Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ практических занятий.4 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Қосымша әдебиеттер:

  2. Основы предупредительного санитарного надзора. М., 1995.

  3. «Положение о государственных санитарно-эпидемиологической службе Республики Казахстанң Алматы. 1995.

  4. Ревич Б.А., Сидоренко В.Н. «Методика оценки экономического ущерба здоровью населения от загрязнения атмосферного воздухаң. Пособие по региональной экологической политике., М. 2006.

  5. Хромченко О.М, Куценко Г.И., «Санитарно-эпидемиологическая службаң. М., 1990.

  6. Большаков А.М., Крутько В.Н. «Оценка и управление рисками влияния окружающей среды на здоровье населенияң, М., 1999.

  7. Воронов Н.В. «Экология общаяң, М., 1999.

  8. Королев А.А., Мазаев В.Т., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 1 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2005. – 304 с.

  9. Мазаев В.Т., Гимадеев М.М., Королев А.А., Шлепнина Т.Г. Коммунальная гигиена, ч. 2 : учебник/ Под ред. В.Т. Мазаева. – М.: ГОЭТАР-Медиа, 2006. – 336 с.

  10. А.Н.Марзеев, В.М.Жаботинский «Коммунальная гигиенаң М., «Медицинаң, 1979 г.

  11. Гигиена. / Под ред. акад. РАМН П.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР Медицина, 2000.

  12. Пивоваров Ю.Л. Гигиена и основы экологии человека: Учебник для студентов высших медицинских учебных заведений. - М.: "Академия", 2004.

  13. Пивоваров Ю.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и экологии человека. - М.: ВУНМЦ МЗ РФ. - 1999.

7. Бақылау: .

- бастапқы білім деңгейін байқау үшін вариант бойынша жазбаша түрде тестілеу жүргізіледі:

- ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаудың сұрақтары бойынша сабаққа дайын болуы қажет).

Қосымша

6-Бөлім. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет және қоғамдық денсаулықты сақтау   24-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет   143-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай жүйесіне: 1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган; 2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құры¬лым¬дық бөлімшелері; 3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар кіреді.   144-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау 1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы болып табылады және ол: 1) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының негіздемесі бойынша бірыңғай талаптарды әзірлеуді және олардың әзірленуін бақылауды; 2) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын әзірлеуді (қайта әзірлеуді), сараптауды, бекіту мен жариялауды; 3) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын зерделеуді, қолданылу практикасын қорытуды, олардың қолданылуын бақылауды; 4) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарының бірыңғай деректер банкін қалып¬тастыру мен жүргізуді; 5) санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптармен үйлесімді етуді қамтиды. 2. Санитариялық-эпидемиологиялық норма¬лаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары сани¬тариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, техникалық регламенттер, қағидалар мен стандарттар болып табылады. 3. Санитариялық-эпидемиологиялық норма¬лау¬дың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен бекітудің тәртібін уәкілетті орган бекітеді. 4. Санитариялық-эпидемиологиялық талап¬тарды (оның ішінде мекендеу факторларының, кәсіпкерлік және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігінің және (немесе) зиянсыз¬дығының критерийлерін) белгілейтін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер санитариялық қағидалар болып табылады, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді. 5. Гигиеналық норматив – зерттеулерде белгі¬ленген, мекендеу ортасының белгілі бір факторын сипаттайтын көрсеткіштің адам үшін оның қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғы¬сынан алғанда, жол берілетін ең жоғарғы немесе ең төменгі сандық және (немесе) сапалық мәні. 6. Халықтың санитариялық-эпидемиология¬лық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 7. Мемлекеттік органдар халықтың санитария¬лық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселе¬леріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту кезінде оларды уәкілетті органмен келісуге міндетті.   145-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер: 1) өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға; 2) құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға; 3) объектілерді жобалауға, салуға, рекон¬струкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге әрі күтіп-ұстауға; 4) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге; 5) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру технологияларына; 6) тамақ өнімдері мен тағамдық азық-түлікке, оларды өндірудің, өлшеп-ораудың, тасымалдаудың, сақтаудың, өткізудің, кәдеге жаратудың және жоюдың шарттарына; 7) Қазақстан Республикасының аумағына әке¬лі¬нетін өнімдерге, онда генетикалық түрлендірілген объектілердің болуына бақылауды ұйымдастыруға және оның жүйесіне; 8) халықтың арнаулы, емдеу-профи¬лак¬тикалық, балалар тамағын, диеталық және қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға; 9) химиялық заттарды, уларды, биологиялық заттар мен материалдарды қолдануға; 10) су көздеріне (шаруашылық-ауыз су үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға әрі мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне; 11) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы атмос¬фералық ауаға, өндірістік, тұрғын үй мен басқа да үй-жайлардың ауасына, микроклиматына; 12) топыраққа және оның қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің, өнер¬кәсіп, құрылыс алаңдарының аумақтарын күтіп-ұстауға; 13) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге; 14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, арнайы және емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына; 15) биологиялық және химиялық заттармен, улармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерімен жұмыс істеу жағдайларына; 16) адамға әсер ететін физикалық фактор¬лардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына; 17) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмір сүруі және өндірістік практика жағдайларына; 18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға; 19) радиациялық, химиялық, микробио¬логиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; 20) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға, шикізаттың жаңа түрлеріне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, ыдысқа, химиялық, биоло¬гиялық және дәрілік заттарға, буып-түйетін және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косме¬тикалық, полиграфиялық өнім мен кең тұтыны¬латын басқа да тауарларға әзірленетін нормативтік-техникалық құжаттамаға (стандарттарға, ұйым¬дардың стандарттарына, нормативтік құжаттарға, рецептерге); 21) дезинфекциялау, дератизациялау және дезин¬секциялау құралдарын, жабдықтарын, материалдарын әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға; 22) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу шарттарына; 23) дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісінің жағдайларына; 24) тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнімдерін байытуға (фортификациялауға); 25) әлеуетті қауіпті химиялық және биология¬лық заттарды қолдану мен пайдалануға және олардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануын айқындауға; 26) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қор¬ғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу жөніндегі, инфек¬циялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық егуді жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге; 27) шикізатты сақтау мен қайта өңдеуге; 28) объектілерді сумен жабдықтауға, кәріз¬деуге, жарықтандыруға және желдетуге; 29) жүктерді, улы заттарды тасымалдау мен сақтау шарттарына; 30) жолаушыларды тасымалдау шарттарына; 31) объектілерді жоюға, консервациялауға, қайта бейіндеуге; 32) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға; 33) тағамға биологиялық активті қоспаларды қолдануға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.  

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы