- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- •1 Тақырып Психотерапия, оның мақсаты мен міндеті.
- •2 Тақырып. Психодинамикалық психотерапия.
- •3 Тақырып. Клиентке бағытталған терапиясы.
- •4 Тақырып. Гештальт терапиясы.
- •5 Тақырып. Когнитивтік психотерапия.
- •6 Тақырып. Рационалды психотерапия.
- •1 Кесте Рационалдық, когнитивтік және когнитивтік-эмоционалдық психотерапияның салыстырмалы сипаттамасы
- •7 Тақырып. Трансактілік талдау.
- •8 Тақырып. Нейролингвистикалық бағдарламалау (нлб).
- •2 Кесте Метаүлгінің бұзылуы мен нақтылайтын және сұрақтар мысалдары
- •3 Кесте Модальдылық тілдің екі жақты аудару
- •4 Кесте Рұқсаттың көз белгілері
- •9 Тақырып. Суггестивтік психотерапия.
- •10 Тақырып. Отбасылық психотерапия.
- •Тема 11. Арт-терапия.
- •12 Тақырып. Дене-бейімделу психотерапиясы.
- •13 Тақырып. Экзистенциалдық психотерапия.
- •Тема 14. Имаготерапия.
- •15 Тақырып. Мінез-құлық психотерапиясы.
- •16 Тақырып. Мәселелі-бейімделу психотерапия.
- •17 Тақырып. Топтық психотерапия.
- •Тест материалдары
- •Терминдер глоссарийі
- •Әдебиеттер
- •Психотерапия технологиялары
8 Тақырып. Нейролингвистикалық бағдарламалау (нлб).
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.
2. «НЛБ» ұғымының мәні.
4. НЛБ алғышарттары мен принциптері.
НЛБ – 70-жж. басында пайда болған бүгінгі күні психотерапия кеңінен танымал бағыттарының бірі. Оның негізін салушылар Ричард Бэндлер және Джон Гриндер болып саналады. Олар өз кезегінде жұмыстарының басталу нүктесі Федерика Перлз, Вирджиния Сатир және Милтон Эриксон тәжірибелерінің жалпылануы деп есептейді.
НЛБ сәйкес, әр адамда ақпаратты қабылдаудың басымдық танытатын каналы бар: модальдылық. Яғни, әйтсе де әр дұрыс адам әлемді бар сезім органдарымен қабылдайды: естумен, көрумен, сезумен, бұлшық-қимылмен де (кинестетикалық) және т.б., бірақ бір адамда жетекші модальдылық болып көріп қабылдауы, ал екіншісінде естіп қабылдауы (ал басқалары – оны толтырады) болып табылады.
НЛБ келесілерге негізделеді:
1) Эриксон (Erickson M.H.), Сатир (Satir V.), Перлс (Perls F.S.)тәжірибесін үйрену және талдау;
2) сыңар ассиметриялары туралы заманауи деректерде — оң және сол жақ сыңармен ақпаратты өңдеудегі айырмашылық; жаттықтырудың белгілі жағдайларында дельфиндер тәртібінің стандартты емес «шығармашылық» стереотиптері қалыптасуының на зоопсихологиялық деректерге нұсқаумен «сана экологиясына» арналған Бейтсон (Bateson G.) жұмыстары;
3) тілдің терең құрылымын, хабарламаны ұйымдастыру мен өзгеру ережелерін жіктейтін Хомскийдің (Chomsky N.) ауысу грамматикасында;
4) 1950-1960-х жж кибернетика зерттеулерінде және жасанды және табиғидың арасындағы шекті жоятын интеллек; Расселдің (Rassel В.) логикалық түрлері теориясында:
5) Расселдің (Rassel В.) логикалық түрлері теориясы.
Осылай, НЛБ необихевиористік бағдардың пән аралық интегративтік тұжырымдамасы болып табылады.
Әлем «картасы» мен тәжірибе байланысын қайта қалпына келтіру үшін Дж. Гриндер және Р. Бендлер метаүлгіні ұсынды [«мета» сөзі ежелгі грек сөзінен шыққан және өзначает «жоғары» немесе «үсті», кейде — «басқа логикалық деңгейде».] — қайта қалпына келтіруге және адамзаттық қарым-қатынас мәнінің айқындалуына бағытталған лингвистикалық құралдар жинағы.
2 Кесте Метаүлгінің бұзылуы мен нақтылайтын және сұрақтар мысалдары
Метаүлгінің бұзылу түрлері |
Сөйлеу бұзылуының мысалдары
|
Нақтылайтын және сұрақтар мысалдары |
Өзгеше емес зат есім |
Балалармен машақат көп. |
Олардың қайсысы? |
Өзгеше емес етістік |
Күйзелемін, сеземін. |
Сіз оны қалай сезінесіз? Не қобалжытады? |
Жойылған преформатив (стандартты көрсетусіз бағалау немесе пікір) |
Мен оны жеткілікті түрде жақсы жасаған жоқпын. |
Немен салыстырғанда? Кім бұл пікірді айтты және оны жасағанда неге сүйенді? |
Номиналдану (зат есім үдерісінің белгіленуі) |
Мені жаман зейінім азаптайды. Депрессия мені жындандырады. |
Зат есімді етістікке айналдыру: дәл не болады, ол нақ немен айқындалады? |
Мүмкіндіктің модалды операторы |
Мен ... жасай алмаймын... |
Неге? Сіз оны жасасаңыз, не болады? Сізге не бөгет? |
Қажеттіліктің модалды операторы |
Мен ... тиіспін... Мен ....тиіс емеспін... |
Неге? Сіз мұны жасамасаңыз, не болады? (бәрібір жасайсыз)? |
Әмбебап квантификаторлар (шамадан тыс жалпылаулар) |
Әрқашан... ешқашан |
Шын әрқашан ба? Шынымен ешқашан ба? Қашан уақыт болушы еді, қай уақытта...? |
Кешенді эквиваленттілігі |
Егер ол ... онда.... |
Қалайша бір нәрсе басқа нәрсемен байланысты болады? |
Пресуппөзициялар |
Ол маған қамқор болмайды... |
Сізді солай ойлауға итермелейтін не? |
Себеп-салдарлық байланыстардың бұзылуы |
Мен онымен ажырасушы едім, бірақ ол менсіз өледі... |
Бірі бірін қалай тудыратынын нақтылаңыз. Қалай сондай салдардын құтылуға болады? |
«Ойды оқу» («мүмкін ...бұл...» орнына «жағдай осындай» пікірі түрінде |
Ол маған көңіл аудармайды... |
Сіз оны қалай анықтадыңыз? |
Одан басқа, адам қоршаған ортаны өз сезім мүшелерімен қабылдап бейнелесе, НЛБ-да ақпараттың модалдылығына үлкен мән беріледі. Негізінен модальдылықтың келесі түрі жіктеледі:
1) визуалды (көру);
2) аудиалды (есту);
3) кинестетикалық (дене сезімі);
4) сезік-дәм сезу.
Адамда модальдылықтың біреуі басым болады, қалғандары қосымша. Егер адам сыртқы әлемді әр түрлі басым болатын модальдылықта қабылдаса, шамамен дәл солай ол өз ішкі әлемін бейнелейді.
