- •1 Билет
- •Ғұндар.
- •Қазақ хандығының құрылуы.
- •2 Билет
- •1. Қалалар саяси өмiрдiң, сауданың, қолөнердiң, мәдениеттiң орталығы ретiнде (VI-xiIғғ).
- •3. Хх ғ. 20-30-шы жж. Мәдени құрылыс.
- •3 Билет.
- •4 Билет
- •3. Қазақ акср-iнiң құрылуы. Хх ғ. 20-шы жж., қоғамдық-саяси процестер.
- •5 Билет
- •6 Билет
- •3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. 7 Билет
- •2. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.
- •8 Билет
- •9 Билет
- •3. Оңтүстiк Қазақстан қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарына және Ресейге қарсы көтерiлiстерi.
- •10 Билет
- •1. Қазақстан тарихы курсының пәнi және мiндеттерi. Қазақстан тарихының кезеңдерi.
- •11 Билет
- •1. Түркi тайпалар одағының құрылуы. “Түркi” этнонимi.
- •3. Хх ғ. Басындағы қазақ ұлттық интеллигенциясы.
- •12 Билет
- •2. XVIII ғ. Басындағы Қазақстан территориясындағы саяси жағдай.
- •3. Қазақстан қос үкiмет кезеңiнде. Ұлттық партиялардың құрылуы.
- •13 Билет
- •2. Жоңғар мемлекетiнiң құрылуы. XVII ғ. Қазақ-жоңғар қатынастары.
- •14 Билет
- •2. Ноғай Ордасы.
- •3. Орал және Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы көтерiлiстер.
- •15 Билет
- •3. Патша өкiметiнiң қоныс аудару саясаты.
- •16 Билет
- •2. Ақсақ Темiр мемлекетi, оның жорықтары.
- •17 Билет
- •18 Билет
- •2. XV ғ. Аяғы – XVI ғ. Басындағы Қазақ хандығы.
- •19 Билет
- •2. XVI ғ. II жартысындағы Қазақ хандығы.
- •3. Хх ғ. Басындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтiк- экономикалық жағдайы
- •Ұос кезінде қаз-ғы ұлттық қатнастары репрессияға ұшыраған халықтар және олардың қазақстанға қоныс аударуы.
- •Ұос жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.
- •24 Билет
- •1. Түрiктердiң рухани мәдениетi.
- •25 Билет
- •1. Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Орталық, Орта Азия және Қазақстан территориясындағы саяси жағдай.
- •2. Қазақ билерi. Олардың XVII-XVIII ғғ. Қазақтардың қоғамдық өмiрiндегi орны
- •26 Билет
- •1. Монғол мемлекетiнiң құрылуы. Шыңғысханның жорықтары. Ұлыстардың құрылуы.
- •27 Билет
- •2. 1822-1824 Жж. Реформалар. Әкiмшiлiк-территориялық бiрлестіктердiң құрылуы.
- •3. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк кезеңiнде.
- •29 Билет
- •8 Артықшылық
- •7 Басымдылық
- •30 Билет
- •1. Қазақстан территориясы тас дәуiрiнде. Тас ғасыры 4 кезеңнен тұрады (800 мың жыл-ң 2 м.Ж.)
- •2. Қазақ халқының қалыптасуы. “Қазақ” этнонимi.
- •3. 1867-1868 Жж. Әкiмшiлiк реформалар.
11 Билет
1. Түркi тайпалар одағының құрылуы. “Түркi” этнонимi.
2. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы. “Жетi жарғы” заңдар жинағы. 1680 жылы Каз-н жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгір баласы Тәуке (1680-1717жж) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың ел сыйлаған билердің қолдауына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінің туын жоғары ұстады. Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолданды. Оның тұсында «жеті жарғы» деген атаумен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленгенді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықтың ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Тәуке хан өз төңірегінде Ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден – Қаз дауысты Қазыбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Бұл оның халыққа кең тараған «Жеті жарғысымен» байланысты еді. Жеті жарғы көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: - қанға-қан алу, біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға -1000қой, әйелге 500); -ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық өлім жазасына кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; -денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ-100қой, шынашақ-20 қой); -егер әйел ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); -төре мен қожаның құны қарашадан екі есе артық төленеді; -егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді; -ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі; -өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді; -егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса:бес айлық бала үшін-5ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1түйеден (анықтама үшін 100 түйе-300 атқа немесе 1000 қойға тең); -әйел зорлау кісі өлтірумен тең қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне, немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады; -егер ері әйелінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, өлтіруге қақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады; - біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелінің келісімімен әкетсе күйеуіне қалың төлеп қосымшасына қалыңсыз қыз беруі тиіс; -әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арыздығы үшін айып салынады; -қан араластыру (жеті ата ішінде өлімге немесе ағайындар берілген жазаға бұйырылады; -құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіреді: -кәріп болған адам мал-мүлкінен айырылады; -құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде; - ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрық байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып анасының билігіне беріледі; -ұрлық жасаған адам үш тоғазымен қайтаруы керек; -ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады; -өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады; -барымтадан қайтқан мал төлемімен қайтарылуы тиіс; дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі; -куәлікке екі немесе үш адам жүреді; - билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі; -егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады; -ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады; -егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал мүлкі әкесіне тиесілі. Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат өткізуді белгілеген . Халық жиналысында бірде-бір қазақтың қару-жарақсызкелуіне болмайтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Тәуке ханның «Жеті жарғысының» әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келеді.
