Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпоративтік қаржы УМК (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Айналым капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына және оның қаржы нарығындағы тұрақтылығына, көбінесе, кәсіпорынның меншік айналым капиталының бар болуы оның құрамы, айналымының жылдамдылығы және айналым капиталын тиімді пайдалану ықпал етеді. Қазіргі жағдайда кәсіпорынның айналым капиталын тиімді пайдалануына және айналымдылықтың төмендеуіне келесі факторлар әсер етеді:

- тұтыну сұраныс пен өндіріс көлемінің төмендеуі;

- информацияның қарқыны;

- шаруашылық байланыстардың құлдырауы;

- есеп айырысу - төлем тәртібі мен шарт тәртібінің бұзылуы;

- салық тәртіптемесі;

- несиеге қол жеткізудің төмендеуі.

Аталған факторлардың бәрі кәсіпорынның мүдделерін есептемей, айналым капиталын пайдалануына әсер етеді. Сонымен қатар кәсіпорынның айналым каражаттарын тиімді пайдалануды жоғарылатудың ішкі резервтері болады:

- өндірістік босалқы қоларды ұтымды ұйымдастыру;

- айналым капиталдың аяқталмаған өндірісте болуын төмендету;

- айналысты тиімді ұйымдастыру.

Айналым капиталын тиімді пайдаланудың жалпы көрсеткіші -оның рентабельділігінің көрсеткіші (пайдалылығы).

Райн.кап.=Өнімді өткізуден түскен табыс х 100/ Жалпы айналым капиталы

Мына көрсеткіш айналым капиталдың 1 теңгесінен алынатын пайданы көрсетеді.

Бір айналымның ұзақтығы - айналым капиталдың өндіру саласы мен айналыс саласында қызмет ету уақытынан көрінеді, яғни өндіріс корларын сатып алудан басталып, өнімді өткізуден түскен түсімнен анықталады. Неғұрлым айналым қаражаттар ауыспалы айналымды жылдам жасаса, соғұрлым олар үнемді және тиімді пайдаланылады.

1. Айналымның жылдамдығы - анықталған уақыт кезеңінде - 1 жыл. 1 квартал кәсіпорынның айналым қаражаттармен жасалатын ауыспалы айналымының санын сипаттайды.

Айналымдағы көрсеткіштерді барлық айналым қаражаттар бойынша есептеуге болады.

2. Аяқталмаған өндірістщ айналымдылығы;

3. Дайын өнімнің айналымдылығы.

Айналым каражаттардың жеделдетілу эффектісі айналым қаражаттарға кажеттілікті қысқартудан көрінеді, себебі оларды тиімді пайдаланудан және оларды үнемдеу. Бұл фактор өндіріс келемінің өсуіне және каржылық көрсеткіштерге оң әсер етеді.

Айналым бәсеңдеген жағдайда, айналымға қосымша қаражаттар енгізіледі. Өйткені бұл жағдайда кәсіпорында қосымша шығындар пайда болады (тауарды сақтау үшін қосымша қоймалар қажет, оны күзету, және т.б.). Бұл - айналым капиталының бәсеңдеуінің негізгі кемшіліктерінің бірі.

Айналым қаражаттардың айналымдылығын жеделдету кезінде айналым қаражаттарының бір бөлігі босатылады. Олар өндірістің мұқтаждарына пайдаланылады және осы шотта қолданылады. Бүл фактор кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және қаржылық жағдайын жақсартады.

3. Айналым активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді кешенді оперативтік басқару саясатын таңдау

Айналым активтер мен қысқа мерзімді мівдегтемелерді кешенді оперативтік басқару саясатының мазмұны мынада:

  1. Әрбір корпорация қызметінің ерекшелігін еске ала отырып, айналым активтердің оңгайлы деңгейі мен үнемді қүрылымын таңдау;

  2. Айналым активтерді қаржыландыру көздерінің мөлшері мен құрылымын аньщтау;

Айналым активтерді кешенді оперативтік басқару саясатыны 3 типі қарастырылады:

  • агрессивтік;

  • консервативтік;

  • қалыпты;

Әрбір саясаттың типіне сипаттама берейік.

I. Агрессивті саясаттың белгілері:

А) корпорация айналым активтер көлемін артгыруға шек қоймайды;

Б) корпорация шикізат, материалдар және дайын өнімнің артық мөлшеріне ие болады, дебиторлык берешекті және банк шоттарындағы ақша қаражаттардың бос қалдықтарын жоғарылатады.

Бұндай шаралардың нәтижесі - мүліктің жалпы көлеміндегі айналым активтердің үлесі өте жоғары (50% асады) және олардың айналымдылық кезеңі үзақ (90 күннен астам). Агрессивтік саясат техникалық төлемқабілетсіздікгің тәуекелдігін төмендете алады, бірақ акгивтердің жоғары ренгабельдігін қамтамасыз ете алмайды. Тауар нарығында жағымсыз жағдайлар пайда болған кезде, корпорация қаржылық түрақтылық пен төлемқабілеттігінен айырылуы мүмкін.

ІІ. Корпорация ағымдағы активтер мөлшеріне шек қойып оларды минимилизациялауға тырысуы айналым активтерді басқарудың консервативтік саясатыньщ ерекше белгісі болып табылады. Нәтижесінде мүліктің жалпы көлеміндегі айналым активтердің үлесі шамалы(40% кем), және олардың айналымдыльщ кезеңі үзақ емес. Бүндай саясатты корпорация тауар нарығының

коньюктурасы түрақты кезде ғана жүргізеді, яғни сату көлемі, акша қаражаттар мен міндеттемелер бойынша төлемдердің түсу мерзімі, босалқы корлардың қажетті көлемі және оларды жеткізу алдын - ала анықталған, немесе ресурстардың барлық түрлерінің қатаң үнемдеу кезде. Айналым активтерді басқарудың консервативті саясаты активтердің жоғары рентабельдігін қамтамасыз етеді, бірақ тауар және каржы нарығындағы коньюктураның көлденең өзгерістерінен жоғары техникалық төлемқабілетсіздік тәуекелдігіне үшырауы мүмкін.

ІІІ. Айналым активтерді басқарудың қалыпты саясаты жоғарыда қарастырылған екі саясаттың аралығына ие. Мүліктің жалпы көлеміндегі айналым активтердің үлесі орташа мөлшерде (50%) және олардың айналымдылық кезеңі қалыпты. Нәтижесінде айналым активтердің рентабельділік деңгейі орташа болады.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [462-475]; 3 нег. [277-310, 537-543]; 4 нег. [406-433];

Қосымша әдебиеттер:

Бақылау сұрақтары:

1. Айналым активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді кешенді оперативтік басқару саясатын таңдау

2. Айналым капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

3. Айналым активтері және оны басқару

14-тақырып. Ақша қаражаттарын басқару. Босалқы қорларды басқару

1. Ақша қаражаттарын басқарудың мақсаттары

2. Ақшалай түсімдерді жіктеу, оның қозғалысын өлшеу әдістері

  1. Босалқы қорлар және оларды талдау

4. Босалқы қорларды басқару процесінде қабылданатын негізгі шешімдер