- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау №9
- •Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2009ж
- •5.Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар
- •Негізгі білімді тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырыптық сұрақтар
- •Ми қан айналысының жетіспеуінің алғашқы белгілері
- •Ми қан айналысы бұзылуының өтпелі түрі
- •Геморрагиялық инсульттер
- •Инсульттер немесе ми қан айналысының жедел бұзылуы. Клиникасы, диагностикасы және емдеу жолдары.
- •Ишемиялық инсульттер
- •Ми қан айналысының жетіспеуінің созылмалы түрі немесе дисцеркуляторлық энцефалопатия
1.Патологиялық табан рефлекстерін, менингеальды белгілері анықтай білу керек
2.Мидың анатомиясы, қан мен қамтамасыз етілуі
3.ӨҚЖБ клиникасы, емі (ПНМК).
4.Е.В.Шмидт бойынша ми қан тамырлары ауруларының жіктелуі
5.Ишемиялық инсульт. Этиология, клиника, емі
6.Геморрагиялық инсульт. Этиология, клиника, емі.
7.Дискуляторлы энцефалопатия, клиника, емі.
5.Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар
Негізгі білімді тексеруге арналған сұрақтар:
1.Мидың қанмен қамтамасыз етілуі
2.Ұйқы артериясы бассейіні
3. Омыртқа артериясы бассейіні
Тақырыптық сұрақтар
Ұйқы артериясы бассейінінің зақымдану синдромы
2.Омыртқа артериясы бассейінінің зақымдану синдромы
3.Е.В.Шмидт бойынша мидың қан тамырлық ауруларының жіктелуі
4.Ишемиялық инсульттар
5.Геморрагиялық инсульттар
6.Дисциркуляторлық энцефалопатия
7.Е.В.Шмидт бойынша мидың тамыр ауруларының жіктелуі
8.Транзиторлы ишемиялық шабуыл және гипертониялық церебральды криздың этиологиясы, клиникасы.
9.Каротидті және церебробазиллярлы бассейіндердің зақымдануының клиникалық синдромдары
10.Ишемиялық және геморрагиялық инсульттердің салыстырмалы диагностикасы
11.Дисциркуляторлы-энцефалопатияның этиологиясы, клиникасы, емделуі.
УІ.Ақпаратты-дидактикалық блок.
Мидың қан айналысы бұзылу түрлері. Ми қан айналысы жетіспеуінің алғашқы белгілері. Инсульттер немесе ми қан айналысының жедел бұзылуы мен өтпелі түрі. Дисциркуляторлық энцефалопатия.
Санақтық мәліметтерге қарасақ мидың қан тамырлық аурулары денсаулық сақтау бөлімінің негізгі үлкен проблемаларының бірі болып табылады. Ми қан айналысы бұзылу нерв жүйесі ауруларының ішінде негізгі орын алады. Дамыған елдерде цереброваскулярлық аурулардан өлім саны жалпы өлімінің 12% құрайды, ол жүрек аурулары мен ісіктерден кейін үшінші орында.
Ми қызмет жасау үшін өте көп оттегін қажет етеді. Мидың өзінде оттегінің артық қоры болмағандықтан мидағы қан айналысы бұзылса ми тез арада гипоксияға ұшырайды.
Ми омыртқа және ішкі ұйқы артериялары арқылы қанмен қамтамасыз етіледі. Омыртқа артериясы бұғана асты артериясының бір тармағы, ол мойын омыртқаларының көлденең қанаттарының арасынан өтіп, бас сүйектің ішіне енеді де варолив, ми бағанын және артқы ми артериясы арқылы шүйде бөлікті қанмен қамтамасыз етеді.
Ішкі ұйқы артериясы бас сүйекке еніп, түрік ерін маңынан кейін бірнеше бұтақтар береді, олардың ішінде көз артериясы, алдыңғы және ортаңғы ми артериялары бар. Мидың алғашқы артериясы ми қыртысының маңдай, төбе бөліктерінің ішкі жағын, ішкі капсуланың алдыңғы бөлігін, мидың полюсын т.б. қоректендіреді. Ортаңғы артерия ми қыртысының маңдай, төбе, самай бөліктерін, ішкі капсуланың тізесі мен артқы бөлігін қанмен қамтамасыз етеді.
Егер мидың қан айналысы бұзылса мидың қан тамырлық аурулары пайда болады, бұл ауруға әкеліп соқтыратын себептер мыналар: гипертониялық ауру және симптоматикалық гипертония, ми тамырларының атеросклерозы, васкулиттер, ревматизм, жүрек аурулары, оның ішінде инфаркт және жүрек ақаулары, қант диабеті, мойын остехондрозы, ми ісігі, ми тамырларының аневризмасы мен мальформациясы.
Практикалық медицинада ми тамырларының аурулары Е.В.Шмидтың жіктелуі бойынша үлкен төрт топқа бөлінеді:
I.Ми қан айналысы жетіспеушілігінің алғашқы белгілері
II.Ми қан айналысы бұзылуының өтпелі түрі:
1)гипертониялық милық криз;
2)транзиторлық ишемиялық шабуыл
III.Ми қан айналысы бұзылуының жедел түрі немесе инсульттер
а)геморрагиялық инсульт (ми затына қан құйылу, торлы қабық астына қан құйылу, ми қарыншаларына қан құйылу және аралас түрі немесе паренхиматоздық, субарахноидальдық, вентрикулярлық және аралас түрі)
б)ишемиялық инсульт (тромбоз, эмболия, спазм ишемия-кіші инсульт).
IV.Ми қан айналысы жетіспеуінің созылмалы түрі немесе Дисциркуляторлық энцефалопатия (I, II, III сатылары).
Ми тамырларының зақымдалу түрлері мынандай болып келеді:
I.Тамырлардың таралуы: спазм, тамырда тромб түзілу, атеросклероздық бляшка, тамырлардың бүгілуі, қысылуы және басқадай деформациялары.
II.Тамырлардың бітелуі: эмболия, тромб эмболия.
III.Тамыр қабығының жарылуы (аневризма және мальформация).
IV.Диапедез-тамыр қабырғаларының өткізгіштігінің артып, қанның элементтерінің шығуы. Бұл зақымданулардың барлығы ми затының гипоксиясы мен некрозына әкеліп соқтырады.
