- •Өнеш зақымдалулары және аурулары. (11 тест)
- •2.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы. (12 тест)
- •3. Өңеш және асқазан ісіктері (11 тест)
- •3.Өңеш обыры
- •5. Кардия ахалазиясы
- •1.Кардия ахалазиясы
- •4.Өңеш дивертикулы
- •3. Гастростомия
- •4.Өта.Холецистит (12 тест)
- •5. Жедел және созылмалы панкреатит (12 тестов)
- •6. Тоқ ішек ісіктері (11 тест)
- •1. Дивертикул
- •1. Дивертикул
- •7. Тік ішек аурулары (12 тест)
- •8. Жедел аппендицит (12 тест)
- •9. Жедел ішек өтімсіздігі (12 тест)
- •10. Перитонит (12 тест)
- •11. Іштің сыртқы жарықтары (12 тест)
- •12. Варикозды ауру. Аяқтың тромбофлебиттері (12 тест)
- •13. Артерияның бітелу аурулары (12 тест)
- •14. Өкпе және плевра аурулары (11 тест)
- •1. Бронхоскопия
- •15.Ішкі органдардың паразитарлы аурулары. (11 тест)
- •4. Бронхоскопия
12. Варикозды ауру. Аяқтың тромбофлебиттері (12 тест)
1. Ұзақ уақыт бойы аяқтың варикозды ауруымен ауыратын 45 жасар науқаста бір апта бұрын сол жақ сирағындағы беткей веналардың бойында ауырсынулар пайда болды. Қарап тексерегенде науқас жағдайы қанағаттанарлық, сол жақ аяқтың ісігі мен цианозы жоқ. Варикозды кеңейген вена ішкі бетінде ауырсынатын жолақ анықталады және оның терісі санның үштен бір бөлігіне дейін гиперемияланған. Аяқтың бойымен артериальды пульсация толық сақталған. Сирақтың беткей веналарының тромбофлебиті деген диагноз қойылды. Суреттелген аурудың сипатына қарай келесідей ем тағайындалды:
1.аспирин және бутадион тағайындау және операция – тері сағасына үлкен тері асты венасын байлау
2. регионарлы тромболитикалық терапия
3. аспирин тағайындау, аяқтың эластикалық компрессиясы
4.варикозды кеңейген веналарды кесіп алып тастау, перфорантты веналарды субфасцияльді байлау
5. еңбекпен емдеу және эластикалық компрессия
1
(Ауырлық)═2
2. Сіз сол жақ сирағының беткей веналары бір жыл бұрын шамалы кеңейген 27 жасар науқасты тексерудесіз. Терінің трофикалық бұзылыстары жоқ. Троянов-Тренделенбург сынамасы оң. Радинуклидті флебография кезінде сирақтың ортаңғы және төменгі бөліктерінің перфорантты веналары анықталды. Бұл науқасқа нені тағайындау қажет?
1.эластикалық бинттер тағу сияқты консервативті ем тағайындау
2. санның үлкен теріасты венасының жоғары өрмелеуші тромбофлебитпен асқынуы кезінде Троянов-Тренделенбург операциясы
3. тамырларды беріштеуді тағайындау
4. перфорантты тамырларды байлаумен бірге радикальды флебэктомияны тағайындау
5. тері сағасына үлкен тері асты венасын байлау және перфорантты тамырларды байлау көлеміндегі операцияны тағайындау
4
(Ауырлық)═2
3. 37 жасар науқас сол жақ аяғыны ісінуі, сан және іштің төменгі бөлігінің веналарының варикозды кеңюіне, сол жақ сирақтың жиі қайталанатын трофикалық жарасына шағымданады. Аталған шағымдар 3 жыл бұрын аппендэктомиядан кейін сол жақ аяқтың ісінуі мен цианозы дамығанда пайда болған. Контрастты флебография кезінде сирақ және сан веналары қалпына келтірілгендігі, сол жақ мықын венасының бітелуі, және сирақтың төменгі үштен бір бөлігінде терең веналардан беткей веналарға қанның пефоративті ағуы анықталды. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:
1.сол жақ аяқтың варикозды ауруы, декомпенсация сатысы
2. сол жақ аяқтың варикозды ауруы, субкомпенсация сатысы
3. сол жақ аяқтың посттромбофлебитті ауруы, трофикалық бұзылыстар сатысы
4. санның үлкен теріасты венасының жедел жоғары өрмелеуші тромбофлебиті
5. сол жақ аяқтың терең веналарының жедел тромбозы
3
(Ауырлық)═3
4. 64 жастағы науқас сол жақ аяғындағы веналардың варикозды кеңеюіне, сирақ буынының ісінуіне шағымданады. Қарап тексергенде сол жақ аяқта венаның варикозды өзгерістері анықталды. Сирақтың медиальды жағының терісі қою қоңыр реңкті. Ультрадыбысты ангиосканирлеу кезінде сирақ пен санның терең веналарының өтімсіздігі және үлкен теріасты венасының қақпашығының, сирақтың перфорантты қақпашығының жетіспеушілігі анықталды. Бұл науқасқа келесі емдеу тәсілдерін тағайындауға болады, біреуінен басқа:
1.склеротерапиямен бірге хирургиялық ем
2. варикозды венаны кесіп алып тастау радикальды операциясы
3. үнемі эластикалық бинт тағып жүру
4. аяқты эластикалық бинтпен орау, күз-қыс мезгілінде опервтивті ем жүргізу
5. алдымен склеротерапию жасау, оперативті ем 4-6 кейін тағайындалады.
5
(Ауырлық)═2
5. 22 жасар науқас екі аяқтың да варикозды ауруы диагнозымен клиикаға түсті. Бұл ауру 16 жасында басталған. Қарап тексері кезінде үлкен және кіші теріасты веналарының варикозды кеңеюі, оның тармақтарының варикозды өзгерістері анықталды. Аяқ басы буындары аймағында тіндердің ісінуы анықталды. Бұл науқаста варикозды аурудың себебін анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық зерттеулер кешенін таңдаңыз:
1. ультра дыбысты допплерография және дистальді функциональді флебография
2. дистальді функциональді флебография және аяқтардың термографиясы
3. белгіленген фибриногенмен радиоиндикация және сфигмография
4. аяқтардың термографиясы және ультра дыбысты допплерография
5. сфигмография ультра дыбысты допплерография
1
(Ауырлық)═2
6. 60 жасар науқас оң жақ сирағының варикозды түйіндерінен қан кету шағымымен түсті. Оң жақ аяғының венасының варикозды кеңею аурымен 20 жыл көлемінде ауырады. Объективті: сирақтың төменгі үштен бір бөлігінде тері гиперпигментациясы мен индурациясы фонындағы көлемі 3x4 см трофикалық ойық жара бар. Жара аймағында қан кету көзі болып тұрған варикозды түйіндер бар. Сирақ және санда үлкен теріасты венасы бағанасы бойымен айқын варикозды өзгерістер байқалады. Варикозды түйінннен қан кетуді тоқтату үшін орындау қажет:
1.сан артериясын қысу, қыспа таңғыз салу, вена ішіне децинон енгізу
2. аяқты жоғары көтеру, қыспа таңғыз салу, вена ішіне децинон енгізу
3. қыспа таңғыз салу, вена ішіне децинон енгізу, жергілікті жерге суық қою
4. аяқты жоғары көтеру, вена ішіне децинон енгізу, вена ішіне стрептолиаза енгізу
5. вена ішіне стрептолиаза енгізу, қыспа таңғыз салу, вена ішіне децинон енгізу
2
(Ауырлық)═2
7. Жас әйелде асқынусыз өтіп жатқан жүктілік фонында оң жақ аяғында венаның варикозды кеңеюі пайда болды. Хирург терең веналардың өтімді екендігін, төменгі үштен бір бөлігінің жетіспеушілігін анықтады. Пальпация кезінде веналар жұмсақ, ауырсынусыз, терісі өзгермеген. Бұл клинкалық жағдайда науқасқа тағайындау керек:
1. босануға дейін жоспарлы опервтивті ем
2. эластикалық бинттер тағу, босанғаннан кейінгі кезеңде радикальді флебэктомия
3. босану алдында және босанудан кейін склеротерапия сеанстары
4. босанғанға дейін Троянов-Тренделенбург операциясы, босанғаннан кейін радикальді флебэктомия
5. бейспецификалық қабынуға қарсы препараттармен емдеу (бутадион, троксевазин, эскузан)
2
(Ауырлық)═2
8. Жас әйелде асқынусыз өтіп жатқан жүктілік фонында оң жақ аяғында венаның варикозды кеңеюі пайда болды. Хирург терең веналардың өтімді екендігін, төменгі үштен бір бөлігінің жетіспеушілігін анықтады. Пальпация кезінде веналар жұмсақ, ауырсынусыз, терісі өзгермеген. Хирургке терең веналар клапанының жетіспеушілігін анықтау үшін жүргізу керек:
1. Троянов-Тренделенбург сынамасы
2. Шейнистің үшжгутты сынамасы
3. Дельбе-Пертес сынамасы
4. Вальсальв сынамасы мен ультрадыбысты доплерография
5.Аяқ тамырларының контрасты флебографиясы
4
(Ауырлық)═2
9. 39 жасар науқас оң жақ аяқтың ісінуіне, сан және іштің төменгі бөлігі веналарының варикозды кеңеюіне, сирақтың ішкі бетіндегі жиі қайталанатын трофикалық ойық жараға шағымданады. Аталған жаралар 3 жыл бұрын аппендэктомиядан кейін оң жақ аяқтың ісінуі мен цианозы дамығанда басталған. Контрастты флебография кезінде сирақ және сан веналары қалпына келтірілгендігі, оң жақ мықын венасының бітелуі, және сирақтың төменгі үштен бір бөлігінде терең веналардан беткей веналарға қанның пефоративті ағуы анықталды. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:
1.оң жақ аяқтың варикозды ауруы, декомпенсация сатысы
2. оң жақ аяқтың варикозды ауруы, субкомпенсация сатысы
3. оң жақ аяқтың посттромбофлебитті ауруы, трофикалық бұзылыстар сатысы
4. санның үлкен теріасты венасының жедел жоғары өрмелеуші тромбофлебиті
5. аяқтың терең веналарының жедел тромбофлебиті
3
(Ауырлық)═2
10. 39 жасар науқаста оң жақ аяқтың ісінуі, сан және іштің төменгі бөлігі веналарының варикозды кеңеюі. Контрастты флебография кезінде сирақ және сан веналары қалпына келтірілгендігі, оң жақ мықын венасының бітелуі, және сирақтың төменгі үштен бір бөлігінде терең веналардан беткей веналарға қанның пефоративті ағуы анықталды. Терең веналар тромбозының ең қауіпті асқынуы болып табылады:
1. сирақтың трофикалық ойық жарасы
2. өкпе артериясының эмболиясы
3. беткей веналар тромбофлебиті
4. терең веналар облитерациясы
5.эленфантиаз
2
(Ауырлық)═2
11.Аяқтардың посттромботикалық аурулары ненің себебінен дамиды?
1.Жоғарғы веналардың тромбоздары себебінен
2.Жоғары веналардың варикозды кеңеюі себебінен
3.Терең веналардың тромбоздары себебінен
4.Үлкен тері асты веналарды таңу себебінен
5.Коммуникантты веналардың клапандық жетіспеушіліктері салдарынан
3
(Ауырлық)═3
12.Аяқтардың варикозды аурулары кезінде неге трофикалық бұзылыстар дамиды?
1.Себебі,үлкен теріасты венасының перфорантты вена және бағаналы клапандарының жағдайсыздығы пайда болады
2.Себебі,үлкен теріасты венасының бағаналы клапандарының жағдайсыздығы пайда болады және тізенің ұсақ артерияларының окклюзиясы
3.Себебі,тізенің терең веналарының жедел тромбозы пайда болады
4.Себебі,тізенің терең веналарының жедел тромбозымен байланысты аяқтардың днрматиті мен лимфостазы пайда болады
5.Себебі, тізенің ұсақ артерияларының окклюзиясы пайда болады
1
(Ауырлық)═3
