Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I.7. АҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ЖАДЫҒАТТАРЫ ҚОРТЫНДЫ БІЛІМІН...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5. Рентгенологиялық.

110. Бала 14 жаста. Кеңеске келген. Қарап тексергенде: қызылиектің қызаруы, ісінуі, тістердің қозғалғыштығы анықталды. Пародонт және сүйек қалталарынан грануляциялық тіндер шығып тұр. Рентгенограммада: альвеола өсіндісінің біркелкі емес деструкциясы тістер түбірлеріне дейін жайылған. Нақтама қойыңыз:

1. Ошақты пародонт қабынуының агрессивті түрі;

2.+Жайылмалы пародонт қабынуының агрессивті түрі;

3. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің ауыр дәрежесі;

4. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің орташа дәрежесі.

111. 15 жастағы жасөспірім стоматологтың кеңесіне тістерінің қозғалғыштығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың орталық және бүйір күрек тістерінің арасында терең қалталар бар, қалталардан грануляциялық тіндер шығып тұр. Нақтама қойыңыз:

1.+Ошақты пародонт қабынуының агрессивті түрі;

2. Жайылмалы пародонт қабынуының агрессивті түрі;

3. Жайылмалы пародонт қабынуының ауыр ауырлықты дәрежесі;

4. Жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл ауырлықты дәрежесі;

5. Жайылмалы пародонт қабынуының орташа ауырлықты дәрежесі.

112. Бала 14 жаста, тістерінің қозғалғыштығына және қызылиегінің қанағыштығына байланысты кеңеске жіберілген. Ауыз қуысында: қызылиегі қызарған және ісінген, тістер қозғалмалы, терең пародонт қалталары бар. Рентгенограммада альвеола аралық қалқанның тістің түбірінің ½-3/4 бөлігіне дейін семуі байқалады Ауыз қуысындағы аталған өзгерістер төменде көрсетілген қандай ауру кезінде НЕҒҰРЛЫМ дамиды:

1. Жайылмалы пародонт қабынуының орташа ауырлықты дәрежесі;

2. Жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл ауырлықты дәрежесі;

3. Жайылмалы пародонт қабынуының ауыр ауырлықты дәрежесі;

4.+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы.

5. Пародонтоз.

113. Балалардың жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуының негізгі клиникалық белгілері:

1. Қызылиектің қанағыштығы, тістердің қозғалғыштығы, пародонт қалталарынан іріңнің шығуы;

2. Тістердің қозғалғыштығы, қызылиегінің ауыратыны және қанағыштығы;

3. Пародонт қалталарының болуы, қызылиектің өзгергіштігі;

4.+Тістердің қозғалғыштығы, терең пародонт қалталарынан іріңнің шығуы, терең сүйек

деструкциясы;

5. Тістердің мойын бөлігінің жалаңаштануы, жоғары сезімталдық, қызылиектің қабынуы

анықталмайды, тістердің қзғалғыштығы жоқ.

114. Қандай зерттеу кезінде пародонт қалтасынан қозғалмайтын таяқшалар санының азаюы және қозғалатын таяқшалар мен факультативті микроорганизмдердің иілген түрлері санының көбеюі анықталады?

1. Серологиялық;

2. Цитологиялық;

3. Иммунологиялық;

4. Бактериологиялық;

5.+Микробиологиялық.

115. Жалдам дамитын агрессивті пародонт қабынуын төменде көрсетілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізу қажет:

1. Созылмалы ошақты пародонт қабынуының өршуі;

2. Ойық-жаралы - өліеттенген Венсанның қызылиек қабынуы;

3.+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің ауыр дәрежесі;

4. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің орташа дәрежесі.

116. Тіс дәрігеріне 13 жастағы бала қызылиегінің қанағыштығына, тістерінің қозғалғыштығына шағымданып келді. Қарап тексергенде 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тығыз орналасуы анықталады. Шырышты қабат қызарған, ісінген, қызылиек үстілік және қызылиек астылық тіс шөгінділері бар, пародонт қалтасының тереңдігі 5 мм, пародонт қалталарының грануляциялық тіндер шығып тұр. Қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек:

1. Қызылиектің қанағыштық дәрежесіна анықтау;

2. Тісжегінің интенсивтілігін анықтау;

3.+Рентгенологиялық;