Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ практических занятий.4 курс каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тәжірибелік сабақтың әдістемелік өңдеу құрылымы

Тақырып: Атмосфера ауасына бөлінетін шығырысты тазарту үшін қолданылатын схемалар мен имараттарды гигиеналық бағалау.

Курс: 4

Құрастырған:

доцент Арынова Г.А.

аға оқытушы Досмухаметов А.Т.

Алматы 2010 ж.

1. Тақырыбы: Атмосфера ауасына бөлінетін шығырысты тазарту үшін қолданылатын схемалар мен имараттарды гигиеналық бағалау.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттерді елді мекендердің атмосфералық ауасының жағдайын санитарлық зерттеу әдістемесімен таныстыру. Атмосфералық ауаға түсетін лас заттарды тазалайтын қондырғылар мен схемаларын бағалауға үйрету.

студент білуге тиіс:

  • өндіріс нысандарын санитарлық зерттеу әдістемесі;

  • атмосфералық ауаны зертханалық зерттеу әдістері;

  • атмосфералық ауаны тазарту қондырғыларының құрылысы;

студент меңгеруі тиіс:

  • мекемені зерттелген мәлеметтері бойынша қортынды жасау;

  • атмосфералық ауадан сынамалар алу;

  • атмосфералық ауа сынамаларын талдау.

5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

- негізгі білім бойынша:

  1. Елді мекен атмосфералық ауасын қорғаудың күнделікті санитарлық бақылау жүргізу міндеттері.

  2. Өндіріс мекемелерінің тастамаларының негізгі компоненттерінің гигиеналық негіздемесі.

  3. Автокөлік пайдаланған газдарында негізгі ингредиенттердің сипаттамалары.

  4. Өндіріс тастамаларының адам денсаулығына тигізетін әсері.

  5. Атмосфера ластануының орташа тәуліктік ШРЕК пен максималды бір реттік ШРЕК түсініктері.

  6. Елді мекеннің атмосфералық ауа ластануында зертханалық бақылаудың санитар дәрігердің қызыметінде алатын ролі.

- осы сабақ тақырыбы бойынша:

  1. Атмосфералық ауа ластануында өндіріс көздерін санитарлық зерттеу әдістемесі.

  2. Елді мекен пунктеріндегі атмосфералық ауадан сынама алу әдістері, қолданылатын аппараттар.

  3. Ауадан сынама алған кездегі тіркелетін метеорологиялық көрсеткіштер.

  4. Атмосфералық ауаның газ түріндегі ластануының анықтау әдістері мен жалпы принциптері.

  5. Атмосфераға түсетін өндірістік тастамаларды тазалаудың қазіргі кездегі әдістері.

  6. Негізгі шаң және газ тазалайтын қондырғылырдың құрылымы мен жұмыс істеу принциптері.

  7. Өндіріс мекемелердің ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тастамалары туралы түсінік.

  8. Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау шаралары: технологиялық, санитарлық-техникалық, жоспарлық.

5. Оқыту әдістері: Дискуссия. Теориялық сұрақтарды талдау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиенаң Алматы, Ғылым, 2004, Б. 246-308.

  2. Неменко Б.А. «Коммуналдық гигиенаң Алматы, Ғылым, 2004, Б. 120-149.

  3. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиенаң Алматы, Гылым, 2003

  4. «Коммунальная гигиенаң Акулов К.И., Москва, 2001г., Б. 339-346.

  5. «Руководство к лабораторным занятиям по коммунальной гигиенең Гончарук Е.И., Москва, 1990г., С. 280-283; 288-297.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мазаев В.Т. и соавторы. Коммунальная гигиена., - М.2005.

  2. Гончарук Е.И. Коммунальная гигиена., М. 2006, - Киев, «Здоровьяң.

  3. «Руководство по гигиене атмосферного воздухаң под ред. Буштуевой К.А., Москва, 1996г.

  4. «Техника обеспечения чистоты воздухаң Кноп В., Теске А., Москва, 2000г., 200 с.

  5. «Охрана воздушного бассейна от загрязненийң Бертшнайдер Б., Курфюрст И., 1999г., с. 288.

  6. «Защита атмосферы от промышленных загрязненийң Калверт С., Инглунд Г.М., Москва, 2002г., ч. 1-2.

7. Бақылау: ауызша сұрау (студент әдістемелік нұсқаудағы сұрақтарға дайын болуы қажет).

Қосымша

Өндірістік кәсіпорынды санитарлық тексеру әдістемесі.

Атмосфералық ауаның ластаушы көзін негіздегенде тексеру картасында нысанның аты, оның мекен жайы, ведомствалық тәуелділігі, жел бағытын ескере отырып оның селитебті территорияға қарағанда қала жоспарында орналасуы, санитарлық қорғаныс зонасының болуы, өндірістік сипаты, шығарылатын өнімі туралы мәліметтер көрсетілуі қажет.

Содан соң өндірістік кәсіпорынның учаскесінің санитарлдық сипаттамасын ретімен анықтау: оның мөлшерін, қолайлыландырылуын, атмосфералық ауаның ластаушы көзі болып табылатын цехтардың орналасуын, өндірістік қалдықтарды жинайтын жердің орналасуын, қалдықтардың мөлшері мен сипатын, алып кету әдісін, қалдықтарды зарарсыздандыру және утилизациялау.

Пайдаланылатын шикізаттың сипатын, оны сақтау орны мен жағдайын анықтау қажет.

Пайдаланылатын отынның сапасы мен түріне (күкірттің және күлдің құрамы), оның мөлшеріне көңіл бөлу қажет.

Сондай-ақ отынды жағу әдісі мен оны жағу жиілігін, күлдің мөлшері мен оны алып кету әдісін; құбырдың диаметрі мен биіктігін; қолданылатын күл және шаң ұстаушы қондырғыларды, олардың тазарту коэффициентін анықтау қажет.

Жеке цехтарды атмосфералық ауаның ластаушы көзі ретінде санитарлық сипаттауда анықтайды:

- технологиялық процесстің сипаты бойынша ауаға бөлінетін зиянды заттар;

- атмосфераның ұйымдастырылмаған тасымалдары және оның түсу себептерін;

- ұйымдастырылған тастама (тастама биіктігі мен диаметрі, жүйелілігі, атмосфераға түсетін тастамалардың мөлшері мен құрамы);

- қолданылатын шаң және газ тазартушы схемалар, олардың тиімділігі (жобалық және фактылары) газ және шаң тазартушы қондырғылардың жұмысын бақылау.

Нысанға санитарлық сипаттама беру үшін жорамалданып отырған өндірістер (өндірісті кеңейту, профилінің өзгеруі,, жабылуы, ауыстырылуы) және ауа бассейнін санитарлық қорғауда күтілетін тиімділік туралы мәліметтер қажет. Маңыздысы санитарлы-эпидемиологиялық тексеру, яғни атмосфераның ластану деңгейін халық денсаулығы көрсеткіштерімен салыстыру болып табылады.

Атмофералық ауаны санитарлық бағалау үшін тәжірибелік әдістерді пайдалану әдістемесі.

Сабақ атмофералық ауаның ластануын лабораториялық бақылауға арналған есептермен және ауа сынамасын алуға арналған аппараттар мен аспаптардың жұмыс істеу принципімен танысумен басталады.

Тұрғын мекендерде ауа сынамасы мынандай мақсаттармен алынады:

  • тұрғын мекеннің ауасының ластану деңгейінің жалпы сипаттамасын алу үшін;

  • атмосфералық ауаны ластайтын негізгі объектілердің тастамаларының таралуын зерттеу үшін;

  • тазартушы қондырғылардың жұмысын бақылау үшін;

  • атмосфераның зиянды тастамаларды төмендетуге бағытталған сауықтырушы шаралардың тиімділігін тексеру үшін.

Ауа сынамасын алатын орынды таңдау үшін қаланың (немесе жеке ауданның) жоспарымен, оның территориясында өндірістік кәсіпорындарының, тұрғын кварталдардың орналасуымен, «жел розасың туралы мәліметтермен танысу қажет. Егер атмосфералық ауаның ластаушы көзі өндірістік кәсіпорын болса, онда өндіріс технологиясымен танысу қажет. Атмосфералық ауаның сынамасы 3 түрлі бақылау орнында алынады: стационарлы, маршрутты және жылжымалы (факель астындағы). Сынама шаңға, күкіртті газға, азот диоксидіне, күкірт оксидіне, сондай-ақ осы тұрғын мекеннің ластаушы көзіне тән арнайы ингредиенттерге алынады.

Сынаманы алғанмен қатар ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, барометрлік қысымы, желдің бағыты мен жылдамдығы анықталды.

Автомагистралға жақын орналасқан тұрғын құрлыстың ауасына гигиеналық баға – ауадағы автотранспорттың қалдық газдарының негізгі компоненттерін (көміртегі тотығы, азот тотықтары, оксиданттар, альдегидтер) іс жүзінде анықтау арқылы берілуі мүмкін.

Сынаманы алу жағдайы, тастама көзіне байланыссыз әрбір анықталатын затқа құрастырылады да картаға енгізіледі.

Мамандық: «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы