- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •1 Тақырып Психотерапия, оның мақсаты мен міндеті.
- •2 Тақырып. Психодинамикалық психотерапия.
- •3 Тақырып. Клиентке бағытталған терапиясы.
- •4 Тақырып. Гештальт терапиясы.
- •5 Тақырып. Когнитивтік психотерапия.
- •6 Тақырып. Рационалды психотерапия.
- •1 Кесте Рационалдық, когнитивтік және когнитивтік-эмоционалдық психотерапияның салыстырмалы сипаттамасы
- •7 Тақырып. Трансактілік талдау.
- •8 Тақырып. Нейролингвистикалық бағдарламалау (нлб).
- •2 Кесте Метаүлгінің бұзылуы мен нақтылайтын және сұрақтар мысалдары
- •3 Кесте Модальдылық тілдің екі жақты аудару
- •4 Кесте Рұқсаттың көз белгілері
- •9 Тақырып. Суггестивтік психотерапия.
- •10 Тақырып. Отбасылық психотерапия.
- •Тема 11. Арт-терапия.
- •12 Тақырып. Дене-бейімделу психотерапиясы.
- •13 Тақырып. Экзистенциалдық психотерапия.
- •Тема 14. Имаготерапия.
- •15 Тақырып. Мінез-құлық психотерапиясы.
- •16 Тақырып. Мәселелі-бейімделу психотерапия.
- •17 Тақырып. Топтық психотерапия.
- •Тест материалдары
- •Терминдер глоссарийі
- •Әдебиеттер
- •Психотерапия технологиялары
1 Тақырып Психотерапия, оның мақсаты мен міндеті.
Жоспар.
1. Психотерапияның мәні, мақсаты және міндеті.
2. Психотерапияның даму тарихы.
3. Психотерапия әдістерінің жіктелуі.
Психотерапия (грек. psyche — жан және therapeia — емдеу).
Бастин (Bastine R., 1982) психотерапияны ондағы психикалық сипаттағы мәселелер немесе қиындықтар туындағанда науқасқа психологиялық құралдар арқылы кәсіби көмек көрсетілетін өзара жеке әрекет етудің ерекше түрін айтады.
П.Ледер (Leder S., 1993) жан-жақтылығын белгілей отыра, психотерапия туралы келесідей ұғымдарды атайды:
1) психикалық және тәндік қызмет саласында ағзаның жағдайы мен қызметіне ықпал ететін емдеу әдісі ретінде;
2) үйрету үдерісін қөзғалысқа келтіретін әсер ету немесе ықпалын тигізу әдісі ретінде;
3) әлеуметтік бақылау мақсатына қызмет ететін құрал қимылы әдісі ретінде;
4) адамдардың өзара әрекеттесу мен қатынасу барысында болатын құбылыстар кешені ретінде.
Психотерапия терминін алғаш рет XIX ғ. Тьюк (Tuke D.Н.) енгізді. Психотерапия термині гипнөз техникасының дамуына байланысты XIX ғ. 90-жж. ғана жалпы қолданылатын болады.
Штротц (Strotzka Н. Н., 1982) пікірі бойынша: «Психотерапия — бұл психологиялық құралдармен мінез-құлықтың бұзылуын немесе аурушаң жағдайды нақты белгіленген мақсатпен және қалыпты және ауытқушылық тәртібінің теориясы негізінде оларға таныс тәсілдер арқылы емдеу мақсатында бір немесе бірнеше науқастың және бір немесе бірнеше психотерапевттердің (тиісті оқыту мен дайындықты өткендер) өзара әрекеттесуі.»
Ағылшын әдебиеттерінде психотерапия термині медициналық, және одан да тар мағынаны білдіреді. Бұл ұғым психикалық талдау амалдарын қолданбайтын және ауру психикасының терең қабаттарын зерттеу талпынысынан бас тартуымен терапияның психоаналитикалық тәсілдерінен ерекшеленетін емдеу әдістерін белгілеу үшін қолданылады.
Білімі немесе қызмет түрі бойынша дәрігерлер болып табылмайтын психотерапевттер «жанмен емдеу» бастапқы мағынасына негізделетін басқа – философиялық және психологиялық — психотерапияның моделін ұсынады. Бұл көзқарастың негізгі мақсаты психикалық бұзылуды емдеу емес, онда психотерапевт аурудың серігі, досы, тәлімгері ретінде болатын сана және жеке тұлға қалыптасу үдерісіндегі көмек.
Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ. Психотерапия әдісінің ұғымы қолданылатын мағыналар түрлілігін талдауға талпынған Александрович (Aleksandrowicz J.W., 1979) болды:
1) техникалар сипатындағы әдістер;
2) психотерапия мақсаттарына жету мен оңтайландыруға септігін тигізетін жағдайларды анықтайтын әдістер;
3) психотерапевтикалық үдерісі барысында құрал мағынасында пайдаланылатын әдістер;
4) терапевтикалық интервенциялар (араласу) мағынасындағы әдістер.
Сонымен қатар тәжірибеде топтық психотерапияның жекеден айырмашылығы мағынасы да бар (Исурина ГИПНОТЕРАПИЯ, 1995), себебі олардың әрқайсысы түсініктерге, психотерапевт және сеанстарды өткізу техникасының дайындығына қатысты нақты алғышарттарға байланысты.
1985 ж. өзінде Б.Д.Карвасарский психотерапияны келесідей жіктеген:
1) жеке-нысаналы психотерапия әдістері;
2) суггестивті (ұйыту) психотерапия әдістері;
3) мінез-құлық (шартты-рефлекторлық) психотерапия әдістері.
Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия, аутогендік жаттығу, иландыру және өзін-өзі иландырудың алуан түрлерін жатқызады. Маңызды жеке тұлғаның өзгерістеріне бағытталған психотерапия заманауи психологияның негізгі ағымдарына негізделеді және осыған сәйкес динамикалық, мінез-құлық және адамгершілік бағыттар болып бөлінеді.
Психотерапевтикалық әсер ету — бұл белгілі мақсаттарымен, сол мақсаттарға сәйкес әсер ету құралдарының (әдістер) таңдауымен, қызметтерімен, теориялық тұрғыдан дәлелділігімен, эмпирикалық тексерісімен және кәсіби әрекеттерімен сипатталатын клиникалық-психологиялық араласу (интервенция) түрі.
Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
П. Ледер бойынша психотерапия туралы ұғымдар.
Штротц бойынша психотерапия дегеніміз не?
Б. Д. Карвасарский психотерапияны қандай әдістерге жіктеген?
Психотерапевтикалық әсер ету деген не?
Психотерапевтің мақсаты.
Әдебиет
Авдеев Д.А., Невярович В.К. Наука о душевном здоровье: Основы православной психотерапии. — М., 2001.
Бьюдженталь Дж. Искусство психотерапевта. — 3-е изд. / Пер. с англ. и общая редакция М.Р.Мироновой. — СПб., 2001.
Лоуэн А. Терапия, которая использует язык тела (биоэнергетика). — СПб., 2000.
Минделл Э. Психотерапия как духовная практика. — М., 1997.
Ялом И. Теория и практика групповой психотерапии / Пер. С.В.Жужанавы и М.Р.Мироновой. - 5-е изд. - СПб., 2000.
