Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертханалық жұмыс-12.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Құжатты форматтау мүмкіндіктері

Маркерлеу және нөмiрлеу

Бiрнеше бөлiмдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тiзiмдердi таңбалау және нөмiрлеу қажеттiгi туады. Word –та қарапайым, маркерленген, нөмірленген базалық типтері бар. Тізімдерді қою үшін форматтау саймандар тақтасындағы батырманы немесе Формат – Тізім командасын қолдану қажет.

Маркер – таңбаны таңдау арқылы өзгертуге болатын Символ… сұхбат терезесiн таңдаңыз. Онан кейін <Backspace> немесе форматтау тақтасындағы маркерленген тізім батырмасына шертіңіз. <Enter> пернесін екі рет басыңыз. Егер маркерленген тізім бірнеше азат жолдан тұрса, азат жол маркерсіз болуы үшін, алдыңғы азат жолды аяқтау үшін <Shift + Enter> пернелер комбинациясын қолданамыз.

Нөмірленген тізімді жасау үшін:

1. Формат – Тізім командасын таңдау.

2. Нөмірленген батырмасына тышқанды шерту.

3. ‡лгіні таңдау.

4. ОК батырмасына шерту.

Мәтiндi бағаналарға бөлу

Мәтiндi бағаналарға бөлу – сөздiк, өлеңдер жазғанда т.б. қолдануға болады.

Мәтiндi бағаналарға бөлу үшiн алдын-ала тұтас құжатты немесе оның кез-келген бөлiгiн белгiлеп аламыз.

1. Бет белгi режимiне көшiремiз;

2. Саймандар тақтасында орналасқан бағаналар батырмасын шертемiз де, тышқанды ұстаулы күйiнде жылжыта отырып, қажеттi бағана санын көрсетемiз;

  • Меню қатарынан Формат - Бағаналар командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесiнде бағана санын көрсетемiз.

  • Бағаналар сұхбат терезесiнде, мәтiндегi бағаналар санын, енiн, олардың бiр-бiрiнен ара қашықтық мәнiн бере аламыз. Егер бағаналар арасын сызықпен бөлгiмiз келсе, Бөлгiш (Разделитель) жалаушасын, алендерiн бiрдей жасағымыз келсе, бiрдей ендi бағаналар жалаушасын көтеремiз де ОК батырмасын шертемiз. Ал Қолдану (Пременить) деген қатарда әрекеттi қолдану аймағын таңдаймыз.

Мәтiннiң жиегiн белгілеу, бояу, беттердi суретпен қоршау.

Мәтiннiң жиегін әр-түрлi сызықтармен белгілеу, бояу, беттердi тiзiмде бар әр түрлi суреттермен қоршау мүмкiндіктер бар. Осы әрекеттердi Формат – Шекаралар және бояу (Границы и заливка) командасын орындау арқылы iске асырамыз.

1.Тұтас мәтiндi немесе бөлiгiн белгiлеп алған соң Формат – Шекаралар және бояу командасын орындаймыз.

2. Ашылған сұхбат терезесiнде қажеттi шамаларды енгiземiз. Бұл сұхбат терезесi Шекара, Бет, Бояу үш астарлы бетiнен тұрады.

Шекара астарлы бетiнде мәтiндi жиек, көлеңке, көлемдi, басқа жиектемелердiң бiрiн және сызықтың түрiн, түсiн, енiн таңдай отырып, үлгiсiнен көрiп, қажеттi емес шекараны үлгiде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы iске қосып, қайта алып тастау әрекеттерiн орындап болған соң, ОК батырмасына шертемiз. Параметрлер… батырмасын шерткенде мәтiн мен жиектеменiң арақашықтығын азайтып-көбейту мүмкiндiгiн беретiн сұхбат терезесi ашылады.

Бет (Страница) астарлы бетiнде дәл осы әрекеттердi орындауға және бiр немесе бiрнеше беттi Сурет (Рисунок) батырмасын шерткенде шығатын тiзiмнен таңдап алынған суретпен қоршау мүмкiндiгi бар.

Бояу (Заливка) астарлы бетiнде мәтiннiң белгiленген аймағын бояу параметрлерiн бергеннен кейiн ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.

Стильдер құру. Форматтау: мәтінді туралау, қаріптер және интервалдар

Стильдер құру

Word мәтіндік редакторында абзацтың немесе құжаттың форматталу үлгісіне стиль құрып, оны құжаттың басқа аймағына қолдануға болады. Стильдер құжаттағы тақырыптар, суреттердің айналасындағы жиектеме ішіндегі мәтін (надпись) және негізгі мәтін сияқты мәтін элементтерінің әртүрлі сыртқы түрлеріне құрылады. Стильдер бір ғана әрекет жасай отырып абзацқа немесе сөзге тұтас бір форматтау атрибуттарын пайдалану мүмкіндігін береді. Егер мәтіндегі қандай да бір элементтің форматын өзгерту қажет болса, осы элементке пайдаланылған стильді өзгерту жеткілікті. Стильдер құжатты форматтауды жеңілдетеді және олардың көмегімен мазмұн құрылады.

Формат – Стильдер және форматтау командасын орындағанда экранның оң жағында ашылған тақтадан Стиль құру (Создать – Стиль) батырмасын таңдаймыз. Бұл сұқбат терезесінде форматтау операцияларын жасай аламыз.

Шаблондар Шаблон - бұл дайын құжаттардан тыс сақталатын тиімді стильдік баптаулар жиынтығы.

WORD программасы дайын шаблондар негізінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Шаблон құру үшін Файл – Создать командасын орындап, ашылған сұқбат терезеден шаблон батырмасын іске қосу қажет.

абзац дегенiмiз – парақ шетiнен мәтiннiң сол жағына дейiнгi аралық. Одан басқа, қатар мен абзац аралық интервалдарды анықтауға болады.

Қатар арасындағы интервал

Бiр аралықты (Одинарный) - қатар арасындағы интервал сол қатардағы ең үлкен символ биiктiгiндей. Бiр аралықты интервал символ мөлшерiнен сәл-пәл үлкендеу болады;

Бiр жарым аралықты (Полуторный) - интервал бiр аралықтан бiр жарым есе артық болады,

мысалы символ мөлшерi 10 пункт болса, аралық 15 пункт шамасында болады;

Екi аралықты (двойной) - бiр аралықты интервалдан екi есе артық қашықтық, символдары 10 пунктан тұратын қатарлар арасы 20 пункт мөлшерiнде болады;

Минимум – Word редакторында мүмкiн болатын ең кiшi интервал мәнi, ол әртүрлi жағдайларды (жоғары индекстi) есепке ала отырып орнатылады;

Дәлме-дәл (Точно) - қатар аралығы бүкiл текст үшiн бiрдей дәрежеде болады, егер символдар қиылғандай күйде болса, онда оны аздап үлкейту (минимум мәнiн) керек;

Көбейткiш (Множитель) – көрсетiлген қатарлар шамасына еселенген интервал, Мәнi (Значение) деген өрiс қатарына қажет мәтiндi енгiземiз (келiсiм бойынша, үш қатар).

MS WORD мәтіндік редакторында кесте құру және өңдеу.

MS WORD мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері. Формулалар редакторы. Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын, сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік беретін кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады.

Кез келген кесте ұя түріндегі қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтін немесе сурет орналастыруға болады. Сандарды мәтіндерді тіке туралап жазу үшін де кесте жасауға болады.

Кесте құрудың ең бір қарапайым жолы – Кесте салу батырмасын қолдану. Мұнда қолыңызға қалам алып қағазға кестені қалай сызсаңыз, экранда да дәл солай кесте саласыз. Келесі қатарлар биіктігін өзгертуге де мүмкіндік бар. Экрандағы көлденең сызықтар түзу сызылып, оның кез келген нүктесінен төмен қарай бағана жасау мүмкіндігі пайда болады. Кестенің сыртқы сызықтарын тышқан батырмасын басып тұрып қаламды жылжыту жолымен саламыз да, сонан соң оның бағаналары мен қатарларын сызамыз.

Керек емес сызықты Өшіргіш батырмасын басып алып тастаймыз.

Бос кесте құрудың тағы бір тәсілі – Кесте –Кесте енгізу (Таблица–Добавить таблицу) командасы немесе стандартты саймандар тақтасының осыған сәйкес батырмасын басып, бағана мен қатар санын тышқан курсорымен кеңейте отырып нақты белгілеп көрсету қажет. Осы тәсілді қолданғанда бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден анықталады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгертуге болады.

Егер кесте құру процесінде бағаналар енін өзіміз санмен бергіміз келсе, онда Кесте – Кесте енгізу (Таблица – Добавить таблицу) командасын пайдаланамыз. Бұл команданың орындалуы нәтижесінде “Кестені енгізу” деген сұхбат терезесі ашылады, онда кестенің қажетті параметрлерін қолмен енгізе аламыз. Кесте құрылған соң, алдын ала жасалып қойған олардың стандартты ықшам форматтары жиынынан өзімізге қажетті форматты таңдап алуға болады, ол үшін Кесте – Автоформат командасын орындаймыз. Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін жеңілдетеді.