- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау №9
- •Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2009ж
- •5.Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар
- •Негізгі білімді тексеруге арналған сұрақтар:
- •Тақырыптық сұрақтар
- •Ми қан айналысының жетіспеуінің алғашқы белгілері
- •Ми қан айналысы бұзылуының өтпелі түрі
- •Геморрагиялық инсульттер
- •Инсульттер немесе ми қан айналысының жедел бұзылуы. Клиникасы, диагностикасы және емдеу жолдары.
- •Ишемиялық инсульттер
- •Ми қан айналысының жетіспеуінің созылмалы түрі немесе дисцеркуляторлық энцефалопатия
Ми қан айналысының жетіспеуінің созылмалы түрі немесе дисцеркуляторлық энцефалопатия
Біртіндеп үдемелі дамыған церебро-васкулярлық жетіспеушілік, ол ұсақ көптеген ми некрозына әкеліп соқтырады, оның әсерінен мидың қызметі бұзылады. Бұл аурудың диагнозы неврологиялық ошақтық симптоматикаға негізделіп қойылады және соған байланысты 3 сатыға бөлінеді.
Бірінші сатысы «цереброастениялық» деп те аталады, клиникасы осыған сәйкес субьективтік симптомдар: бас ауыру, бас айналу, құлақ шулау, есте сақтау, қызмет атқару қабілеттерінің төмендеуі, ұйқы бұзылу, тез шаршау, тез өкпелеу мен ошақтық жеңіл микросимптоматикадан: анизорефлексия, орталық параличі, Маринеску-Радович симптомы тұрады. Бұл сатысна бас айналу, бас ауыру және есте сақтау қабілетінің бұзылуы триадасы тән.
Екінші сатысында ошақтық симптоматика және есте сақтау қаблетінің төмендеуі үдей түседі. Адамның психикасы өзгеріске ұшырайды: ашушаңдық, тез өкпелегіштік, жылау, өзіндік критиканың төмендеуі байқалады, күндізгі ұйқышылдық дамиды. Ошақтық неврологиялық симптомдардан паркинсонизм синдромы. Мишық атаксиясы, эпилепсиялық ұстама, гемипарез болуы мүмкін.
Үшінші сатысында мида диффузды ошақтар дамиды, психикалық өзгеріс деменцияға дейін жетеді, псевдобульбарлық синдром, паркинсонизм атаксия, синдромдары үдей түседі, аурулар бірнеше инсульттерді басынан кешеді.
Қосыша тексеру тәсілдерін қолданып ми ісігімен дифференциялдық диагнозын жүргіземіз. ЭЭГ, ЭХОЭГ, көз түбін тексеру, компьютерлік томограмма, ядролы магниттік резонанс қолдануға болады.
Емдеуі ми қан айналысын (кавинтон, сермион, трентал) және метаболизмін (ноотроптар, церебролизин, витаминдердің В тобы) жақсартуға негізделеді, қосымша симптоматикалық (эпилепсиялық ұстамаға қарсы, паркинсонизмді емдеу, траквилизаторлар, ұйқыны жақсарту т.б.) қолданылады.
