Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zem_pr_UMKD.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері

Жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау

(ҚР ЖК 92-бабы)

Жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел түрде бұзу және жер учаскесінің нысаналы мақсатын бұзу (ҚР ЖК 93-бабы)

Мүліктік жер құқығы жауаптылығы меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зиянды өтеу

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Жер заңнамасын бұзған үшін заңды жауаптылықтың ерекшеліктері қандай?

2.Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылықтың ерекшелігі.

3.Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылықтың ерекшелігі.

4.Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-мүліктік жауаптылықтың ерекшелігі.

5.Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтын ерекшелігі.

6.Жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың ерекшелігі.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Қр Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. 21 май 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

2. Қр Жер кодексi. 20 маусым 2003 ж.

3. Хаджиев А.Х. Земельное право РК. Общая часть. Алматы, 2001.

4. Стамкұлов Ә. С, Стамкұлова Г. Ә. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы бөлім. Оқу кұралы.— Алматы: 2004.

10-тақырып. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі

Дәріс сабағының мақсаты: Бұл дәріс сабағында студенттерге ауыл шаруашылық жерлерінің ұғымын, мазмұнын, құрамын, басқару нысандарын түсіндіру. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық жерлерінің түрлерін түсіндіру және мысалдар келтіру, азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшiн жерлер беру мәселелерін қарастыру.

1.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі мен жалпы сипаттамасы.

2.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамы және жерлерді басқару.

3.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиiс. Бұл жердi ауыл шаруашылығы өндiрiсiне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол берiледi. Ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады. Егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сөрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды. Тыңайған жер - бұрын егiстiк құрамында болған және күзден бастап бiр жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және мал айдауға әзiрленбеген жер учаскесi. Көп жылдық екпелер - жемiс-жидек, техникалық және дәрi-дәрмек өнiмдерiнiң түсiмiн алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендiруге арналып қолдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелерiне пайдаланылатын жер учаскелерi. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелi түрде пайдаланылатын жер учаскелерi. Түбегейлi жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар – шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелерi. Суландырылған жайылымдар - тиiстi мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздерi (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегендi құдықтар) бар жайылымдар. Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін. Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыл шаруашылығында пайдалануға және суаруға жарамды, су ресурстары жүйесiнiң қазiргi пайдалы жұмыс коэффициентiнде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтерi бойынша осы жердi сумен қамтудың қолайлы мерзiмi iшiнде қамсыздандырудың кемiнде 75 процентiнен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететiн суару көзiмен байланысты тұрақты және уақытша суару жүйесi бар жер жатады. Жайылма суару жерi қар суын және көктемгi тасқын суды, сондай-ақ топырақты ылғалдандыру үшiн суару және суландыру каналдарынан берiлетiн суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды және қайта бөлудi қамтамасыз ететiн су бөгейтiн белдеулерi, суды реттейтiн бөгеттерi мен басқа да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: жеке меншiкке - Қазақстан Республикасының азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшiн; жеке меншiкке немесе жер пайдалануға - Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсi, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға берiледi. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау мақсатында бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорты жасалады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекiтедi. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру (трансформациялау) қажеттiгi табиғи факторларға, оларды бұдан кейiн де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негiзделедi. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жер учаскесi, учаскелер тобы, суармалы алқап, жер пайдалану бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Суармалы жердi суарылмайтын жерге ауыстыру кезiнде жоғарыда санамаланған факторлардан басқа, суару көзiмен байланыстың үзiлуi, сумен қамтылмауы, шаруашылық iшiндегi суару жүйелерiнiң техникалық жай-күйi, ал жайылма суармалы жер үшiн - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, құрылыстардың техникалық жай-күйi ескерiледi.  Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi материалдар ауданның уәкілетті органына аудан бойынша жинақтап қорыту, ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келiсу үшiн жiберiледi. Суармалы жердi - суарылмайтын жерге, суарылмайтын егiстiктi ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келiсу үшiн облыстың уәкілетті органына жiбередi. Келiсу нәтижелерi бойынша облыстың уәкілетті органы материалдарды тұтастай алғанда облыс бойынша тұжырымдайды және өз қорытындысымен бiрге оларды: суарылмайтын егiстiктi неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарының түрiне ауыстыру бойынша - түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн аудандық атқарушы органға; суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыру бойынша келiсу үшiн орталық уәкілетті органға жiбередi. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган суармалар егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi ұсынылған материалдарды ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық уәкілетті органдармен келiседi және өзiнiң жинақталған қорытындысымен қоса, осы мәселе бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн облыстық атқарушы органға жiбередi.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді шетел заңды тұлғалары мен азаматтарына берудің ерекшеліктері.

2. Жерлерді жеке қосалқы ауыл шаруашылығына, бағбандыққа және саяжай құрылысын салу үшін беру мен пайдалану ерекшеліктері.

3. Арнайы жер қорының құқықтық жағдайы.

4. Шартты жер үлестерінің құқықтық жағдайы.

5. Ауыл шаруашылық өндірісіне келген зиянды өтеу тәртібі мен негіздері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. 21 май 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

2. ҚР Жер кодексi. 20 маусым 2003 ж.

3. Хаджиев А.Х. Земельное право РК. Общая часть. Алматы, 2001.

4. Стамкұлов Ә. С, Стамкұлова Г. Ә. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Жалпы бөлім. Оқу кұралы.— Алматы: 2004.

11-тақырып. Елді мекен жерлердің құқықтық тәртібі

Дәріс сабағының мақсаты: Дәріс сабағының барысында елді мекен жерлері туралы түсінік беру, жep учаскелерiн қала, кент, село шегiне қосу туралы, осы учаскелерге меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру немесе тоқтатылу негіздерін қарастыру. Студенттерге елді мекен жерлерінің пайдалану ерекшеліктерін түсіндіру, мысалдар келтіру, заңдарда көрсетілген негіздер мен тәртіптер бойынша қарастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]