Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер 4 курс. каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Агрохимикаттар.

Кейінгі он жыл ішінде ауыл және орман шаруашылығында химиза­цияның артуына байланысты, жер қыртысын санитарлық қорғаудың жаңа мәселесі пайда болды. Олардың бірі - пестицидтер мәселесі. Өсім­діктерді биологиялық қорғау үшін қолданылатын химиялық заттардың көпшілігі адам мен малдар үшін өте улы болады. Жер қыртысы адамға жанама әсер ететін болса да, гигиеналық тұрғыдан қарағанда, жер қыртысының пестицидтермен ластануына көп көңіл бөлу қажет.

Тағайындалуына байланысты пестицидтер бірнеше топқа бөлінеді: Гербицидтер - улы химикаттар, өсімдіктерді жояды (барлығын немесе таңдап).

Инсектицидтер - шыбын-шіркей, құмырсқалар­ды жоятын улы химикаттар.

Фунгицидтер - паразиттік саңырауқұлақтарға әсерін тигізе­тін заттар (тұқым дәндерін улау үшін қолданылады).

Бактерицидтер - бактерияларды жою үшін қолданылатын заттар (дәндерді улау үшін қолданылады).

Нематоцидтер - жұмыр құрттарды жою үшін пайдаланылатын заттар.

2000 жылғы мәліметер бойынша дүние жүзі бойынша 2,9 тонна пестицидттер өндірріледі. АҚШ, Жапония, Қытайда өте жиі қолданылады.

Дүние жүзі бойыншак жылына пестицидтерден 1 млн. Адам жедел улануға ұшырайды, олардың 20 мыңға жуығы өлімге ұшырайды. Бұл жағдайға көбіне балалр душар болды, өйткені олардың ата-аналары үй жағдайында пестицидтерді сақтайды. Дамыған елдерде көбіне гербицидтер қолданылса, ал дамушы елдерде инсектицидтер көп қаолданылады. Негізіне ыстық, ылғалды климатта, әсіресе ауыз жеткіліксіз елдерде адам денсаулығына едәуір қауіп туады.

Пестицидтерді қолдану негізінен экономикалық жағдайға байланысты. Мысалы Индияда агрохимикаттар жиі қолданылмайды, күріштің 1 Га-нан 17 ц өнім алады, ал Жапонияда пестицидті көп қолдану нәтижесінде 1 Га-дан 70 ц өнім алған. АҚШ ғалымдары гер де пестицидттер қолданбаған жағдайда алынатын өнім 50 пайызға төмендер еді, - деп есептейді.

Ауыл шаруашылығын химияландыру нәтижесінде қоршаған орта ластанады, агрохимикаттардың бір бөлігі топырақта қалса, бір бөлігі дақылдардың құрмамында қалдық өнім түрінде қалып, тағамдық қақылдар құрамына енеді. Пестицидтер топрырақта бірнеше күннен бірнеше ай, бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін. Бұл эжағдайда хлорорганикалық пестицидтердің зияндылығы жоғары, оның құрамында мыс, мырыш, сынап сияқты металдар бар, олар топрықта ұзақ жылдар бойы сақталады, қайта өңдеу кезінде жиналып қалады. Мысал келтіріп кетейік.

Бұрынғы онжылдықта ауыл шаруашылығында ДДТ пестициді кеңінен қолданылған. 1970 жылы жоғары улылығына байланысты бұрынғы ССРО-да оны пайдалануға тыйым салынғын. Бірақ осы күнге дейін бұл зат кейбір өсімдік және жануар текті өнімдерде, сондай-ақ адам биосубстраттарында кездеседі. Мысалы, ДДТ-ны осы күнге дейін қолданатын Индияның тұрғындарының май тканінде оның мөлшері дүние жүзі бойынша ең жоғарғы мөлшерде.

Қазақстанда Целина кезінде ДДТ көп жағдайда бақылаусыз, өте көп қолданылды. Қолдануға тиым салынғанмен әлі күнге дейін республиканың көтеген аудандарында кездеседі. Бұны ДДТ-ның топыррақта ұзақ сақталуымен де түсіндіруге болады. Сонымен қатар қазіргі кезде Қазақстан Қытайдан арзанға пестицидттер сатап алады, олардың құрамында ДДТ бар. Әрине бұл мәселе ашық қалып отыр.

Минералды тыңайатқыштарға органикалық емес заттар, негізінен азот, фосфат, калий тұздары жатаы. Азоттық тыңайтқыштыр аммиак, аммоний, нитраттар деп бөлінеді. Нитараттар суда тез ерігіштігіне байланысты топырақтан табиғи суға, өсімдіктерге, тағамдық өнімдерге тез ауысып жануар және адам организміне жиі түседі.

Соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстік облыстарында нитраттың мөлшері көп кездесетін көкөністерлді, әсіресе қарбызды пайдалану нәтижесенде ниттатпен тағамдық улану жиі тіркеліп отыр. Бұл жағдай егіндіккке нитраттық тыңайтқышты нормадан артық мөлшерде қолдану нәтижесенде болады. Республикада табиғи суда нитраттың жоғары мөлшері (нормада 45 мг/л) кездесетін жағдайлар да тіркелді. БДҰ ның (ВОЗ) мәліметтері бойынша метгемоглобинемия ересек адаимдарға қауіпті есес, бірақ балалр үшін едәуір қауіпті болып табылады.

Фосфор тыңатқыштары көптеген дақылдардың өнімділігін, дәнді дақылдардың тағамдық сапасын, картоп, қызылша, күнбағыс, темекі, шөптесін өсімдіктердің сапасын жақсартады. Топырақтағы артық мөлшері атмосфералық жауын-шашынмен еріп, табиғи суды ластайды, су өсімдіктерінің өнімлілігін арттырады. Соңында су евтрофикацияға ұшырап, суаттарда балдырлар өсіп, су жарамсыз болып қалады.

Калий тыңайтқыштары азот және фосфор тыңайтқыштарынан ерекшелігі өсімдіктердің органикасына кірмейді, бірақ фотосинтезді күшейтіп, қанттың жиналуына, дәнді дақылдардың беріктігін арттырады. Калий тыңайтқыштарына калий тұздары, ағашкүлі, цементтік шаң жатады.

Топырақтың санитарлық бағалау.

Жер қыртысын санитарлық бақылау үшін қазіргі кезде келесі көрсеткіштер қолданылады: