Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зертханалық жұмыс-12.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс 15-1 .Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі.

  1. Қазақстан Республикасының Web-порталынан (www.e.gov.kz) «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын» іздеу жасап, ашыңыз.

  2. ЭҮ-тің 1 кезеңінің архитектурасын сызыңыз.

  3. ЭҮ-тің 2 кезеңінің архитектурасын сызыңыз.

  4. Бірыңғай электрондық құжатайналым проектісі туралы айтыңыз.

  5. Сыртқы контурдың схемасын сызыңыз.

  6. Мемлекеттік органдардың біркелкі көліктік ортасын құру кезеңдерін айтыңыз.

  7. Ұлттық сәйкестендіру жүйесін құру туралы айтыңыз.

  8. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) туралы айтыңыз.

  9. Азаматтар, бизнесмендер, мемлекеттік аппараттар (G2G, G2B, G2C) арасындағы өзара байланыс схемасын сызыңыз.

  10. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым схемасын сызыңыз.

  11. 2005-2007 жылғы ҚР-ның «Электрондық үкімет» құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерін атаңыз.

  12. «Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолдар туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын интернеттен іздеп табыңыз.

  13. «Электрондық үкімет» инфрақұрылымның схемасын сызыңыз.

  14. «Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолдар туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын интернеттен іздеп табыңыз.

  15. «Электрондық үкімет» инфрақұрылымның схемасын сызыңыз.

  16. Ішкі контур, сыртқы контурдың схемасын сызыңыз.

  17. Қазақстан Республикасының Web-порталынан (www.e.gov.kz) «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын» іздеу жасап, ашыңыз.

  18. ЭҮ-тің 1 кезеңінің архитектурасын сызыңыз.

  19. ЭҮ-тің 2 кезеңінің архитектурасын сызыңыз.

  20. Бірыңғай электрондық құжатайналым проектісі туралы айтыңыз.

Зертханалық жұмыс 15-2.

Ведомствоаралық және үлгiлiк ведомстволық ақпарат жүйелерiн құру және дамыту.

Электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымы азаматтарды осы ресурстарға регламентпен кіре алатын ақпаратты қызметтер жүйесі мен мемлекеттік ақпараттар ресурсының бірігуі.

Электронды үкіметті қалыптастыру концепциясы келесі негізгі есептермен шешіледі:

  1. Интернетте арнайы сайттар құру және оны өзекті арнайы ақпараттар мен толтыру. Міндетті ақпараттарға (кейбір мемлекеттердің осындай сайттарының мазмұны сияқты) жалпы, мемлекеттік мекемелердің анықтамалық және байланыс ақпараттары, статистика, мемлекеттегі болып жатқан оқиғалар, заңдар және нормативті актілер, үіметтің есе,бі, мемлекеттік мұрағат мазмұны болады. Сайтта сонымен қатар мыналар болуы мүмкін:

    • жоғарыда тұрған мекемелердің құжаттарына құжаттар немесе сілтемелер;

    • жарияланған мекемелер мен оның функцияларына сәйкес өзекті материалдар;

    • типтік жағдайларына байланысты жеке және заңды тұлғаларға рекомендация беру;

  2. Мемлекеттік мекемелерге қатысты сұрақтарға тез және жылдам жауап алуға, мемлекет пен азаматтар арасында өзара қарым-қатынасты қысқартуға қатысты интерактивті қызметтер құру. Көп мемлекетте дамыған осындай қызметтердің біріне салық декларацияларын құру және беру, өтініштер беру, мемлекеттік сатып алулар үшін электронды сауда алаңдарын құру болып табылады.

Келесі қызметтер ұйымдастырылуы мүмкін:

  • мемлекеттік басқару ұйымдары мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына қатысты туындайтын әртүрлі жағдайларға қажетті құжаттардың үлгілерін беру;

  • айыппұл төлеу;

  • әлеуметтік жеңілдіктерге қатысты анықтамалар;

  • мемлекеттік мекемелерден жұмыс іздеу;

  • сертификаттар мен келісімдерді беру,

  • дәрігердің қабылдауына жазылу;

  • қашықтан оқыту қызметтерін беру,

сайлаушыларды тіркеу.

1