етуші бөлімдер мен зертханалардың жұмыстары бойынша жоспарлар;

  • учаскелер мен бригадалардың жұмыстары бойынша жоспарлар.

Бұйымдар мен жұмысшылардың түрлері, оның ішінде өнім бойынша:

  • өндіріспен игерілген;

  • игерілу үдерісіндегі;

  • болашақта игерілуі ескеріліп жобаланатын;

Ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде экстраполяция әдісі қолданылады. Яғни, өткен кезеңнің нәтижелерін қолданып, оптимистік мақсаттарды қою негізінде болашақ кезеңге біршама жоғары көрсеткіштерді тарату.

Стратегиялық жоспарлау кәсіпорын болашақ кезеңде мүмкін болатын мәселелерге кешенді

Қаржылық жоспарлардың түрлері

Жоғарыда көрсетілген стратегиялық т.б. жоспарлардан басқа қаржылық жоспарлардың келесідей түрлері бар:

Орта мерзімді және ағымдық (бюджеттік) жоспарлау. Орта мерзімді жоспарлау өндірістік аппарат пен өнім ассортиментін жаңартуға ең тиімді бес жыл мерзімін қамтиды. Жоспарларда бекітілген кезеңге негізгі мақсаттар анықталады. Орта мерзімді жоспарлар дамудың ұзақ мерзімді бағдарламасы көздейтін мақсаттарға қол жеткізуге бағыттылған белгілі бір кезектегі іс-шаралардың жасалуын қарастырады.

Орта мерзімді жоспарларға сандық көрсеткіштер , оның ішінде ресурстарды бөлу жөніндегі көрсеткіштер енеді. Ол өнімнің түрлері бойынша жан-жақты мағлұматтарды; капитал салымдары мен қаржыландыру көздері жөнінде ақпараттарды қамтиды және өндірістік бөлімдерде құрастырылады.

Ағымдық жоспарлау жалпы кәсіпорын мен оның жеке бөлімшелері үшін халықаралық деңгейдегі оперативтік жоспарларды жан-жақты құрастыру (әдетте бір жылға) жолымен жүзеге асырылады, әсіресе маркетинг, ғылыми зерттеулер, өндірістік және оны материалды-техникалық қамтамасыз ету бойынша жоспарларды алуға болады. Ағымдық жоспардың негізгі буындары болып күнтізбелік жоспарлар (айлық, тоқсандық, жарты жылдық) табылады. Олар перспективті және орта мерзімді жоспарлармен алға қойылған мақсаттардың нақтылануымен сипатталады.

Ұзақ мерзімді және оперативті жоспарларда ұзақ мерзімді мақсаттар екі рет жоспарлауға ұшырайды. Ең басында бұл жоспарлар жоспарға олардың құрылуы заты ретінде енгізілед, яғни оперативті және ағымдық жоспарларда құрастырушыларға берілетін тапсырмалар, кезең бойынша жұмыс басталуының мерзімдері мен олардың аяқталу күндері анықталады. Кейіннен басталған жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қолда бар ресурстардан ағымдық жоспарлауға ұшырайтын қажетті қаражаттар бөлінеді. Жоспарлаудың аралығы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жоспар параметрлерінің анықталмағандық дәрежесі жоғары болады, сондықтан көрсеткіштердің саны мен олардың нақтылық дәрежесі күрт кемиді.

Стратегиялық жоспардың шектері соңғы нәтижені алу мерзімдері мен шығындар соммасы сияқты өзгермелі болады. Әдетте тек негізгі жауапты атқарушы бекітіледі, өйткені бірінші сатыда жұмыстар мазмұны мен көлемі әлі белгісіз.

Жоспарлардың ұзақ мерзімді, ағымдық және оперативті күнтізбелік болып жіктелуі шартты сипатта болады. Олардың айырмашылыға соңғы нәтижеге қол жеткізу мерзімінде, ал жоспарлау объектісі өзгеріссіз қалады.

Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың тәсілдері

Болжамдаудың сан түрлі тәсілдерінің ішінде тәжірибеде ең кең таралған негізгі үш түрлі тобы бар:

  • сараптық бағалау тәсілдері;

  • кеңістік, уақыт және кеңістік-уақыт жиынтықтарын өңдеу тәсілдері;

  • жағдайлық талдау мен болжамдаудың тәсілдері.

Сараптық бағалау тәсілдері. Бұл өте оңай және кең танымал тәсіл. Оны жалған және ғылыми негізсіз деген көзқараспен немқұрайлы қарауға болмайды. Қарапайым мысал ретінде мұндай тәсілді қолдану кеібір болжамдар мен жоспарларды интуитивті деңгейде құрудың тәсілі ретінде қызмет етеді. Заманауи интерпретацияда сараптық болжамдаудың тәсілдері сарапшыларға арнайы сызбалар бойынша көп деңгейлі сұрау жүргізуді және алынған нәтижелерді экономикалық статистиканың ғылыми құралнаманың көмегімен өңдеуді қарастырады. Бұл тәсіл тек көрсеткіштердің мәндерін болжамдауға ғана емес, сонымен қатар, талдаулық жұмыста да, мысалы, салмақтық коэффициенттерді бақылайтын көрсеткіштердің алғашқы мәндерін анықтау үшін де қажет.

Кеңістік, уақыт және кеңістік-уақыт жиынтықтарын өңдеу тәсілдері. Бұл тәсіл формализацияланған болжамдау жағынан маңызды орынға ие және қолданылатын алгоритмдердің күрделілігіне байланысты өзгешеленеді. Тәсілдің біреуін таңдау әр түрлі көптеген факторларға, оның ішінде алғашқы мәліметтерге байланысты. Мұнда үш типтік жағдайды қарастыруға болады.

Бірінші жағдай – уақыттық қатардың болуы – тәжірибеде жиі кездеседі: қаржылық менеджер мен талдаушы (аналитик) өзінің көрсеткіштерінің динамикасы жөнінде мәліметтерді иеленеді және соның негізінде тиісті болжамды жасауын көрсетеді.Басқа сөзбен айтқанда, трендті бөлу қарастырылады. Бұны әр түрлі тәсілдермен жасауға болады: қарапайым динамикалық талдауды жүргізу арқылы немесе авторегрессиялық тәуелділер көмегімен.

Екінші жағдай – кеңістік жиынтықтардың болуы – тек келесі жағдайда мүмкін болады: егер кейбір себептер бойынша көрсеткіш туралы статистикалық мәліметтер жоқ болса немесе оның мәні кейбір факторлардың әсерімен анықталған жағдайда. Бұл кезде көп факторлық регрессиялық талдау қолданылуы мүмкін, яғни қарапайым динамикалық талдауды көп жағдайларға үйлестіру арқылы.

Үшінші жағдай – кеңістік-уақыт жиынтықтарының бар болуы – келесі жағдайларда орын алады:

  • динамика қатарлары өзінің ұзындығы бойынша статистикалық маңызды болжамдарды жасау үшін жеткіліксіз болған жағдайда;

  • талдаушы экономикалық табиғаты мен өзінің динамикасы бойынша ерекшеленетін факторлардың әсерін болжамда ескергісі келсе.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [100-118], 4 нег. [387-399]

Қосымша әдебиеттер: 5 қос.[27-] , 10 қос. [127-155]

Бақылау сұрақтары:

  1. Перспективті қаржылық жоспарлау. Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау.

  2. Ақша құралдары ағымын жоспарлау.

11-тақырып. Корпорацияны қаржылық жағдайы бағалау талдау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары.

  1. Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау

  2. Қаржы нәтитжелерін талдау

  3. Корпорацияның қаржылық стратегиясы.

Қаржылық жағдай - бұл қаржылық ресурстарды пайдалану және орналастыру көрсеткіштерінің жиынтығы.

Қаржылық жағдайды бағалау –программалық, (бағдарламалық) талдау процедурасы мен қаржылық жағдайға терендетілген талдау жатады.

Қаржылық талдау келесілерді бағалауға мүмкіндік береді:

- кәсіпорынның мүліктік жағдайын ;

  • кәсіпкерлік тәуекел сатысын;

  • ағымдағы әрекеттер ме ұзақ мерзімді инвестицияларға арналған капиталдың жеткіліктілігін;

  • қаржыландырудың қосымша көздеріне қажеттілікті;

  • қарыз құралдарын тарту тиімділігін;

  • кірістерді пайдалану мен бөлу саясатының негізділігін т.б

Талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету және қаржылық жағдайды бағалау негіздерін есептік бухгалтерия құрайды.

Кәсіпорынның қаржылық талдау іскерлігі келесілерді көрсетеді.

  • қаржылық жағдайды талдау;

  • қаржылық тұрақтылықты талдау;

  • қаржылық коэффициенттерді талдау;

  • баланстың өтімділігін талдау;

  • қаржылық нәтижелерді, тиімділікті және іскерлік активтілігінің коэффициенттілігін талдау;

Мазмұнына қарай басқару процесі перспективті (болжамдық, алдын-ала) талдау, оперативті талдау, ағымдық (ретроспективті) талдау болып бөлінеді.

Ағымдық (ретроспективті) талдау-бухгалтерлік және статистикалық есепке байланысты бағаланады және бірлестіктердің, кәсіпорындардың жылға, кварталға, айға бөлінуін бағалауға мүмкіндік береді.

Ағымдық талдаудың негізгі міндеті-резервтері бар коммерциялық іскерлік нәтижелерін кешенді анықтау, оларды мобилизациялау, еңбек нәтижесі мен жұмыс сапасы бойынша материалды және моральды жағдайдың толықтай сәйкес келуіне қол жеткізу.

Ағымдық талдау шаруашылық іс-әрекеттердің нәтижелерін шығару кезінде жүзеге асырылады, ал нәтижесі басқару мәселелерін шешу үшін қолданылады.

Оперативтік талдау шаруашылық операциялардың іске асу сәтіне жақын болады. Ол алғашқы есеп (бухгалтерлік және статистикалық) мәліметтеріне негізделеді. Оперативтік талдау өз алдына кәсіпорынның тиімділігін қамтамасыз ету мен өндіріс процесіне араласу мақсатында жүзеге асырылатын күнделікті жоспарлы тапсырмаларды орындауды оқытатын жүйе болып табылады. Перспективті талдау-басқарушыны стратегиялық болжам мен басқару тапсырмаларының шешімдерімен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсететін көрсеткіштің бірі-оның төлемқабілеттілігі, сонымен қатар, өзінің төлем міндеттемелерін өз уақытында қолда бар қаржы ресурстармен төлеу мүмкіндігі.

Төлем қабілеттілігін талдау қаржылық әрекеттерді болжау және бағалау үшін тек кәсіпорындарға ғана қажет емес, сонымен қатар сыртқы инвесторларға (банк) да өте қажет. Несие бермес бұрын банк қарыз алушының несие қабілеттілігіне сенімді болуы керек. Төлем қабілеттілігін бағалау ағымдық активтердің өтімділік мінездемесі негізінде жүзеге асырылады. Өтімділік пен төлемқабілеттілік түсініктері бір-біріне өте жақын. Баланстың өтімділік сатысына төлемқабілеттігін тәуелді. Өтімділік өз алдына есептердің ағымдағы жағдайын ғана емес, сонымен қатар оның перспективасын да көрсетеді. Өтімділік құралдарының тұтас бөлігіне ақша және қысқа мерзімді қаржылық салымдар кіреді, бұлар бірінші топқа жатады. Ал екінші топқа-дайын өнім, тиелген тауарлар және дебиторлық қарыз жатады. Үшінші топқа өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірісті дайын өнімге айналдыру жатады. Осы үш топқа сәйкес кәсіпорынның төлем міндеттемелері дамиды.

Бірінші топқа –төлем мерзімі жеткен қарыз кіреді.

Екінші топқа- төлем мерзімі жақын уақыттағы қарыз жатады, ал үшінші топқа ұзақ мерзімді қарыздарды жатқызуға болады.

Ағымдағы төлемқабілеттілікті анықтау үшін бірінші топтың өтімділік құралдарын бірінші топтың төлем міндеттемелерін салыстыру қажет.

Өтімділіктің келесідей түрлері бар:

Өтімділіктің абсалютті көрсеткіші –бірінші топтың өтімділік құралдарының өндірістің барлық қысқа мерзімді қарыздардың сомасына қатынасымен анықталады (баланс пассивінің 3 –бөлімі). Егер ол 0,25-0,30 жоғары блса, онда оның мәні жеткілікті деп есептеледі. Кәсіпорынның қықа мерзімді қарыздарының қатынасы -өтімділіктің аралық коэффициентің көрсетеді. Әдетте 1:1 аралығы қанағаттандырады. Өтімділіктің жалпы коэффициенті- қорлар мен аяқталмаған өндірісті қосқандағы барлық ағымдағы актив сомаларының қысқа мерзімді міндеттемелердің жалпы солмасына қатынасымен анықталады, бұл жерде 1,5-2,0 коэффиценті жеткілікті.

Өтімділіктің тағы бір көрсеткіші -өзін-өзі қаржыландыру коэффиценті - өзін-өзі қаржыландыратын кіріс сомасының (шығын+амортизация) қаржы кірісінің сыртқы және ішкі көздерінің жалпы сомасына қатынасын білдіреді.

Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі несие қабілеттілігі түсінігімен тығыз байланысты.

Несиеқабілеттілік дегеніміз-бұл несие алу және оны өз уақытында қайтаруға рұқсат ететін қаржылық жағдай. Банктік жүйені қайта құру жағдайында банктің шаруашылық еспке көшуі, несие рөлінің түбірлі бекінуі несие тұтынушыларына қолданылатын әлдістемені өзгертеді. Меншіктің өзіндік жаңа формаларының кеңеюі-қарызды қайтарудағы тәуекелді кеңейтедіжәне несиелеу шарттары мен мүмкіндігі жөніндегі сұрақтарды шешу жайлы несие келісімдерін құруда несиеқабілеттілігін бағалауда қарыз алушының беделі, мүлкінің көлемі мен құрамы, қаржылық жағдайы және т.б ескеріледі. Өнеркәсіптің төлемқабілеттілігі мен несиеқабілеттілігін бағалауда өтімділіктің аралық коэффициенті 0,5-тен түспеуі қажет, ол жалпы коэффициент 1,5-тен төмен болуы керек. Өтімділіктің жалпы коэффициенті <1болғанда өндіріс бірінші класқа, ал 1-1,5 болса екінші класқа, ал >1,5 болса үшінші класқа жатады. Егер өндіріс бірінші класқа қараса, онда банк несие қабілеттілігі жоқ өндіріспен жұмыс жасайды. Банк оған несиені ерекше жағдайларда немесе жоғары пайызбен бере алады. Тиімділік деңгейі бойынша бірінші класқа 25% -дық көрсеткішке дейінгі, ал екінші класқа 25-30%, үшінші класқа-30% көрсеткішті өндірістер кіреді. Сонымен қатар, бағалау банк қызметкерлерінің эксперттік жолдарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Білімді эксперттер қажет болған жағдайда қажетті мамандар тартылады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиет: 1 [109 - 191]; 2[436 - 508]; 3[376 – 410]; 4[91 – 112].

Қосымша әдебиет: 3; 9; 10; 11.

Бақылау сұрақтары:

    1. Қаржылық стратегияның тапсырмалары және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары.

    2. Компания туралы қаржылық ақпарат көздері.

12-тақырып. Корпорацияның қаржылық дәрменсіздігі және қаржылық сауықтыру

  1. Банкроттылық түсінігі және белгілері мен принциптері

  2. Банкроттылық формасы: әлемдік келісім, санация, қайта ұйымдастыру, жою (тарату).

  3. Қайта ұйымдастыру процедурасын жүзеге асыру түрлері мен реті. Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық шаруашылық іскерлігі нәтижесінде жауапкершілік принципі тауар (қызмет, жұмыс) төлемін өтеуде және өндірістік процесті қаржыландыруды қамтамасыз етуде кредиторлардың талаптарын орындай алмаған жағдайда, яғни кәсіпорын банкроттылыққа ұшыраған кезде жүзеге асады.

Нарықтық қатынастарды жаңа игеріп жатқан Қазақстан экономикасы үшін кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығы (банкроттылық) ұғымы жаңа түсінік болып табылады. ҚР-ның 21.01.1997 “Банкроттылық туралы” заңына сәйкес “банкрот” сөзі –дәрменсіздігі заңмен бекітілген борышқор деген мағынаны білдіреді. “Дәрменсіздік” түсінігі кәсіпорынның тауарлар (қызмет, жұмыс) төлемін өтеуде кредиторлардың талаптарын орындай алмағандығын, есеп айырысу шотында міндетті сақтандыру жарналары мен салықтарды төлеуге қажетті ақша қаражаттарының жоқтығын білдіреді. Төлемақы төлемегені үшін кәсіпорынды дәрменсіз деп атауға болмайды, яғни санкция сомалары кредиторлық қарыз болмайды.

Банкроттылықтың пайда болу себептері:

Басқа да көптеген құбылыстар сияқты банкроттылықтың да өз пайда болу себептері бар.

Кәсіпорын іскерлігінің сәтсіз болуы –кәсіпорын мүлдем немесе тек әлсіз ықпалын тигізетін сыртқы (объективті) фактор мен тікелей кәсіпорын жұмысының ұйымдастырылуына тәуелді ішкі (субъективті) фактордың өзара әрекетесуінің нәтижесі болып табылады.

Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:

  1. Экономиканы реформалауда қарж, акция, несие, салық жүйелерінің, нормативтік және заң шығару базаларының жетілмеуі;

  2. Инфлияция деңгеінің жоғары болуы;

  3. Қажеттілік көлемі мен құрылымы;

  4. Халықтың табыстары мен жинақтарының және оны сатып алу қабілеттілігінің төмен деңгейде болуы; (бұл жерге баға деңгейінде жатқызуға болады)

  5. Саяси тұрақсыздық;

  6. Банкроттылықтың сыртқы факторлары ішіндегі ең енгізгілерінің біріне технологиялық жарылыс жатады;

  7. Банкроттылықтың сыртқы себептеріне сонымен қатар, халықаралық бәсекелестікті күшейту жатады. Шетелдік кәсіпорындар біріншіден, арзан еңбек себінде, екіншіден , жетілдірілген технологиялар негізінде ұтады.

Қорыта айтқанда, кәсіпорын банкроттылыққа жалпы мемлекет экономикасының құлдырауы салдарынан ұшырайды.

Банкроттылық пен қаржылық тұрақсыздық жағдайына алып келетін ішкі факторларға келесілер жатады:

  1. Банкроттылықтың алдын-алу шараларын жасамау;

  2. Компанияны қаржылық қиыншылықтарға ұшырататын көптеген себептерге қарамастан фирмалардың басым бөлігі банкроттылыққа тікелей немесе жанама түрде компания басшылығының кесірінен ұшырайды. Мысалы: басқару жетекшілігінің алғырлық таныта алмауынан, сонымен қатар тиімді қаржылық, бағалық және инвестициялық саясатты қолдана алмауынан болады.

  3. Ойластырылмаған маркетингтік стратегия: сұраныстың дұрыс болжанбауы, нарық пен жарнаманың болмауы;

  4. Өндіріс көлемінің төмендеуі;

  5. Бәсекеге қабілетсіз өнім өндіру немесе сапаның төмендеуі;

  6. Баға белгілеу саясаты;

  7. Үлкен көлемдегі шығындар, өнім рентабельділігінің төмендігі, қарыздар, өзара төлем қабілетсіздігі;

Банкроттылыққы қарсы ұйымдық және экономикалық шараларға келесікелесілер жатады:

  1. Прологация –бұл кредиторлық төлем міндеттемелерінің мерзімін кейінге қалдыру сияқты бір ерекше мағынаны білдіреді. Кейде, мерзімінде қарызды төлей алмаған жағдайда кредиторлар мәселені компаниямен біріге отырып шешуді ұйғарады. Мұндай жағдайда өндірістік сотқа айтарлықтай шығын келтірмес үшін мәселенің сотта қаралуынан бас тартады. Бұл кезде олар фирмаға қойған өз талаптарын толық түрде сақтайды және мәселені жарым-жартылай шешуге жол бермейді.

Прологация туындаған жағдайда кредиторлар, әдетте, жаңа несиелер ұсынбайды және сонымен қатар ағымдағы тауарлардың қолма-қол төленуін талап етпейді. Ешбір кредиторлар міндеттемелерді компанияны күйзеліске ұшырататындай көлемге дейін көтермейді, егер оны басқалары көтермесе. Сондықтан да көптеген үлкен қарызгерлер компаниямен ақылдаса отырып іс-әрекет жоспарын құру үшін, мән-жайды екі жаққа да тиімді болатындай етіп шешу үшін кредиторлық комитет құрады. Ал, егер қарсыластар болып, компанияның оларға қарызы үлкен көлемде болмаса өндірістік сотты болдырмас үшін міндеттемелерді төлеп тастауы мүмкін. Алайда мұнджай кредиторлар саны көп болмауы қажет. Кредиторлардың пролонгация жасау туралы шешім қабылдауы, олардың кәсіпорынмен ынтымақтасуға, қызметтес болуға оң көзқараста екендігін білдіреді.

  1. Компромистік келісім кредиторлардың талаптарын пропорционалды нақты төлем арқылы өтеу немесе нақты төлемнің қарыз міндеттемелеріне сәйкес келуі. Кредиторлар талаптарының жартылай қамтамасыз етілуіне келісім берулері қажет.

  2. Ликвидация (тарату, жою) ерікті келісімнің нәтижесі ретінде

Кейбір жағдайларда, белгілі бір шарттарда кредиторлар компанияны болашақтағы қаржылық жағдайдың нашарлануына байланысты таратып жіберуге шешім қабылдайды. Тіпті мәселені ликвидация жолымен шешуге болатын болатын болса да, ол (ерікті түрде) соттың банкроттылық жайлы іске араласуымен іске асады.

Қайта құру - бұл белгіленген уақыт мерзіміндегі төлем көлемін азайту мақсатында қиын қаржылық жағдайға ұшыраған компания капиталы құрылымының өзгерісін білдіреді. Кәсіпорын міндеттемелерінің иелері ескі бағалы қағаздарының орнына басқа жаңасын алуына болады.

Қайта құру процедуралары кәсіпорынды қалыпты қалпына келтіруге бағытталған. Егер олар әсер етпесе арбитражды сот кәсіпорын жұмысын тоқтататын “тарату, жою” (ликвидация) процедураларын жүзеге асады. Алайда қайта құрылған кәсіпорындар заңды тұлға болып табылады. Олар бұрынғы фирмаға тиесілі салық салу мақсатында “болашақ кезеңге қалдырылған” шығындарды өз атына алады. Егер фирма қайта құрылмай жойылып кетсе, онда салық салу мақсатында“болашақ кезеңге қалдырылған” шығындар жойылады. Осылайша фирманың өз қызметін жалғастыру стимулы пайда болады, бұл қайта құрумен салыстырғанда ликвидацияның кемшілігі болып табылады.

Тұрақсыз қарзгерді лтквидациялау, басқаша айтқанда конкурстық өндіріс кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін және қарыздардан босатылған банкроттылықты жариялау мақсатында іске асырылады.

Аталған процедураны өткізу уақыты 6 айдан аспауы тиіс. Бірақ, қажет жағдайда конкурстық менгерушінің арызы бойынша кредиторлар ұйымының келісімімен оны тағы 3 айға ұзартуға болады.

Сот қарызгерді банкрот деп шешкен уақыттан бастап оқшалануға және уақытша мүлік беруге тиым салынады, сонымен қатар оның қарыз міндеттемелерінің мерзімі біткен деп саналады, қарыздың барлық түрі бойынша есептесу тоқтатылады.

Кредиторлардың талаптары қарызгерді банкрот деп жариялаған кезден бастап 2 ай ішінде мәлімденуі тиіс. Бұл талаптардың ішінде негізгі қарыздың, шығынның көлемі мен сомасы туралы ақпараттар болуы керек. Конкурстық меңгеруші ақпаратты алған уақытан бастап 1 ай ішінде қарастырып, регестірге тіркейді.

Ликвидациялық дивиденттерді төлегеннен кейін қарызгер осы мәселені шешу нәтижесінде жабылмаған алдағы уақыттағы қарыз талаптарынан босатылады. Соттың банкроттылық жайлы істі қаруының негізгі мақсаты –бұл қарызгер активтерінің реттлген ликвидациясы және сонымен қатар кредиторлар арасында табысты еш алалаусыз бөліп тарату.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [462-475]; 3 нег. [277-310, 537-543]

Қосымша әдебиеттер: 4 қос. [406-433]

Бақылау сұрақтары:

1. Банкроттылықтың пайда болу себептері

2. Прологация

3. Қайта құру

13-тақырып. Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару

1. Айналым активтері және оның құрамдас бөліктері

2. Айналым қаражаттарын басқару

3. Қысқа мерзімді қаржыландыру көздері.