Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
География 11 класс Сборник - метеорология. Раз...docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
737 Кб
Скачать
☆

1.2.Атмосфераның құрылысы.

Температураның өзгеру сипатына қарай атмосфераны –тропосфера, стратосфера, иезосфера, термосфера, экзосфераға бөлеміз.

Биіктігі

Сфералар

Өтпелі қабат (пауза)

төменгі

шекарасы (км)

жоғарғы шекарасы (км)

Тропосфера

0

8—17

Тропопауза

Стратосфера

9—18

50

Стратопауза

Мезосфера

55

80

Мезопауза

Термосфера

85

700—800

Термопауза

(ионосфера)

Экзосфера

800-ден жоғары

Тропосфера атмосфера массасының 80%-тен астамына ие болады. Атмосфераның су буы түгелдей дерлік тропосферада болады.Тропосферада температура жер бетінен тропопаузаға дейін орта есеппен әрбір 100 м-ге 0,6° төмендейді. Тропосферада ауа үнемі сапырылысып отырады, бұлт пайда болады, жауын шашын жауады. Ауаның горизонталь алмасуында батыстан шығысқа бағытталған қозғалысы басым орын алады.

Стратосфера тропосферадай емес ауа өте сирек, су буы мүлде жоқтың қасы, озон біршама мол, озонның ең көп концентрациясы 22—27 км биіктік. Бұл биіктікте майда мұз кристалдары мен ұсақ су тамшыларынан тұратын жұқа-перламутр бұлттар байқалады. Стратосфераны кейде озоносфера деп те атайды.Температура полюстердің үстіне қарағанда экватордың үстінде әр уақытта жоғары болады (әсіресе қысқы жарты шарда). Экваторлық және полярлық аймақтардағы температураның айырмасы ауаның горизонталь бағытта ауысу себебінен болады. 18—20 км-де биікте жел қыс батыс, жаз — шығыс бағытта соғады. Конвекция дамымаған.

Мезосфера биіктіктен температураның айтарлықтай құлдилауымен сипатталады: төменгі шекарасында О°С-тан 75—80 км биіктікте — 75°С дейін және одан да төмен түседі, бұл биіктікте төмендеп келген температура қайтадан жоғарылай бастайды. Жаз бұл өңірде майда мұз кристалдарынан, мүмкін космостық шаң тозаңның өте майда шоғырларынан тұратын жұқа жарқыраған күміс бұлттар пайда болады. Олардың араласуынан бұл биіктікте желдің бағыты мен жылдамдығының өте құбылмалы екендігі байқалады (сағатына 50 км-ден бірнеше жүз км-ге дейін).

Термосферада температура биіктік артқан сайын қайтадан жоғарылайды да, 100 км биіктікте О°С-тан өтеді. Ол 150 км биіктікте +220—240°С-қа жетіп үлгіреді, 200 км биіктікте +500°С маңында, 600 км биіктікте +1500°С. Күннің күшті әрекетіне байланысты термосфераның полярлық аймақтарында тығыздығы да (жүздеген есе), температурасы да (жүздеген градусқа) өзгеріп тұрады.

Экзосфера —Зерттеушілердің болжауына экзосферадағы температура 2000°С-қа жетеді; бір-бірінен алшақ жатқан өте тез қозғалатын бөлшектер бір-біріне соқтығыспайды деуге болады. Көбінесе экзосферадан оның жоғарғы - (2000 км-ден биік) қабаттарында үстем болатын сутегі атомдары кетіп жатады . Бұл сутегі жер тәжін құрайды.

Негізгі әдебиеттер:

  • Арашова Н.Қ. Метеорология және климатология пәнінен дәрістер жинағы-Ақтау 2010

  • Аверкеев М.С. Метеорология-М.1960.

  • Матвеев.Л.Т. Курс общей метеорологии. Физика атмосфера Л.Гидромет 1984.

Интернет ресурс: http://images.google.com , http://www.vtaide.com/png/atm osphere.htm ,http://www.eoearth.org/article/A

tmospheric_composition

Тапсырма 1.Біздің елімізде тропосфераның ең жоғарғы шекарасы неше км биіктікте орналасады? Неге?

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

Тапсырма 2. Төмендегі сурет бойынша 4 сұрақ құрастыр.

  1. ­­­­­____________________________________________________________________

  2. ____________________________________________________________________

  3. ____________________________________________________________________

  4. ____________________________________________________________________

Тапсырма 3. Стратосферада температура жоғарлауының себебі не?

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

Тапсырма 4.Озон қай қабатта көп шоғырланған.Егер озон жоқ болса қандай салдары болуы мүмкін?

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________