- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені «kr ZhK 3215 қазақстан республикасының жер құқығы»
- •Типтік оқу бағдарламасы типтік оқу бағдарламасы
- •Қазақстан республикасының жер құқығы
- •050301 «Заңтану»
- •Алғашқы рет енгізілген.
- •Мазмұны
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарының тақырыптарының үлгі тізімі Методикалық көрсеткіштер
- •2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1. Пәннің сипаттамасы
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар пән бойынша қарастырылмаған.
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •5. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •Силлабус
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындап тапсыру кестесі
- •5.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылған картасы
- •9. Эумкд
- •10. Лекционный комплекс
- •11. Материалы для срс
- •12. Материально-техническое обеспечение дисциплины
- •6.Дәрістік кешен (дәрістердің тезистері, көрнекілік және тарату материалдар, пайдаланған әдебиеттер) «Қазақстан Республикасының Жер құқығы» пәні бойынша дәрістер жинағы
- •2.Жер құқығының әдiстерi және жүйесi.
- •3.Жер құқығы – ғылым және оқу пәнi ретiнде.
- •1. Қр Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. 21 май 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.
- •2. Қр Жер кодексi. 20 маусым 2003 ж.
- •1.Жер құқығының қағидалары.
- •2.Жер құқығы қайнар көздерінің ұғымы мен жүйесі.
- •3.Қазақстан Республикасының Жер кодексі қайнар көзі ретінде.
- •1. Жерге меншік құқығының түсінігі және оның түрлері.
- •2. Жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының мазмұны.
- •3. Жер мен жер учаскелеріне меншік құқығының субъектілері.
- •1.Жер пайдалану құқығының түсінігі және мазмұны.
- •2.Жер пайдалану құқығының түрлері.
- •3.Жер пайдалану құқығының субъектілері.
- •1. Жерге ақы төлеу негіздері.
- •2. Жер учаскесін тегін берудің негіздері.
- •3.Тұрақты және уақытша пайдаланудағы, арендадағы жер учаскелеріне ақы төлеу.
- •1. Қр жер қорының түсінігі мен құрамы.
- •2.Жер қорын мемлекеттік басқарудың түсінігі.
- •3.Жерді қорғаудың мақсаттары, міндеттері, тәртібі және мазмұны.
- •1. Жерге орналастыру ұғымы мен міндеті.
- •2. Жер мониторингі ұғымы мен мазмұны, жүргізу.
- •3. Жер кадастры ұғымы мен мазмұны.
- •Жерге орналастырудың құрамы
- •Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кадастр жүйесі
- •Жер кадастры құжаттамасы
- •1.Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық ұғымы және түрлері.
- •2. Жер дауларының түсінігі және ерекшеліктері.
- •3.Жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық түрлері.
- •Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері
- •1. Қр Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж. 21 май 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.
- •2. Қр Жер кодексi. 20 маусым 2003 ж.
- •1.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі мен жалпы сипаттамасы.
- •2.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамы және жерлерді басқару.
- •3.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.
- •1. Елді мекен жерлерінің түсінігі мен құрамы.
- •2. Елді мекен жерлерін басқару.
- •3. Елді мекен жерлерін пайдалану.
- •1. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібінің түсінігі мен ерекшеліктері.
- •2. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерін пайдалану ерекшеліктері.
- •3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерін басқа мақсаттарға уақытша пайдалану тәртібі.
- •1.Ерекше қоғалатын табиғи аумақ жерлерінің түсінігі, ерекшелігі және құқықтық тәртібі.
- •2.Мемлекеттік табиғи қорықтардың жерлерінің құқықтық тәртібі.
- •3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің күзет және өзге де қорғаныш аймақтарының мақсатты пайдалануы мен құқықтық жағдайы.
- •1. Орман қоры жерлерінің түсінігі мен құрамы.
- •2. Орман қоры жерлерін пайдалану.
- •3. Орман қоры жерлерін басқару.
- •1. Су қоры жерлерінің түсінігі мен құрамы.
- •2. Су қоры жерлеріне меншік құқығы.
- •3. Су қоры жерлерін басқару.
- •7.Семинар (практикалық сабақтардың) жоспары
- •Пәнді оқытудың әдістемесі
- •Тәжірибе сабақтарының мазмұны
- •Студенттің білімін тексеру үшін есептер жинағы:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Нормативтік-құқықтық актілер
- •9.Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •Рефераттар тақырыптары
- •11.Оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибені өту пән бойынша оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •13.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етілуі (пәннің мазмұнына байланысты)
- •14.Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі
1. Су қоры жерлерінің түсінігі мен құрамы.
2. Су қоры жерлеріне меншік құқығы.
3. Су қоры жерлерін басқару.
Су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер су қорының жерi деп танылады. Су айдындары, мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жерi, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер мемлекет меншiгiнде болады. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cуapу және кәрiз жүйелерi) алып жатқан су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi бiр субъектiнiң жер учаскесiне қызмет ететiн ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк eмec заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн. Жергiлiктi атқарушы органдар су ресурстарын басқарудың уәкілетті органының ұсынысымен өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар, iшкi сулар, мұздықтар, батпақтар жағалауынан, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары жанынан су қорғау аймақтары мен белдеулерiне жер учаскелерiн бөледi. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiне енгiзiлген жер учаскелерiн пайдалану Қазақстан Республикасының су заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жергiлiктi атқарушы органдар су ресурстарын басқарудың уәкілетті органымен келiсiм бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылықтарының қажеттерi үшін және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн басқа да мақсаттар үшін уақытша жер пайдалануға су қоры жерiнiң құрамынан жер учаскелерiн беруi мүмкiн. Су қорының жерiн пайдалану жер кодексімен және Қазақстан Республикасының су заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады. Жеке және заңды тұлғаларға cу объектiлерiн пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша табыстайды. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi: қысқа мерзiмдi пайдалану; ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметі, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi: мемлекетаралық; мемлекеттiк; бассейндiк; аумақтық. Мемлекеттiк органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкін. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады. Су объектiлерi: жер үстi су объектiлерi; жер асты су объектiлерi; Қазақстан Республикасының теңiз сулары; трансшекаралық сулар болып бөлiнедi. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi: ортақ пайдаланудағы су объектiлерi; бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi; оқшау пайдаланудағы су объектiлерi; асты су объектiлерi. Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады: су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi; жер асты суларының бассейнi; жер асты сулары орындары мен учаскелерi; жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы; жер қойнауының суландырылған учаскелерi. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару: су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау; тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру; су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау; бассейндiк басқару; су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi: экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөнiндегi шараларды айқындау; су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау; су тұтыну, су беру және су қорғау технологияларын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу; қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшін оларды ұтымды қайта бөлу жөнiндегi iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру; жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу; ғылыми негiзделген нормативтер негiзiнде су пайдалану мен қайтарымды суларды ағызуды лимиттеу; экологиялық талаптар мен шектеулердi жоспарлау және сақтау; су объектiлерiнiң сандық және сапалық жай-күйi мен су пайдалану режимiн бақылау; мемлекеттiк меншiктегi су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi басқару; су шаруашылығы қызметтерiн көрсету рыногын дамыту; трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласында шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп басқару. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi: халықтың ауыз су мен тұрмыстық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету; сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады. Су қорын пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк жоспарлау үшін су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады: су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган; Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы; жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган; өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган; ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттiк орган; фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармасы: су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын; трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуын; су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын; су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын; су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын; жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген лицензияларды және рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі iс-шараларды орындауын; су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын; су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын; белгiленген тәртіппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн; су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiнiң аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берiлмеуiн; суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiнiң және озық тәжiрибенiң, су тұтынудың үлесiн азайту жөніндегі iс-шаралардың кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады. Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкілетті органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган және жергiлiктi атқарушы органдар: өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; су қорының сапалық және сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады; су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды; су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады; су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiне тыйым салу туралы белгiленген тәртіппен ұсыныстар енгiзедi. Су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен қорғау және суды бөлу мәселелерi бойынша су қатынастары субъектiлерiнiң арасында туындайтын даулар су даулары болып табылады. Су қатынастары субъектiлерiнiң арасындағы су даулары тараптардың келiссөздерi, оларды су пайдаланушылар бiрлестiктерi құрған органдарда, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарында және су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда немесе соттарда қарау арқылы шешiледi. Cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заң бұзушылықтар мыналар болып табылады: су объектiлерiн өз бетiнше басып алу, өз бетiнше су пайдалану, су пайдалану құқығын қайта табыстау, лимиттердi бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды өз бетiнше жүргiзу, су объектiлерiнен өндiрiлген немесе бүлiнген жер асты және жер үстi суларын қырсыздықпен пайдалану, су қорғау және су шаруашылығы белгiлерiн жою; жер үстi және жер асты суларының, ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң ластануы, қоқыстануы және сарқылуы, су жиналымдарында олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын су қорғау режимiнiң бұзылуы; судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын құрылыстары мен қондырғылары жоқ кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi пайдалануға беру; судың ластануынан, қоқыстануынан және сарқылуынан қорғауды, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитарлық және басқа да iс-шаралардың жүргiзiлмеуi; су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларының, сондай-ақ өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiнiң зақымдануы; су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларын пайдалану ережелерiнiң бұзылуы; өзендердің және басқа да су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi өз бетiнше салу; өз бетiнше су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу; сулардың және оларды пайдаланудың бастапқы есебiн жүргiзу ережесiнiң бұзылуы; мемлекеттiк су кадастрының есебi мен есептiлiгi деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау; су ресурстарын оларды кешендi пайдалану, экология мен су бөлу мүдделерiнде реттеуге кедергi жасау. Қазақстан Республикасының заңдарында су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзге де заң бұзушылықтар үшін жауаптылық белгiленуi мүмкін.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Су қоры жерлерін пайдаланудың құқықтық тәртібі.
2. Су қорғау аймақтарының және су белдеулерінің құқықтық жағдайы.
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау.
4. Cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заң бұзушылықтар.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан. Алматы, 1995.
2. Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушение. Алматы, 1993.
