Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД банк - май 2014 каз очное.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
897 Кб
Скачать
☆

5. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

6. Дәрістер кешені

Тақырып 1. Банктердегі есеп және есеп беру негіздері

Сабақтың мақсаты – бухгалтерлік есеп мақсаттары, принциптері және қызметтері, бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретіндегі, ақпаратты пайдаланушылар, банктердегі қаржылық және басқару есебі, бухгалтерлік есепті зерттеу: заңдар, стандарттар, нормалар қарастыруы.

Негізгі ұғымдар: ақпаратты пайдаланушылар, банктердегі қаржылық есеп, банктердегі басқару есеп

Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор. Ол тек бухгалтерлік кітапты жүргізуді ғана емес, сонымен қатар банктің қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өндеу, бухгалтерлік есептің жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалынуын қамтиды. Ақша-несие саясатын анықтау және соған байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте банк басқармасына, одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.

Бухгалтерлік есеп — бұл «Бухгалтерлік есеп жэне қаржылық есептілік туралы» ҚР заңына Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік кұқыктық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі.

Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пай-даланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты. Басқарушылардың (әкімшіліктердің) ықпалы акционерлердің (меншік иелерінің) мүдделеріне қайшы келетін 002 салық мәлімдемёсінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы қаржылық есептілікті құру нәтижесіңде таза табыс ұсыну мен есеп айырысуға тіреледі.

Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айырықша қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды аныктау болып табылады.

Халықаралық стандартен белгіленген мақсаттар мыналар :

акционерлерді банктің қаржылық-шаруашылық қызметі тура­лы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету;

банк қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының сакталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

- меншікті және тартылған қаражаттардың пайдаланылуын, банктің қаржылық құралдарының қалыптасушы және оларды басқаруды бақылау;

алдын ала бекітілген тиімділік және өтімділік деңгейі арқылы банктің табыстылық деңгейін үздіксіз бақылау және талдау;

алғашқы құжаттар түпнұсқасы бухгалтерлік жазуларды бара-бар бекіту және барлық операцияларды бухгалтерлік жазуларда көрсету;

қаржылық-шаруашылық операцияларды мерзіміне сай өз уақытында тіркеу.

Бухгалтерлік есептің объектісі - толық шаруашылық бірлік және оның құндылықтары, қорлары, құралдары жөне олардың құралу көздері болып табылады.

Философиялық сөздікке сүйенсек, пән ұғымына түрлі қатынастарға түсе алатын және қандайда бір қасиетке ие бола алатындардың бәрі жатады. Яғни бухгалтерлік есептің пәніне таңырыбы - жекелеген әрекеттерді сипаттайтын, құрамында өзгеріс тудыратын, мүлікті және олардың қалыптасу көздерін орналастыратын шаруашылық операциялары жатады.

Бухгалтерлік есебінің әдісі - осы пәннің оқытылуы және танылуына әдістер мен амалдар болып табылады. Олар экономикалық-математикалық, статистикалық, үлгілеу және т.б. әдістер болуы мүмкін.

Бухгалтерлік. тәртіптің (процедураиьщ) негізгі элементтеріне құжаттау, түгендеу, шоттар жүйесі, бухгалтерлік баланс, бағалау, калькуляция, есептілік жатады.

Құжаттау - операцияларды құжаттармен рәсімдеу үрдістері, ол бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы. Бухгалтерлік. кұжат - шаруашылық операцияларды жүзеге асыруға немесе куәландыруға байланысты жазбаша бұйрьщ, бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік шоттарда бейнелеуге негіз болып табылады. Егер рәсімделген құжат болмаса, бірде-бір операция есепке алынбайды.

Түгендеу - негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, ақша қаражатын, есеп айырысуларды тексеруді және оларды есеп мәліметтерімен салыстыруды білдіретін бухгалтерлік рәсімнің бір элементі.

Операцияларды топтастыру бухгалтерлік есепшоттарының көмегі арқылы жасалады. Шоттар - бухгалтерлік есепте ақпараттарды сақтаудың негізгі бірлігі. Басқа сөзбен айтқанда, мүліктің жағдайы, олардьщ қалыптасу көздері және шаруашылық операциялар жайлы ағымдық ақпараттар жинақталатын, жүйеленетін экономикалық топтастыру.

Бағалау — бұл мүлік құнының және оның пайда болу көзінің ақшалай көрінісі.

Калькуляция — шығындарды топтастыруды қамтамасыз ететін және өзіндік кұнды анықтайтын бухгалтерлік рәсімдеу элементі.

Бухгалтерлік рәсімдеу элементтері арасында қабылдануы қиын және түсінуде ауыртпашылық туғызатын элементтер бар, ондай эпементтер шоттар және оларда шаруашылық операцияларыньщ екі жақты сипатталуы.

Екіжакты жазу - бухгалтерлік есепшоттарында шаруашылық операцияларды тіркеу әдісі болып табылады. Және әрбір шаруашылық операция кем дегенде екі шотта бірдей сомада көрсетіледі.

Балаистык қорытынды жэие есеп беру. Бухгалтерлік шотта сипатталған құралдар және олардың құралу көздері туралы мәліметтерді белгілі бір мерзімге ақшалай бағалап баланстық қорытындылап отыру қажет.

Есеп беру - кәсіпорын қызметінің белгілі бір кезеңдегі қоры-тындысын сипаттайтын, есептің қорытынды көрсеткіштерінің жүйесі.

Бухгалтерлік есеп мектебінің өздерінің негізін салушылары бар, әрбір кезең өзінің озық адамдарын шығарды. Басында бұлар Италиялықтар болды, кейіннен оларды француздар алмастырды, одан кейін немістер болды. Қазір барлық назар бухгалтерлік есептің жақсы мектебін құрған америкалықтарға бұрылған. Бұлардың жарқын өкілдері: Черч, Монтгомери, Патон, Мэй және т.б. Олардың идеялары тоғыз негізгі принцип қалыптастыруға алып келді: екіжақтының; ақшалай өлшем; кәсіпорындардың дербестігі; үздіксіздігі; өзіндік құндылығы; кертартпалығы; материалдылығы; өткізімділігі; сәйкестілігі.

Екіжақтылық принципі

Бұл төмендегі ережелерге сүйенеді: шаруашылық субъектісінің қаржысы оның міңдеттемелері мен капиталының сомасына тең.

Әрбір кұбылысты екі жағынан қарастыруға болады. Мысалы, компания тауарды несиеге сатып алған кезде оған ие болады жэне бір (актив), мезгілде келешекте қайтаруға міңдетті несиелік қарызға (пассив) алады. Екіжакты жазу осы екі сәтті де қамтиды: активтер

шоттың сол жағында, пассивтер оң жағында. Кез келген жағдайда екі құбылыс бір-біріне қарама-қарсы, ал баланс оларды теңестіруі керек.

Ақшалап өлшем принцип! Ақшалай сипаттағы мәліметтер бухгалтерлік жазбада көрініс та-бады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық операциясы өлшемінің нақты шаруашылық бірлігіне әсер етуімен байланысты. Барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік есепте ақшалай өлшемде көрсетіледі. Әринё мұнда қаржылық емес ақпараттар да көрініс табуы мүмкін, бірақ ақшалай өлшем бірлігі салыстырмалы қаржылық мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін жалпыға ортақ өлшем бірлігі болып табылады.

Кәсіпорындардьщ дербестік принципі Банктің бухгалтерлік шоттары олардың иелері мен жұмысшыларының бухгалтерлік шоттарынан бөлек болуы керек. Бухгалтерлік есепті жүргізуші банк, заңды түрде дербес, өздерінің меншік қатынасын тәуелсіз. Банктің меншігі ол банк құрылтайшыларының меншігі емес, ал құрылтайшылардың меншігі банктің меншігі болып табылмайды. Бұл бухгалтерлік есептің барлық жүйесіне тән принцип. Бұның негізі - меншік иесімен оның банкінің мүліктерін, міндеттемесін бейнелейтін шоттар бөлек көрсетілуі керек.

Үздіксіздік принципі Бұл принцип бойынша банк өз қызметін үздіксіз жалғастырады, яғни келешекте де қызметін жүзеге асыра береді. Ол жойылуға немесе операциясын қысқартуға міндетті емес. Бір немесе бірнеше филиалдардың жойылуы немесе активтер сатылған жағдайда, келесі есепті кезеңде бұл активтер нақты сатылу кұны бойынша есепке алынады. Егер накты сатылған құн жалдық құннан кем болса, онда банк жасырын шығысты есепке алып отырып, оны кіріс және шығыс жөнідегі есепте көрсетуі керек.

Өзіндік құн принципі

Кәсіпорын қандай да бір құралдарды сатып алғанда, оларды сатып алуға кеткен, бухгалтерлік есепте көрсетілетін шығыстар және осы құралдардың өзіндік құны болып аталады. Бухгалтерлік есепте барлық шаруашылық құралдар нарыктьщ бағасьщен емес, езіндік құнымен көрсетіледі.

Сақтық принпипі

Сақтық принпипіне сәйкес активтер мен пассивтер есепте айтарлыктай сактыкпен бағаланады және көрсетіледі, себебі банктің қаржылық жағдайына төніп тұрған қауіпті тәуекелді келесі кезеңге аударып жібермеуге тырысады. Демек:

а) есепті кезеңнің аяғына дейін нақты алынған табыстар ғана есеп беруде көрсетіледі;

ә) есепті кезенде немесе өткен кезеңде анықталған күтілетін барлық міндеттемелер және әлуетті жоғалтулар, тіпті есептік мерзімінің аяғынан кейін қаржылық есеп беруді дейін пайда болса да тәуекелді жабуға резервте көрсетілуі керек. Бұндай жағдайда сақтық принципі капитал саласының өсуін мынадай жағдайда ғана мойындайды, осы жағдай толық аныкталғанда, капитал сомасының азаюы толық анық болғанда таниды.

Халықаралық есепте барлық резерв түріне байланысты өткіз-белер, пайданьщ қолма-қол және жеткіліктілігіне қарамастан, тиісті тәуекел түрлерінің пайда болуымен байланысты жасалады. Бірақ сақгық прицип жасырын негізсіз резервтердің құрылуын актай алмайды.

Материалдылық пршщипі

Банк басшысына және инвесторларға шешім қабылдау үшін пайдалы барлық материалдық немесе маңызды ақпараттар қаржылық есепте көрсетілуі керек.

Егер ақпараттардың жоқтығы немесе бұрмаланып берілуі есеп аклараттарын беруге пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізе алса, ақпарат материалды болып табылады. Сондыктан материалдылық принципі маңызды емес жағдайларды жаңалықтарды ескермейді, тек барлық маңыздьіларды тіркеп отырады.

Сатып-өткізу принципі сатып-өткізу принципі табысты қай кезде есепке алу керектігін анықтайды. Ол бойынша өткізуден түскен табыс ақшаны алған кезде емес, өткізу жүзеге асырылған кезде, яғни қызмет көрсету жүзеге асқан сөтте және тұтынушыға өнімді жеткізген кезден есептеледі.

Сәйкестілік принщші

Бухгалтерлердің негізгі міндеті есепті кезендегі пайданы есептеу болып табылады. Пайда дегеніміз берілген есепті мерзімдегі табыс пен шығыс арасындағы айырма. Сәйкестілік прин-' ципі есепті мерзімдегі шьпыстың есебін реттейді. Оның мағынасы: күрделі табыс алумен байланысты шығыстар әр түрлі шығындардың жиьштығынан тұрады. Яғни табыстар және оған сәйкес шығыстар бір есепті кезеңде көрсетілуі керек.

Бақылау сұрақтар:

  1. Бухгалтерлік есеп мақсаттары, принциптері және қызметтері

  2. Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде. Ақпаратты пайдаланушылар.

  3. Банктердегі қаржылық және басқару есебі.

  4. Бухгалтерлік есепті зерттеу: заңдар, стандарттар, нормалар.

Әдебиеттер:

  1. Закон «О Национальном банке РК» от 30 марта 1995г.

  2. Андросов А.М., «Бухгалтерский учет и отчетность банке» АО «Менатеп-информ» 1997г.

  3. Алякин А.А. «Организация учетной работы банка» М:1997г.

  4. Сейткасымов «Бухгалтерский учет и отчетность в банках», Алматы, Экономика. – 1999г.

  5. Эдвин Дж. Долан, Косин Дж. Кэмбслл, Рознари Дж. Кэмбелл «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика» М: 1998г.

Тақырып 2. Коммерциялық банктердегі бастапқы, аналитикалық және синтетикалық есеп

Сабақтың мақсаты – бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарымен танысу, аналитикалық және синтетикалық есепті ұйымдастыруды талқылау.

Негізгі ұғымдар: шот, аналитикалық есеп, синтетикалық есеп

Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары. Барлық шаруашылық операциялар балансқа әсер етеді, оның оған әсер етуіне байланысты әр түрлі операциялар түрі қарастырылады. Яғни, әрбір жаңа операцияны жүзеге асыру барысында баланс өзгеріп отырады, сондықтан әр жолы қайта құру мүмкін емес. Жекелеген мүлік құралдарының (актив позициясында) және міндеттемелердің жеке капиталды қосқандағы (пассив позициясында) өзгерістері шоттарда, яғни екіжақты жазуда ескеріледі. Ол үшін шоттағы бастапқы баланс қарастырылады.

Баланстық позицияда мүліктің немесе капиталдың нақтылығы туралы айтылып отырғандықтан, сәйкес шоттардың барлығы инвентарлық шотта (активті шотта) есептеледі, ал пассивтік және капиталдық құндылықтар (меншікті капитал және қарыз корлары) пассивті инвентарлық шоттарда есепке алынады.

Барлық баланстық позициялар инвентарлық шотқа кіргізіледі:

  • активті шоттарда бастапқы қалдық дебетке кіргізіледі (яғни, баланстағыдай, сол жағына);

  • пассивті шоттарда бастапқы қалдық кредитке жатқызылады (яғни, баланстағыдай, оң жағына);

Бастапқы баланстық шоттарға бөлінгеннен кейін және бастапқы қорларды негізгеннен кейін операцияларды жүргізуге болады.

Сондықтан бухгалтерлік кітапта жазудың ережесі бар:

  • түсімдер немесе көбеюлер бастапқы қалдық бар жағында жүргізіледі;

  • шығындар немесе қордың азаюы шоттың келесі жақ бетінде жүргізіледі;

Активті шоттарда қалдық дебет жағында болады, сондықтан:

  • түсімдер кредитінде жүргізіледі;

  • шығындар дебетінде жүргізіледі.

Кредиттік мекемелер де басқа да кәсіпорындар сияқты ең аз дегенде туындайтын шығындарды жабу үшін табысқа жетуге ұмтылу керек. Сондықтан дебиторлар несиелеуді пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Және керісінше, салымшылар өздерінің салымдары бойынша пайыз алады. Барлық шығындар және табыстар капиталдың азаюы немесе көбеюі болып табылады. Меншікті капиталдың өзгеруінің осындай жиі рәсімдерін тікелей меншікті капитал шоттарында жүргізу тиімдірек болар еді. Сондықтан табыстар мен шығындар капиталдағы осыған ұқсас өзгерістер тіркелетін Бас кітаптың ерекше шотында жүргізіледі. Бұндай жағдайда, нәтижелік шоттың көмегімен кәсіпорынның жақсы қызметінің себебін зерттеуге және баға беруге болады.

Осылайша қорытынды шот меншікті капитал шотының аралық шоты болып табылады. Қорытынды шот тек капиталдағы өзгерістерді ғана есептейтіндіктен, олардың бастапқы қоры жоқ.

Қорытынды шоттағы өзгерістер осы меншікті капитал шоты жағында жасалады:

  • табыстар шотының кредитінде капиталдың өсуі сияқты жүзеге асырылады;

  • шығындар капиталдың азаюы сияқты шығындар шотының дебетінде жүзеге асырылады.

Қорытынды шот жылдық қорытынды жасағанда меншікті капитал шоты арқылы тікелей емес, қорытынды шоттың жиынтық шоты ретінде шығын және табыс шоты арқылы жүзеге асырылады. Табыс және шығыс шотын қалдықтаудан несиелік мекеменің жетістікке жеткендігі (табыс шығыннан артық) немесе залал шеккені (табыс шығыннан аз) анықталады. Қалдық қорытындыны көрсетеді және меншікті капитал шотында жүргізіледі. Бұндай жағдайда меншікті капитал шоты «демалыстағы» шот болып табылады.

Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есепті жүргізудің негізі – синтетикалық есепшоттардың бірыңғай жүйесі, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарын Шот жоспары төрт санды кодты шоттар тізімі болып табылады. Бұл құжат кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің бухгалтерлік шот жүйесінен ерекше. Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер үшін бірыңғай есеп нысаны болуы банктің және оның фирмаларының қызметіне талдау жасауға мүмкіндік береді.

Шот жоспарының барлық шоттары 7 класқа бөлінеді:

I класс – Активтер

II класс - Міндеттемелер

III класс – Меншікті капитал

IVкласс – Табыстар

V класс – Шығындар

VI класс – Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер.

VII класс – Банк балансына меморандум шоттары.

Бухгалтерлік шоттар баланстық және баланстан тыс шоттар болып бөлінеді. Баланстық шоттарға бірінші кластан бесінші класқа дейінгілер кіреді – активтер , міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар, шығындар, ал алтыншы және жетінші класс шоттары баланстан тыс шоттарға жатады. Баланстық шоттар өз кезегінде екіге бөлінеді - актив және пассив. Актив щоттарға бірінші және бесінші шоттары жатады, ал пассивке – екінші, үшінші және төртінші класс шоттары жатады.

Актив шотта дебет бойынша түсімдер (көбеюлер), кредит бойынша – шығындар (азаюлар) ескеріледі. Пассив шотта керісінше.

Барлық балансында алғашқы үш кластың шоттары бейнеленеді. Төртінші, бесінші класс шоттары қаржылық нәтиже туралы есеп беруде бейнеленеді, сондықтан қаржылық нәтиженің өзі үшінші класс меншікті капитал шоты бойынша есепті мерзімнің аяқталуымен анықталады. Алтыншы кластық шоттар банктің шартты және мүмкін міндеттемелеріне есеп беруді жасауда пайдаланылады, жетінші класс шотын пайдалана отырып банктің операциялары жайлы қосымша қпарат алуға болады.

Шоттың сандық кодының бірінші цифры класын, екінші, үшінші цифрлер – шот тобын, төртінші - шот топтарын одан әрі бөлшектеуге және кеңейтуге болжанатындығын көрсетеді.

Алтыншы класс бойынша операциялардың есебі – шартты және мүмкін жүзеге асыру кезінде 500 саны арқылы анықталатынркредиттік шот бойынша корреспонденция жүзеге асады.

Аналитикалық және синтетикалық есеп. Банктегі бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық субъектілеріндегі сияқты аналитикалық және синтетикалық болып бөлінеді. Аналитикалық есеп – есептің алғашқы түрі, синтетикалық есептің базасы болып табылады. Банкте орындалатын барлық қызметтер бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол экономикаға салынған несие көлемін, жүргізілген қолма-қол ақша айналымын, банкте сақталған ақша айналысындағы сандық өзгерістерді және ақшалай қаражат сомасын анықтауға мүмкіндік береді.

Банктің көпжақты қызметін сипаттайтын қортынды көрсеткіштер банктік операциялардың аналитикалық есебінде болады.

Несиелік есеп айырысу, кассалық және басқа операциялардың күнделікті бөлшек есебі дербес шоттарда жүргізіледі. Әрбір кәсіпорынға немесе ұйымға дербес ашылған шоттардың саны олардың банкпен байланысы банкпен байланысы. Синтетикалық есептің әрбір баланстық және баланстан тыс шотында аналитикалық есепте ескерілетін құралдардың түріне, олардың белгілері мен иесіне байланысты бөлінетін дербес шоттар ашылады (9-тарауды қараңыз). Берілген несиелер, несиелердің мақсатты пайдалануы және несие алушы бойынша ашылған дербес шоттарда көрсетіледі.

Дербес шоттар ашылған дербес классификаторы болып табылатын арнайы кітаптарда тіркеледі. Онда кәсіпорындар мен мекемелер ашатын есеп айырысу және басқа шоттар тіркеледі.

Аналитикалық есептің дербес шоттары есеп айырысу ақша құжаттарының сәйкестендірілген жүйесіне кіретін белгіленген стандартты нысанда басылады.

Банктегі дербес шоттар бірыңғай ереже бойынша нөмірленеді. Дербес шоттың нөмір саны есепке алынатын құралдар мен құндылықтар сипатына байланысты 3 пен 9 аралығында болуы мүмкін. Баланстық шотқа сәйкес келетін екінші ретте нақты аналитикалық есептің қажеттігі жоқ болғанда үш санды нөмірлер қолданылады.

Аналитикалық есепте жазбалар есеп айырысу ақша құжаттарының мәліметтері бойынша жүзеге асырылады.

Дербес шоттарда келесідей дерктемелер басылып шығарылады:

- соңғы операциялардың жүзеге асқан күні;

- операцияның нақты жүзеге асырылған күні;

- құжат нөмірі;

- корреспонденттік шот нөмірі;

- операциялар түрінің шартты цифрлы белгілері;

- дебет және кредит бойынша айналыс сомасы;

- кіріс және шығыс қалдық;

Баланстан тыс щоттардағы аналитикалық есептің дербес шотында корреспонденттік шоттың нөмірі және шартты цифрлы белгілер деректемелері, сондай-ақ операциялардың түрлері толтырылмайды. Операция жүзеге асырылған күннен келесі күні клиентке сенімхат бойынша дербес шоттың көшірмесі, онымен бірге операциялардың сипаты жайлы қажетті мәліметтері бар құжаттар ұсынылады. Бұл құжаттар болмаған жағдайда шот менеджері сома түскен банкке хабарлама жібереді.

Әрбір жылдың 1 қаңтарында банктің клиенттері барлық дербес шоттар бойынша жазбаша нысанда қалдықты растауын көрсетуі керек.

Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер дербес шот көшірмесінің мәліметтері бойынша банктің сеп айырысу, кассалық операцияларды орындағандығын бақылайды және бұл операцияларды өздерінің бухгалтерлік есебінде көрсетеді.

Клиенттердің жазбаша өініші бойынша банк мекемесі бастығының рұқсатымен қажет жағдайда дербес шот көшірмесінің дубликаы беріледі. Дубликат алу өтінішіне банк шотын басқаратын тұлғалар қол қояды. Операциялық күн жабылғаннан кейін (банк нұсқаулар қабылдауды және клиенттерден өнімдерді жүзеге асыратын уақыт кезеңі) дербес шоттар мен баланста түзетулер енгізулер рұқсат етілмейді. Дұрыс жүргізілмеген сомалар бойынша барлық түзетулер ағымдағы күнгі түзетулер жазбалардың негізінде жүзеге асырылуы керек. (кері жазу әдісі).

Бухгалтерлік және кассалық журналдар, жиынтық карточкалар, тексеру тізімдемелер, күнделікті, ай сайынғы және жылдық баланстар банкте синтетикалық бухгалтерлік есеп материалдар болып табылады. (келесі тарауларда тереңірек қарастырылған). Бухгалтерлік бас кітап бөлшектелген шоттардың типтік щоттары негізінде құрылған. Көмекші бухгалтерлік кітаптарды жүргізу, басшыларғ а бизнесті басқару үшін талап етілетін талдамалық ақпараттарды ұсынуды қарастырады.

Бухгалтерлік журналда дебет және кредит бойынша әрбір операциялардың айналысы тіркеледі, баланстық шот бойынша қорытындылар шығарылады және журнал бойынша толық жалпы қорытынды шығарылады. Дебет бойынша журналдардың жалпы қорытындысы кредиттің қорытындысымен тең болуы керек. Бухгалтерлік журнал бойынша бухгалтерлік есепте банктік операциялардың толық көрсетілуі бақыланады.

Кассалық журналда кассаның кіріс және шығыс құжаттары, клиенттердің дербес шотының нөмірі, касса жоспарының белгісі және сомалар көрсетіледі. Операциялар уақыты аяқталысымен кассалық журнал қорытындысы банк кассасының кіріс және шығыс айналысының мәліметтерімен салыстырылады. Кассалық журнал мәліметтері бухгалтерлік журналға көшіріледі.

Жиынтық карточкалар баланстық шот бойынша жүргізіледі. Онда күнделікті кредит және дебет бойынша айналыстар және баланстық шотқа сәйкес ашылған, аналитикалық есептің дербес шоты бойынша саналған келесі күнге қалдықтары жазылады. Жиынтық карточкалардың дебеті және кредиті бухгалтерлік журналдың мәліметтерімен салыстырылады, ал қалдық сомасы ағымдық күннің айналысы мен күн басындағы қалдықты сальдолау жолымен тексеріледі.

Жиынтық карточка мәліметтерімен күнделікті баланс жасалады. Балансты дұрыс құрған кезде активтің және пассивтің қорытындылары сәйкес келеді. Жиынтық катрточкаларда ай бойғы айналыстардың қорытындысы жүргізіледі. Жыл бойындағы айналыстар жылдық айналыс тізімдемесін жасауға негіз болады.

Тексеріс тізімдемесіне жеке шот бойынша бір күн ішінде әрекет еткен әрбір айналыс карточкаларының және әрекет ететін және әрекет етпейтін дербес шоттар бойынша айналыстардың қорытындысы, сондай ақ баланстық шот және тізімдеме бойынша жалпы қорытынды қалдықтар мен айналыс қорытындылары енгізіледі. Тексеріс тізімдемесінің мәліметтері бойынша жиынтық карточкалар толтырылады.

Сөйтіп бухгалтерлік, кассалық журналдар, жиынтық карточкалар, тексеріс тізімдемесі аналитикалық есептің дербес шотына да операциялардың дұрыс көрсетілгенін тексеруші материал ретінде қызмет етеді және бухгалтерлік баланс құруға пайдаланады.

Баланстан тыс шот бойынша бухгалтерлік журнал және жиынтық карточкалар баланстық шот сияқты жасалады, онда да дербес шоттар, баланстан тыс кіріс шығыс ордерлрінің мәліметтері немесе баланстан тыс шоттардың карточкада ескерілетін төлем құжаттар мәліметтермен жасалатын жазулар да сондай әдіспен жасалады.

Баланс, жиынтық карточкалар, бухгалтерлік журналдар мұқият салыстырғаннан кейін синтетикалық есеп материалдарын тексеретін және балансқа қол қоятын банктің бас бухгалтеріне беріледі.

Бақылау сұрақтар:

  1. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары.

  2. Аналитикалық және синтетикалық есеп.

Әдебиеттер:

  1. Андросов А.М., «Бухгалтерский учет и отчетность банке» АО «Менатеп-информ» 1997г.

  2. Андросов А. «Бухгалтерский учет в банках» практическое руководство с документацией и комментариями. Москва, 1998г.

  3. Миржакыпова С.Т. «Банковский учет в РК»: Учебник. Часть 1 / Под общей ред. чл.-корр. НАН РК д.э.н., профессора Н.К.Мамырова. – Алматы: Экономика, 2002.-784с.

  4. Козлова Е.П., Галанина Е.Н. «Бухгалтерский учет в коммерческих банках» М:1999г.

  5. Сейткасымов «Бухгалтерский учет и отчетность в банках», Алматы, Экономика. – 1999г.

Тақырып 3. Кассалық операциялар және олардың есебі

Сабақтың мақсаты – банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру есебі, ақшалар және басқа да құндылықтарды сақтау, инкассацияланған қолма-қол ақшалар, касса ревизиясы жүргізудің қарастыру.

Негізгі ұғымдар: қолма-қол ақша, құндылық, инкассация, ревизия

Кассалық операциялар – бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар.

2-деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999 жылғы 15 карашадағы № 394 «ҚР 2- деңгейдегі банктернің кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Олар бойынша келесілер карастырылған: кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі; ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі; ақшаның төлем кабілеттілігін аңықтау тәртібі; зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбатсау және жою тәртібі.

Кассалық операцияларды жүргізудің жалпы принципі кассирдің құндылықтар мен қолма-қол ақшаны қабылдау және беру операцияларын кіріс және шығыс кассалық құжаттарға сәйкес рәсімделген бухгалтерлік бөлім қызметкерлерінің үкімі негізінде жүзеге асыруына бағытталады. Әрбір кассирді жұмыска қабылдау кезінде толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасалады. Жұмыс күнінің басында операциялық кассадағы кассирлері меңгерушілінен аванс ретінде белгілі бір қолма-қол (акты бойынша) сомасын алады және жұмыс күні сонында оны пайдаланғандығы туралы есеп береді. Бір күн ішіндегі барлық кассалық операциялар аякталғаннан кейін кассирлер бухгалтерия қызметкерлерінің мәліметтері мен өзі жүргізген операцияларының жалпы сомасын салыстырып, одан кейіп құндылықтар мен қолма-қол ақшаларды ақша қоймасына өткізеді. Кассалық операциялар бойынша Барлық құжаттар банк мекемесінің бухгалтериясында алдыя ала тексерілгеннен кейін кассирлерге түседі.

Клиенттерден олардың шоттарына есепке алуға арналған, банк кассасына қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс кассалық кұжаттармен жүргізіледі.

Басқа қүндылыктарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.

Клиент банкноттар мен тиындар тізімдемесімен бірге толтырылған кіріс кассалық құжатты бухгалтерия қызметкеріне өткізеді. ол кіріс кассалық қүжаттың дұрыс толтырылуын тексереді, оны рәсімдейді және кіріс бойыніпа кассалық журналда акта сомасын көрсету үшін құжаттарды бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Өз кезегінде бухгалтер-бақылаушы кіріс кассалық құжатты кабылдағаннан кейін операция жүргізген қызметкердің қолын және оның растығын тексереді, онда көрсетілген соманың сәйкестігін, сонымен қатар осы құжатта көрсетілген соманын растығын салыстырады, содан кейін кіріс бойынша бас журналға қол қойып тіркейді.

Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексергеннен кейін клиент шақырып, одан көрсетілген соманы қабылдап алады. Содан кейін құжатта көрсетілген соманы нақты сомамен салыстырып, сәйкес келген жағдайда кассир кұжатка қолын қойып, түбіртекке немесе кіріс ордерінін көшірмесіне мер қойып, оны ақша салған тұлғаға береді. Егер өткізілген ақша мен көрсетілген сома арасында сәйкессіздік байқалса, онда өткізілген құжат қайта рәсімделіп, кассалық журналға өзгерістер енгізіледі. Кассир қолма-қол ақшаны кабылдағаннан кейін «Хабарландырудан» түбіртекті және ордер кесіп алады және түбіртекті ақша енгізушіге береді, ал кассир қолымен расталган ордер ақшаның нақты түсуін кіріс бойынша кассалық журналда белгілейтін және келесі күні көшірмемен бірге клиентке берілетін бухгалтерия қызметкеріне бағытталады. Осыдан. клиенттер шотына еңгізілген сомалар бойынша соммаларға екі құжат ұсынылады - түбіртек және ордер. Бөлек операциялар бойынша ақшалардың банк кассасына түсуі «Кіріс кассалық ордерлерді» жасау жолымен рәсімделуі мүмкін.

Жұмыс күнінің сонында кассир кіріс кассалық құжат негізінде бір кұн ішіндегі кассалық айналым және құндылыктардың қалдығы туралы есептілік анықтамасын жасап, олардағы мәліметтерді нақты қабылданған сомамен салыстырады. Аныктамаға кассир қолын қояды және онда көрсетілген кассалық айналым кассалық журналдағы жазбалармен салыстырылады.

Кассир жұмыс күнінің сонында касса менгерушісіне анықтама және кіріс құжаттарымен бірге қабылданған акшаларды буып-түйіп өткізеді. Нақты сәйкесіздік бойынша акт жасалады.

Касса менгерушісі қабылданған соманы анықтама және кіріс құжаттарымен салыстырып, қолын қояды. Сонымен қатар жұмыс күні ішінде қабылданған барлық ақша сомалары операциялық кассаға кірістеліп, сол жұмыс күні ішінде клиентердің сәйкес шоттарына есептелуі қажет.

Ақшалай чектік кітаптар қатаң есептеме олардын есебі 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шоттында жүргізіледі.

Клиент қолма-қол ақша алу үшін толтырылған кассалық құжаттарды өзіне кызмет көрсетуші бухгалтерия қызметкеріне ұсынады, ол сәйкес тексеру және рәсімдеу жүргізгеннен кейін шығыс бойынша кассалық журналда чек сомасын немесе шығыс кассалық ордерді жазу үшін оларды кассирге, бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Және клиентке ақшалай чектен бақылау маркасын береді, ал чектін өзін бухгалтерия қызметкерлері кассирге өткізеді.

Шығыс құжаттарын алғаннан кейін, бухгалтер-бақылаушы келесілерді жүргізуге міндетті:

  • банктің ақшалай құжаттарына қол коюга өкілеттілігі бар жауапты түлғалардың қолын растай, тексеру;

  • санмен көрсетілген соманы жазбаша көрсетілген сомамен салыстыру;

  • клиенттін лауазымды тұлғаларының қолын және олардың растығын тексереді.

Кейін шығыс кассалық кұжаттар кассирге өткізіледі, ол келесілерді тексереді:

  • қолма-қол ақша алу кезінде клиенттердің құжаттағы қолын және клиенттің жеке куәлігін тексереді;

  • берілетін қолма-қол ақша сомасын салыстырады;

  • кассаға ұсынылатын бақылау маркасының нөмірін ақшалай чектегі нөмірмен салыстырып, оған бақылау маркасын жабыстырады.

  • клиент көзінше берілетін, дайын акта сомасын қайта есептен береді және шығыс құжатына қолын кояды.

Жұмыс күнінің соңында кассир есепке қабылдаиған қолма-қол ақша сомасын шығыс кұжаттар сомасы және қолма-қол ақша қалдықтарымен салыстырады, содан кеипі бір күн ішіндегі кассалық айналым және кұндылықтардың калдығы туралы есептілік анықтамасын құрайды, қолын қояды және кассалық айналымды бухгалтер-бақылаушының кассалық журналындағы жазбалармен салыстырады. Салыстырып тексеру касса журналында кассирдің және кассир анықтамасында бухгалтер-бақылаушылар қолдарымен рәсімделеді.

Сәйкессіздік анықталған жағдайда кассир ол туралы касса меңгерушісіне хабарлап, түсінікхат жазып, нақты сәйкессіздік бойынша акт жасайды. Сол күні кем шыққан ақша сомасын кассир өзі өтеуі қажет, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда кассир жетіспеушілікті өтеудің нақты мерзімін көрсетіп міндеттеме толтыруы қажет. Егер шығыс операцияларын касса менгерушісі орындаса, онда бір күн ішіндегі кассалық айналым және құндылықтардың калдығы туралы есептілік анықтамасы жасалмайды, ал шығыс бойынша барлық айналымдар бір күн ішіндегі кассалық айналым туралы жиынтық анықтамаға енгізіледі.

Кассир қолма-қол ақша мен бір күн ішіндегі шығыс кассалық құжаттар қалдығын есептілік анықтамасымен бірге касса меңгерушісіне қабылданған және өткізілген ақша есебінің кітабына қол кою арқылы өткізеді. Меңгеруші тексеріп, есептілік анықтамасына қолын қойып, оны касса күніндегі құжаттарға тіркеп тігу үшін жібереді.

Кассир кассалық айналымды операциялық қызметкерлсрдің кассалық журналымен салыстырғаннан кейін касса меңгерушісіне қолда бар ақша қалдықтарын анықтама және кассалық құжаттармен бірге белгіленген тәртіпге өткізеді. Касса меңгерушісі кассирден ақшаны, есептілік анықтамасы мен құжаттарды қабылдағаннан кейін операциялық қызметкерлердің кассир анықтамаларында көрсетілген кассалық айналым сомаларынын расталғандығын және ақша қалдықтары анықтамасының дұрыс шығарылғандығын тексереді. Содан кейін операциялық касса кассирлерінің есептілік анықтамасының мөліметтері мен қайта есептеу кассасының қабылдаған ақша сомасы туралы журналдағы жазбалары бойынша, сондай-ақ олардын өзі кабылдап-өткізетін ақша кұжаттары бойынша жиынтық анықтаманы жасайды және олардын нәтижелерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырады. Салыстырып тексеру бір күндік кассалық, кұжаттарда сақталатын анықтамада. бухгалтерия қызметкерінің қолымен рәсімделеді.

Касса меңгерушісі касса акпарынан кейін шығыс және кіріс бойынша бөлек кассалық құжаттарды калытастырады. Баланстан тыс құжаттар алдымеи кіріс, кейін шығыс болып баланстан тыс шоттар нөмірі бойынша теріледі. Әр күн бойынша кассалық құжаттар келесі күннен кешіктірілмей бөлек папкаларда жинақталып, бас бухгалтерге қол қоюга ұсынылуы кажет. Жинақталған кұжаттардың сомалык мәліметтері есептеуіш машиналарда есептелінеді.

Валютадагы сома ҚР Ұлттык банк бағамы бойынша теңгедегі шетел валюта сомасына сәйкес келуі қажет. Есепті жүргізген қызметкердің қолы койылған кіріс және шығыс кассалық және балалстан тыс ордерлер бойынша есептілік лентасы бөлек папкада басқа кұжаттардын алдында орналастырылады.

Кұндылыктардың сақталуына жауапты тұлғалар ақша қоймасында келесілерді тексеруге міндетті:

- сақталатын құндылықтардын, кітаптар мен құжаттардын қоймаға енгізілуін;

- айналым кассасы мен басқа да құндылыктардын нақтылығы бухгалтерлік есеп мәліметгері мен «құндылықтар есебі» кітабында көрсетіліген қалдықтармен сәйкес келуін.

Бақылау сұрақтар:

  1. Банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру есебі

  2. Ақшалар және басқа да құндылықтарды сақтау

  3. Инкассаланған қолма-қол ақшалар

  4. Касса ревизиясы

Әдебиеттер:

  1. Закон «О Национальном банке РК» от 30 марта 1995г.

  2. Андросов А.М., «Бухгалтерский учет и отчетность банке» АО «Менатеп-информ» 1997г.

  3. Козлова Е.П., Галанина Е.Н. «Бухгалтерский учет в коммерческих банках» М:1999г.

  4. Сейткасымов «Бухгалтерский учет и отчетность в банках», Алматы, Экономика. – 1999г.

Тақырып 4. Есеп айырасу және банк аралық операциялардың бухгалтерлік есебі Сабақтың мақсаты – банктік шот түсінігі, оны ашу, жүргізу және жабу тәртібі, есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі, есеп айырысу операцияларының есебі, банк аралық корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру және олардың есебі, банк аралық ақша аударымының жүйесі арқылы есеп айырысуларды жүргізу тәртібі, банкаралық клиринг есебі, банк аралық электрондық аударым жүйесінің мәнін анықтау

Негізгі ұғымдар: банктік шот, клиринг, ЛОРО, СПОТ, НОСТРО, SWIFT

Банк шот түсінігі, оның ашу, жүргізу және жабу тәртібі. Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте оларлың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі - есеп айырысу.

Осы есеп айырысу міндеті - қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына кызмет ету болып табылады. Кәсіпорын және ұйымдар арасындагы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.

Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік катынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жұзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жұзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындагы келісімшарттык катынасты бейнелеу әдісі.

Клиенттін есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу-кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі. Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады. Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, калдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке тұрғандығын куәландыратын құжат; банктегі ақшалай қаражатты колдану тәртібі, сондай-ақ банк көрсөтетін кызмет нен оны телеу тәртібі. Банктік келісімшарт екі тарап келі-сетін баска да шарттарды карастыруы мүмкін.

Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • клиенттің салық есебіне тұрғандыгын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұскасы;

  • мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;

  • жаргының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін - бекітілген ереженің кешірмесі;

  • қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі. Бұл кезде бір данасы банктің операциялық кызметгерінде, ал екінші данасы банк клиентінің іс құжатында сақталуы тиіс.

Банктер тенге және шөтел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар: ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспонденттік) шоттарга бөлінеді.

Ағымды және жинактық шоттар - заңды және жеке тұлғалардың, оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары, ал байланыстырма (корреспондент) шоттар - банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелер мен банктердің банктік шоттары.

Егер клиент банкте бірнеше шот ашқысы келсе және егер банктік шот алғашқы шот ашылған банкте немесе филиалында ашылса, сондай-ак құжаттарының толық бар екендігі туралы бекітімі болса, онда банк кұжаттарды қайта талап етпеуі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке түлғага шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс.

Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды өткізетін ұйымдар қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын клиентке банктік шот ашпастан жүргізе алады.

Заңды тұлгалар мен оның бөлімшелерінің қолма-қол ақшасыз төлемі және ақша аударымы, сальщ және бюджетке міндетті төлемдер, сондай-ақ зейнетақы жарналарынан басқасы олар банктік шот ашқаннан кейін ғана жүргізіледі.

Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады. Есеп айы­рысу шотынан көшірме келесі деректемелерден тұрады: клиент аты, есеп айырысу шотының нөмірі, соңғы операция датасы, корреспонденттік шот нөмірі, құжат нөмірі, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады. Кошірме клиентке сенімхат негізінде беріледі.

Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдары төлем құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.

Төлем құжаттары-бұлардың комегімен немесе негізінде азаматтық-құқыктық мәмілелел, келісім шарттар, ҚР-ның заңдық нормалар және сот шешімдерінің шарттарына сәйкес ақшалай міндеттемелер орындалатын құжаттар. Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында қабылданады және ҚР бенефициар келмеген жағдайда, банк екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік шоттар жоспарында қарастырылған тиісті банктік шштарга төлем хабарламасына сәйкес аталған соманы банктің бекітілген ішкі ережелеріне сәйкес есепке алуы тиіс. Егер аударымды жүргізу мұмкін болмаса, ақша жөнелтуші банк және бенефициар банк ақшаны жөнелтушіге қайтару үшін тиісті шараларды кабылдауы керек.

Аударым қате жүргізілсе, оның сомасы ақша жөнелтуіпінің банкіне келесі операциялык күннен кешіктірілмей, себептері көрсетіле отырып қайтарылуы тиіс. Қате аударылған сома ақша жөнелтушінің банктік шоты бар болып, жөнелтуші банкіне қайтарылғанда, сома жөнелтушінін банктік шотына құйылады, ақша жөнелтушінің банктік шоты болмаған жағдайда сома, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есепшот жоспарына сәйкес банктік шотқа есепке алынады.

Ақшаны қайтарған жағдайда банк жөнелтушіні үш банктік күн ішінде хабардар етуі тиіс.

Егер ақша, ақша аударымы қате белгіленуі себебімен қайта-рылган болса, онда жөнелтуші банк ақша жөнелтушіні ақшаның қайтарылғандыгы туралы хабардар етпеуге күқылы және құжат кайтарылган күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бенефициар баикке төлем құжаттарын тиісті деректемелерімен жолдайды. Егер жөнелтушінің банктік шоты болмаса, онда аударымньщ қабылдан-гандығы туралы банк белгісін қойып, тиісті құжаттарымен жөнелтушіге ақша касса арқылы қайтарылады.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк шоттары бойынша шығын операциялары осындай құқыққа ие өкілетті ұйымдардың шешімі негізінде тоқтатылады.

Бұл операциялардьщ банктік шот бойынша қалпына келтірілуі, окілетті үйымдардың банктік шоттағы акдіаны тұтқындау немесе банктік шоттағы шығын операцияларын тоқтату туралы шешімдерін өзгерту туралы жазбаша хабарлауы негізінде жүргізіледі.

Клиенттердің банктік шоты бойынша барлық операция тек олардың келісімдері бойынша жүргізіледі, егерде төлем акцепсіз тэртіпте жүзеге асырылмаса.

Банктік шоттың жабылуы клиенттін шотты жабу себебін корсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиент - заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлгаларда - үш жылдан аса, онда орындалмаган талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлганың банктік шотының жабылғандыгы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.

Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі. Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:

  • клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;

  • негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар.