Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
programma_GE_doc_doc_kaz13-14.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280 Кб
Скачать
☆

Этап 3 «коникотомия»

Ситуациялық шарттары

2 жастағы бала ес-түссіз. Тыныс қимылдары жоқ. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ. Бет және мойын аймақтарының диффузды цианозы. Мойын веналары кеңейген, аяқтары тырысып, тартылуы анықталады. Пульсі сирек, ырғағы дұрыс емес, тек ұйқы артериясында пальпацияланады. Бала қазір ғана сөйлеп, күліп отырып колбаса жеп отырған. Кенет шашалып, жөтеліп дем алуға тырысты, бірақ дем ала алмай, талып қалды .Бөгде затты қолмен, Геймлих әдісімен, басын төмен қарай сілкілегенде нәтижесіз аяқталды. Науқасқа жедел коникотомия жасау керек.

Коникотомия жүргізу әрекетіңізді түсініктеме беру арқылы орындаңыз.

Тәжірибелік дағдыларды қадамдап орындау кезінде емтихан қабылдаушының балл қойып бағалау критериі

№

Бағалау критериилері

Толық жауап

Толық емес жауап

Дұрыс емес жауап

1

Науқастың иығының астына валик қойып, мойнын максимальды шалқайтамыз

10

5

0

2

Қалқанша шеміршегін сол қолымен бекітеді. Сұқ саусағымен қалқанша және сақина тәрізді шеміршек арасындағы шұңқыр анықталады

10

5

0

3

Көмейкейді сол қолдың бас бармағымен және сұқ саусақ арасындағы теріні тарта отырып бекітеді

10

5

0

4

Шеміршектер арасында көлденең 1-2 см теріні кеседі.

20

10

0

5

Кесілген жерді кеңейтеді және келесі кескен кезде пальпация жүргізілген аймақта сақина тәрізді байламды 1,5 см кеседі. Кескен жерді қысқышпен кеңейтеді

20

10

0

6

Диаметрі 4-7 мм трахеялық трубканы енгізеді. Оның орналасуын тексеріп, бекітеді

20

10

0

7

Коммуникативті дағды. Тыныштық сақтай отырып жағдайды жылдам және дұрыс бағалады. Коникотомия жүргізу барысында өзінің әрекетіне түсініктеме берді.

10

5

0

Этап бойынша ең жоғары балл - 100,0

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Этап 4 «Анафилактикалық шок»

Ситуациялық шарттар

Науқас 29 жаста. Стоматологтың қабылдауында, лидокаинді енгізгеннен кейінгі пайда болған кенеттен әлсіздікке,лоқсу,бас айналуға шағымданды.Бронхоспазм пайда болып,беті ісіне бастады. Стоматолог науқасқа Жедел жәрдем келгенше 0,18% 0,5 мл т/а адреналин енгізді. Есі б:ұлыңғыр,сұрақтарға қиындықпен жауап береді. Тері жабындылары бозарған,ылғалды,бет қырлары үшкірленген.Экспираторлы ентігу,ТАЖ 28 рет минутына.Өкпенің барлық бөлігінде алыстан естілетін құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Жүрек тондары тұйыұталған. ЖСЖ 120 рет минутына.АҚҚ 60/0.Науқастағы анакфилактикалық шокты жылдам басу керек. Өз әрекетіңізді түсініктеме беру арқылы орындаңыз.

Жабдықталуы: муляж, қолғап,тонометр,1,0 адреналин,преднизалон,250,0 физиологиялық ерітінді,полтглюкин 400,0,оттегі ингаляторы,ерітіндіні көк тамырға енгізіге арналған система,10 мл шприц,2,4% -10,0 Эуфилин

Тәжірибелік дағдыларды қадамдап орындау кезінде емтихан қабылдаушының балл қойып бағалау критериі

№

Қадамдарды бағалау критериі

Толық жауап

Толық емес жауап

Дұрыс емес жауап

1.

Науқасты жатқызып, аяғын 20о –қа көтереді.Науқастың гемодинамикалық көрсеткіштерін анықтайды: АҚҚ , пульсін.

10

5

0

2.

Қолын жуады. Қолғапты киеді. Қайталап 0,18% адреналиннің 0,5 мл тері астына енгізеді. Нәтижесі болмаса әрбір 5-10 минут сайын қан қысымын бақылап отырып, адреналинді енгізіп тұрады. АҚҚ 90/60 мм с. б. көтерілгенде көктамырға түсуге болады.

20

10

0

3.

Оттегі-ауа қоспасын науқасқа беру.

5

2,5

0

4.

0,9% натрий хлориді ерітіндісі мен көк тамырға салатын бір рет қолданылатын жүйенінің жарамдылығын, бүтіндігін, гомогендігін тексеру және жүйені жинау

10

5

0

5.

Көк тамырға түсіп, жүйені қосады, инені лейкопластырмен бекітеді.

10

5

0

6.

Келесі инъекциялардың барлығы тек қана көк тамырға жүйе арқылы жасалынады: преднизолон 90-150 мг, димедрол 1% -1,0; бронхообструктивті синдром сақталғанда көк тамырға эуфиллин 2,4%-10,0 мл .

20

10

0

7.

АҚҚ 90/60 мм.с.б. –тен төмен болса, яғни нәтиже болмаған жағдайда, 10-15 минуттан соң жоғары молекулярлы коллоидты (полиглюкин, ) ерітінділерін 400 мл (1-4 мл/кг/мин) енгізеді.

10

5

0

8.

Манипуляцияларды орындау кезінде науқаспен вербальді қатынаста болу қажет. Үнемі науқастың тері жабындысын, қан қысымынАҚҚ, пульсін қадағалап отыру қажет.

5

2,5

0

9

Коммуникативті дағды. Тыныштық сақтай отырып жағдайды жылдам және дұрыс бағалады. Көктамырға енгізу барысында өзінің әрекетіне түсініктеме берді.

10

5

0

Этап бойынша ең жоғары балл - 100,0

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]