- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
- •5В050700 «Менеджмент» мамандығына арналған
- •Әдістемелік нұсқаулары
- •Өндірістік практиканың мақсаттары мен міндеттері
- •Өндірістік практикаға жетекшілік ету
- •3. Практика мазмұны
- •4. Практиканы өткізуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- •5.1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
- •5.1.2 Басқаруды ұйымдастыруды талдау
- •5. Өндірістік практиканің тақырыптық жоспары
- •5.1 Кәсіпорын қызметінің ұйымдастыру-шаруашылық жағдайы
- •5.1.3 Кәсіпорындағы менеджмент жүйесін жобалау
- •5.2 Кәсіпорынның экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайының талдауы.
- •5.2.1 Кәсіпорынның шаруашылық жағдайын және экономикалық даму деңгейі талдауы.
- •5.2.2 Экономикалық (жер) ресурстарын (материалды-техникалық базаны) пайдалануды талдау.
- •5.2.3 Кәсіпорынның (ауыл шаруашылық) өндірістік негізгі қорлармен қамтамасыз етілу және оларды қолдану тиімділігі талдауы.
- •5.2.4 Өнімдер (қызметтер) өндіруді талдау
- •5.2.5 Еңбек ресурстарын пайдалану мен еңбекті төлеу қорын талдау
- •5.2.6 Өндіріс шығындары (айналымы) талдауы және өнімдердің (қызметтердің) өзіндік құны
- •5.2.7 Кәсіпорынның табыстарын, пайдасын және рентабельділігін талдау
- •5.2.8 Сауда кәсіпорнының қаржылық жағдайын талдау
- •5.3 Таңдау бойынша бөлім (мысалы «Кәсіпорында персоналды басқару»)
- •6. Студенттердің практикадан өту барысындағы құқықтары мен міндеттері
- •7. Практика бойынша есепті рәсімдеу және қорғау
- •7.1 Өндірістік практика туралы есепті ресімдеуге арналған талаптар
- •Қосымша б
- •Қосымша в
- •Қосымша г
- •Қосымша д Кафедраға өндірістік практикаден кейін тапсырылатын материалдар тізімі
Өндірістік практиканың мақсаттары мен міндеттері
«Менеджмент» мамандығы студенттерінің өндірістік практикасі өзінің алдына келесідей мақсаттар қояды:
басқару туралы алған білімдерін кәсіпорында теориялық және практикалық практикалерін жалпылау;
студенттерде менеджмент туралы білімдері мен дағдылары жүйесін қалыптастыру;
практика барысында басқару дағдыларын алу.
Өндірістік практика өз алдына мынадай мақсаттарды да қояды «Менеджмент теориясы мен практикасы», «Кәсіпорын экономикасы», «Өндірістік менеджмент», «Қаржылық менеджмент», «Инновациялық менеджмент» сияқты теориялық курстарды меңгеру үрдісінде студенттердің алған білімдерін бекіту; кәсіпорын экономикасын басқару бойынша практикалік дағдыларды алу, өндірістік үрдістерді ұйымдастыру; кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы материалды жинау және өңдеу; функционалдық жүйелерде басқару тиімділігін бағалау, кәсіпорын қызметінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау; кемшіліктерді жою бойынша және экономикалық негіздеу шараларын ұсыну.
Өндірістік практиканің негізгі міндеттері базалық кәсіпорындарда (ұйымдарда, фирмаларда) болашақ дипломдық жұмыстарының негізгі идеяларын Основными задачами производственной практики являются апробирование на базовом предприятии (организации, фирме) ключевых идей будущей дипломной работы, сбор и анализ необходимой информации, окончательная корректировка реальной темы дипломной работы студента и в оптимальном случае – достижение договоренности о трудоустройстве.
Өндірістік практикаға жетекшілік ету
Өндірістік практикадан өту үшін студент кәсіпорын таңдайды, оның материалдарын дипломдық жұмыстарды орындауда немесе басқа ғылыми-зерттеуде қолданылады. Таңдау жасалғаннан кейін университет пен кәсіпорын арасында студенттің өндірістік практикадан өтуі туралы келісім-шарт жасалады. Одан кейінгі жұмыс дипломдық жұмысты таңдау және оны кафедрамен келісу. Университет атынан экономикалық факультет деканаты 2 бұйрық шығарады: 1) 4- курс студенттерінің өндірістік практикадан өтетін орындары туралы; 2) дипломдық жұмыстардың тақырыптары және ғылыми жетекшілерін тағайындау туралы.
Әрбір студентке 2 жетекші тағайындалады: кафедрадан (дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі) және кәсіпорыннан, студент өндірістік практика өтетін орнынан.
Кәсіпорында студент өндірістен практика жетекшісімен бірге бірінші күні күнтізбелік жоспарды жасайды, соған сәйкес жұмыс жасайды. Өндірістік бағдарламаның орындалуы бойынша студент практика күнделігін толтырады, жасалған жұмыстар туралы есеп құрады. Практиканың әдістемелік және ұйымдастырушылық жетекшілігін «Менеджмент» кафедрасы жүзеге асырады.
Кафедрада практикані ұйымдастыру және өткізуге жауапты:
- студенттердің өндірістік практикасін ұйымдастыру және әдістемелік жетекшілікті жүзеге асырады және оның өткізілуін қадағалайды;
- практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша алдынала және ағымдық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- өндірістік практика бағдарламасын кәсіпорындармен және мекемелер-базаларымен келісуді және дайындауды ұйымдастырады;
- өндірістік практика бағдарламасын, оқу-әдістемелік құжаттарды дайындайды;
- кафедрадағы тәжірибелі оқытушылар тізімінен студенттердің практика және дипломдық жобалардың жетекшілерін тағайындайды;
- практика орны бойынша студенттерді бөледі, студенттер тізімін, олардың практика базаларын бекіту, студенттерді өндірістік практика бағыттары бойынша қажетті құжаттар дайындайды және ЖОО өндірістік практика бөлімінің бастығына өткізеді;
- деканатпен бірге практика алдында студенттер жиналысын дайындайды және өткізеді (қосым.4);
- студенттердің дипломдық жобаларының тақырыптарын әзірлеуге және түзетуге қатысады;
- студенттер үшін практика барысында кеңестер ұйысдастырады, кеңес беру кестесін құрады;
- кафедра меңгерушісімен бірге (оқу жұмысы бойынша меңгеруші орынбасары) өндірістік практика бойынша студенттердің есебін қабылдау комиссиясын құрады, оның жұмыс жасау кестесін (отырыстарының) әзірлейді;
- практика қорытындысы бойынша студенттер ғылыми-әдістемелік конференциясын дайындайды және ұйымдастырады және оған үздік баяндамаларды таңдап алады;
- практикаден кейінгі екі апта мерзімінде оның нәтижесі туралы есеп дайындайды және оны факультет деканатына және ЖОО өндірістік практика бөліміне өткізеді;
- кафедрада практика бойынша студенттер үздік есептерінің көрмесін ұйымдастырады;
- кафедрада практика бойынша студенттердің есептері мен күнделіктерінің сақталуын ұйымдастырады.
Дипломдық жобаның жетекшісін кафедра меңгерушісі тағайындайды және ол практикадан, дипломдық жобалау барысының барлық кезеңіне тағайындалатын, өндірістік практиканың жетекшісі және диплом жазушының негізгі кеңесшісі болып табылады. Бітіртуші түлектер дайындайтын кафедра жетекшіге Естелік (Памятка) дайындайды (қосым. 5).
Өндірістік практика жетекшісі:
- практикаға жеке тапсырма береді (қосым.6);
- күнделік береді;
- ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді;
- негізгі және қосымша әдебиеттер ұсынады;
- жеке кеңестер жүргізеді;
- практикадан өту үрдісін бақылайды;
- практика бойынша есептерді қабылдау комиссиясына қатысады.
Өндірістен бекітілетін практика жетекшісі ұйым бойынша бұйрықпен бекітіледі, студентке алған дағдылары бойынша, оның тәртібі, жұмыстағы белсенділігі мен орындаушылығы, студенттің ұйымның қоғамдық өміріне қатысуы туралы мінездеме береді.
ЖОО-на қайта келгеннен кейін студент-диплом жазушы жетекшіге практиканың қорытындысы бойынша баяндайды және кафедра бекіткен мерзімге есепті тексеруге өткізеді.
